Дебеттік қалдық сатып алушылардың ай басына төленбеген шоттары б/ша қарыздарын көрсетеді.
Сатып алушылармен есеп айырысу есебін бухгалтерлік шоттарда бейнеленеп көрейік:
1.Сатып алушыларға өнім үшін шоттар қойылды Дт Кт
Келісім құнына 1210 6010
ҚҚС сомасына 1210 3130
Акциз сомасына 1210 3140
2.Сатып алушылардан аванс сомасы қабылданды 1030 3510
3.Сатып алушылардан түсім қабылданды 1030 1210
4.Алдын-ала алынған аванс сомасы есепке алынды 3510 1210
1210,2110 шоттардың кредиттік айналымы ж/о№11де ,ал аналитикалық есебі сатып алушылар ж/е тапсырысшылармен есеп айырысу ведомісінда бейнеленеді.Ведомске жазбалар шот-фактуралар ,бұйрық накладнойлар,
банк үзінділері немесе кассалық есептер негізінде енгізіледі. Сатып алушыға жазылған әрбір шотқа ведомісте бөлек жол беріледі,онда сатылған активтер б/ша сандық мәліметтер бейнеленеді,өнім тобы,аты,қойылған шоттар б/ша сомалар,төленген ж/е есепке алынған аванс сомалары.
2. Кәсіпорын өзінің ақшалай қаржыларын үнемдеу үшін сатып алушылармен есеп айырысу кезінде бағадан ж/е сатудан жеңілдіктер қолданады.Олар ақшалай жеңілдіктер және саудалық жеңілдіктер болып бөлінеді.
Ақшалай жеңілдіктер сату көлемін көтеру және сатып алушыларды анағұрлым ертерек төлемге ынталандыру үшін қолданады. Саудалық жеңілдіктер мерзімді сатылымдар кезінде көтерме сатулар немесе тұрақты клиенттерге ұсынылады. Сатып алушыларға өнім немесе тауарларды сатқан кезде тауарларды қайтару жағдайлары болуы мүмкін.Кез келген жеңілдіктер немесе тауар қайтарымдары сатудан түскен пайданы азайтады.
Жеңілдіктер немесе тауар қайтарымдарын есепке алу үшін шоттар жоспарында активті
6020«Сатылған өнімді қайтару»ж/е 6030«бағадан ж/е сатудан жеңілдіктер»шоттары қарастырылған.
Шоттардың дебеті б/ша ұсынылған бағадан ж/е сатудан жеңілдіктер сомасы бейнеленеді.
Есепті кезең соңында 6020 ж/е 6030 шоттары 5610«Қорытынды пайда(қорытынды залал)шотымен жабылады.6020 ж/е 6030 шоттар б/ша жазбалар №11 журнал ордерде бейнеленеді.
Сатып алушылардан қайтарымдарды есепке алу кезінде келесі жазбалар жүргізіледі:
1. Сатып алушылардан сатылған тауарлардың қайтарымы Дт Кт
өнім,тауардың сатылу құнына 1330,1320 7010
ҚҚСсомасына 3130 1210
Тауардың келісім бағасына 6020 1210
Шотты төлегеннен кейін 3390 1030
Қорытынды. Өндірістегі шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау модулі өндіріс процесімен негізгі және көмекші цехтардың функцияларын, тура және үстеме шығындарының құрамын, өндіріске жұмсалған шығындар есебін ұйымдастыру тәртібін, өндірістік жоғалтулар , ақаудың өзіндік құнымен аяқталмаған өндіріс есебін және оны бағалау тәртібін , дайын өнімнің жинақтау және талдау есебімен және сату бойынша табыстар және шығыстар есебінің тәртібін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |