Шаруашылық операция мазмұны
|
Дт
|
Кт
|
Сыртқы түзетілетін ақаулар операциялар есебі
|
1
|
Сатыпалушымен қайтарылған ақаулы өнімге сторно
|
7010
|
1310,1320
|
2
|
Қайтарылған ақауға осымен қоса жазылады:
өзіндік құн түзетуге (ақауға)
дебиторлық сомаға түзету
ҚҚС сомаға
берілген жеңілдіктерге
|
1320
6020
3130
1210
|
8110
1210
1210
6030
|
3
|
Ақау өнімнің өзіндік құны есептен шығарылады
|
8410
|
8010
|
4
|
Егер сатып алушы өз көлігімен қайтарған болса
|
8410
|
3310,3390
|
Ішкі түзетілмейтін ақаулар операциялар есебі
|
5
|
Ішкі түзетілмейтін ақаудың нақты өзіндік құны есептен шығарылады
|
8410
|
8110
|
Ішкі және сыртқы түзетілетін ақаулар операциялар есебі
|
1
|
Ақауды түзетуге шығындалған материалдар сомасы
|
8410
|
1310
|
2
|
Ақауды түзету бойынша есептелген еңбекақы
|
8410
|
3350
|
3
|
Ақауды түзету бойынша есептелген еңбекақыға салықтармен төлемдер есептелді
|
8410
|
3150,3230
|
4
|
Ақауды түзету бойынша сатып алушылардың шығындары
|
8410
|
3310,3390
|
5
|
Ақауды түзету бойынша көмекші цехтың қатысы
|
8410
|
8310
|
6
|
Ақауды түзету бойынша материалдармен құнды қоқыстар кірістелді
|
1310
|
8410
|
7
|
Ақауды түзету бойынша үстеме шығындар жасалды
|
8410
|
8110
|
8
|
Ақауды түзету бойынша кінәлі тұлғадан ұсталынды
|
1010,3350,1250
|
8410
|
9
|
Ақау пайда болғанға кінә жеткізушіге (шикізат пен материалдар сапасыздықтан) қойылды
|
1280
|
8410
|
Аяқталмаған өндіріс есебі және оны бағалау
Аяқталмаған өндіріс – технологиялық процестермен қарастырылған, барлық өңдеу сатыларынан өтпеген өнімдер, сонымен бірге техникалық қабылдаудан және сынақтан өтпеген, жинақталмаған бұйымдар .
Өңдеудің барлық сатыларынан өтпеген және техникалық бақылау бөлімі қабылдамаған өнім, аяқталмаған өндіріс деп, оған жататын шығындар аяқталмаған өндіріс шығындары деп аталады. Аяқталмаған өндіріс қалдықтары келесідей түрде бағаланады:
-есептеп шығарудың барлық баптары негізінде нақты өзіндік құны бойынша;
-дайындық дәрежесін ескере отырып (жаппай және ірі сериялармен өндіру) төте шығындардың әрбір бабы негізінде шығыстар нормалары бойынша;
-үстеме шығындар пайызбен қабылданған бөлу базасы бойынша;
-шикізат және материалдар шығыстарының құны бойынша.
Аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына үстеме шығыстардың сәйкес үлгісі қосылады. Оларды дайын өнім және аяқталмаған өндіріс арасында бөлу сол ұйымда қабылданған, үстеме шығыстарды тарату әдістемесі бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан аяқталмаған өндіріске қатысы жоқ шығындар алдын-ала үстеме шығыстардан шегеріледі.
Аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына енгізілетін үстеме шығыстар: үнемдеу кезінде – нақты өндірістік шығыстар көлемінде, ал қайта шығын жұмсауда – жоспарда белгіленген көлемде болады. Аяқталмаған өндірістің қалдығы үлкен болмайтын, өнеркәсіптің жеке салаларын ұйымдастыру, олардың тікелей шығын сомасы бойынша, болмаса, шикізаттардың, негізгі материалдардың және шалафабрикаттардың өзіндік құны бойынша бағаланады.
Аяқталмаған өндірісті бағалау ондағы нақты бөлшектер негізінде әрбір цех бойынша жүргізіледі. Цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығының өзіндік құны жөніндегі көрсеткіштер тұтас ұйым бойынша жинақталады. Олар жалпы ұйымдар бойынша аяқталмаған өндіріс шығындарын және олардың әрбір цехындағы үлестік қатысуын көрсетеді. Шалафабрикатты вариантта бөлшектерді бағалау цехтар бойынша жүргізіледі.
Аяқталмаған өндіріс қалдығы есепті кезеңнің соңында өндірістік шоттардың кредитінен «Негізгі өндіріс», «Меншікті өндірістің шалафабрикаттары», «Көмекші өндіріс» шоттарының дебетіне апарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |