|
Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойыншаСалық есебінің 2 әдісі қолданылады
|
бет | 111/131 | Дата | 12.12.2022 | өлшемі | 449,84 Kb. | | #40573 |
| ?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøàСалық есебінің 2 әдісі қолданылады:
кассалық;
есептеу әдісі;
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шерімдер ақы төлеудің уақытынақарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауаларды өтізу және кіріскеалу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.
Салық есептiлiгi мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) бастапқы есептiлiк - салық төлеушiнi тiркелу есебiне қою жүргiзiлген және осы тұлға салық төлеушi болып табылатын салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң белгiлi бiр түрлерi бойынша салық мiндеттемесi, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтiк аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша мiндет алғаш туындаған салық кезеңi үшiн тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi;
2) кезектi есептiлiк - салық төлеушiнi тiркелу есебiне қою жүргiзiлген және осы тұлға салық төлеушi болып табылатын салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң белгiлi бiр түрлерi бойынша салық мiндеттемесi, сондай – ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтiк аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша мiндет алғаш туындаған салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңдерi үшiн тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi;
3) қосымша есептiлiк - осы өзгерiстер және толықтырулар жататын салық кезеңi үшiн бұрын табыс етiлген салық есептiлiгiне осы тұлға салық төлеушi (салық агентi) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi бойынша, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша өзгерiстер және толықтырулар енгiзiлген кезде тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi;
4) хабарлама бойынша қосымша есептiлiк - салық органы камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңi үшiн бұрын табыс етiлген салық есептiлiгiне осы тұлға салық төлеушi болып табылатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi бойынша, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша өзгерiстер және толықтырулар енгiзген кезде тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi;
5) тарату есептiлiгi - салық төлеушi қызметiн тоқтатқан немесе бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеушi болып табылатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша, сондай-ақ тiркелу есебiнен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|