«Тўтынушылардыѕ электр ќондырєыларын пайдалану кезіндегі ќауіпсіздік техникасы ќаєидаларын бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 24 ќазандаєы №1353 Ќаулысы


ӘЖ-де жерге тұйықтау құралын орнату



жүктеу 2,35 Mb.
бет5/14
Дата17.11.2017
өлшемі2,35 Mb.
#1138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ӘЖ-де жерге тұйықтау құралын орнату

 

156. Барлық ТҚ және желі токтан ажыратылған секцияланушы коммутациялық аппараттарда кернеуі 1000 В жоғары ӘЖ жерге қосылады.



Мыналарға рұқсат етіледі:

1) егер ӘЖ екі жағынан жерге қосылған болса, ал осы қосалқы станцияларда жерге тұйықтау құралдары токтан ажыратылған желі айырғыштарының сыртында орнатылған болса, онда кернеуі 35 кВ және одан жоғары тарамды ӘЖ осы тарамдарға жалғанған қосалқы станцияларда жерге қоспау керек;

2) кернеуі 6-20 ӘЖ бір ғана ТҚ немесе бір секцияланушы аппаратта немесе ТҚ немесе секцияланушы аппаратқа жақын тіректе жерге тұйықтау қажет. Бұл кернеудің қалған ТҚ-да және ӘЖ токтан ажыратылған секцияланушы аппараттарында, ӘЖ жұмыс орны мен осы ТҚ немесе секцияланушы аппараттар арасыңда жерге тұйықтау құралдары орнатылған жағдайда, оны жерге тұйықтауға рұқсат етіледі. ӘЖ-де көрсетілген жерге тұйықтау құралдары жерге тұйықтау құрылғылары бар тіректерде орнатылады.

Кернеуі 1000 В дейінгі ӘЖ-де жерге тұйықтау құралын тек жұмыс орнында ғана орнату жеткілікті.

157. Осы Қағидалардың 156-тармағында көрсетілген жерге тұйықтау жұмыстарына қосымша, әрбір бригаданың жұмыс орнында барлық фазалардың сымдары, ал қажет болған жағдайда, найзағайдан қорғайтын арқансымдар да жерге тұйықталады.

158. Қарнақтық аралықта монтаждау кезінде, сондай-ақ ӘЖ-нің құрастырылған учаскесінің қарнақтық тіректерінде тұзақтарды жалғағаннан кейін, сымдар (арқансымдар) бастапқы қарнақты тіректе және шеткі аралық тіректердің (шеткі қарнақтық тіректің алдында) бірінде жерге тұйықталады.

159. Монтаждалған қарнақтық аралықтың шеткі қарнақтық тірегінде, сондай-ақ ӘЖ-нің құрастырылған учаскесіндегі қарнақтық тіректе, найзағай разрядтарының әлеуеті ӘЖ-нің дайын учаскесінің сымдарынан (арқансымдардан) және басқа да асқын кернеулердің сымдарынан (арқансымдардан) келесі, монтаждалып жатқан учаскеге ауысып кетуін болдырмау үшін сымдарды (арқансымдарды) жерге тұйықтауға рұқсат берілмейді.

160. Бір тізбекті ӘЖ жерге тұйықтау құралдарын жұмыс орындарында жұмыс жүргізіліп жатқан тіректе немесе көршілес тіректе орнату қажет. Жерге тұйықтау құралдарын бригада жұмыс істеп жатқан ӘЖ учаскесінің екі жағынан жерге тұйықтау құралдарының арақашықтығы 2 км астам қашықтық шарттарында орнатуға болады.

161. Тіректен оқшауланған найзағайдан қорғайтын арқансымда немесе тірек конструкциясында жұмыс жүргізу кезінде, егер бұл арқансымға 1 м кем қашықтықта жақындау қажет болса, арқансым жерге тұйықталады. Жерге тұйықтау құралы арқансым оқшауланған аралықта немесе жұмыс жүргізіліп жатқан аралықта орнатылады.



