Бір жылда алынған пайда келесі келесі жолмен бөлінеді:
Табысқа салынған салық есептелінеді
Дивиденттер есептелінеді немесе табыс меншік иелерінің арасында бөлінеді
Құрылтай құжаттарға сәйкес резервтер құрылады
Таза пайда- табыс салығын шегергендегі кәсіпорынның жыл нәтижесі бойынша алынған пайдасы
Бөлінбеген пайда-салықтар және дивиденттер шегергендегі кәсіпорын пайдасы.
Есепті жылда пайданың бөлінбеген сомасы 5510” Есептік жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған залалы)” шотынан 5520 “Өткен жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған залалы)” шотына көшіріледі.
Таза табыс ұғымы, қалыптасуы және есебі
Кәсіпорынның табысы – бұл кәсіпорынның қаржы жұмысының нәтижесі. Кәсіпорын табысының көлемінен жұмысшыларының орта жалақысы,техника деңгейі әрі қарай дамуы тікелей байланысты Кәсіпорынның табысының бірнеше түрі бар:
Өнімді сатқаннан табыс - өнімді сатқаннан түскен сомадан барлық аударылған төлемдерді алып тастағанда қалатын сома.
Жалпы табыс – бұл өнімді сатқан сомадан өнімнің өзіндік құнын алып тастағанда қалатын сома.
Кәсіпорынның негізгі шаруашылығынан кіріс (табыс) – бұл жалпы табыс пен мерзімді шығындардың айырмасы.
Кәсіпорынның басқа да шаруашылығынан табыс.
Кәсіпорынның қарапайым шаруашылығынан табыс – кәсіпорынның негізгі шаруашылығынан табыс пен басқа шаруашылығынан түсетін табыс (шығын) сомасы мен басқа да шаруашылығынан түсетін сома (айырма)
Салық салғаннан кейін түсетін табыс.
Төтенше жағдайлардан түсетін табыс (шығын)
Таза табыс – салық салғаннан кейін есептелген табыс (шығын)
Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен кірістер кредит бойынша өтеді. Бұл жағдайда кірістердің қандай элементтерден пайда болатындығы көрсетіледі.
Дайын өнім (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өткізуден.Бұл операциялар №6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кіріс» шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Кірістер дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушылар, еншілес (бағынышты) ұйымдар мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға өткізуден пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар №6010 шоттың кредитінен №1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», №2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарының дебетіне жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегідей болады:
Дт Кт Құжаттар
1210, 2110 6010 Келісімдер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар.
№2 үлгідегі анықтамалар, өткізу актілері
Тауарларды қолма-қол ақшаға өткізуден.Бұл операциялар №6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кіріс» шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Кірістер тауарларды қолма-қол ақшаға өткізуден пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар №6010 шоттың кредитінен №1010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегідей болады:
Дт Кт Құжаттар
1010 6010 Шот-фактуралар, жүкқұжаттар,
квитанциялар, чектер
Бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар есептеуден. Бұл операциялар №6120 «Дивидендтер бойынша кірістер» шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Кірістер дивидендтер мен сыйақыларды есептеуден пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар №6120 шоттың кредитінен №1270 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегідей болады:
Дт Кт Құжаттар
1270 6120 Жалпы жиналыстың хаттамалары,
дивидендтер мен сыйақылар есептеу
бойынша есептер
Материалдық емес активтер мен негізгі құралдарды өткізуден.Бұл операциялар №6210 «Активтердің шығуынан түсетін кірістер» шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Кірістер негізгі емес қызметтен түсетіндіктен, шаруашылық операциялар №6210 шоттың кредитінен №1210, 2110, 1220, 1230, 1240 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегідей болады:
Дт Кт Құжаттар
1210, 2110, 1220-1240 6210 Шот-фактуралар, жүкқұжаттар,
өткізу актілері
Негізгі құралдарды жою нәтижесінде материалдарды кіріс етуден.Бұл операциялар №6210 «Активтердің шығуынан түсетін кірістер» шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Кірістер негізгі құралдарды жоюдан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар №6210 шоттың кредитінен №1315, 1317 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегідей болады:
Дт Кт Құжаттар
1315, 1317 6210 Негізгі құралдарды жою туралы ак
Айыппұлдар мен айыптар өндіруден.Бұл операциялар №6280 «Басқа да кірістер» шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Кірістер айыппұлдар менайыптарды (МСИ-ден басқа) есептеуден пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар №6280 шоттың кредитінен №1210, 2110, 1220-1240, 1250, 1280 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегідей болады:
Дт Кт Құжаттар
1210, 2110 Келісімдер, айыппұлдар мен айыптарды
1220-1240 6280 есептеу бойынша есептер,
1250, 1280 соттың материалдары
Достарыңызбен бөлісу: |