ӘОЖ 657.6
Ұйымның ішкі бақылау жүйесі
Экон.ғыл.канд. С.А.Исакова
Ж.Медеубаева
Бұл жұмыста есеп пен есеп берудің жаңа жүйесіне көшуде қар-жылық құралдарды есепке алудың заманауи мәселелері қарастырылған.
Кәсіпорынның сәтті қызмет атқаруы, табыстылығын арттыру, оның активтерін сақтау және көбейту үшін басқарудың тәртіпке келтірілген механизмінің негізгі элементі-күнделікті ішкі шаруашылық бақылау қажет.
Ішкі бақылау-субъектінің директорлар кеңесімен, жетекшілігімен, басқа қызметкерлерімен орындалатын процесс және мына категориялар жатады:
қаржылық есеп берудің дұрыстығы;
тиісті заңдар мен нормативтік актілерді сақтау;
операциялардың тиімділігі мен орындылығы бойынша міндеттерге жетуге қатысты ақылды сенімділік беру мақсатында құрастырылған.
Ішкі бақылау жүйесінің (ІБЖ) мақсаты: тәртіпке салу және ұйымның ағымдағы шаруашылық істерін тиімді орындау; жетекшіліктің қаржы-шаруашылық саясатының талаптарын орындау; кәсіпорынның активтерін сақтау, құжаттардың анықтығын, толықтығының ыңғайлы деңгейін және тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Ұйымның жетекшілігі ішкі бақылау жүйесінің құрастырылғанына және нақты іске асырылғанына жауап береді.
Бақылау жүйесі ақтайтындай болуы қажет, яғни оның жұмыс істеуіне кеткен шығындар кәсіпорында оның жоқтығынан болған шығындардан аз болуы керек. Егер, ішкі бақылау жүйесі тиімді жұмыс істесе, онда ол сыртқы аудитті жүргізу шығындарын азайтады.
Ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құруда әкімшілік қамтамасыз ету керек:
ұйымның қызметіне сәтті жетекшілік ету үшін сенімді ақпаратпен;
құжаттар мен активтердің сақталуын - қымқыру фактілерін, бұзылуларды және мүліктерді мақсатсыз пайдалануды, ақпаратты жойып жіберуді немесе жариялауды болдырмауды (есептік регистрлердегі, компьютерлік мәліметтер базасындағы);
шаруашылық қызметтің тиімділігін - бақылау процедуралары арқылы бір жұмысты қайталауды жою, өндірістік емес шығындарды болдырмау, ресурстардың барлық түрлерін орынды пайдалану, салық төлемдерін үйлестіру, есеп айырысу тәртібін нығайту;
жазылған есептік принципке сәйкестігін - кәсіпорында бекітілген инструкциялар мен ережелерді, сонымен қатар нормативтік актілердің талаптарын қызметкерлердің міндетті түрде орындауын;
бухгалтерлік есептің сенімді жүйесін қамтамасыз ету.
Аудиторлық тексерудің барысында аудитор тексеріліп жатқан субъектідегі қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесін түсініп (ұғып) алуға міндетті. Бұл кезде, ол бақылаудың болжамдалған аудиторлық процедураларының маңызын, масштабын және уақыт шығындарын анықтайтын құралдарын оқып үйренуге және бағалауға міндетті.
Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігімен сенімділігін бағалауда (бақылау ортасын және бақылаудың кейбір құралдарын) аудиторлық ұйым келесі үш шекті пайдаланады: «жоғары», «орта» немесе «төмен».
Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерінің ерекшеліктерін оқып үйрену және бақылау міндетті түрде аудиторлық тексерудің барысында аудиторлық ұйымдармен құжатталады. Құжаттауда мынадай типтік формаларды пайдалану ұсынылады:
1) Арнайы құрастырылған тестік процедуралар;
2) Жетекшілік ететін қызметкерлер мен бухгалтерия қызметкерлерінің ой пікірін анықтау үшін типтік сұрақтардың тізімі;
3) Арнайы бланкілер мен тексеру қағаздары;
4) Блок-схемалар мен графиктер;
5) Ескертулер тізімі, хаттамалар мен актілер.
Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерін ұйымдастыру туралы аудитордың пікірі аудиторлық процедураларды таңдамалы және толық жүргізуді жоспарлаудың негізі болғандықтан, құжаттаудың жоқтығы немесе тексерілетін ұйымның бухгалтерлік есеп ерекшелігін тиіссіз құжаттау, сонымен қатар бұл ұйымның ішкі бақылау жүйесін оқып білу мен бағалаудың нәтижелері аудиторға шағым талап қойған жағдайда, оның көрсеткен қызметінің төмен сапасының дәлелі болады /1/.
Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесінің маңызды кемшіліктері, сонымен қатар оларды түзету бойынша кепілдемелер аудитордың тексеру жүргізілген ұйымның жетекшілігіне беретін есебінде көрсетіледі.
Ұйымның ішкі бақылау жүйесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:
а) бақылау ортасы;
ә) тиісті бухгалтерлік есеп жүйесі;
б) тәуекелді бағалау;
в) бақылау процедуралары;
г) мониторинг.
Әр элемент мақсатқа жету үшін құрастырылған ережені, әдісті, нұсқауды және құжатты жобалап түсіндіреді. Бақылау жүйесінің бұл элементтерінің барлығы бірге кәсіпорынның іскерлік және қаржы шаруашылық қызметіндегі тәуекелді төмендетеді.
Бақылау ортасы - бұл ұйымның жетекшілігінің ішкі бақылауды бекітуге, қолдауға бағытталған іс-жүзіндегі әрекеті, іс-шаралары және мәліметтері.
Бақылау ортасының негізгі элементтері:
а) ұйымды басқарудың негізгі принциптері және стилі (директорлар кеңесі және аудиторлық комитет);
ә) ұйымның ұйымдастыру құрылымы;
б) жауапкершілігі мен билікті бөлу;
в) жүзеге асырылатын мамандық (кадрлық) саясат және басқару тәжірибесі;
г) сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық есеп беруді дайындау тәртібі;
ғ) ішкі басқару есебін жүзеге асыру және есеп беруді дайындау тәртібі (ішкі мақсат үшін);
д) ұйымның шаруашылық қызметінің іс жүзіндегі заңдылықтардың жалпы талаптарына сәйкестігі ішкі бақылау жүйесінің барлық басқа компоненттері үшін негізі болып табылады.
Субъектінің жетекшілігі ішкі бақылау жүйесін құрастырған және нақты іске асырғаны үшін жауап береді. Ішкі бақылау жүйесінің ұйымның қызметінің көлемі мен ерекшелігіне жауап беруі, тұрақты және тиімді жұмыс атқаруы жетекшілікке байланысты. Ұйымда, оның құрылтайшылық құжаттарымен немесе ішкі тәртіп ережелері бойынша ішкі аудитор тағайындалады, немесе «ішкі аудит» бөлімі ұйымдастырылады.
Ұйымның тиімді ұйымдастыру құрылымы қызметкерлердің жауапкершілігі мен құқықтылығын бөлу. Әдетте әр түрлі тұлғалардың арасында бөлуге мынадай қызметтер жатады:
1) Ұйымның активтеріне тікелей кіруге болады;
2) Активтермен операцияларды жүзеге асыруға рұқсат;
3) Шаруашылық операцияларды тікелей жүзеге асыру;
4) Шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету.
Ішкі бақылау жүйесінің тиісті жұмыс атқаруы қызмет тапсырылған қызметкерлерге байланысты. Таңдау, жалдау, қызмет бойынша көтеру, мамандарды оқыту және дайындау қызметкердің жоғары біліктіліктілігін және шыншылдығын қамтамасыз етеді.
Аудитор ішкі бақылау жүйесі тек қандай мақсатпен құрылғанына жеткендігін анықтаулы шамамен дәлелдейтіндігін білуге міндетті. Оның себебі ішкі бақылау жүйесінің шексіз кедергілері:
а) ұйымның жетекшілігінің бақылау іс-шараларына кететін шығындар, мұндай іс-шараларды қолданулар беретін экономикалық пайдадан төмен болуын табиғи талап етуі;
ә) адамның ұқыпсыздығынан, ұмытшақтығынан, дұрыс емес ойлауынан немесе инструктивтік материалдарды түсінбеушілігінен қате жіберу қасиеті.
б) көбінесе бақылау құралының мақсаты орынсыз шаруашылық операцияларды анықтау;
в) ұйымның қызметкерлерінің басқа қызметкерлерімен, сол сияқты үшінші тұлғалармен келісу нәтижесінде бақылау жүйесін әдейі бұзу;
г) шаруашылық қызметті жүргізудегі маңызды өзгерістер, ненің нәтижесінде қабылданған бақылау процедуралары өз қызметін атқармайды.
Бухгалтерлік жүйе (ақпарат және ақпаратты хабарлау) - бұл ұйымның есеп беруінде көрсетуді қамтамасыз ету үшін тиісті активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтерді жинау, тіркеу, өңдеу және ұсыну бойынша процедуралардың жиынтығы; ақпаратты хабарлау қаржылық есеп берудің ІБЖ байланысты кейбір рөлдер мен міндеттерді анық түсіну.
Тиімді бухгалтерлік есеп жүйесі шаруашылық операцияларды көрсетудің уақтылылығын, толықтығын, дұрыстығын, олардың дұрыс бағалануын, классификациясын (топтастырылуын) және қорытып талдауды қамтамасыз етеді.
Бақылау процедураларының қолайлығы бухгалтерлік есеп жүйесінің құрамды элементтерімен анықталады.
Тәуекелді бағалау - ұйымның бухгалтерлік стандартқа сәйкес ұсынылған қаржылық есеп беруіне қатысты тәуекелді анықтау, талдау және басқару. Бағалау процесінде қарастыру қажет:
қаржылық есеп беру тәуекелінің және нақты дәлелдердің өзара байланысын, сонымен қатар өңдеу, жинағын шығару және қаржылық мәліметтерді хабарлау;
ішкі және сыртқы маңызды жағдайлар;
өзгерген маңызды жағдайларды арнайы қарастыру.
Бақылау процедуралары - бұл болған шаруашылық операциялардың бәрі толық және тура тіркелінгендігіне сенімді болу үшін әкімшілікпен құрастырылған әдістер мен ережелер; істі жүргізудегі және мәліметтерді тіркеудегі барлық қателер тез арада анықталады.
Іс жүзінде түрлі бақылау процедуралары жүзеге асырылады.
Аудитор аудиттің жоспарын құру үшін бақылау процедуралары туралы жеткілікті түсінік алу қажет. Мұнымен бірге аудитор бақылау ортасы мен бухгалтерлік есеп жүйесін оқып үйренудегі бақылау процедураларын қосымша оқып үйренудің қажеттілігін анықтау үшін алынған бақылау процедураларының бары немесе жоқтығы туралы білімін есепке алады.
Мониторинг - бұл ақпаратты жинау, байқау, талдау, бағалау және ұйымның тиімді басқару жағдайын болжамдау.
Мониторинг объектілері - жекешелендірілген ұйымдар.
Мониторинг пәніне мына сұрақтар жатады:
а) мониторинг объектілерінің қаржылық және экономикалық жағдайы;
ә) олардың негізгі қорларының жағдайы, өндіріске алдыңғы қатарлы технологияны енгізу;
б) мониторинг объектілерінің инвестициялық қызметі;
в) айналадағы ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;
г) қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау;
ғ) құқықтық сұрақтар.
Мониторинг жүргізу тәртібі бақылау арқылы жүзеге асырылады:
базалық көрсеткіштерге - негізгі мәліметтер (статистикалық есеп беру, мониторинг қатысушыларымен ұсынылатын ақпарат пен материалдар);
ағымдағы өзгерістерді тіркейтін оперативтік көрсеткіштерге;
мониторинг жүргізілген кезең бойынша көрсеткіштерге (белгілі бір мерзімнен кейінгі бақылау).
Мониторинг объектілерімен тиімді басқару жағдайын талдау базалық мәліметтерді мониторингтің нәтижесінде алынған мәліметтермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Мониторингті жүргізу ұйымдардың өзінде, сонымен қатар экономика салаларында негативтік процестерді ескерту және болдырмау бойынша кепілдемелер құрастыру мақсатында зерттелетін мониторинг объектілерінің даму тенденциясы туралы болжамдаумен аяқталады.
Бухгалтерлік есеп жүйесімен танысу тексерілетін ұйымның шаруашылық қызметінің келесі жақтарының мағлұматтарын оқып үйренуді, талдауды және бағалауды қамтиды:
есептік саясат пен бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принциптері;
бухгалтерлік есепті жүргізуге және есеп беруді дайындауға жауапты бөлімнің ұйымдастыру құрылымы;
бухгалтерлік есепті жүргізу мен есеп беруді дайындауға қызметкерлердің арасында міндеттерін бөлу;
шаруашылық операцияларды көрсететін құжаттардың дайындалуын, айналымын және сақталуын ұйымдастыру;
шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп регистрлерінде көрсету тәртібі, мәліметтерін қорытып талдау формалары мен әдістері және олар арқылы мерзімді қорытынды есеп дайындау тәртібі;
есепті жүргізу және қорытынды есепті дайындаудағы есептегіш техника құралдарының рөлі мен орны;
қателердің пайда болу тәуекелі немесе бухгалтерлік есеп беру бұрмалаушылықтары ерекше жоғары есептің қиын тараулары;
есеп жүйесінің кейбір тарауларында қаралған бақылау құралдары.
Ұйымның бухгалтерлік есеп жүйесі тиімді болады, егер шаруашылық операцияларды тіркеу барысында келесі талаптар орындалса:
а) есептегі операциялар олардың жүзеге асырылған уақытын дұрыс көрсетеді;
ә) есепте операциялар дұрыс тіркелген;
б) бухгалтерлік есеп шоттарында операциялар дұрыс және іс жүзіндегі нормативтік нұсқауларға, есептік саясатқа сәйкес көрсетілген;
в) есеп пен есеп беру үшін маңызды мәні бар операциялар толық жете тіркелінген;
г) қиянат жасау мүмкіншіліктері шектелген.
Аудиторлық тексерудің барысында аудитор тексерілетін ұйымның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне қатысты ішкі құжаттарымен танысуы қажет.
Аудитор бухгалтерлік аппараттың толықтырылғанын, штаттық тәртіптің сақталынатынын, міндеттердің дұрыс бөлінгенін, есептің кейбір қызметкерлерінің кәсіби дайындығын, еңбектің ұйымдыстырылуын және олардың біліктілігінің жоғарылатылуын тексеру қажет. Қызметкердің біліктілігі есептің барлық жүйесінің тиімділігіне әсер етеді, сондықтан, аудитор қызметкерлердің біліктілігі мен шыншылдығын анықтау керек.
Ішкі аудит қызметінің жұмыс істеуіне кешендік ыңғай жасау кәсіпорында ішкі бақылаудың барлық жүйесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Мұның өзі, сыртқы аудитті жүргізуде тәуекелді төмендетеді, яғни оған кететін шығындарды азайтады. Бірақ, ұйымның ішкі бақылау жүйесінің сенімділігін және оған сенім деңгейін бекіту үшін, сыртқы аудитор бұл жүйені зейін қойып оқып үйренуі және бағалауы қажет.
Ішкі бақылау жүйесін оқып үйрену мен бағалаудың қажеттілігінің дәлелі болып Қазақстандағы аудиттің Халықаралық стандарттарының 400 «Тәуекелді және ішкі бақылауды бағалау» стандартына сәйкес ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау үш кезеңнен тұратын көп сатылы халықаралық және ұлттық тәжірибеде қабылданған процедура табылады /2/:
а) ішкі бақылау жүйесімен жалпы танысу;
ә) ішкі бақылау жүйесінің сенімділігін бастапқы бағалау;
б) бағалаудың дұрыстығын растау (бекіту).
Әдебиет
Исакова С.А., Калабаева А.Б. Аудит. Оқу құралы. -Тараз: Тараз университеті, 2008. - 301с.
Исакова С.А. Международные стандарты учета и аудита. Монография. - Тараз: Тараз университеті, 2007. -351с.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз
СИСТЕМА ВНУТРЕННЕГО КОНТРОЛЯ ОРГАНИЗАЦИИ
Канд.экон.наук С.А.Исакова
Ж.Медеубаева
В статье рассматриваются современные проблемы учета финансовых инструментов при переходе на новую систему учета и отчетности.
SYSTEM OF INTERNAL CONTROL OF THE ORGANIZATION
Cand.econ.sci. S.A.Isakova
Zh.Medeubayeva
The contemporary issues of accounting for Derivative Instruments under the transition to the new system of accounting and reporting are shown in the article.
Достарыңызбен бөлісу: |