Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойынша


Жабдықтаушылардан дайын өнім келіп түсті



жүктеу 449,84 Kb.
бет96/131
Дата12.12.2022
өлшемі449,84 Kb.
#40573
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   131
?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøà

15.Жабдықтаушылардан дайын өнім келіп түсті
А)Дт1320 Кт3310
В)Дт1320 Кт8310
С)Дт3310 Кт1320
Д)Дт1330 Кт3310
Е)Дт1330 Кт8110
16.Қоймадан көмекші өндіріске комплектелетін бұйымдар жіберілді
А)Дт 8311 Кт 1330
В)Дт 1310 Кт 3310
С)Дт 8311 Кт 1310
Д)Дт 8310 Кт 1350
Е)Дт 8110 Кт 1310
17.Дайын өнімді жеткізгені үшін есеп айырысу шотына алдын-ала алынған аванстық төлем келіп түсті
А) Дт 1030 Кт 3510
В) Дт 1610 кт 1030
С) Дт 1010 Кт 6010
Д) Дт 1030 Кт 1210
Е) Дт 1030 Кт 3010
18.Сатып алушыларға жөнелтілген тауарлардың сату құны бойынша шот ұсынылды
А)Дт1210 Кт6010
В)Дт6010 Кт1210
С)Дт1030 Кт1210
Д)Дт7010 Кт1330
Е)Дт1250 Кт1010


Қуандыкова Н.Т. «Қаржылық есеп» пәніне арналған оқу құралы



МОДУЛЬ 4. ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕ ЖӘНЕ МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ

Қаржылық қорытындының құрылу тәртібі және есебі

1.Қаржылық қорытындының құрылу тәртібі

2.Қаржылық қорытындының есепке алу тәртібі


Қызмет нәтижесі   пайда және залал туралы есепте берілген субъектінің кірістері мен шығыстарының өзара байланысы болып табылады. Пайда көп жағдайда қызмет нәтижелерінің өлшеуі ретінде немесе инвестицияларға кіріс немесе акцияға пайда сияқты басқа өлшеулер үшін негіз ретінде пайдаланылады. Пайданы өлшеуге тікелей байланысты қаржылық есептердің элементтері кірістер мен шығыстар болып табылады.Олар мынадай түрде айқындалады: 
1) кіріс -
   активтердің ағыны немесе өсімі нысанындағы есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың ұлғаюы немесе капиталға қатысатын адамдардың жарналарына байланысты ұлғаюдан ерекшеленетін капиталдың ұлғаюына әкелетін міндеттемелердің азаюы. 
2) шығыстар - активтердің жылыстауы немесе азаюы нысанындағы есепті кезең ішінде экономикалық пайданың азаюы немесе капиталға қатысатын адамдарға бөлуге байланысты азаюдан ерекшеленетін капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің пайда болуы.

Пайда мен залал туралы есептегі кіріс пен шығысты тану активтер мен міндеттемелерді тануға және өлшеуге тікелей байланысты. Кірісті айқындау өзіне негізгі қызметтен түскен кірісті,сол сияқты өзге де кірістерді қамтиды. 
Кірістер өзіне субъектінің қарапайым қызметінің түрлерінен алынған қаражаттың түсуін, онық ішінде өнім мен қызмет көрсетуді, сыйақыны, пайыздар, дивидендтер мен роялтиді сатудан түскен кірістерді қамтуы мүмкін.
 
Өзге де кірістер субъектінің қарапайым қызметі үдерісінде туындауы немесе туындамауы
   мүмкін кірісті айқындауды қанағаттандыратын түсімдерді білдіреді. Өзге де кірістерді кірістер мен залалдар туралы есепте таныған кезде олар әдетте жеке беріледі, себебі олар туралы ақпарат экономикалық шешімдер қабылдаған кезде пайдалы.


Кіріс бухгалтерлік есепке алудың № 5 «Кіріс» стандартына сәйкес танылады.
Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтерінен алынған кірістер жиынтық кірісті құрайды.
Дайын өнімдерді, алынған тауарларды және көрсетілген қызметті сатудан кіріс, екі жақтық арасындағы келісім-шартта көрсетілген олардың сату құны бойынша анықталады. Келісімдерден шығатын кірістер сомасы, белгіленген бағадан немесе сатудан жеңілдіктер сомаларын есепке ала отырып, алынған немесе алынуға тиісті құнмен өлшенеді, бұл жерде келісім-шартта келісілген дайын өнімдердің бағасын арзандату (қымбаттату) есепке алынуға тиісті.
Бір келісіммен байланысты кірістер мен шығындар кәсіпорында бір уақытта анықталады. Егер ақша қаржыларының түсуі кейінге қалдырылса немесе төлемақы белгіленген мерзімнен ерте төленсе, толықтыратын сома, алынатын немесе алынуға тиісті ақша қаржыларының номиналдық сомасынан аз немесе көп болуы мүмкін. Сату құнымен, төленген номиналдық сома арасындағы айырма пайыз түріндегі кіріс болып есептеледі. Тауарды сатушы, сатып алушы оған берілген шотты ерте төлегені үшін жеңілдікті пайдалана ма, жоқ па сенімсіз болғандықтан, жеңілдік сомасы 6030 шотта «Бағадан және сатудан түсетін жеңілдіктер, тек сатып алушы шотты төлегеннен кейін көрсетіледі. Сату құны, бұл сатып алушы актив үшін төлеген сомасы немесе оның айырбас құны тәуелсіз екі жақтың келісімге дайындығы бойынша белгіленген. Сату құны, бухгалтерлік есепке алудың принциптерін есепке ала отырып анықталады: есептеу, шынайы және дұрыс көрсету, сенімділік т.б. Тауарларды сатудан кіріс мына шарттар сақталған кезде анықталады: кіріс сомасы сенімділіктің жоғары дәрежесімен бағаланады, атап айтқанда келісімге қатысатын екі жақта, сатушы қандай сома сұрап отыр және сатып алушы қандай сома төлеуге тиісті біледі, келісіммен байланысты экономикалық тиімділікті, кәсіпорынның алу мүмкіндігі бар. Бұл сатушы кәсіпорынға, сатып алушы сатылған тауарлар үшін келісім-шартта келісілген соманы төлейтіндігіне сенімді екенін көрсетеді.Орындалған жұмыс және көрсетілген қызметтен кіріс, тауарларды сатудан кіріс анықтамасына, мына талаптарды сақтаған кезде сәйкес келеді:
1. Есепті кезеңге келісімнің біту кезеңі сенімділіктің жоғары дәрежесімен анықталады.
2. Келісімді жүргізу бойынша жұмсалған шығындар және келісімді бітіру үшін қажетті шығындар, сенімділіктің жоғары дәрежесімен бағаланады.
Кәсіпорын кірісті бағалауды сенімділіктің жоғарғы дәрежесімен жүргізеді, келісімде, қатынаста қатысушы басқа адамдармен келісімге келгенде, әр жақтың құқықтарын, қызметті қабылдауға және көрсетуге қатысты қайта қарау мүмкіндігі бар, белгіленген қайтып беру сомаларын, төлем тәсілдері мен шарттары.Егер келісім нәтижесін сенімділіктің жоғарғы дәрежесі бойынша бағалау мүмкін болмаса және жұмсалған шығындар төленбейтін болса, кіріс танылмайды.
Кәсіпорын қаржылық есеп беруді тапсырған кезде, анықтама қағазда ашып көрсетуге тиісті:
1. Кірісті тану үшін қабылданған есепке алу саясатын, қызметті көрсету бойынша келісімді бітіру кезеңін анықтайтын тәсілді көрсете отырып.
2. Есепті кезеңді танылған, әр бір маңызды кіріс сомасын, тауарларды сату, қызметтерді көрсетуден, пайыздарды, роялти, дивиденттерді басқа кірістерді қоса отырып, оның ішінде - әрбір маңызды кіріс түріне қосатын, тауарларды және қызметтерді алмастыру нәтижесінде болатын кіріс сомасын.
Есепті кезеңдегі кәсіпкерлік қызметтің қорытындысы тек пайда ғана емес шығында болуы мүмкін .Табыстар және шығындарды салыстыра отырып, қаржылық нәтиже-қорытынды табыс немесе шығынды анықтайды.
Есепті кезеңдегі кәсіпорын қызметінің қорытындысын есептеу және ұйымның бір жылдағы соңғы қаржылық нәтижесінің қалыптасуы туралы ақпаратты жинақтау үшін 5610“Қорытынды пайда (қорытынды залал)” есеп шоты қолданылады.

  • Шот активті-пассивті;

  • Шоттың кредиті бойынша табыстар,ал дебеті бойынша шығындар сомалары жинақталады;

  • Кредиттік және дебеттік айналымдарды салыстыра отырып қаржылық нәтиже- пайда немесе залалды анықтайды.Есепті кезең соңында 5610 шоты 5510“Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)”шотымен жабылады,қалдық болмайды;

  • 5610 шот бойынша жазбалар №14 журнал ордерде көрініс табады .

Қаржылық нәтиженің қолданылу есебі
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесінің қолданылуын есепке алу үшін 5500 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)бөлімшесінің келесі активті-пассивті шоттары қолданылады:

  • 5510 Есептік жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған залалы)

  • 5520 Алдыңғы жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған залалы)

Алынған қаржылық нәтижеге байланысты бұл шоттарда қалдық дебеттікте(залал)немесе кредиттікте(пайда) болуы мүмкін.5510 және 5520 шоттарда алынған табыс (залал)сомалары ғана емес сонымен қатар есепті жылда алынған табыстың бөлінуі де көрініс табады.
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   131




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау