1
2017 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша
облыс білім беру жүйесінің жағдайы
Бүгінгі күні білім беру жүйесінің рөлін өзгерту, білімнің экономикалық
өсуінің жаңа үлгідегі орталық буыны ету, ұсынылатын сапалы білім беру
қызметтерін кеңейту, білім беру жүйесі бойынша айқындылық пен
ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік деңгейде
көлемді мақсат қойылған.
Облыстың білім беру әлеуеті, кадрлар ресурсы, материалдық-техникалық
және қаржылай қамтамасыз ету, әлеуеттік серіктестерді қолдау 2019 жылға
бағытталған мемлекеттік бағдарламаның 5 жоспарлы көрсеткішінің 100%
орындалуына қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Аймақта апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. Мектепке дейінгі
оқыту және тәрбиелеу жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдарында орындар
тапшылығы 2014 жылғы жалпы қажеттіліктен азайтылды, 3 жастан 6 жасқа
дейінгі балаларды қамту 100%-ды құрайды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің
тәжірибесі бойынша 1, 2, 5, 7 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына
көшті.
Ағымдағы оқу жылының ерекшелігі облыстың барлық мектептерінің
5 күндік оқу аптасына көшуі болып табылады. Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының қалған көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалуда.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы
туралы Ұлттық баяндаманың деректері бойынша 2016 жылғы қорытындылар
бойынша Павлодар облысы өңірлік білім беру жүйесінің тиімді қызметі
бойынша республикада бірінші орында.
Қаржыландыру және материалдық-техникалық базаны нығайту
Облыстың білім беру жүйесін қаржыландыру көлемі жыл сайын артуда.
2016 жылы – 54,4 млрд.теңге, 2017 жылы – 60,0 млрд. теңге көлемінде қаражат
бөлінді.
Ағымдағы жылы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық
базасын жақсартуға, оның ішінде оқушы жиһаздарын, компьютерлік
техниканы, жаңа үлгідегі кабинеттерді, робот техникасын, спорттық
мүкәммалдарды, мектеп автобустарын сатып алуға қаражат бөлінді. 118 білім
беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізуге 1,9 млрд.теңге көлемінде қаражат
бөлінді.
Мектепке дейінгі білім беру
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 426 мектепке дейінгі ұйым жұмыс
істейді, оның ішінде 176 балабақша (169 - мемлекеттік, 7- жеке меншік),
2
250 шағын орталық (248 - мемлекеттік, 2 - жеке меншік), ауыл әкімдері
қарамағында 56 балабақша.
2017 жылдың басында 355 жаңа орын құрылды. Павлодар қаласында
75 орындық «Инара» жеке меншік шағын орталығы ашылды, 200 орындық
№111 санаторлық нысанындағы балабақша 260 орындық жалпы балабақша
болып қайта құрылды, Павлодар ауданында 2 мектепке дейінгі ұйым - Бірлік
ауылында 30 орындық шағын орталық және Заря ауылында 55 орындық
балабақша, Екібастұз қаласында 50 орындық «Сәулетай» жеке меншік
балабақшасы ашылды. Шарбақты ауданында 60 орындық балабақша ашылды.
1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен
қамту 39,3 мың баланы құрайды немесе 77%, бұл 2016 жылғы тиісті кезеңмен
салыстырғанда 2,8%-ға артық.
2-3 жастағы балаларды қамту көрсеткіші жыл сайын жақсаруда және
ағымдағы жылы 64,6%-ды құрайды (2016 жылы - 63,6 %), бұл осы жастағы 6,8
мың бала.
Мектепалды дайындықпен қамту 100%-ды құрайды.
Жыл сайын оқытылуы қазақ тіліндегі мектепке дейінгі мекемелер саны
артып келеді. Биылғы жылы олар 229 (53,8%, шағын орталық - 164,
балабақшалар - 65).
Қазақ тілінде мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған ұлты қазақ
балаларының саны 19,8 мың тәрбиеленушіні құрайды (77,3%).
