Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы «17 » сәуіріндегі
№219 бұйрығына
4- қосымша
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні;
егер туу туралы акт жазбасы басқа аймақта болса, көрсетілетін қызметті беруші акт жазбаның көшірмесін сұратады, көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін
рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыт – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі әке болуды анықтау туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен әке болуды анықтау туралы қайталама куәлік.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
1)әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.
2)әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және өзгерістер енгізілуіне байланысты куәлік берілгені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес, белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
8. Көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ата-ананың бірлескен өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшасына сәйкес нысандағы әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) баланың туу туралы куәлігін, мұндай өтініш бала туылғанға дейін берілген кезде – медициналық ұйым немесе жекеше практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама. Егер әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілетін болса, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді;
3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айрылған немесе шектелген, баланың анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшасына сәйкес өзін баланың әкесі деп мойындайтын тұлғаның әке болуды анықтау туралы өтініш;
2) ікесінің өтінішінде көрсетілген негізіне байланысты анасының болмауының мән-жайларын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы куәлігі; анасын психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі; анасының тұратын жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама;
3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Сот шешімі негізінде әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысандағы сот шешімі негізінде әке болуды анықтау туралы өтініш;
2) әке болуды анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
баланың туу туралы куәлігі;
4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік;
5) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысандағы өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу туралы анықтама;
3) әке болуды анықтау туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – әке болуды анықтауды тіркеу туралы анықтама;
4) өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;
5) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат;
6) нотариатта куәландырылған сенімхат (көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда);
7) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік;
8) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін) ұсынылады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері құжаттардың көшірмелерін тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге түпнұсқасын қайтарады.
Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінде қағаз түрінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөнінде мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) басшыларының атына немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі –ҚР ӘМ) беріледі.
Шағымдар жұмыс кестесі бойынша пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың немесе ҚР ӘМ кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекен-жайы көрсетiледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
12. Заңнамамен белгіленген тәртіпте көрсетілетін қызметті алушы өзіне- өзі қызмет көрсету қабілетін немесе мүмкіндігін, өз бетімен қозғалу, бағдарлау қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, мемлекеттік қызмет көрсету үшін «1414» Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы өтініш жасаған кезде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші тұрғылықты жеріне шығумен жүргізеді.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік қызмет берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі «1414» Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
_________________________________
_________________________________
(тіркеуші органның атауы)
_________________________________
(өтініш берушінің аты,
әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
мекенжайы:
__________________________________
__________________________________
Тел. № _____________________________
_________________________________
(өтініш берушінің аты,
әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
мекенжайы:
__________________________________
__________________________________
Тел. № _____________________________
Әке болуды белгілеуді мемлекеттік тіркеу туралы
Өтініш
Мен өзімді, ________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
баланың әкесімін деп растаймын _______________________________________
(баланың аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
азаматшада _________________________________________________________
(анасының аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
20____жылғы «____»_______________ туылған
Мен ________________________________________________________ баланың
(баланың аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
анасы ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
азамат ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
______________________________________ менің баламның әкесі екенін растаймын.
Әке болуды белгілеуді баланың әкесінің атын әкесінің аты бойынша жазып тіркеуді сұраймыз ____________________________________________________
тегін беруді _________________________________________________________
Сонымен бірге баланың тууы туралы акт жазуында әке туралы мәліметті енгізуді және ананың некеге дейінгі тегін түзетуді сұраймыз.
