|
Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойыншаҚаржылық есеп мазмұны және құрамы және оған қойылатын талаптар
|
бет | 122/131 | Дата | 12.12.2022 | өлшемі | 449,84 Kb. | | #40573 |
| ?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøàҚаржылық есеп мазмұны және құрамы және оған қойылатын талаптар
Қаржылық есеп беру мекеме қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды экономикалық шешім қабылдау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есеп беру белгілі жорамал негізінде құрастырылады, сапалы сипаттамаларға ие болады және белгілі элементтер жөнінде ақпарат болуы тиіс. Сондай-ақ мекеме басшылығына сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерін де көрсетеді.
1 – «Қаржылық есеп беруді ұсыну» IAS қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес жалпы мақсаттағы қаржылық есеп беру – бұл өздерінің нақты ақпараттық қажеттіліктеріне сай келетін есептіліктің ұсынылуын талап етуге мүмкіндігі жоқ пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған есептілік.
Қаржылық есеп берудің нысандары мыналарды қамтиды:
Қаржылық есеп беру элементтері:
активтер – дара кәсіпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар;
міндеттеме – дара кәсіпкердің немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады;
капитал – дара кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тастағаннан кейінгі үлес.
Қаржылық есептің келесі элементтері қызмет нәтижесін бақылауға тікелей қатысты:
кірістер - есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады;
шығыстар – есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|