Өзге ұлт өкілдерінің балаларын қазақ тілінде мектепке дейінгі оқыту
және тәрбиемен қамту 13,2%-ға дейін артты (2016 ж. – 11,6%).
Өзге ұлт өкілдерінің балалары үшін орыс тілінде оқыта отырып және
қазақша қарым-қатынас жасайтын топтар ашылды.
Екібастұз қаласының 19 балабақшасында өзге ұлт өкілдерінің 558 баласы
үшін қазақ тіліндегі 21 эксперименталды топ ашылды. Баянауыл және Май
аудандарында өзге ұлт өкілдерінің барлық балалары мектепке дейінгі
ұйымдарында қазақ тілінде оқытылады. Бұл оң тәжірибе таратылатын болады.
Ағымдағы оқу жылында Қазақстан Республикасының 48 білім беру
ұйымында «Әліппе-Букварь» апробациясы басталды, оның ішінде біздің
облыстың 3 білім беру ұйымында (Павлодар қаласы №126
сәбилер
балабақшасы
– оқытылуы орыс тілінде, Екібастұз қаласы №12
сәбилер
балабақшасы
, Баянауыл ауданы Майқайың №1 ЖОМ – оқытылуы қазақ
тілінде). Апробацияға мектепке дейінгі жастағы 69 бала қатысады. Барлық
алаңдар оқыту-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етіліп, апробациялау үшін
барлық
материалдық-техникалық,
әдістемелік
жағдайлар
жасалған.
Апробацияны жүзеге асыратын педагогтарды қайта даярлау курстары
қамтамасыз етілген.
Орта білім беру
Облыста мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер саны
- 371,
сондай-ақ,
дене тәрбиесі және спорт басқармасының қарамағындағы спортта
3
дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаты, Назарбаев Зияткерлік
мектебі.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының саны 98,6 мың адамды
құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі мыңға артық. Бастауыш және
негізгі мектептер контингентінің өсуі сақталуда.
Аймақта білім сапасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі шағын
жинақталған мектептердің басым болуы.
2017 жылы Ақтоғай және Ертіс аудандарында екі мектеп жанындағы
интернат ашылып, Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы Жамбыл мектебінің
ғимараты қайта қалпына келтірілді.
Облыста оқытылуы қазақ тіліндегі мектептер – 142, 150 аралас,
43990
оқушы 44,6%
қазақ тілінде оқиды.
Оңтүстік Қазақстаннан, Қызылорда облыстарынан көшіп келген
отбасылары, Қытай және Моңғолиядан көшіп келген 77 оралман
отбасыларының 177 баласын мектептерде және балабақшаларда оқытумен
қамту бойынша шаралар қабылданды.
Жаңартылған мазмұнға 1, 2, 5, 7 сыныптары көшті, білім алушылардың
оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі енгізілді. 2 пилотты мектепте
(Павлодар қаласының № 39 ЖОМ, №1 Майқайың ЖОМ) жаңартылған
мазмұндағы оқу бағдарламаларын апробациялау жалғасуда.
2017-2018 оқу жылында облыста көптілді оқытуды енгізу бойынша
эксперименталды мектептер желісі кеңейтілді. 170 мектепте (2016 ж. –
101 мектеп) 5-11 сынып аралығында ЖМБ пәндері мен арнайы курстарын
оқыту енгізілуде.
Көптілді курстарынан 535 пән мұғалімі өтті, олардың 167-і ағылшын
тілінде оқыту және қосымша ақы төлеу құқығын беретін сертификаттар және
үстемақы, 368-і - A2 деңгейіндегі ағылшын тілін білу сертификаттарын алды.
Оқулықтар және оқу әдістемелік құралдармен жарақтандыру көрсеткіші
100%-ды құрайды.
Жаңа үлгідегі кабинеттер мен қамтамасыз етудің облыстық көрсеткіші
61%-ды құрайды.
Облыстағы білім беру ұйымдарының компьютерлік паркі 18,9
аса
бірлікке есептелінген
.
Бір компьютерге қалада 5,2 оқушыдан келеді, ауылдық
жерде – 3,8.
Кең жолақты Интернетке облыстың барлық мектептері қосылған, 93%
мектепте 4 Мбит/с жоғары жылдамдықты интернет бар.
340 мектеп оқушылардың жетістіктерін бақылау және есепке алудың
бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосылған (2016 жылы - 273).
Сонымен қатар, «BilimLand» білім беру платформасы», «iTest» және
«iMectep» ҰБТ-ға дайындық бағдарламасы бойынша виртуалды оқыту кешенін
пайдаланады (2016 жылы – 288 білім беру ұйымы, 2017 жылы - 369).
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде
«Bilim Media Group» компаниясы Успен ауданының №3 мектебінде «Bilim
Book» білім беру жүйесімен жарақтандырылған жаңа үлгідегі кабинетті
көрсетті.
4
«Samruk-Kazyna Trust»
әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде
облыстың 70 мектебіне, оның 36-сы ауылдық мектепке сомасы 254,7 млн.
теңгеге 88 түрлі спорттық жабдықтар берді.
Жаңа оқу жылында 146 мектепте робот техникасы жұмыс істейді, барлық
345 негізгі және орта мектептерде шахмат үйірмелері ашылған.
352 (96%) мектепте жалпы 98,0 мың оқушының (99,8%) қамтылуымен
ыстық тамақты ұйымдастыру жүзеге асырылады. 23,0 мың оқушы (23,3%) тегін
ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, оның ішінде 12,5 мың білім алушы жаппай
оқыту қорының қаражаты есебінен тамақтанатын аз қамтылған отбасыларының
балалары.
Балалардың білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында 3975 оқушы
(100%) үшін облыстың 107 мектебіне тасымалдау ұйымдастырылған. Бұл
мақсатқа 110 бірлік автокөлік пайдаланылады.
Республикалық мектеп оқушылары олимпиадасының нәтижелері
бойынша облыс Астана қаласынан кейін екінші рейтинг көрсеткішінде –
55 жүлделі орын. Жетістіктер - «Жас дарын» арнайы мектебінің 11-сынып
оқушысы Мұхаммед Әли Әмірдің Бразилиядағы математикадан халықаралық
олимпиададағы алтын медалі, «Білім инновация» лицей-интернатының
оқушысы Рахимов Темірланның Таиландтағы химия пәнінен халықаралық
олимпиададағы қола медалі, Якутиядағы (Саха Республикасы) Халықаралық
физика олимпиадасында дарынды балаларға арналған №8 лицей оқушысы
Басов Ярославтың қола медалі болып табылады.
ҰБТ-2017 қорытындылары бойынша облыс республикада Алматы
қаласынан кейін екінші рейтинг көрсеткішінде – орташа балл – 92.
Облыста ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 30 арнайы
мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 7 арнайы жалпы білім беретін мектеп-
интернат, 7 арнайы балабақша, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық
кеңес беру, 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті.
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарының желісі мен контингенті қысқаруда,
ағымдағы жылы олар 437 тәрбиеленуші контингентімен 13 қалды.
Ағымдағы жылы қамқоршылыққа, қорғаншылыққа 181 бала, патронатты
тәрбиеге – 28, асырап алуға 61 бала берілді. 17 бала отбасына қайтарылды.
Ағымдағы жылдың қаңтарында отбасына орналастырудың жаңа нысаны
енгізілді – баланы қабылдайтын және қонақ отбасы. Биылғы жылы облыстың
Железин, Павлодар және Качиры аудандарында төрт отбасы құрылды.
Қосымша білім беру
Облыста балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен ұйымдастырылған
демалысын қамтамасыз ету үшін 92 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді
(47 мектептен тыс ұйым және 45 аула клубы). 10 қала сыртындағы жазғы
лагерь бар. Оқу орындарының базасында әртүрлі бағыттар бойынша 4 мыңнан
аса үйірмелер мен клубтар ұйымдастырылған. Оқушыларды қосымша білім
5
берумен және мектепте сабақтан тыс уақытын қамтамасыз ету 93,7%-ды
құрайды.
Қосымша білім беру ұйымдарының желісі кеңеюде. 2017 жылы Павлодар
қаласында жылына 2700 оқушыны қамтитын «Балдәурен» оқу-сауықтыру
орталығы, Баянауыл
ауданында 100 оқушыны қамтитын
балалар
шығармашылық үйі, Шарбақты ауданында 117 оқушыны қамтитын балалар мен
жасөспірімдер футбол клубы ашылды. Ақсу қаласында жас натуралистер
станциясын қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Білім беру мекемелерінде 224 мұражай мен мектеп тарихының
бұрыштары ашылған, онда мекеменің директорлары мен педагогтары туралы
ақпарат орналастырылған, сондай-ақ 5 мыңнан аса оқушының қамтылуымен
272 әскери-патриоттық клуб жұмысы ұйымдастырылған.
2017 жылғы мамыр айында «Нұр Отан» партиясының бастамасы
бойынша «Мектебіме тағзым» жобасы бастау алды. Жобаны жүзеге асыру
кезеңінде облыстың 240 мектебіне жалпы сомасы 159,3 млн. теңгеге көмек
көрсетті.
Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту»
бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде білім беру мекемелерін
«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы шеңберінде 3 бағыт бойынша -
Өлкетану, Саналы Азамат, Отаным-тағдырым
4 облыстық және 22
республикалық кіші жобаны іске асыруда.
Жасөспірімдер қылмысының көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда
120 фактіден 73-ке азайды.
Балалар және жасөспірімдердің жазғы демалысы мен бос уақытын
ұйымдастыруға 392,9 млн. теңге жіберілді. Жазғы кезеңде 90 мыңнан аса
(99,0%)
оқушы ұйымдастырылған демалыс, сауықтыру және бос уақытпен
қамтылды.
Жазғы кезең бойы 30 мыңнан аса баланың қамтылуымен оқу озаттар,
жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары үшін
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне баруға Астана қаласына экскурсия
өткізілді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 107,8 млн. теңге бөлінді.
Техникалық және кәсіптік білім беру
Облыстың ТжКБ жүйесінде 50 колледж жұмыс істейді, оның ішінде
мемлекеттік 35, жеке меншік – 15. Ағымдағы жылы колледждерде барлығы 20
мыңнан аса адам оқиды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 12614
адам (61%).
«Серпін» бағдарламасы бойынша колледждерде еліміздің оңтүстік
өңірінің 502 студенті білім алуда.
Аймақтағы еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, 2017-2021
жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті
дамыту бағдарламасы шеңберінде 52 жұмысшы мамандық бойынша 1035 адам
оқытылуда.
6
623 профильдік кәсіпорын мен ұйым базасында 46 мамандық бойынша
облыстың 45 оқу орнында дуалды оқыту ұйымдастырылған. 896 келісім-шарт
пен меморандум жасалды, 108 инженер-педагог қызметкер облыстың жетекші
кәсіпорындарында: «Қазақстан альюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз
зауыты» АҚ, «Еуразиялық энергетика корпорациясы» АҚ, «Павлодар мұнай-
химия зауыты» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Ақтоғай-Агро» ШҚ және
т.б. тағлымдамадан өтті.
Түлектер санынан 5147 адам жұмысқа орналасқан 3741 адам (72,7%)
оқуын аяқтағаннан кейін алғашқы жылы жұмысқа орналастырылды, облыстың
ЖОО және колледждерінде оқуларын жалғастырғандар - 734 адам (14,3%), ҚР
әскери қызмет қатарында - 339 адам (6,6%), бала күтімі бойынша демалыста -
239 адам (4,6 %), республикадан тыс жерлерге кеткендер – 59 адам (1,1%).
Бүгінгі күні жұмысқа орналаспағаны - 35 түлек (0,7%). Жұмыспен қамтудың
жалпы пайызы 99,3%-ды құрайды.
2017 жылы институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден
үш колледж: Шарбақты аграрлық-техникалық және Екібастұз медициналық
колледжі, халықаралық – Павлодар химия-механикалық колледжі өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |