«У. Д. Қантаев атындағы Мойнақ сэс» АҚ жалғыз акционері «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді хаттама №01/18



жүктеу 307 Kb.
бет3/3
Дата30.12.2019
өлшемі307 Kb.
#25477
1   2   3

19. бап. Қоғамның ішкі аудит қызметі


    1. Қоғамның қаржылық –шаруашылық қызметін қадағалауды жүзеге асыру, ішкі бақылау саласындағы басқару, қауіпті басқару, ұжымдық басқару саласындағы құжаттарды орындау және Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беру үшін Ішкі аудит қызметі құрылады. Қоғамның ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Қоғамның Директорлар кеңесінің және Қоғам Басқармасының құрамына сайлана алмайды.

    2. Қоғамның Ішкі аудит қызметі Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынады және оның алдында өз қызметі туралы есеп береді. Қоғамның Ішкі аудит қызметіне жетекшілік етуді Қоғамның Директорлар кеңесінің жанындағы аудит бойынша комитет жүзеге асырады. Қорғамның ішкі аудит қызметінің міндеттері мен қызметтері, оның құқықтары және жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыру тәртібі Қоғамның Директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның ішкі аудит қызметі туралы Ережелерімен анықталады.

    3. Қоғамның ішкі аудит қызметі белгіленген тәртіппен:

      1. Қоғам қызметі туралы тәуелсіз объективті ақпарат береді;

      2. Бағалау жүргізеді, жүйелі және реттілікті тәсілдерді пайдалана отырып қауіпті басқару үдерістерін, ішкі бақылауды және ұжымдық басқаруды жетілдіруге мүмкіндік береді және кеңес беруді жүзеге асырады;

      3. ҚР қолданыстағы заңнамасына, Қоғамның ішкі құжаттарына және Қоғамның Ішкі аудит қызметі туралы Ережелеріне сәйкес өз құзіреттілігіне жататын басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

    4. Қоғам мен Қоғамның Ішкі аудит қызметі қызметкерлері арасындағы еңбек қатынастары ҚР заңнамасымен және осы Жарғымен реттеледі.



20. бап. Ұжымдық хатшы


        1. Ұжымдық хатшы – Қоғамның Директорлар кеңесінің немесе Қоғам Басқармасының мүшесі болып табылмайтын қызметкері, оны Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайды және ол Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасына есеп беретін болады.

  1. Ұжымдық хатшыға Қоғамның органдары мен лауазымды тұлғаларының Жалғыз акционер құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған үдерістерді сақтауын қамтамасыз ету, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ұжымдық басқару саласындағы заңнамасына, Жарғы ережелеріне және басқа да Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкестікті сақтауды қамтамасыз ету жүктеледі.Ұжымдық хатшы Қоғам органдары арасындағы тиімді ақпарат алмасуға мүмкіндік береді және Директорлар кеңесі мүшелір мен Қоғам басқармасы үшін ұжымдық басқарудың барлық мәселелері бойынша кеңесші қызметін атқарады. Ұжымдық хатшы Қоғамның Директорлар кеңесінің отырыс өткізуін және дайындауды қадағалауды, Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысына материалдар дайындауды және оларды қол жетімділікті қадағалауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

  2. Ұжымдық хатшының құзіреттілігі мен қызметі Директорлар кеңесі, Қоғамның ішкі құжаттары бекіткен тәртіппен белгіленген Ұжымдық хатшы туралы ережелерге сай анықталады.

  3. Бақса мекемелерде қызмет алу және жұмыс атқару немесе басқа ұйымда Ұжымдық хатшы қызметін атқару Қоғамның Директорлар кеңесінің келісімінен кейін ғана рұқсат етіледі.

  4. Қоғам мен ұжымдық хатшы арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республоикасының заңнамасымен, осы Жарғымен және Басқарма Төрағасы мен Ұжымдық хатшы арасында жасалатын еңбек шартымен анықталады.


21. бап. Қоғам аудиті


    1. Қоғам жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті болады.

    2. Қоғам аудиті Қоғамның Директорлар кеңесінің, Басқармасының бастамасымен Қоғам есебінен немесе Қоғамның Жалғыз акционерінің талап етуімен соның есебінен жүргізіледі, бұл жағдайда Қоғамның Жалғыз акционері аудиторлық ұйымды дербес түрде анықтауға құқылы болады.

    3. Қоғамның Жалғыз акционерінің талап етуі бойынша аудит жүргізген жағдайда Қоғам аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) беруге міндетті болады.



22. бап. Жасалуына айрықша шарттар белгіленген Қоғам келісімдері


      1. Қоғамның ірі келісім немесе жасалуына мүдделі келісім жасасу туралы шешімді Директорлар кеңесі қабылдайды.

      2. Қоғамның «Самрұқ- Қазына» АҚ тобына енетін ұйымдармен ірі келісімдер және жасалуына мүдделі келісімдер жасасуы туралы шешім ҚР «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңына сәйкес «Самрұқ-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі анықтайтын тәртіпте қабылданады.

      3. Ірі келісім деп жасалуы нәтижесінде Қоғам активтерінің жалпы құны мөлшерінің он және одан артық пайызын құрайтын мүлікті иеленетін немесе иесіздендіретін (иеленуі немесе иесіздендіруі мүмкін) келісім немесе келісімдер жиынтығын түсінуге болады.



23. бап. Қоғамның Жалғыз акционеріне оның қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі


        1. Қоғам Қоғамның Жалғыз акционеріне оның мүдделеріне қатысты Қоғамның қызметі туралы мәліметтерді жеткізуге міндетті.

        2. Қоғамның Жалғыз акционерінің мүдделеріне қатысты ақпараттар:

              1. Қоғамның Жалғыз акционері және Қоғамның Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер және қабылданған шешімдерді орындау туралы ақпарат;

              2. Қоғамның акциялар және басқа да бағалы қағаздар шығаруы және өкілетті органның Қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру нәтижелері туралы есепті, Қоғамның бағалы қағаздарын өтеу нәтижелері туралы есепті бекітуі, өкілетті органның Қоғамның бағалы қағаздарын жоюы;

              3. Қоғамның жасалуына мүдделі болған келісімдерді және ірі келісімдерді жасасуы;

              4. Қоғамның осы Қоғам активтерінің бес және одан артық пайызын құрайтын сомаға мүліктерді кепілге (қайта кепілдеуге) беруі;

              5. Қоғамның жарғылық капиталының жиырма бес және одан артық пайызын құрайтын мөлшерде несие алу;

              6. Қоғамның қандай да бір қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия алуы, Қоғамның қандай да бір қызмет түрін жүзеге асыру үшін бұрын алған лицензиясының тоқтатылуы немесе күшін жоюы;

              7. Қоғамның заңды тұлға құруға қатысуы;

              8. Қоғам мүлкіне тыйым салу;

              9. нәтижесінде теңгерімдік құны Қоғамның жалпы активтері мөлшерінің он және одан артық пайызын құрайтын Қоғам мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың орын алуы;

              10. Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылуы,

              11. сотта ұжымдық дау бойынша іс қозғалуы;

              12. Қоғамды мәжбүрлі қайта ұйымдастыру туралы шешім;

              13. осы Жарғыға, сонымен қатар Қоғам акцияларын шығару проспектіне сәйкес Қоғамның Жалғыз акционерінің мүдделеріне қатысты басқа да ақпарат.

        1. Қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпаратты қорғау мақсатында Қоғамның ішкі құжаттарында осы ақпаратқа қатысты шектеулер енгізу мүмкін болады.

        2. Қоғам қызметі туралы Жарғының осы бабының 2 тармағында тізімделген ақпаратты жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары, атап айтқанда, «Казахстанская правда» газеті немесе «Казахстанская правда» WEB-сайты немесе Қоғамның WEB-сайты қолданылады.

        3. ҚР заңнамалық актілерімен жариялау мерзімдері қарастырылмаған жағдайда (Жалғыз акционерді хабардар ету) Жарғының осы бабында тізімделген ақпарат туындаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жарияланады (Жалғыз акционерге хабардар етіледі).

        4. Ұжымдық дау бойынша сотта іс қозғау туралы ақпарат Жалғыз акционерге Қоғам ұжымдық іс бойынша азаматтық іс қозғалуына орай сот мәлімдемесін (шақыру) алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жіберілуі керек.

        5. Қоғам қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты білетін Қоғам қызметкерлерінің тізімін міндетті түрде жүргізуді қамтамасыз етеді.



24. бап. Қоғам құжаттары


        1. Қоғамның оның қызметіне қатысты барлық құжаттары Қоғам Басқармасы орналасқан мекен жайда оның қызметі барысында сақталуға тиісті болады. Заңнамамен белгіленген тізімге сәйкес құжаттар (бұдан әрі - Тізім) сақталуға тиіс болады.

        2. Тізімге енбеген басқа құжаттар, оның ішінде Қоғамның қаржылық есептілігі ҚР заңнамасына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады.