Жерден оқшауланған найзағайдан қорғайтын арқансымнан жерге тұйықтаушы төмендеткіш баспалдақты ажырату немесе жалғау жұмысы алдын ала арқансымды жерге қосып алғаннан кейін жүргізіледі.

Егер осы арқансымда қатқан мұзды еріту көзделсе, жұмыстың алдында арқансым токтан ажыратылуға және оған кернеу берілуі мүмкін жақтардан жерге тұйықталады.

162. Тасымалды жерге тұйықтау құралдары металл тіректерде олардың элементтеріне, жерге тұйықтаушы төмендеткіш баспалдақтары бар темір-бетонды және ағаш тіректерде - сол баспалдақтарға, олардың бүтіндігі тексерілгеннен кейін жалғанады. Жерге тұйықтаушы төмендеткіш баспалдақтары жоқ темір-бетонды тіректерде жерге тұйықтау құралдарын траверстерге (қолдан жасалған қорғаныс) және жерге тұйықтау құрылғысымен түйісетін тіректің металл элементтеріне жалғанады.



Кернеуі 1000 В дейінгі жерге қосылған бейтарапты электр қондырғыларында нөлдік сымның жерге қайтадан қосылуы орын алған жағдайда, тасымалды жерге тұйықтау құралы осы нөлдік сымға жалғанады.

Тасымалды жерге тұйықтау құралдарын жерге тұйықтаушы өткізгіштерге немесе конструкцияларға жалғайтын орындар бояудан тазартылады.

Жұмыс орнындағы тасымалды жерге тұйықтау құралын 0,5 м кем емес тереңдікте топыраққа тік енгізілген жерге қосқышқа жалғауға жол беріледі. Жерге тұйықтау құралдарын кездейсоқ топырақ үйінділерінің үстіне орнатуға тыйым салынады.

163. Кернеуі 1000 В дейінгі ӘЖ тіректерден немесе телескопиялық мұнарадан оқшаулағыш буынсыз жұмыс жүргізгенде, жерге тұйықтау құралы жөнделіп жатқан желі сымдарына және сол тіректерге асылған барлық сымдарға, оның ішінде радиотрансляция және телемеханика желілерінің оқшауланбаған сымдарына орнатылады.

164. Жөндеу үшін токтан ажыратылған ӘЖ тасымалды жерге тұйықтау құралдарын орнату, одан кейін алып тастау және тіректердегі жерге қосқыш пышақтарды токқа қосу жұмыстарын жедел персонал ішінен: біреуі - электр қауіпсіздігі бойынша IV топтағы (кернеу 1000 В жоғары ӘЖ) немесе электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы жұмыскер орындайды. Жөндеу персоналы ішінен электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы екінші жұмыскерді пайдалануға рұқсат етіледі.

Жедел персонал ішінен электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы бір жұмыскерге жерге тұйықтаушы пышақтарды токтан ажыратуға рұқсат етіледі.

ӘЖ жұмыс орындарында тасымалды жерге тұйықтау құралдарын электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы бригада мүшесімен бірге жұмыс жүргізуші орнатуға рұқсат етіледі. Сол тасымалды жерге тұйықтау құралдарын алып тастауды жұмыс жүргізушінің нұсқауымен бригаданың электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы екі жұмыскер жүргізеді.

ӘЖ-де кернеу жоқтығын тексеру, жерге тұйықтау құралдарын орнату немесе алу кезінде екі жұмыскердің біреуі жерде тұрады және екіншісі бақылауды жүзеге асырады.

165. Басқа ӘЖ-мен қиылысу аралығында, көптізбекті ӘЖ токтан ажыратылған бір тізбегінде әсерден пайда болған кернеудегі ӘЖ-де жүргізілген фазалық жөндеу жұмыстарында жерге тұйықтау құралдарын ӘЖ-де орнатуға қойылатын талаптар осы Қағидалардың 28-тарауында келтірілген.

 

 

Жұмыс орнын қоршау, плакаттарды ілу



 

166. Электр қондырғыларында ажыратқыштардың, бөлектегіштердің және жүктеме ажыратқыштарының жетектерінде, сондай-ақ коммутациялық аппараттарды қашықтан басқару кілттері мен батырмаларында: «Жерге тұйықталған» деген плакаттар ілінеді; оларда қателікпен іске қосылған кезде электр қондырғылардың жерге тұйықталған учаскесіне кернеу беріліп кетуі мүмкін.

167. Кернеу келіп тұрған ток өткізгіш бөліктерді уақытша қоршау үшін оқшаулағыш материалдардан жасалған қалқандар, кермелер, экрандар қолданылады.



Уақытша қоршауларды кернеуді түсірмей орнатқан кезде олардан ток өткізгіш бөліктерге дейінгі аралық осы Қағидаларға 10-қосымшасының 1 кестесінде көрсетілген қашықтықтан кем болмауы тиіс. Кернеуі 6-10 кВ электр қондырғыларында бұл қашықтықты 0,35 м дейін азайтуға рұқсат етіледі.

Уақытша қоршауларда: «Тоқта! Кернеу» деген жазулар жазылады немесе тиісті плакаттар ілінеді.

168. 20 кВ дейінгі электр қондырғыларда ток өткізгіш бөліктерді қалқандармен қоршауға болмаса, токтан ажыратылған және кернеу келіп тұрған ток өткізгіш бөліктердің арасында (мысалы, токтан ажыратылған айырғыш түйіспелерінің арасында) оқшаулағыш жапсырмаларды қолдануға рұқсат етіледі. Бұл жапсырмалардың кернеу келіп тұрған ток өткізгіш бөліктерге жанасуына жол беріледі.



Оқшаулағыш жапсырмаларды электр қаупсіздігі бойынша IV және III топтағы екі жұмыскер орындайды және алып тастайды. Жапсырмалармен орындалатын операциялар кезіңде диэлектрлік қолғаптар, оқшаулағыш штанганы (қысқыштарды) пайдаланылады.

169. Жұмыс орнымен шектесетін камералардың, шкафтар мен панельдердің қоршауларында: «Тоқта! Кернеу» деген плакаттар ілінеді.

170. АТҚ-дан жерден орындалатын және іргетастар мен жекелеген конструкцияларда жұмыстар кезінде жұмыс орны арқанмен, жуан жіппен немесе кенеп және синтетикалық талшықтардан істелінген баулармен (көлік және жаяу жүргінші өтетін жол қалдырылып) қоршалуға және қоршауларға: «Тоқта! Кернеу» деген плакаттар, қоршалған кеңістіктің ішкі жағына қаратылып, ілінеді.

Арқанды ілу үшін бос орын аймағына енгізілмеген конструкцияларды, олар қоршалған кеңістіктен тыс қалатын болса, пайдалануға рұқсат беріледі.

АТҚ-дан желілік ажыратқыштардан басқа барлық кернеу түсірілген уақытта желілік ажыратқыштар: «Тоқта! Кернеу» деген плакаттар (қоршалған кеңістіктің ішкі бетіне қаратылып) ілінген арқандармен қоршалады.

АТҚ екінші реттік тізбектерде нұсқау бойынша жұмыс жүргізу кезінде жұмыс орнын қоршау талап етілмейді.

171. АТҚ-да жұмыс орнынан онымен шектесетін кернеу келіп тұрған учаскеге өтуге болатын конструкциялар учаскесінде көзге жақсы көрінетін: «Тоқта! Кернеу» деген жазулары бар плакаттар орнатылады. Бұл плакаттарды жөндеу персоналы ішінен III топтағы жұмыскердің жұмысқа рұқсат етушінің басшылығымен орнатуына рұқсат береді.



Бойымен жоғары көтерілуге рұқсат етілген конструкциялармен шектесетін конструкциялардың төменгі жағында: «Жоғары шықпа! Өлтіреді» деп жазылған плакат ілінеді.

Жұмыс жүргізу үшін олар арқылы көтерілуге рұқсат етілген орнықты сатылар мен конструкцияларда: «Жоғарыға осы жерден шық!» деп жазылған плакат ілінеді.

Әзірленген жұмыс орындарындағы электр қондырғыларында: «Осы жерде жұмыс істе» деген жазуы бар плакат ілінеді.

172. Жұмыс орнын әзірлеу кезінде рұқсат беруші орнатқан «Ерекше нұсқаулар» осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген нарядтың бағанында ескертілген жағдайлардан басқа, плакаттарды, қоршауларды жұмыс толық аяқталғанға дейін алып тастауға немесе орнын ауыстырып қоюға рұқсат берілмейді.

 

 

16. Жекелеген жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік шаралары



 

173. Электр қондырғыларында еңкейген күйде, егер тіктеліп тұрған кезде ток өткізгіш бөліктерге дейінгі аралық осы Қағидаларға 10-қосымшасының 1 кестесінде көрсетілген аралықтан кем болса, жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. Электр қондырғыларының қоршалмаған ток өткізгіш бөліктерінің жанында жұмыс істеген уақытта, ол бөліктердің жұмыскердің артында немесе екі бүйірі жағында болуына рұқсат берілмейді.

174. Кернеу келіп тұрған жабдықтың оқшаулағыш элементтеріне электрден қорғайтын құралдарды қолданбай жанасуға рұқсат берілмейді.

175. Электрден қорғаудың негізгі құралдарын пайдаланып жұмыс істеген уақытта қызметкердің ток өткізгіш бөліктерге осы құралдардың оқшаулағыш бөлігінің ұзындығымен айқындалатын аралықта жақындауына рұқсат етіледі.

176. Электр қондырғыларында кернеу жоғалып кеткеннен кейін, оның ешқандай ескертусіз қайтадан берілу мүмкіндігі туралы персоналды хабарландыру қажет.

177. Жарық жоқ орындарда жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. Жұмыс учаскелерінің, жұмыс орындарының, көлік өтетін және оларға жақын жерлердің жарықтығы біркелкі, жарық беру құралдары жұмыскерлерге қарықтыру әрекетінсіз орындалады.

178. Найзағай жақындаған кезде ӘЖ-де, әуе байланыс желісінде (бұдан әрі - ӘБЖ), АТҚ-да ӘЖ-ге тікелей қосылған ЖТҚ-ның кірмелері мен коммутациялық аппараттарында, ӘБЖ-нің учаскелеріне қосылған КЖ-де, сондай-ақ ӘЖ-нің кірмелерінде, байланыс тораптарының үй-жайларында және антенна-діңгек құрылыстарында барлық жұмыстар тоқтатылады.

179. Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында кернеу берілген жұмыс кезінде мыналар қажет:

1) жұмыс орнына жақын орналасқан, кернеу берілген, кездейсоқ жанасып кету мүмкін басқа ток өткізгіш бөліктерді қоршау;

2) диэлектрлік кебіс киіп немесе аяқтың астына қойылатын оқшаулағыш заттың немесе диэлектрлік резеңке кілемшенің үстінде тұрып жұмыс істеу;

3) оқшаулағыш тұтқасы бар аспапты (бұрауыштардың, одан өзге, сабы оқшауланады) қолдану, диэлектрлік қолғаптарды пайдалану.

Кернеу берілген жұмыс кезінде қысқа немесе түрілген жеңдері бар киіммен жұмыс істеуге, сондай-ақ пышақты, егеулерді, металл сызғыштарды пайдалануға рұқсат берілмейді.

 

 



Электр және магнит өрістерінің әсер ету аймағындағы жұмыстар

 

180. АТҚ және кернеуі 330 кВ және одан жоғары ӘЖ адам ағзасына теріс әсер етуге қабілетті және жерге тұйықталған немесе жерден оқшауланған электр өткізгіш нысандарға жанасу кезінде электр разрядтарының пайда болуын тудыратын биологиялық белсенді электр өрісінен қорғау қамтамасыз етіледі.

181. Барлық кернеудегі электр қондырғыларында жұмысшыларды адам ағзасына теріс әсер ететін биологиялық белсенді магнит өрісінен қорғау қамтамасыз етіледі.

182. Кернеулігі рұқсат етілген мәннен жоғары магнит өрісі биологиялық белсенді деп саналады.

183. Магнит өрісінің рұқсат етілген кернеулігі (К) және индукциясы (В) жалпы (барлық денеге) және жергілікті (аяқ-қол) әсерінің шарттары үшін, адамның магнит өрісінде болу ұзақтығына байланысты, осы Қағидаларға 10-қосымшасының 6 кестесіне сәйкес айқындалады.

184. Магнит өрісінің әртүрлі кернеулігі (индукциясы) аймағында персоналдың болуы қажет жағдайларда, бұл аймақтарда жұмыс жүргізудің жалпы уақыты, кернеулігі (индукциясы) аса жоғары аймақтар үшін мейлінше рұқсат етілген уақыттан аспайды.



Магнит өрісінде болуға рұқсат етілген уақытты бір рет тұтастай немесе жұмыс күні ішінде бөліп-бөліп пайдалануға болады. Еңбек ету және демалу режимі өзгерген кезде (мысалы, ауысымды жұмыс кезінде) магнит өрісінің мейлінше рұқсат етілген деңгейі белгіленген 8 сағаттық жұмыс күнінен аспайды.

Магнит өрісінің деңгейін бақылау:

1) пайдалануға жаңа электр қондырғыларын алған және қолданылып жүрген электр қондырғыларын кеңейту;

2) персоналдың электр қондырғыларына жақын маңда тұрақты немесе уақытша болуы үшін үй-жайларды жабдықтаған;

3) жұмыс орындарын аттестациялау кезінде жүргізіледі.

185. Магнит өрісінің деңгейі жұмыс істеу барысында персонал болуы мүмкін аймақтарда түгелдей, жұмыс орнына баратын жолдарда және жабдықты тексеру кезінде де анықталады.



Магнит өрісінің кернеулігін (индукциясын) өлшеу жұмыс орны алаңының еденінен, жердің бетінен, үй-жайлардың еденінен, өтпе көпірлердің және төсемдерінің бетінен 0,5; 1,5 және 1,8 м биіктікте, ал жұмыс орнының үстінде магнит өрісінің көзі табылған жағдайда, қосымша жұмыс орны алаңының едені деңгейінде жүргізіледі.

186. Магнит өрісінің индукциясын (кернеулігін) өлшеу электр қондырғысының жұмыстық тоғы барынша берілген кезде немесе өлшенген мәндер барынша берілетін жұмыстық токқа (I mах), - өлшенген мәндерді I mах/І қатысына көбейту жолымен, - қайта есептеледі; мұнда I - өлшеу кезіндегі магнит өрісі көзіндегі ток.

187. Магнит өрісінің кернеулігі (индукциясы) персонал ұдайы бойы болатын, электр қондырғыларының ток өткізгіш бөліктерінен 20 м кем аралықта орналасқан, оның ішінде олардан қабырға арқылы бөлектенген өндірістік тұрақ-жайларда өлшенеді.

188. Магнит өрісі әсерінен қорғау шаралары ретінде орнықты немесе тасымалды магнит экрандары қолданылуға тиіс. Персоналдың жұмыс орындары мен қозғалыс бағытын магнит өрісінің көздерінен осы Қағидалардың 183-тармағының талаптарын орындау қамтамасыз етілген аралықта орналасады.

189. Магнит өрісінің мейлінше рұқсат етілген деңгейінен асатын, пайдалану шарттары бойынша персоналдың сонда болуы талап етілмейтін электр қондырғыларының аймақтары қоршалады және ескерту жазуларымен немесе плакаттармен белгіленеді.

190. Магнит өрісінің әсер етуі аймағында жұмыс істеу кезінде қосымша қауіпсіздік шаралары осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нарядтың «Жеке нұсқаулар» деген жолында көрсетіледі.

 

 

Генераторлар және қосарлы компенсаторлар



 

191. Өрісті сөндіру автоматты құрылғысы бар (бұдан әрі - ӨСА) айналмалы қыздырылмаған генератор кернеу берілген (білік айналдыру құрылғымен айналатын жағдайлардан басқа) ретінде қарастырылады.

192. Генераторды сынау барысында оның схемасы немесе блок схемасы учаскелерінде оларды жерге қосқаннан кейін, генератордың жұмыстық жиілікте айналуы генератордың қызуы басылған және ӨСА-ның құрылғысы токтан ажыратылған кезінде қорғаныс құралдарын пайдаланып, арнайы қысқа тұйықтағыштарды орнатуға және алып тастауға рұқсат етіледі.

193. Тоқтатылған блоктық генератор схемасында жұмыс жүргізген кезде, блоктың көтеруші трансформаторы төменгі кернеу жағынан жерге қосылған болса, тармақталған жеке қажеттілік трансформаторы төменгі кернеу жағынан жерге қосылған және кернеу трансформаторы арқылы кернеу беру мүмкіндігі жоқ болса, блоктық генератордың шықпаларын жерге қосу талап етілмейді.

194. Қыздырылмаған айналмалы генератордың ӨСА құрылғысы токтан ажыратылған статорының тізбектерінде қалдық кернеу мәнін өлшеуге, фазалардың кезектесу тәртібін және т.б. анықтауға рұқсат етіледі.



Бұл жұмыстарды электр зертханалардың, жөндеу ұйымдарының персоналы, электрден қорғау құралдарын қолданып, наряд немесе нұсқау бойынша жедел персоналдың бақылауымен орындайды.

195. Біліктегі кернеуді және жұмыс істеп тұрған генератор роторының оқшаулау кедергісін өлшеу жұмыстарын орындауға нұсқау бойынша IV және III топтағы екі жұмыскерге рұқсат етіледі.

196. Ротордың түйістіру сақиналарын қайрау және тегістеу, істен шыққан генератор қоздырғышының коллекторын тегістеу жұмыстарын жарлық бойынша электр техникалық емес персонал ішінен бір жұмыскер жеке өзі орындай алады. Электр техникалық емес персоналға электр қауіпсіздігі бойынша 1 топты беру осы Қағидалардың 6-қосымшасында келтірілген журналында нысан бойынша жазылады.

197. Жұмыс істеп тұрған генератордағы шөткелік аппаратта қызмет етуге нұсқау бойынша III топтағы персоналға мынадай сақтандыру шараларын орындай отырып рұқсат етіледі:



1) бет пен көзді қорғау құралдарын пайдаланып, қорғаушы каска, түймеленген арнайы киім киіп, киімді машинаның айналып тұрған бөліктерінің іліп кетуінен сақтай отырып, жұмыс істеу керек;

2) диэлектрлік кебістерді, кілемшелерді пайдалану қажет;

3) екі полюстің ток өткізгіш бөліктерін немесе ток өткізгіш бөліктер мен жерге қосылған бөліктерді қолмен бір мезетте ұстамау.

Айналып тұрған генератордағы, қосарлы конденсатордағы ротор сақиналарын тегістеуді оқшауланған материалдардан істелген қалыптардың көмегімен орындауға рұқсат етіледі.

 

 



Электр козғалтқыштары

 

198. Егер электр қозғалтқышындағы немесе оның көмегімен қозғалысқа келетін механизмдегі жұмыс ток өткізгіш айналмалы бөліктерге жанасуға байланысты болса, электр қозғалтқышы осы Қағидаларда көрсетілген, оның қателікпен қосылуын болдырмайтын, техникалық іс-шараларды орындау арқылы токтан ажыратылады. Бұл жағдайда екі жылдамдықты электр қозғалтқышының статор орамаларын қоректендіретін екі тізбегі де ажыратылып және бөлшектенуге тиіс.



Электр қозғалтқышындағы немесе оның көмегімен қозғалысқа келетін механизмдердің ток өткізгіш айналмалы бөліктеріне жанасуға байланысты емес жұмыстарды жұмыс істеп тұрған электр қозғалтқышында орындауға болады.

Жұмыс істеп тұрған электр қозғалтқышы мен механизмнің айналмалы бөліктерінің қоршауын алып тастауға рұқсат берілмейді.

199. Электр қозғалтқышында жұмыс істегенде, жерге тұйықтау құралын, электр қозғалтқышын ТҚ-ның секциясымен, қалқанмен, құрастырмамен жалғайтын КЖ кез келген учаскесінде орнатуға рұқсат етіледі.



Егер электр қозғалтқышындағы жұмыстар ұзақ мерзімге жоспарланса, жүргізіліп жатпаса немесе бірнеше күнге тоқтап қалса, онда одан ажыратылған КЖ электр қозғалтқышы жағынан да жерге тұйықталады.

Кәбіл талсымдарының қимасы кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында жерге тұйықтау құралдарын қолдануға мүмкіндік бермеген жағдайда, КЖ қимасы кәбіл талсымының қимасынан кем емес қимасы бар мыс өткізгіш арқылы жерге қосуға немесе кәбіл талсымын өзара жалғауға және оларды оқшаулауға рұқсат етіледі. Бұлайша жерге тұйықтау немесе кәбіл талсымдарын жалғау жедел жұмыс құжаттамасында тасымалды жерге тұйықтаумен қатар бірдей есепке алынады.

200. Оларға жалғанған механизмдер (түтін сорғыш, желдеткіштер, сорғыштар) есебінен айналуға қабілетті электр қозғалтқыштарындағы жұмыстарға баруға рұқсаттама беру алдында бітегіш арматураның (ысырмалардың, вектильдер мен шиберлер) тұтқалары құлыппен жабылады. Электр қозғалтқыштарының роторларын тежеу немесе жалғастыратын муфталарды тізбектен ажырату бойынша шаралар қабылданады.



Бітегіш арматурамен қажетті операциялар жедел жұмыстар журналына жазыла отырып, технологиялық цехтың, учаскенің ауысым бастығымен келісіледі.

201. Бітегіш арматураның аппараттарды бағыттайтын электр жетектері қолмен, қашықтан және автоматты басқару схемаларынан кернеу түсіруді талап етіледі.



Ысырмалардың, шиберлердің, шұралардың тұтқаларыңда: «Ашпа! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген, ал бітеуіш арматураның электр жетектерінің кілттері мен басқару батырмаларында: «Қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакаттар ілінеді.

202. Жұмыс істелінетін электр қозғалтқышына жақын орналастырылған бір типтес немесе көлемі жағынан шамалас электр қозғалтқыштарында, олардың жұмыс істеп немесе тоқтап тұрғанына қарамастан: «Тоқта! Кернеу» деген плакат ілінеді.

203. Жөндеуге шығарылған агрегаттардың, технологиялық желілердің, қондырғылардың бір кернеулі электр қозғалтқыштарында бір нарядпен жүргізілетін жұмыстарды осы Қағидалардың 57-тармағында көзделген шарттарға сәйкес орындауға рұқсат етіледі. Алдын ала дайындалған жұмыс орындарына баруға рұқсаттама беруді бір мезгілде орындауға рұқсат етіледі, бір жұмыс орнынан екіншісіне ауыстыруды ресімдеу талап етілмейді. Бұл ретте нарядта атап көрсетілген электр қозғалтқыштарының кез келгенін басқа электр қозғалтқыштарындағы жұмыс толық аяқталғанға дейін сынап көруге немесе қосуға рұқсат берілмейді.

204. Айналып тұрған электр қозғалтқыштарындағы ток өткізгіш және айналмалы өткізгіштерге жанасусыз орындалатын жұмыстарды нұсқау бойынша жүргізуге жол беріледі.



Жұмыс істеп тұрған электр қозғалтқышының щеткалық аппаратында қызмет көрсету үшін нұсқау бойынша осы мақсат үшін оқытылған электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы жұмыскерге мынадай сақтандыру шараларын сақтай отырып, жұмыс істеуге жол беріледі:

1) бет пен көзді қорғау құралдарын пайдаланып, түймеленген арнайы киім киіп, киімді электр қозғалтқышының айналып тұрған бөліктерінің іліп кетуінен сақтана отырып, жұмыс істеуге;

2) электр өзкізбейтін кебістерді, кілемшелерді пайдалануға;

3) екі полюстің ток өткізгіш бөліктерін немесе ток өткізгіш бөліктер мен жерге қосылған бөліктерді қолмен бір мезетте ұстауға.

Айналып тұрған электр қозғалтқышындағы ротор сақиналарын тегістеуді оқшауланған материалдардан жасалған қалыптардың көмегімен ғана орындауға рұқсат етіледі.

205. Тиісті ұйымдардың еңбек қорғау бойынша нұсқаулықтарында жұмыс орнын дайындауға және пайдаланылатын электр машиналарының түрін, әсіресе қосуды реттеу құрылғыларын, тетіктердің ерекшеліктерін, технологиялық схемаларды және есепке алатын электр қозғалтқыштарында жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар егжей-тегжей баяндалады.

206. Жетектері қолмен басқарылатын қосу аппараттарының электр қозғалтқыштарын электр өткізбейтін қолғаптармен қосу және ажырату талап етіледі.

207. Ысырмалардың, атқару механизмдерінің электр жетектерін, оларды шибермен, ысырмамен және басқа құрылғылармен жалғау кезінде сынақ жұмыстарын сол электр жетектері орнатылған технологиялық цехтың ауысым бастығы рұқсат берген бригада орындайды.



Рұқсат берілген кезде жазу технологиялық цехтың жедел жұмыстар журналында, ал рұқсат қолға тиген бойда - сынақ жүргізетін цехтың (учаскенің) жедел жұмыс журналында жазылады.

208. Органдар мен бітегіш арматураны ретке келтіретін атқару тетігімен жалғанбаған электр жетектерінің электр схемаларын жөндеу және ретке келтіру жұмыстарын нұсқау бойынша жүргізуге жол береді. Нұсқау берген жұмыскер бұл туралы кейіннен жедел жұмыс журналын жаза отырып, оларды сынақтан өткізуге рұқсат етеді.

209. Электр қозғалтқышын сынақтан өткізу үшін ондағы жұмыс толық аяқталғанға дейін токқа қосу тәртібі мынадай:

1) жұмыстар наряд бойынша орындалған кезде, жұмыс жүргізуші нарядтың осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген нарядтың 3-кестесінде жұмыстың аяқталғаны туралы ресімдейді және нарядты тапсырады;

2) жұмыстарды нұсқау бойынша орындаған кезде жұмыстар токтатылады және бригада шеттетіледі;

3) сынақ жүргізгеннен кейін осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген нарядтың 3-кестесінде ол туралы жазылып, жұмысқа рұқсаттама қайтадан беріледі.

Жұмыстар нұсқау бойынша орындалған кезде қайта рұқсат беру үшін нұсқау жаңадан беріледі.

 

 




жүктеу 2,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау