«Тўтынушылардыѕ электр ќондырєыларын пайдалану кезіндегі ќауіпсіздік техникасы ќаєидаларын бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 24 ќазандаєы №1353 Ќаулысы



жүктеу 2,35 Mb.
бет3/14
Дата17.11.2017
өлшемі2,35 Mb.
#1138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
5. Жұмысты өкім бойынша ұйымдастыру

 

70. Өкім бойынша жұмыстар 1000 В кернеу астындағы ток өткізуші бөліктерден алыста орындалады. Жұмыстар, сондай-ақ, 1000 В дейінгі электр қондырғыларында (осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген жұмыстардан басқа) немесе жұмыс істемей тұрған электр қондырғыларында орындалады.

Өкім бір реттік болады, оны қолдану мерзімі жұмысты орындаушылардың жұмыс күнінің ұзақтығымен анықталады. Жұмысты жалғастыру қажет болған жағдайда, жұмыс жағдайы немесе бригада құрамы өзгерген кезде жаңа өкім қайтадан беріледі.

Жұмыс күні ішінде жұмыста үзілістер болса, жұмысқа қайтадан баруға рұқсатты жұмыс жүргізуші жүзеге асырады.

71. Жергілікті жедел персоналы жоқ электр қондырғыларында, жұмыс орнына баруға рұқсат беру талап етілмейтін жағдайларда, өкім тікелей жұмысты орындаушыға беріледі.

72. Жұмыстар өкім беруші қызметкердің ұйғаруымен, наряд бойынша орындалуы өкімде көзделген жұмысты жүргізуге рұқсат етіледі.

73. Жұмысқа өкім бойынша рұқсат беру «Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алу журналында» осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді.

74. Өкім бойынша жұмыс істеу кезінде, олардың кернеуде болуына немесе болмауына қарамастан жетектердегі және коммутациялық аппараттардың агрегаттық шкафтарындағы жұмыстарды қоса алғанда, электр қауіпсіздігі бойынша IV топтағы жұмыс жүргізушіге жеке өзі екінші реттік тізбектерді, өлшеу құралдарын, релелік, қорғаныс, автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларын монтаждау, жөндеу және пайдалану жұмыстарын орындауға, егер бұл тізбектер мен құрылғылар 1000 В жоғары ток өткізгіш бөліктері жоқ немесе толық қоршалған үй-жайда немесе қоршау талап етілмейтін биіктікте орналасқан жағдайда рұқсат етіледі.

75. Жедел персонал арасынан жұмысты орындаушы аға жұмыскер немесе кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында жұмыс істеушілерге бақылауды жүзеге асырушының электр қауіпсіздігі бойынша IV топта болуы, ал кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында жұмыс істейтіндер III топта болулары керек. Кернеуі 1000 В дейінгі және одан жоғары электр қондырғыларында жұмыс істейтін бригада мүшелерінің III тобы бар.



Жұмыстың алдында өкім беруші айқындаған жұмыс орнын дайындау бойынша барлық техникалық іс-шаралар орындалады.

76. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында өкім бойынша төмендегі жұмыстарды:



1) кәбілі ажыратылған және ұштары қысқа тұйықталған және жерге қосылған электр қозғалтқышта;

2) шықпаларынан шиналар мен кәбілдер ажыратылған генераторда;

3) ЖТҚ-ның тартып шығару арбаларының бөліктерінің перделі құлыппен жабылған итермелі арбаларды ТҚ-да орындауға рұқсат етіледі.

77. Өкім бойынша кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында, ТҚ-ның жинақтаушы шиналарындағы және жинақтаушы шиналарға кернеу берілуі мүмкін қосылымдардағы жұмыстардан басқа, ӘЖ жүк көтергіш механизмдерді пайдаланып, оның ішінде, осы Қағидалардың 431, 432-тармақтарында қарастырылған шарттар бойынша, сыртқы жарық жүйелерінде қызмет көрсету жұмыстарын орындауға рұқсат етіледі.

78. Үй-жайда орналасқан, кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында, электр тогының адамды жарақаттауы мүмкін аса қауіпті жағдайлардан басқа электр қауіпсіздігі бойынша III тобы және жұмыс жүргізуші болу құқығы бар жұмыскерге жеке жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

79. Оларға кернеу келіп тұрғанына немесе келіп тұрмағанына қарамастан жетектегі және коммутация аппараттарының агрегатты шкафтарындағы жұмыстарды қоса алғанда екінші реттік тізбектерді, релелік қорғаныс, электроавтоматика, телемеханика, байланыс құрылғыларын құрастырып жинау, жөндеу және пайдалану кезінде, жұмыс жүргізушіге жедел персоналдың рұқсатымен жоғарыда көрсетілген құрылғыларды ажыратуға және қосуға, сондай-ақ, қорғаныс және электр автоматика құрылғыларының ажыратқыштарын ажыратып және қосып сынап көруге рұқсат етіледі.

80. Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында электр қауіпсіздігі III топтағы жұмыскерге өкім жарлық бойынша төмендегі жұмыстарды:

1) АТҚ аумағын абаттандыру, шөбін шабу, жолдар мен өтпе жолдарды қардан тазалау;

2) ТҚ камераларынан тыс 2,5 м аспайтын биіктікте орналасқан сымды радио және телефон байланысы жарық беру өткізгіш құрылғылары мен арматураларын жөндеу және қызмет көрсету;

3) жабдықтардың қаптамаларындағы және ТҚ камераларынан тыс қоршаулардағы жазуларды жаңарту;

4) ауа тазартатын сүзгілерді тексеру және олардағы сорбенттерді ауыстыру;

5) трансформаторлардың, генераторлардың және істен шыққан басқа жабдықтардың кебуін бақылау;

6) май тазартқыш және басқа да көмекші аппаратураларда майды тазарту және кептіру кезінде қызмет көрсету;

7) электр қозғалтқыштарда және желдеткіштер мен трансформаторлар мен компрессорлардың май сорғыларының механикалық бөлшектеріндегі жұмыстарды;

8) осы Қағидаларда қарастырылған басқа да жұмыстарды жүргізуге рұқсат етіледі.

81. Кернеуі 1000 В дейінгі және одан жоғары ток өткізгіш бөліктері қоршалған ЖТҚ-ның және электр жабдығы бар үй-жайлардың дәліздерін жеке жинастыру жұмыстарын өкім бойынша электр қауіпсіздігі бойынша II топтағы жұмыскердің орындауына болады. АТҚ-дағы жинастыру жұмыстарын электр қауіпсіздігі бойынша IІI топтағы бір жұмыскердің орындауына рұқсат етіледі.



Кернеуі 1000 В дейінгі тарату қалқандары бөлек орнатылған үй-жайларда жинастыру жұмысын электр қауіпсіздігі бойынша I топтағы жұмыскердің орындауына рұқсат етіледі.

82. Өкім бойынша ӘЖ кернеу түсіруді қажет етпейтін ток өткізбейтін бөліктерде жұмыстарды орындауға болады, оның ішінде:



1) жер деңгейінен жұмыс істеушінің аяғына дейін есептеумен 3 м дейін биіктікте;

2) тіректің конструкциялық бөлшектерін бөлшектемей;

3) тіректің тіреуіштерін 0,5 м дейінгі тереңдіктен қазып алуға;

4) кесіліп жатқан ағаштардың сымдарға құлауын болдырмайтын шаралар қолдануды талап етпейтін немесе бұтақтар мен қураған ағаштарды шабу адамдардың, құрылғылар мен механизмдердің сымдарға дейін қауіпті жақындыққа келуіне, бұтақтар мен қураған ағаштардың құлап кету мүмкіндігіне байланысы жоқ ӘЖ тазалау жұмыстарын орындауға болады.

83. Электр қауіпсіздігі бойынша II топтағы жұмыскерге өкім бойынша төмендегі жұмыстарды орындауға рұқсат етіледі:



1) тәуліктің жарық мезгілінде, қолайлы ауа райы жағдайында ӘЖ тексеру, оның ішінде, тіректердің жай-күйіне баға беру, тіректердің ағаштан істелген бөліктерінің шіріген-шірімегенін тексеру;

2) тіректердегі тұрақты белгілерді қалпына келтіру;

3) габариттерді бұрыш өлшегіш құралдармен өлшеу;

4) тіректердің айналасындағы алаңды өртке қарсы мақсатпен тазарту;

5) тіректердегі құрсауларды сырлау;

6) шамдарды ауыстыру мен 2,5 м аспайтын биіктікте ТҚ-дан тыс орналасқан шамшырақтарды тазарту;

7) ток өткізгіш бөліктері қоршалған, кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларындағы, сондай-ақ үй-жайларды, басқару және релелік қалқандарды үй-жайларын жинастыру.

84. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында өкім бойынша жедел және жедел-жөндеу персоналы өзі немесе оның бақылауымен жөндеу жұмыскері, жұмыс орнын әзірлеу уақытын есепке алмай, ұзақтығы 1 сағаттан аспайтын шұғыл жұмыстарды жүргізеді.



Орындалуына 1 сағаттан артық уақыт немесе бақылауды жүзеге асырушы жұмыскерді қоса алғанда, үштен артық жұмыскер қажет ететін шұғыл жұмыстар наряд бойынша жүргізіледі.

Шұғыл жұмыстарға мыналар жатады:

1) кәбілді, сымдарды, шиналарды электр қозғалтқышынан немесе басқа жабдықтан ажырату немесе қосу; ТҚ реле қорғанысы, автоматика, телемеханика және байланыс құрылғылары мен тізбектеріндегі, оның ішінде жоғары жиілікті қорғаныс пен байланыс сүзгілеріндегі жұмыстар;

2) 0,4 кВ ӘЖ, сонымен қатар, барлық кернеудегі КЖ ажырату немесе қосу; КЖ тізбектерін фазалау, тексеру, трансформатор тармақтарын ауыстырып қосу, жеке-дара оқшаулатқыштар мен май өлшегіш шыныларды сүртіп тазалау, сынақтарды таңдау, майды толтырып құю, майды тазарту және кептіру үшін аппаратураны қосу және ажырату, ашық ауадағы ажыратқыштардың манометрлерін ауыстыру, ток өткізгіш бөліктердің қыздырылуы мен дірілдеуін тексеру, электр өлшегіш қысқыштармен өлшеу, ӘЖ сымдарынан, шиналарынан бөгде заттарды алып тастау, электр сымдарынан құлаған ағаштар мен қураған бұтақтарды түсіру;

3) электр қондырғыларының, диспетчерлік және БАЖ бен технологиялық басқару құралдарының каналдар мен құрылғылардың, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың бұзу қаупін тудыратын немесе осындай бұзушылықтарға әкеліп соқтыратын қалыпты жұмыс бұзылу қаупі бар ақауларды жою бойынша шұғыл жұмыстар.

85. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларын, сонымен қатар, кернеуіне қатыссыз ӘЖ күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары технологиялық карталар немесе жұмыс өндірісінің жобасы (бұдан әрі - ЖӨЖ) бойынша орындалады.



ЖӨЖ сондай-ақ сымдарда (арқансымдарда), кернеу беріліп тұрған сымдар мен арқансымдардан жоғары орналасқан және соларға жататын оқшаулатқыштар мен арматуралардағы жұмыстарды жүргізу үшін орындалады.

Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларындағы ток өткізгіш бөліктердегі жұмыстар да кернеуі түсірілместен ЖӨЖ немесе технологиялық карталар бойынша орындалады.

 

 



6. Ағымдағы пайдалану тәртібінде орындалатын жұмыстарды ұйымдастыру

 

86. Бір жұмыс ауысымында орындалатын және күнделікті пайдалану ретінде орындауға рұқсат етілген жұмыстар алдын ала техникалық жетекші немесе электр шаруашылығына жауапты адам жете әзірлеген және қол қойған, ұйым басшысы бекіткен жұмыстар тізбесіне енгізілуге тиіс. Бұл ретте, төмендегі талаптар сақталуы керек:



1) күнделікті пайдалану ретіндегі жұмыстар (жұмыстар тізбесі) тек қана кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларына қолданылады.

2) жұмыс жедел немесе жедел-жөндеу персоналының күшімен осы персоналға бекітіліп берілген жабдықта, учаскеде орындалады.

87. Тізбеге енгізілген тұрақты пайдалану тәртібіндегі жұмыс әлдебір қосымша нұсқауларды, өкімдерді, нысаналы нұсқаулықтарды талап етпейтін, тұрақты рұқсат етілген болып саналады.

88. Ағымдағы пайдалану тәртібіндегі жұмыстар тізбесін әзірлеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарттарын және нақты жұмыстардың жеке-дара орындалу мүмкіндігін, персоналдың біліктілігін, электр қондырғыларының тұтастай немесе оның жекелеген элементтерінің техникалық үрдісте маңыздылық дәрежесін ескеру қажет.

89. Тізбеде бригаданың орындауына рұқсат етілген жұмыстар түрін айқындайтын нұсқаулар болуы керек.

90. Тізбеде ағымдағы пайдалану тәртібінде орындалатын жұмыстарды (жоғары тұрған жедел персоналға жұмыстың орны мен сипаты, оның басталуы мен аяқталуы; жұмыс туралы жедел жұмыс журналында жазу және т.б. хабарлау) тіркеу тәртібі көрсетілуге тиіс.

91. Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында ағымдағы пайдалану тәртібінде орындалатын жұмыстарға төменде көрсетілген жұмыстарды жатқызуға болады:



1) біржақты қоректенетін электр қондырғыларындағы жұмыстар;

2) электр қозғалтқыштың, басқа жабдықтың кәбілін, сымдарын ажырату және жалғау;

3) магнитті іске қосқыштарды, айырғыларды, түйістіргіштерді, іске қосу нүктелерін, басқа да сондай іске қосу және коммутация аппаратурасын қалқандар мен құрастырмалардан аулақ орнатқан жағдайда жөндеу;

4) жекелеген электр қабылдағыштарды (электр қозғалтқыштары мен электр калориферлер және т.б.) жөндеу;

5) бөлек орналасқан магнитті станциялар мен басқару блоктарын жөндеу, электр машиналарының щеткалы аппараттарына күтім жасау;

6) электр есептегіш және басқа аспаптар мен өлшеу құралдарын түсіру және орнату;

7) сақтандырғыштарды ауыстыру, жарық беретін электр сымдарын және арматураны жөндеу, 2,5 м артық емес биіктіктегі шамдарды ауыстыру және тазалау;

8) ұйым аумағындағы, қызметтік және тұрғын үй-жайларындағы, қоймалардағы, шеберханалардағы басқа да жұмыстар.

Келтірілген жұмыстар тізбесі осымен аяқталған болып саналмайды және ұйым басшысының шешімімен толықтырылуы мүмкін. Тізбеде қандай жұмыстардың жеке-дара орындалуы мүмкін екені көрсетілуге тиіс.

 

 



7. Бригада құрамы

 

92. Бригаданың саны мен құрамы жұмысты орындау шарттарына сүйене отырып, бригада мүшелерінің электр қауіпсіздігі бойынша біліктілігін, сондай-ақ жұмыс өндірушінің (бақылаушының) бригада мүшелерін қадағалау мүмкіндігін ескере отырып, айқындалуға тиіс.



Жұмыс өндіруші басқаратын бригада мүшесінің ӘЖ IV топтағы бригада мүшесі орындауға тиіс, жұмыстардан басқа осы Қағидалардың 373-тармағында көзделген жұмыстарды орындау үшін III тобы болуы керек.

Бригаданың электр қауіпсіздігі бойынша әрбір III топтағы мүшесіне II топтағы бір жұмыскерді қосуға рұқсат етіледі, бірақ бригаданың II топтағы мүшелерінің жалпы саны үштен аспауы керек.

Наряд бойынша жұмыс кезінде бригаданың ең аз саны, жұмыс жүргізушіні (бақылаушыны) қосқанда екі адам.

93. Кезекшілікте тұрған жедел персонал жұмыскер жоғары тұрған жедел персонал арасындағы рұқсатымен бригададағы жұмысқа тартылуы мүмкін, бұл туралы жедел жұмыс журналында және нарядта жазылуы керек.

