Шығындарды мойындау және есепке алу тәртібі
Шығындар-есепті кезең аралығындағы активтердің азаюы немесе меншікті капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің ұлғаюы, бұлар меншікті капитал үлесінің иелері арасында бөлетіндерінен басқасы.Активтерді және қызметтерді қолдану шығындары табыс мойындалған кезеңде мойындалып,кезең шығындары ретінде есепке алынуы тиіс.Жалпы мойындалған шығындар келесідей жіктеледі:
тікелей шығындар-табыс алумен тікелей байланысты шығындар
бөлінген шығындар-табыс алу көзделген кезеңдерге біркелкі бөлінеді
кезең шығындары-өнімдерді сату үрдісімен байланысты
шығындар,әкімшілік және сыйақылар бойынша шығыстар
№2«Қорлар» Қаржылық есептің стандартына сәйкес кезең шығындарына жатқызылады:
шикізат,еңбек ақының нормадан тыс шығындалуы
өндіріс үрдісінде қажет болғандағы сақтау шығындары
басқару шығындары,өніммен теңестірілмеген жағдайда
сату шығындары
Өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты шығындар келесі түрлерге бөлінеді
ауыспалы,тұрақты,жартылай ауыспалы,жартылай тұрақты
Ауыспалы шығындар өндіріс және өнімді өткізу көлемімен тікелей байланысты-көлем неғұрлым көп болса,шығындарда соғырлым көбейеді.Бірақ бір өнімге кеткен шығындар өзгермейді.
Тұрақты шығындар-өндіріс және сату көлемі белгілі бір уақыт кезеңінде ұлғайған кезде өзгерізсіз қалады.Өндіріс көлемі ұлғайған кезде бір өнім көлеміне жұмсалған тұрақты шығындар үлесі азайады.
Жартылай ауыспалы шығындарға тұрақты шығындардың да,ауыспалы шығындардыңда бөлігі кіреді
Жартылай тұрақты шығындар –белгілі бір өндіріс көлемінен өзгеріссіз қалады,бірақ белгілі бір шегі бар.Одан кейін олар тұрақты өлшемдерге қарай өседі.
Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.
Өндіріске жұмсалатын біртекті шығындар бірэлементті деп аталады. Бұл белгі бойынша өнімнін (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), өзіндік құнын құрайтын шығындар мынадай элементтер бойынша топтастырылды: 1.Материалдык шығындар;
2.Еңбекті өтеу шығындары;
3.Аударымдар , қосымша шығыстар;
Соған орай, бұл кәсіпорында қосылғыштарға бөліп орналастыруға келмейтін шығындар бірэлементгі деп аталады.
Кешенді шығындар бірнеше экономикалық элементтерден тұрады. Іс жүзінде барлык элементер кіретін цехтық шығыстар үлгі болады. Мысалы, жоғары дәрежелі автоматтандырылған кәсіпорындарда еңбекақы аударымдарымен бірге өзіндік құн құрылымында 5% құрайды. Әдетте, мұндай кәсіпорындарда тікелей енбекақы бөлінбейді, оны «қосылған шығындар» деп аталатын жеке бапта өндірісті баскару мен қызмет ету бойынша шығыстармен біріктіреді.
Негізгі және негізгі емес қызметке кеткен шығыстарды қарастырылады. Бұл жағдайда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде шығыстардың қандай элементтерден пайда болатындығы көрсетіледі.
Дайын өнім, тауарлар өткізудің өзіндік құнын анықтау.Бұл операциялар №7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар №1320, 1330 шоттардың кредитінен №7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегідей болады:
Дт Кт Құжаттар
7010 - 1320, 1330 Жұмсалған шығындардың
жиынтығы,№10 журнал-ордер
Жұмыстар, қызметтер өткізудің өзіндік құнын анықтау.Бұл операциялар да №7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан келіп шығатындықтан, шаруашылық операциялар №8010 шоттың кредитінен №7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегідей болады:
Дт Кт Құжаттар
7010 8010 Жұмсалған шығындардың жиынтығы,
№10 журнал-ордер
Сақтандыру ісіндегі шығындардың өзіндік құнын анықтау.Бұл операциялар да №7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар №1010, 1030 шоттардың кредитінен №7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегідей болады:
Дт Кт Құжаттар
7010 1010, 1030 Сақтандыру келісімшарттары,
төлем құжаттары
Дайын өнімді, тауарларды өткізу бойынша шығыстарға материалдар шығыс ету. Бұл операциялар №7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Бұл шотқа қаптау, сақтау, тиеу тасымалдау, жарнама бойынша шығыстар апарылады. Шығыстар өткізу бойынша жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар №1310-1317 шоттардың кредитінен №7110 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегідей болады:
Дт Кт Құжаттар
7110 1310-1317 Материалдық есептер
Әкімшілік шығыстарды шығыс ету. Бұл операциялар №7210 «әкімшілік шығыстар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Бұл шотқа әкімшілік мақсатта қолданылған материалдық құндылықтардың есептен шығарылуы (1310,1320,1330,1350),жалпы шаруашылық бағытындағы материалдық емес активтердің амортизациясы (2420), әкімшілік қызметкерлерге еңбекақы, сыйақы есептелінді (3350).
Дт Кт Құжаттар
1310-13580 Әкімшілік қызметкерлердің
7210 2420 төлем ведомосі
3350
Жыл соңында кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі, яғни VІ және VII бөлім шоттары №5410 «Есепті жылдың пайдасы (залалы)» жинақтаушы
Достарыңызбен бөлісу: |