Үстеме шығындар құрамы және сипаттамасы
Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсету және негізгі және көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады. Оларды тікелей дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) түрлеріне (бірлік), өндірістік процеске, сату көлеміне, сатып алатын топқа жатқызуға болмайды. Бір сөзбен айтқанда, үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар
8110-8310 шоттарында өнімді шығару немесе қызмет көрсетумен байланысты тікелей шығындар жинақталады.
Үстеме шығындар алдын-ала 8410 шотында жинақталып,соңынан өнім немесе қызмет түрлері бойынша бөлініп ,8410 шоттан есептен шығарыладыда 8110-8310 шоттардың дебетіне есепке алынады.Осылай 8110-8310 шоттардың дебеті бойынша тікелей және үстеме шығындар,сонымен қатар ай басындағы аяқталмаған өндіріс сомалары есепке алынады.
Олар:
- цехтардағы басқару аппараты жұмысшыларына есептелген еңбекақы;
- негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы;
- үйлерді, ғимараттрды және жалпы өндірістік бағыттағы инвентарларды ұстау және жөндеу шығындары;
- өндірістік сипаттағы ойлап табушылыққа, зерттеуге, тәжірибе жасауға кеткен шығындар, еңбек қорғау бойынша шараларға және өндірісті басқару мен қызмет көрсетумен байланысты басқа да цехтық шығындар.
Үстеме шығындар жанама өндіріс шығындары болып табылады және тұрақты,айнымалы болып бөлінеді.№2“Запастар”ҚЕХС тұарақты және айнымалы шығындардың ерекше ережелерін орнықтырады .
Айнымалы жанама шығындарға құрама өндірістегі шикізаттың немесе өндіріс жұмысшыларының жанама шығындары жатады.Бұл шығындар өнімнің өзіндік құнына өндірілген өнімнің нақты көлеміне пропорцианалды қосылады.
Тұрақты жанама шығындарға өндіріс көлемінен өзгермейтін шығындар:
ғимарат,цех және құрал жабдық амортизациясы
жөндеу ж/е іске қосу шығындары
цех персоналының шығындары ж/е т.б жатады
Мұндай шығындар өнімнің өзіндік құнына жоспарланған,нормативті өндірілетін өнім көлеміне пропорционалды қосылады.Бөлінбеген үстеме шығындардың айырмасы пайда болу кезеңінің шығындары ретінде мойындалады.Егер тұрақты үстеме шығындар есептелген көлемінен кем болса, айырма сомасы №2ҚЕХС-ға сәйкес кезең шығындарына жатқызылады.Оны есепті жылдың табысын азайту шығынына тікелей жатқызуға болады.
Мысалы.Кәсіпорын екі өнім түрін шығаруды жоспарлады:А-1000дана,Б-2000дана.Тұрақты үстеме шығындар -75000 теңгені құрады.Өнімнің 1данасына үстеме шығындардың жоспарланған нормасы:А-15 теңге,Б-30 теңге
Нақты А-800дана,Б-1700дана шығарылды
Шешуі.бөлінген тұрақты үстеме шығындардың сомасы:
800*15+1700*30=63000 теңге
Бұл нақты сомадан 12000теңге кем (75000-63000)
Достарыңызбен бөлісу: |