 

 

8. Жұмыс орнын дайындауға және жұмысқа жіберуге рұқсаттама беру



 

94. Жұмыс орнын дайындау және бригадаға жұмыс орнына баруға рұқсаттама беру жедел персоналдан немесе оған уәкілетті қызметкерден рұқсат алынғаннан кейін ғана жүргізіледі. Жылу автоматикасы және қондырғыларындағы жұмысты орындауға рұқсаттама беру тәртібі осы Қағидалардың 32-тарауында келтірілген.

95. Жұмыс орнын дайындауды орындайтын рұқсат беру және бригадаға жұмыс орнына баруға рұқсаттама беру жеке түрде, телефон, радио, қолма-қол немесе аралық қосалқы станцияның персоналы арқылы берілуі мүмкін.



Мұндай жағдайда, рұқсат беру нарядтың осы Қағидалардың 2-қосымшасының 2-кестесінде рұқсат берушінің аты-жөні көрсетіліп, белгіленеді. Рұқсатты алдын ала беруге тыйым салынады.

96. Бригаданың жұмысқа баруына бір наряд бойынша рұқсат етіледі.

 

 

9. Жұмыс орнын дайындау және бригадаға алғаш рет наряд және өкім бойынша жұмысқа баруға рұқсаттама беру



 

97. Жұмыс орындарын дайындау бойынша нарядпен қарастырылған шараларды өзгертуге рұқсат берілмейді.

Жұмыс орнын дайындау бойынша шаралардың жеткіліктілігі мен дұрыстығына және жұмысты қауіпсіз орындау мүмкіндігіне күмән туған жағдайда, дайындық тоқтатылуға тиіс, ал орындалуға тиісті жұмыс қауіпсіздік бойынша туындаған күмәнді жоюдың техникалық шараларын қарастырған жаңа наряд берілгенше, кейінге қалдырылуға тиіс.

98. Жұмыс жүргізуші жұмысқа рұқсат берушінің міндеттерін қатар орындайтын жағдайларда, жұмыс орнын дайындауды ол бригаданың III тобы бар бір жұмыскерімен бірге орындауы керек.

99. Рұқсат беруші жұмысқа рұқсаттама беру алдында жұмыс орнының дайындығы бойынша техникалық шаралардың орындалғанына жеке тексеру жолымен, жедел жұмыс журналындағы жазу, жедел схема және жедел жұмыс атқаратын персоналының, жедел-жөндеу жұмыскерінің хабарламалары бойынша көз жеткізеді.

100. Жауапты басшы және жұмыс жүргізуші (бақылаушы) жұмысқа рұқсаттама беру алдында, рұқсат берушіден жұмыс орнын дайындау кезінде қандай шаралар алынғанын сұрап білуі керек және рұқсат берушімен бірге сол дайындықты жұмыс орны шегінде жеке тексеріп шығуға тиіс.



Жедел персонал болмаған кезде, бірақ оның рұқсатымен, жұмыс орнының дайындығын жұмысқа жауапты басшы жұмыс жүргізушімен бірлесіп, өз бетінше тексере алады.

101. Наряд және өкім бойынша жұмысқа рұқсаттама беру тікелей жұмыс орнында өткізілуге тиіс.

102. Жұмысқа рұқсаттама жұмыс орнын тексергеннен кейін беріледі. Бұл кезде рұқсат беруші бригада құрамының нарядта немесе өкімде көрсетілген құрамға сәйкестігін бригада мүшелерінің жеке куәліктері бойынша тексереді, бригадаға кернеудің жоқтығын орнатылған жерге тұйықтау құралдарын көрсету арқылы немесе жерге тұйықтау құралдары жұмыс орнынан көрінбесе, кернеу жоқтығын тексеру арқылы, ал кернеу 35 кВ және одан төмен электр қондырғыларында (конструктивтік орындау мүмкін болса) - ток өткізгіш бөліктерге қол тигізіп көру арқылы дәлелдеуге тиіс.

103. Наряд немесе өкім бойынша жұмыс басталмас бұрын, наряд (өкім) берушіден бригада мүшесіне (орындаушыға) дейінгі реттілік тізбегінде, нақты жұмысты қауіпсіз орындау жөніндегі нұсқауларды қарастыратын мақсатты нұсқама өткізілуге тиіс.



Мақсатты нұсқама өткізілмесе, жұмысқа баруға рұқсаттама берілмейді.

Наряд бойынша жұмыстар жүргізу кезінде мақсатты нұсқаулықты төмендегілер:

1) наряд беруші - жұмысқа жауапты басшыға немесе жұмыс жүргізушіге (бақылаушыға), егер жауапты басшы тағайындалмаса;

2) рұқсат беруші - жұмысқа жауапты басшыға, жұмыс жүргізушіге (бақылаушыға) және бригада мүшелеріне;

3) жұмысқа жауапты басшы - жұмыс жүргізушіге (бақылаушыға) және бригада мүшелеріне;

4) жұмыс жүргізуші (бақылаушы) - бригада мүшелеріне жүргізеді.

Өкім бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мақсатты нұсқаманы төмендегілер:

1) өкім беруші - жұмыс жүргізушіге (бақылаушыға) немесе тікелей жұмыс орындаушыға, рұқсат берушіге;

2) рұқсат беруші - жұмыс жүргізушіге (бақылаушыға) және бригада мүшелеріне (орындаушыларға) жүргізеді.

Бригада құрамына бригаданың жаңа мүшесін енгізген кезде, нұсқаманы жұмыс жүргізушіге (бақылаушы) өткізуге тиіс.

104. Наряд ұсынушы, өкім беруші, жұмысқа жауапты басшы, жұмыс жүргізуші (бақылаушы) олар өткізетін мақсатты нұсқаулықта электр қауіпсіздігі мәселелерімен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізу технологиясы, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді, құрал-саймаңдар мен жабдықтарды пайдалану жөнінде нақты нұсқаулар беруге тиіс.



Жұмыс жүргізушіге (бақылаушы) мақсатты нұсқамада бригада мүшелеріне электр тоғынан жарақаттанып қалу мүмкіндігін болдырмау мақсатында мейлінше жеткілікті нұсқау беруге тиіс.

105. Рұқсат беруші мақсатты нұсқаулықта бригада мүшелерін нарядтың, өкімнің мазмұнымен таныстыруға, жұмыс орнының шекарасын, жөнделетін құрал-жабдық пен көршілес қосылымдардың жұмыс орнына жақын, кернеудің берілген немесе берілмегеніне қарамастан, оларға жақындауға тыйым салынатын ток өткізуші бөліктерін көрсетуге тиіс.

106. Наряд бойынша жұмыс істеу кезінде мақсатты нұсқаулық «Наряд және жарлық бойынша жұмыстарды есепке алу журналының» тиісті бағанында, нұсқаулықтың мәнісін қысқаша баяндай отырып және нұсқаулық өткізген және алған жұмыскерлердің қол қоюымен осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес өткізілуге тиіс.

107. Жарлық бойынша жұмыс істеу кезінде мақсатты нұсқаулық «Наряд және жарлық бойынша жұмыстарды есепке алу журналының» тиісті бағанында нұсқаулық өткізген және алған жұмыскерлердің қол қоюымен осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес өткізілуге тиіс.

108. Жұмысқа рұқсаттама нарядтың екі данасында жазылады, бір данасы - жұмыс өндірушіде (бақылаушыда) қалады, ал екіншісі - жедел жұмыс атқаратын жұмыскерлер ішінен рұқсат берушінің қолында болады.

Жұмыс жүргізуші рұқсат берушінің міндеттерін қатар атқарған кезде, рұқсаттама нарядтың бір данасында жазылады.

 

 



10. Жұмыс жүргізу кезіндегі бақылау, бригада құрамындағы өзгерістер

 

109. Жұмысқа рұқсаттама берілгеннен кейін бригаданың қауіпсіздік талаптарын орындауын бақылау жұмыс жүргізушіге (бақылаушыға) жүктеледі.

110. Жұмыс орнынан уақытша кету қажет болғанда, жұмыс жүргізуші (бақылаушы) өзін жұмысқа жауапты басшы, рұқсат беруші немесе наряд беру құқығы бар жұмыскер ауыстыра алмайтын болса, бригаданы жұмыс орнынан шеттетуге (ТҚ шығаруға, есіктерді құлыппен жабуға, адамдарды ӘЖ тіректерінен түсіруге) міндетті:

Ауыстыру жағдайларында, жұмыс жүргізуші (бақылаушы) өзі жұмыста болмайтын уақытта, нарядты өзін ауыстырған жұмыскерге беруге тиіс.

Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында жұмыс жүргізушінің (бақылаушының) бір өзінің немесе бригада мүшелерінің жұмыс жүргізушісіз (бақылаушысыз) қалуына (мынадай жағдайларды қоспағанда) рұқсат берілмейді.

1) басқа үй-жайларға шығарылған ажыратқыштарды, айырғыштарды, жетектерді реттеу;

2) қосалқы тізбектерді, қорғаныс, электр автоматикасы, сигнал беру, өлшеу, байланыс құрылғыларын құрастырып-жинау, тексеру;

3) ток беретін және бақылау кәбілдерін төсеу;

4) сынақтан өткізіліп жатқан жабдықты жүзеге асыру қажет болғанда, электр құрал-жабдығын жоғарылатылған кернеу беру арқылы сынақтан өткізу және оған бөгде адамның жақындауы қауіпті екені жөнінде ескерту жасау.

Көрсетілген жұмыстар осы Қағидалардың 58, 60-тармақтарында көзделген негізде және шарттарда жүргізіледі.

111. Жұмыс өндірушінің (бақылаушының) рұқсатымен бір немесе бірнеше бригада мүшелерінің уақытша жұмыс орнынан кетулеріне болады. Ондай кезде оларды бригада құрамынан шығару талап етілмейді. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында жұмыс орнында қалған бригада мүшелерінің саны жұмыс жүргізушіні (бақылаушыны) қосқанда, екіден кем болмауға тиіс.



Электр қауіпсіздігі жөніндегі III топқа ие бригада мүшелеріне өз бетінше ТҚ-дан шығуға және жұмыс орнына қайтып келуге, II топқа ие бригада мүшесімен III топқа ие бригада мүшесінің немесе электр қондырғыларын жеке өзі тексеру құқығына ие жұмыскермен еріп жүруге рұқсат етіледі. ТҚ-дан шыққан кезде есіктерді құлыптамай, ашық қалдыруға тыйым салынады.

Қайтып келген бригада мүшелері жұмыс өндірушінің (бақылаушының) рұқсатымен ғана жұмысқа кірісе алады.

112. Осы Қағидаларды бұзушылық белгілі болған және жұмыс істеушілердің қауіпсіздігіне қауіп тудыратын басқа жағдайлар анықталған кезде бригада жұмыс орнынан шеттетіледі және жұмыс жүргізушіден (бақылаушыдан) наряд алынады. Анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін бригаданың алғашқы рұқсаттама талаптарын сақтай отырып, қайтадан жұмысқа кірісуіне жол беріледі.

113. Наряд берген жұмысшыға немесе электр қондырғыларында жұмыс орындауға наряд беру кұқығы бар басқа жұмыскерге бригада құрамына өзгеріс енгізуге рұқсат етіледі. Бригада құрамын өзгерту туралы нұсқау рұқсат берушіге, жұмысқа жауапты басшыға немесе өзгерту туралы нұсқауды берген жұмыскердің аты-жөнін нарядқа жазып, өзі қол қоятын жұмыс өндірушіге (бақылаушыға) телефон, радио арқылы немесе қолма-қол беруге рұқсат етіледі. Бригада құрамы өзгерген жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшасының 4-кестесі бойынша нысан толтырылады.

Бригада құрамын өзгерткен кезде осы Қағидалардың 92-тармағын сақтау талап етіледі. Жұмыс өндіруші (бақылаушы) бригада құрамына енгізілген жұмыскерлерді нұсқаулықпен таныстыруға міндетті.

114. Жауапты басшыны немесе жұмыс жүргізушіні (бақылаушыны) ауыстыру кезінде, бригада құрамының жартысынан көбін жұмыс шарттарын өзгерткен кезде наряд қайта беріледі.

 

 


жүктеу 2,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау