|
Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойынша–«Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал»
|
бет | 103/131 | Дата | 12.12.2022 | өлшемі | 449,84 Kb. | | #40573 |
| ?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøà5410 –«Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал»
5420- «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв»
5430- «Материалды емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв»
5450 -«Шетелдік валютаны қайта есептеуге арналған резерв»
5460- «Өзге резервтер»
Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі
Жарғылык капитал- кез келген ұйымдастыру-құқықтық формасындағы (АҚ, ЖШС, ҚЖС) өндірістік-шаруашылық әрекеттерімен айналысатын субъектінің негізі болып саналады. Жарғылык капитал ұйымның меншігіне ие болып және басқаруға заңды мүмкіндік беріп ғана қоймайды, сонымен қатар оның өндірістік-шаруашылық қызметінің қаржылық негізі болып табылады. Жарғылық капиталдын сомасы ұйым тіркелген кезде, мекеменің жарғысымен бекітіледі
Жарғылық капиталдың мөлшері, акцияның бағасы, жәй және артықшылығы бар акцияларының ара қатынасы, акционерлер жиналысының шешімі бойынша анықталады. Одан кейін жарғылык капиталдың кез келген өзгеріс акционерлердін жалпы жиналысында бекітіліп, әділет органдарында және басқа да тиісті мемелкеттік органдарында тіркеуден өтеді.
Серіктестіктің жарғылық капиталы-оның құрылтайшыларының шаруашылық қызметке қосқан қосқан жарналарының сомасынан тұрады.
Жарғылық капитал көлемі капиталға салынған (алынған)салымдар есебінен өзгеруі мүмкін.ҚР заңдылықтарына байланысты серіктестіктің бөлінбеген табысын жарғылық қорды ұлғайтуға бағыттауға болмайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын салулары керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы жиналыстың шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек
Акционерлік капитал-акционерлердің акциялармен төленген ,қоғамның дивиденттер түрінде таза пайдадағы үлесін көрсететін капитал бөлігі
Акционерлік капитал шығарылған акциялардың номиналдық құны бойынша есепке алынады.Акция акционерлік қоғамның мншік бірлігі болып табылады.
Акциялар екіге бөлінеді
Жай акциялар Артықшылығы бар акциялар
Жай акция оның иесіне акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді, және ол құқығын акционерлер жиналысына қатысып дауыс беру арқылы жүзеге асыра алады. Бірақ жыл қорытындысы бойынша акционерлік қоғам зиян шеккен болса, онда жай акциялардың иелеріне дивиденттер төленбейді
Жай акциялар 5020 “ Жай акциялар”шотында есепке алынады
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|