        3. Жалғыз акционерінің жазбаша талабы бойынша Қоғам оған Тізімге енгізілгендердің құжаттарының көшірмелерін Қоғамға осындай талап келіп түскен күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жіберуге міндетті.

Қоғамның Жалғыз акционерінің осы Жарғының көшірмесін беру туралы талабын Қоғам осындай сұранысты алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде орындайды.

        1. Қоғам қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпаратты беруге шектеулер енгізуге құқылы болады.

        2. Қоғам құжаттар көшірмелерін беру үшін төлем мөлшерін құжаттар көшірмелерін әзірлеуге жұмсалған шығындар мен құжаттарды Қоғамның Жалғыз акционеріне жолдаумен байланысты шығындардан аспайтын шамада белгіленеді.

        3. Қоғамның бағалы қағаздарын шығаруды, орналастыруды, айналымға енгізу мен алмастыруды реттемелейтін, қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпарат бар құжаттар Қоғамның Жалғыз акционеріне танысу үшін оның талабына орай беріледі.



25. бап. Жалғыз акционерге және Қоғамның басқа да лауазымды тұлғаларына үлестес тұлғалар туралы ақпарат беру тәртібі


    1. Қоғам үлестес тұлғалар мен Қоғам тіркеушісі беретін мәліметтер негізінде (өкілетті орган белгілеген тәртіпте) өзінің үлестес тұлғаларының есебін жүргізеді.

    2. Қоғамның үлестес тұлғалары болып табылатын заңды және жеке тұлғалар Қоғамға үлестестік туындаған күннен бастап жеті күн ішінде өздерінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер беруге міндетті болады.

Қоғамның Жалғыз акционері және Қоғамның лауазымды тұлғалары үлестік туындаған күннен бастап Заңға сәйкес анықталған өз үлестес тұлғалары туралы жазбаша түрде мәлімдеуге міндеті.

Қоғамның Жалғыз акционері және Қоғамның лауазымды тұлғалары осы жарғыда көрсетілген мерзімде және тәртіпте өздерінің үлестес тұлғаларының өзгеруі туралы мәліметтер беруге міндетті.

Қоғамның Жалғыз акционері немесе Қоғамның лауазымды тұлғасы бұрын үлестес тұлға ретінде көрсеткен тұлға, үлестес болуын тоқтатқан жағдайда Қоғамның Жалғыз акционері немесе Қоғамның лауазымды тұлғасы бұл туралы Қоғамға бес күн мерзім ішінде хабар беруге міндетті болады.

Үлестес тұлғалар туралы ақпарат Қоғамға қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өкілетті орган бекіткен сәйкес үлгі бойынша беріледі.


    1. Қоғам өзінің үлестес тұлғаларының тізімін өкілетті органға белгіленген тәртіппен береді.



26. бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру


  1. Қоғамды қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, жіктеу, ерекшелеу, түрлендіру) ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Қайта ұйымдастыру ерікті және мәжбүрлі түрде болуы мүмкін.

  3. Егер қайта ұйымдастыру жағдайында Қоғам өз қызметін тоқтататын болса, оның акцияларын шығару ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте жойылады.


27. бап. Қоғамды тарату


      1. Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешімді Қоғамның Жалғыз акционері ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте қабылдайды.

      2. Қоғамды мәжбүрлі таратуды сот ҚР заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайларда жүзеге асырады.

Қоғамды тарату туралы талапты сотқа ҚР заңнамалық актілерімен басқа жағдай қарастырылмаса мүдделі тұлғалар бере алады.

      1. Тарату туралы сот шешімімен немесе Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен тарату комиссиясы тағайындалады.

Тарату комиссиясының тарату кезеңінде Қоғамды басқару және тізімі ҚР заңнамасында анықталған қызметтерді жүзеге асыру өкілеттілігі болады.

Ерікті тарату барысында тарату комиссиясының құрамына Қоғам несиегерлері өкілдері, Қоғамның Жалғыз акционері өкілдері және Қоғамның Жалғыз акционерінің шешіміне сәйкес басқа да тұлғалар енеді.



      1. Қоғамды тарату үдерісі және оның несиегерлерінің талаптарын қанағаттандыру тәртібі ҚР заңнамасымен реттеледі.

      2. Қоғамды тарату барысында оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған барлық акциялары ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте жойылуға тиісті болады.

      3. Таратылатын Қоғам мүлкін үлестіру ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



«У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ

Басқарма Төреғасы А.А. Берлибаев

 

 




жүктеу 307 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау