Негізгі құралдарды қабылдау есебі және құжатталу тәртібі
1.Негізгі құралдарды алудың және қабылдаудың тәртібі.
2. Негізгі құралдарды қабылдау есебі
Негізгі құралдарды алудың келесі түрлері бар:
негізгі құралдарды жарғылық қорға үлес, салым ретінде алу;
негізгі құралдарды белгілі бір ақыға сатып алу;
тегін қайтарымсыз алу;
қайтарылмаған несие үшін залогты зачеттау.
Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау-өткізу (қозғалысы) (НҚ) №1 нысандағы актімен ресімделеді. Ол жекелеген объектілерді негізгі құралдардың құрамына есептеу үшін, олардың пайдалануға берілуін ресімдеу үшін, негізгі құралдардың бөлімше ішіндегі қозғалысын ресімдеу үшін, негізгі құралдарды қоймадан (запастан) пайдалануға беру үшін, сондай-ақ басқа субъектіге беру мақсатында (жарғылық капиталға салым-дар, етеусіз беру) НҚ құрамынан шығарып тастау үшін пайдаланылады, Негізгі құралдарды қабылдауды ресімдеген кезде басшы тағайындаған қабылдау комиссиясы әрбір жеке объектіге бір дана акт жасайды. НҚ бірнеше объектілерін қабылдау-өткізуді ресімдейтін жалпы актіні жасауға шаруашылық бұйымдарын, құрал-саймандарын, жабдықтарын есепке алған кезде, егер бүл объектілер біртектес болса, қүлдары бірдей болса жэне бір күнтізбелік айда қабылданған болса, рұқсат етіледі. Акт ресімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжатгармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды жэне оны субъект басшысы немесе соған өкілетті адам бекітеді. Негізгі құралдардың ішкі қозғалысын ресімдеген кезде акт екі данада жасалады (объектіні өткізетін және қабылдайтын субъектілер үшін). Негізгі құралдарды басқа объектіге сатылған кезде акт 3 данада жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады (1-сі НҚ қалдығы мен қозғалысы туралы есептемеге, екіншісі есеп айырысу-төлем құжаттарына қоса беріледі), үшіншісі НҚ қабылдайтын түлғаларға беріледі.
Жас өсімдіктерді қабылдау мен оларды "жас есімдіктер" тобына есептеуді, сондай-ақ өсімдіктерді "пайдаланудағы өсімдіктер (толық ұрықтанғанға немесе бүтақтар өскенге дейін)" тобына ауыстыру көпжылдық өсімдіктерді қабылдау жэне пайдалануға беру актісімен ресімделеді. Акт бекітілгеннен кейін техникалық құжаттарымен бірге бухгалтерияға тапсырьшады.
Алаңдарды қорғайтын орман жолақтарын кіріске алу қорғаныс орман өсімдіктерін пайдалануға қабылдау актісімен жүргізіледі. Ол сонымен қатар ағаштардың бұтақтары толығымен шығып біткеннен кейін қорғаныс орман өсімдіктерін егу және пайдалануға беру (5 жылдан кем емес) жөніндегі орындалған жұмыстарды ресімдеуде қолданылады.
Малдың төлдерін негізгі табынға ауыстыру малды негізгі табынға ауыстырған күні ферма меңгерушісі жасаған топқа ауыстыру актісімен ресімделеді. Егер негізгі табынға ірі қара малдар, ұрғашы шошқалар, биелер, айғырлар ауысатьн болса, онда актіде әрбір жануардың инвентарлық нөмірі, туған уақыты, жынысы, сыныбы, түрі-түсі және басқа белгілері көрсетіліп, белек жазылады. Ешкі, қой жэне басқа ұсақ жануарлардың төлдері негізгі табынға ауыстырылған барлық малдарға тән белгілерін (түдымы, жынысы) көрсету арқылы жалпы санын жазады.
Негізгі құралдардың есебі 2400-ші «Негізгі құралдар» бөлімшесінің мынадай мүліктік активті шоттарында жүргізіледі:
2410- «Негізгі құралдар»
2420- «Негізгі құралдардың амортизациясы»
2420- «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын залалдар»
Достарыңызбен бөлісу: |