8112 «Өндіріс жұмыскерлері еңбекақысы». Осы транзитттік шотта өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбекақыларының сомасы көрсетіледі. Бригаданың өнім өндіру туралы рапорттары, ауысымдағы өнім өндіру рапорттары, жол бағыты парақшалары, бригаданың өнім өндіру ведомосы, келісімді жұмыстар нарядтары, жұмыс уақыты есебінің табелдері, сыйлықтар, қосымша ақылар есептеу туралы бұйрықтар және өзге де құжаттар ақпарат көздері болып саналады.
8110 шотында көрсетілген еңбекақыдан жасалған аударымдар 8113 «Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар» шотына есепке алынады.
8114 «Үстеме шығындар». Үстеме шығындар бір ай аралығында 8410 «Үстеме шығындар» шотында, цехтар бойынша бөлек белгіленген баптар номенклатурасы бойынша жинақталады және таңдап алынған бөлу базасына сәйкес әрбір цехта жасалатын өнімдердің өзіндік құнына енгізіледі.
8110 «Негізгі өндіріс» (жинақтаушы) шоты мен транзит шоттар активті есептеу шоттары болып саналады.
Негізгі өндіріс шығындарының талдау (аналитикалық) есебі №10 журнал-ордерге ашылатын №10 журнал-ордер мен №1,2 ведомостарда жүргізіледі.
№10 журнал-ордерге ашылатын №1 ведомос (цехтарды бөліп көрсете отырып) өндіріс шығындарын есепке алуға арналған. Әрбір цех бойынша оның қызметіне қатысты бүкіл төте және үстеме шығындар көрсетіледі. Аталмыш шығыстар талдау (аналитикалық) есеп баптарында бөлек көрсетіледі. Әрбір айдың шығындары туралы жазулар әртүрлі бастапқы және жиынтық құжаттар, өзге журнал-ордерлер, шифрын ашушы – парақшалар негізінде корреспонденциялық шоттарда бөлек көрсетіледі. Кәсіпорын бойынша тұтастай, корреспонденциялық шоттарға бөле отырып өндіріс шығындарының жалпы сомасын есептеу №1 ведомостағы «Корреспонденциялық шоттар бойынша барлығы» кестесінде жүргізіледі. Негізгі өндіріс цехтарындағы өндіріс шығындары туралы жиынтық мәліметтер «Корреспонденциялық шоттар бойынша барлығы» кестесінен №10 журнал-ордердің бірінші бөліміне ауыстырылады. №10 журнал-ордерге тіркелетін №2 ведомосты пайда болған жері бойынша өндіріс шығыстарын топтастыруға, сондай-ақ дайын өнімдердің нақты өзіндік құнын анықтауға арналған.
№10 журнал-ордер жинақтаушы тізім-көрсеткіш болыпсаналады. Мұндағыжазулар №1,2 ведомостарнегізіндежүргізіледі. №10 журнал-ордерде Бас кітапқа түсіру үшін
2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы»,
1310 «Материалдар»,
1340«Аяқталмаған өндіріс»,
2930 «Күдікті борыштар бойынша резервтер»,
1620 «Алдағы кезеңдер шығыстары»,
3310 «Жеткізушілермен және мердігерлермен есептесу»,
3390 «Өзге кредиторлық берешек және есептеулер»,
8110 «Негізгі өндіріс»,
8210 «Меншікті өндіріс жартылай фабрикаттары»,
8310 «Қосымша өндіріс»,
8410 «Үстеме шығындар», бөлімі шоттары бойынша кредит айналымдары жинақталады және есептелінеді.
Мұнан өзге, аталмыш №10 журнал-ордер кәсіпорынның жоспарлау-экономикалық қызметінде пайдаланылады, сондықтан да тізім-көрсеткіштің үшінші бөлімінде экономикалық элементтері бойынша шығындар топтастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |