99
анықтауда қолданылуын және олардың қажетілігіне көз жеткізу басты мақсат
болатын. Анықталған жайттар әлі де толық зерттеуді талап етеді, өйткені біз
тек 4 түрлі клиникалық оқулықты ғана талдадық, ал медициналық жоғары оқу
орнында бұлардан басқа көптеген оқулықтар мен оқу құралдары
қолданылатындығы белгілі. Талдау нәтижесінде «Медициналық мамандықтарға
арналған физика» элективті курсы даярланып, оның ерекшеліктерін 9-кестеде
салыстырмалы түрде көрсетілді.
2. Медициналық жоғары оқу орны студенттеріне физика пәнін кәсіби
бағытта оқытудың әдістері мен формалары талданды. Оқыту әдістерінде
педагогикалық технологиялар қолдану мақсат болды, олар: жобалап оқыту
технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, гипотеза ұсынып оны
негіздей білу әдістері медициналық жоғары оқу орны студенттерін оқытуда
қолдану ұсынылды. Оқытудың формаларының бірі студенттердің жобалау
жұмыстарын, проблемалық оқыту технологиясы мен гипотеза құруды
ұйымдастыру болып табылады. Физика пәнін оқу барысында аталған
технологиялар процесі студенттердің практикалық тәжірибе алуын,
шығармашылық белсенділіктерін қамтамассыз етуге мүмкіндік береді. Себебі
әрбір студент, жоғары оқу орнында оқу барысында тек іргелі және кәсіби
білімді алып қана қоймай, сонымен қатар, өз білімін өздігінен жетілдіріп,
практика жүзінде қолдана алуы керек. Дәлірек айтсақ, кәсіби бағытта оқыту
үшін жобалау технологиясы, диагноз қоюда бірлескен іс-әрекет, медициналық
аппараттан алынған ақпаратты бір күйден екіншісіне ауыстыру үшін
проблемалық оқыту технологиясы, мәселені шешу тәсілі ретінде гипотеза
қолданылды.
3. Медициналық жоғары оқу орны студенттерінде физиканы кәсіби
бағытта оқытудың құралдары нақтыланды. Біздің ғылыми жұмыста ұсынған
әдістемеміздің артықшылығы келесідей:
- Физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды меңгеруін жылдамдатты;
- Оқуға мотивациясы артты; берілген тапсырманы шешуде, кәсіби
мәселелерді шешуде физикадан алған білімді қолдана
алу қабілеті артты;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарында жаңа бағытта өз бетінше жұмыс істеу
қабілеті артты.
Медициналық жоғары оқу орны студенттеріне физиканы кәсіби бағытта
оқытудың тиімділігі тәжірибе жүзінде
тексеріліп, дәлелденді.
101
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27 шілде 2007ж.
№319-ІІІ // Интернет ресурс:
http://adilet.zan.kz
(Қарастырған күні: 12.03.2015).
2 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан
жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына
Жолдауы. 31.01.2017. // Интернет ресурс:
http://adilet.zan.kz
(Қарастырған күні:
03.02.2017).
3 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасы. – Астана, 29.11.2010 ж.- №1113 қаулысы // Интернет ресурс:
http://adilet.zan.kz
(Қарастырған күні: 19.06.2015)
4 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2016 – 2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы //
Астана. 28.12.2015 ж. №1082 қаулы// Интернет ресурс:
http://adilet.zan.kz
(Қарастырған күні: 12.01.2016)
5 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «100
нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары
бaғдapлaмacы. – Астана, 20.05.2015. // http:// bnews.kz/kk/news/post.
6 Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты,
5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы, 3.07.475. – Астана, 2012.
7 Журавлева Г.А. Профессиональная направленность как
фактор учебной
деятельности студента // Проблемы деятельности студентов: сб. ст. -Ростов-на-
Дону: РГУ, 1975.- С.65-75.
8 Архангельский С.И. Учебный процесс в высшей школе, его
закономерные основы и методы. учеб.-метод. пособие. — М.: Высш. шк., 1980.-
368 с.
9 Леднев
B.C.,
Коваленко Е.Э. Совершенствование структуры
содержания профессиональной теоретической подготовки // Содержание и
методика психолого-педагогической подготовки инженеров-педагогов: сб.
науч. тр. — Свердловск: Моск. ин-т. инж. с.-х. пр-ва., 1990.- С. 35-38.
10 Рубинштейн С.Л. Основы онтологии, логики и психологии //
Избранные философско-психологические труды.- Наука, 1997. - 463 с.
11 Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания //Избр. психол. труды: В 2
т. - М., 1990. - Т.1.- С.140-145.
12 Божович Л.И. Избранные психологические труды: Психология
формирования личности. - М.: Международная педагогическая академия, 1995.
-С. 20-56.
13 Мясищев В.Н. Экспериментальные данные к вопросу о рефлексологии
профессиональных типов. (Словесная реакция у радиотелеграфистов) // II
Психофизиология труда / под ред. К.Х. Кекчеева, В.И. Рабиновича.- Л.:
Госиздат, 1927. - сб. 2. - С. 82-98.
14 Исаева
З.А. Формирование профессионально-исследовательской
культуры
педагога
в
системе
университетского
образования.
дис…док.пед.наук. - Алматы, 1997.- 204 с.