____________________________________________________________________
Баланың әкесімен неке қию барысында қабылдаған _______________________
______________________________________________тегіне ауыстыруыңызды
(бала әкесімен некелі (ерлі-зайыптылықты) жағдайда анасы толтырады)
Туу 20____жылғы «____»_______________
___________________________________________________________ тіркелген
(тіркеуші орган атауы)
Акт жазуының нөмірі _________________________________________________
Анасы туралы мәлімет:
Аты _________________ Әкесінің аты (бар болғанда) ______________________
Тегі ________________________________________________________________
Туған күні 20____жылғы «____»_______________
Ұлты _______________________________________________________________
Жасы ______________________________________________________________
Азаматтығы _________________________________________________________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы __________________________________________
Отбасылық жағдайы __________________________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны
____________________________________________________________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі _____________________
Заңды мекенжайы ____________________________________________________
Әкесі туралы мәлімет:
Аты_____________________ Әкесінің аты (бар болғанда) __________________
Тегі ________________________________________________________________
Туған күні 20____жылғы «____»_______________
Ұлты _______________________________________________________________
Жасы ______________________________________________________________
Азаматтығы _________________________________________________________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы __________________________________________
Отбасылық жағдайы _________________________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны________________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі _____________________
Заңды мекен-жайы ___________________________________________________
Өтінішке қосымша тапсырамыз:
___________________________
___________________________
Әкесі ________________ (қолы)
Анасы _______________ (қолы)
20____жылғы «____»_______________
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұмат берген үшін әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдім
20__ жылы «___» _____________ _ __________
(қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
20__ жылы «___» _____________ _________
(қолы)
----------------------------------------------------------------------------------------------------
(қиып алу сызығы)
20___ж. «______» _____________ қарауға _____________ құжаттар қабылданды.
Көрсетілетін қызметті алушылардың Т.А.Ә (бар болғанда)__________________
____________________________________________________________________
Әке болуды белгілеу туралы куәлікті алу үшін: 20___ж. «___» _____ келу керек.
Құжаттарды қабылдаған маманның Т.А.Ә(бар болғанда)____________________
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
_____________________________________
____________________________________ (тіркеуші органның атауы)
______________________________________
мекенжайы бойынша тұратын ___________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты, тегі)
жеке куәлік № ________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Өзін баланың әкесімін деп танитын адамның өтініші бойынша
әке болуды белгілеу туралы
Өтініш
Мен, __________________________________________________________ өзімді
(тегі, аты, әкесінің аты(бар болғанда)
азаматша ___________________________________________________________
(анасының тегі, аты, әкесінің аты(бар болғанда)
20___ жылы «___» ___________ туған баласы ____________________________
(баланың тегі, аты, әкесінің аты) (бар болғанда)
әкесімін деп танимын.
Баланың әкесінің атын менің есімім _____________________________ бойынша тегін __________________көрсетіп, әке болуды анықтауды тіркеуді сұраймын.
Бір мезгілде баланың туу туралы акт жазбасына әкесі туралы мәліметтерді енгізуді, сондай-ақ ондағы анасының некеге дейінгі тегін _________________________ баланың әкесімен некеге тұрған кезде қабылдаған тегіне _________________________ түзетуді және баланың туу туралы жаңа куәлігін беруді сұраймын, туу ____________________________________________________________________ (тіркеуші органның атауы)
20___ жылғы «___» __________ тіркелген.
Акт жазбасының нөмірі __________________________________________________________________
Анасы мен әкесі туралы мәліметтер:
№
|
Қажетті мәліметтер
|
Әкесі
|
Анасы
|
1
|
Туған күні
|
__ жылғы «___» _________
|
__ жылғы «___» _________
|
2
|
Ұлты
|
|
|
3
|
Азаматтығы
|
|
|
4
|
Тұрғылықты тұратын жері
|
қала ____________
ауданы_________________
облысы,
республикасы __________
_______________________
көшесі__________________
пәтер № _____________
|
қала _____________
ауданы__________________
облысы,
республикасы ___________
________________________
көшесі___________________
пәтер № ___________
|
5
|
Қай жылдан бастап
|
|
|
6
|
Қайда және кім болып жұмыс істейді
|
|
|
7
|
Білімі
|
|
|
8
|
Жеке басты куәландыратын құжаты (сериясы,
нөмірі, қашан және кім берген)
|
|
|
Анасының болмауының мән-жайларын растайтын құжаттың атауы __________________________________________________________________
(қашан және қандай орган берген, нөмірі мен берілген күні)
Өтінішке қоса береміз:
1) өзін баланың әкесі деп танитын адамның өтініші;
2) әкесінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) егер ата-анасы некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған болса, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігі.
4) анасының болмауы мән-жайларын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы куәлігі; психикалық ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялағаны туралы, анасын ата-ана құқығынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі; анасының тұрғылықты жерін белгілеудің мүмкін еместігі туралы анықтама.
Әкесі ______________________
(қолы)
20__ жылғы «___» __________
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұмат берген үшін әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдім
20__ жылы «___» _____________ _ __________
(қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
20__ жылы «___» _____________ _________
(қолы)
----------------------------------------------------------------------------------------------------
(қиып алу сызығы)
20___ж. «______» _____________ қарауға _____________ құжаттар қабылданды.
Көрсетілетін қызметті алушылардың Т.А.Ә (бар болғанда). _________________
Әке болуды белгілеу туралы куәлікті алу үшін: 20___ж. «___» _____ келу керек.
Құжаттарды қабылдаған маманның Т.А.Ә(бар болғанда).___________________
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
_____________________________________
____________________________________ (тіркеуші органның атауы)
______________________________________
мекенжайы бойынша тұратын ____________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
жеке куәлік № _________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Сот шешімі бойынша әке болуды анықтау туралы
өтініш
______________________________________________________ сотының 20__жылғы «___» ___________№ _________шешімінің негізінде
азамат _____________________________________________________________
азаматша____________________________________________________________
(анасының тегі, аты, әкесінің аты(бар болғанда)
____________ жылы «___» туған баласы ________________________________
(анасының тегі бойынша баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
_________________________________________________________________
әкесі болып танылды.
Баланың әкесінің атын ______________________ әкесінің аты бойынша көрсетіп,_______________тегін беріп әке болуды анықтауды тіркеуді сұраймыз.
Баланың тууы ________ж. «___» _________ тіркеуші органда № ___________ жазбамен тіркелген.
Мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
№
|
Қажетті мәліметтер
|
Әкесі
|
Анасы
|
1.
|
Туған күні
|
|
|
2.
|
Ұлты
|
|
|
3.
|
Тұрғылықты тұратын жері
|
|
|
4.
|
Қайда және кім болып жұмыс істеді
|
|
|
5.
|
Білімі
|
|
|
6.
|
Жеке басты куәландыратын құжат (№, қашан және кім берген)
|
|
|
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә (бар болғанда) __________________ 20__ жыл «___» ________________ (қолы)
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұмат берген үшін әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдім
20__ жылы «___» _____________ _ __________
(қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
20__ жылы «___» _____________ _________
(қолы)
----------------------------------------------------------------------------------------------------
(қиып алу сызығы)
20___ж. «______» _____________ қарауға _____________ құжаттар қабылданды.
Көрсетілетін қызметті алушылардың Т.А.Ә (бар болғанда). _________________
Әке болуды белгілеу туралы куәлікті алу үшін: 20___ж. «___» _____ келу керек.
Құжаттарды қабылдаған маманның Т.А.Ә(бар болғанда).___________________
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
______________________________________
______________________________________
(тіркеуші органның атауы)
______________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі) мекенжайы:
______________________________________
______________________________________
Тел. № _______________________________
Өзгерістерді, қосымшаларды және түзетулерді енгізу туралы
(керегінің астын сызу)
Өтініш
__________________ туралы № ________ «___» ________ жылы акт жазбасына келесі өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді ______________________
______________________________________________ енгізуіңізді сұраймын.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
1 Аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі ___________________________
2. Туылған күні _____________________________________________________
3. Туылған жері_____________________________________________________
4. Ұлты_____________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі және туылған жерлері ____________________________________________________
8. Жеке басын куәландыратын құжат _________________________________
9. Қайда және кім болып жұмыс істейді _______________________________
10. Әскери міндетке қатысы: әскери борышты немесе әскери борышты емес
(керегінің астын сызу)
а) қайда тіркеуде тұр _________________________________________________
б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы ___________________________
____________________________________________________________________
11. Өмір сүрген жерлердің нақты атаулары және уақыты ___________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
12. Тергеуде, сот қаралуында болу немесе өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіпте шешілмеген сотталуының болуы жағдайында, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы мемлекетітк органға тиісті сұрау салу жіберу үшін, ол туралы көрсету
13. Бұрын өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілді ме__________________________________________________________________
14. Өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу себебі___________________________________________________________________________________________________________________________________
Өтінішке өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу қажеттілігін растайтын мынадай құжаттарды қосып баремін:
1) ______________________________ 4) _______________________________
2) ______________________________ 5) _______________________________
3) ______________________________ 6) _______________________________
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім
20__ жылғы «______» _______________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаушының лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
Журнал бойынша № ____
------------------------------------------------------------------------------------------------------
(жыртып алу сызығы)
20____ жылғы «_____» ____________ қарауға қабылданған өтініш туу тіркеу туралы
Қарау нәтижелері 20____ жылғы «_____» _______________ хабарланатын болады
Маман _________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
Достарыңызбен бөлісу: |