|
Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойыншаҚаржылық есептің Халықаралық және қазақстандық стандарттары
|
бет | 121/131 | Дата | 12.12.2022 | өлшемі | 449,84 Kb. | | #40573 |
| ?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøàҚаржылық есептің Халықаралық және қазақстандық стандарттары
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді.Бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі . Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары:
Ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады
Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың (жасаудың) халықаралық комитеті жасап шығарады.
Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға (унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды .
Халықаралық стандарттар әрдайым жетілдіріліп, қайта қарастырылып отырылады және жаңа стандарттар қабылданады.Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты — мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткізу:
Есеп тәжірибесінде қаржылық есеп берудің стандарттарын қолданудың бірнеше оңды сәттері бар:
ХҚЕС- да әр елдің ұрпақтан-ұрпаққа берілген білім мен тәжірибесі , есептің алдыңғы қатардағы тәсілдері жинақталған.
ХҚЕС-ға сәйкес құрылған қаржылық есеп өте түсінікті, айқын және қолданушыларға маңызды ақпартты көрсетеді.
ХҚЕС- да қаржылық есептің мазмұны және құрылымында ешқандай шектеулер болмайды.
ХҚЕС-ға сәйкес дайындалған қаржылық есептерді көптеген әлем елдері мойындайды.
Олар ҚЕБС-ға көшпейтін шағын және орта кәсіпкерліктермен, мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындармен есепті жүргізуге және есеп беруді дайындау үшін қолданылады.
2008 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында халықаралық стандарттардың қағидалары негізінде дайындалған №1 және 2 қаржылық есептің ұлттық стандарттары енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|