«Тўтынушылардыѕ электр ќондырєыларын пайдалану кезіндегі ќауіпсіздік техникасы ќаєидаларын бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 24 ќазандаєы №1353 Ќаулысы


Бригаданы басқа жұмыс орнына ауыстыру



жүктеу 2,35 Mb.
бет4/14
Дата17.11.2017
өлшемі2,35 Mb.
#1138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
11. Бригаданы басқа жұмыс орнына ауыстыру

 

115. Кернеуі 1000 В жоғары ТҚ бригаданы басқа жұмыс орнына ауыстыруды рұқсат беруші жүзеге асырады. Мұндай ауыстыруды жауапты жетекшіге немесе жұмыс өндірушіге (бақылаушыға) орындауға, егер наряд беруші оларға сондай тапсырма берген болса, нарядтың «Жеке нұсқаулар» деген жолында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазбамен рұқсат беріледі.

116. Басқа жұмыс орнына ауыстыру нарядта ресімделеді. Жедел персонал санынан рұқсат беруші жүзеге асыратын ауыстыру нарядтың екі данасында ресімделеді.

117. Кернеуі 1000 В дейінгі ТҚ-да, сондай-ақ бір ӘЖ, ӘБЖ, КЖ-да басқа жұмыс орнына ауыстыру нарядта ресімдеусіз жұмыс өндіруші (бақылаушы) жүргізеді.

118. Жабдықтарды ажыратусыз жұмыстарды орындау кезінде бригада бір ТҚ-дан екіншісіне ауыстырылғанда ғана нарядқа ресімдеу талап етіледі.

 

 

12. Жұмыстағы үзілістерді және жұмысқа қайтадан рұқсаттама беруді ресімдеу



 

119. Жұмыс күні ішіндегі үзілістер (түскі ас, жұмыс шарттары бойынша) кезінде бригада жұмыс орнынан шығарылады, ал ТҚ-ның есіктері құлыппен жабылады.

Наряд жұмыс жүргізушіде (бақылаушыда) қалады. Бригада мүшелерінің үзілістен кейін жұмыс жүргізушісіз (бақылаушысыз) жұмыс орнына келулеріне тыйым салынады. Үзілістен кейін жұмысқа рұқсаттаманы жұмыс өндіруші (бақылаушы) наряд ресімдемей жүзеге асырады.

120. Жұмыс күнінің аяқталуына байланысты жұмыстағы үзіліс кезінде бригада жұмыс орнынан шығарылады.



Қауіпсіздік плакаттары, қоршаулар, жалаушалар, жерге тұйықтау құралдары алынбайды.

Жұмыс өндіруші (бақылаушы) нарядты рұқсат берушіге тапсырады. Жергілікті жедел персонал жоқ электр қондырғыларында, жұмыс өндірушіге (бақылаушыға) жұмыс аяқталған соң нарядты өзінде қалдыруға рұқсат етіледі.

Жұмыстың аяқталуын жұмыс өндіруші (бақылаушы) нарядтың өзіндегі данасында қол қойып, ресімдейді.

121. Келесі күндері әзірленген жұмыс орындарына баруға қайта рұқсаттаманы рұқсат беруші немесе оның рұқсатымен жұмысқа жауапты жетекші жүзеге асырады. Бұл ретте рұқсаттама беруге жоғары тұрған жедел персоналдың рұқсаты талап етілмейді.



Жұмыс өндіруші (бақылаушы) рұқсат берушінің рұқсатымен бригаданы әзірленген жұмыс орнына, егер оған тапсырма берілсе, осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген нарядтың «Жеке нұсқаулар» деген жолында жазумен жібереді.

Келесі күні жұмыстар қалпына келтірілген кезде жұмыс өндіруші (бақылаушы) қалдырылған плакаттардың, қоршаулардың, жалаушалардың бүтіндігіне және сақталғандығына, сондай-ақ жерге тұйықтау құралдарының сенімділігіне көз жеткізеді және бригаданы жұмысты орындауын жібереді.

Жедел персонал санынан рұқсат беруші беретін жұмысқа рұқсаттама нарядтың екі данасында да ресімделеді. Жауапты басшы немесе жұмыс өндіруші (бақылаушы) жүзеге асырған рұқсаттама жұмыс өндірушіде (бақылаушыда) бар нарядтың бір данасын ресімдейді.

 

 



13. Жұмыстың аяқталуы, жұмыс орнын тапсыру-қабылдау Нарядты, нұсқаманы жабу

 

122. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жұмыс өндіруші (бақылаушы) бригаданы жұмыс орнынан шығаруға, бригада орнатқан уақытша қоршаулар мен тасымалданатын қауіпсіздік плакаттарын, жалаушаларды және жерге тұйықтау құралдарын алады, электр қондырғыларының есіктерін құлыптап жабады және нарядқа жұмыстардың толық аяқталғанын қол қойып ресімдейді. Жұмысқа жауапты жетекші жұмыс орнын тексергеннен кейін жұмыстардың толық аяқталғанын нарядта ресімдейді.

123. Жұмыс өндіруші (бақылаушы) кезекші жедел персоналға немесе наряд берген жұмыскерге жұмыстардың толық аяқталғандығы және оның осы Қағидалардың 119-тармағының талаптарын орындалғандығы туралы хабарлайды.

124. Жұмыстардың толық аяқталғанын жазғаннан кейін жұмыс өндіруші (бақылаушы) нарядты рұқсат берушіге тапсырады, ол жоқ болғанда - сол үшін бөлінген орында қалдырады. Егер жұмыстар толық аяқталғаннан кейін нарядты беруде қиыншылықтар туса, онда рұқсат берушінің рұқсатымен немесе жедел персонал ішінен жұмыс өндіруші (бақылаушы) нарядты өзінде қалдыра алады. Мұндай жағдайда, сондай-ақ жұмыс жүргізуші рұқсат берушінің міндеттерін қатар орындайтын болса, ол келесі күннен кешіктірмей, жедел персоналға немесе наряд берген жұмысқа нарядты беруі тиіс, ал шалғай учаскелерде - учаскенің әкімшілік-техникалық персоналына тапсырады.

125. Рұқсат беруші жұмыстардың толық аяқталғаны көрсетілген нарядты алғаннан кейін, жұмыс орындарын тексереді және жоғары тұрған жедел жұмыс персонал ішінен жұмысшыға жұмыстардың толық аяқталғаны және электр қондырғысын іске қосуға болатыны туралы хабарлайды.

126. Наряд немесе өкім бойынша жұмыстардың аяқталғаны жұмыс орнын қарағаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алу журналының тиісті бағанында және жедел журналында ресімделеді.

 

 

14. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін электр қондырғыларда іске қосу



 

127. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін жедел персонал арасынан электр қондырғысын іске қосуға рұқсаттама (нұсқама) алған жұмыскердің электр қондырғысын іске қоспастан бұрын оның іске қосуға дайындығына көз жеткізеді (жұмыс орнының тазалығын, құрал-саймаңдардың жоқтығын тексереді), жұмыс орнын әзірлеу кезінде жедел персонал орнатқан уақытша қоршауларды, тасымалды қауіпсіздік плакаттарын және жерге тұйықтау құралдарын алып тастайды, тұрақты қоршауларды қалпына келтіреді.

128. Жедел жөндеу персоналының ішінен рұқсат берушіге электр қондырғысындағы жұмыс аяқталғаннан кейін қосымша рұқсат немесе нұсқау алмастан, оны іске қосу құқығы беріледі.



Мұндай іске қосу құқығын беру нарядтың «Жеке нұсқаулар» деген жолында жазылады.

Мұндай іске қосу құқығы электр қондырғыларындағы немесе оның учаскелеріндегі жұмыстарға басқа бригадалар жіберілмеген жағдайда ғана беріледі.

129. Апатты жағдайларда жедел персонал немесе рұқсат беруші бригада жоқ кезде жұмыс толық аяқталғанға дейін жөндеуге шығарылған электр жабдығын немесе электр қондырғысын жұмысқа қосады, ондай жағдайда жұмыс орындарына жұмыс жүргізуші келгенге және нарядты қайтарғанға дейін жұмыс жүргізушіге және бригаданың барлық мүшелеріне электр қондырғысы қосылғаны және жұмыстарды қайта жалғастыруға тыйым салынғаны туралы ескерту жасайтын жұмыскерлер болуы тиіс.

 

 

15. Электр қондырғыдағы кернеуді түсіре отырып, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық іс-шаралар Электр қондырғыны ажырату



 

130. Жұмыс орнын кернеуді алуды талап ететін жұмысқа дайындау үшін мынадай техникалық іс-шаралар орындалады:

1) қажетті ажырату жүргізіледі және ажыратылған коммутациялық аппаратураның қате немесе өз бетінше қосылып кетуін болдырмайтын шаралар қабылданады;

2) жұмыс орнына кернеу беріліп кетуін болдырмайтын тыйым

салушы плакаттар ілінеді;

3) ток өткізгіш бөліктерде кернеудің жоқтығы тексеріледі;

4) жерге тұйықтау реттеледі;

5) жұмыс орнын қоршау бойынша жұмыстар жүргізіледі;

6) «Жерге тұйықталды» деген көрсеткіш плакаттар ілінеді.

Жұмыс орнын дайындау кезінде мыналар ажыратылады:

1) жұмыс жүргізілетін ток өткізгіш бөліктер;

2) осы Қағидаларға 10-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген қашықтықтан кем аралықта адамдардың, механизмдер мен жүк көтергіш машиналардың кездейсоқ жақындауы мүмкін қоршалмаған ток өткізгіш бөліктер;

3) токтан ажыратылған ӘЖ осы Қағидаларға 10-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген қашықтықтан кем қашықтықта осы ӘЖ элементтерінің, басқа ӘЖ кернеуде тұрған ток өткізгіш бөлшектеріне жақындауы мүмкін жағдайда, соңғылар токтан ажыратылады.

131. Әрбір жағынан жұмыс орнына коммутация аппараты арқылы кернеу беріледі, кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында көзге көрінетін үзік болады. Көзге көрінетін үзік айырғыштардың токтан ажыратылуынан, сақтандырғыштарды алып тастаудан, жүктеменің бөлектегіштері мен ажыратқыштарын ажыратудан, шиналар мен сымдарды токтан ажыратудан пайда болады, олардың қатарына аппараттардың өздерінде қалдырылған, автоматты ажырату серіппелерімен іске қосылатын жүктеменің ажыратқыштары жатпайды.



Құрама ажыратқышты тізбектерінде, ажыратқыштардың блокты немесе түйіспелердің ажыратылған қалпына кепілдік беретін сенімді механикалық көрсеткіш болған кезде элегазбен толтырылған ЖТҚ-да көзге көрінетін үзіктің болмауына рұқсат етіледі.

Күштік трансформаторлар мен электр қондырғыларының жұмыс жүргізуге бөлінген учаскесіне қатысты кернеу трансформаторлары токтан ажыратылады және басқа орамалары тарапынан ток күшінің қайта трансформациялар мүмкіндігін болдырмау үшін схемалары бөлшектенеді.

132. Ажыратқыштарды, айырғыштарды (бөлектегіштерді) және жүктеменің қолмен басқарылатын ажыратқыштарын токтан ажыратқаннан кейін сырттай байқап тексеріп, олардың ажыратылғанына және шунттаушы бөгеттің жоқтығына көз жеткізу қажет.

133. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында жұмыс орнына кернеу берілетін мүмкін коммутациялық аппараттардың қателікпен немесе өздігінше іске қосылуын болдырмау үшін мынадай шаралар қабылданады:

1) жүктеменің айырғыштарының, бөлектегіштерінің, ажыратқыштарының қол жетектері токтан ажыратылған күйінде механикалық құлыппен жабылады (бір полюсті айырғышы бар, кернеуі 6-10 кВ электр қондырғыларында механикалық құлыптың орнына пышақтарға диэлектрлік қақпақ кигізуге рұқсат етіледі);

2) жедел штанга жүргізілетін айырғыштардың орнықты қоршаулары механикалық құлыппен жабылады;

3) құрама ажыратқыштарының ажыратылған күйдегі жетектері механикалық құлыпқа жабылады;

4) қашықтан басқарылатын коммутациялы аппараттар жетектерінің ток беретін тізбектері мен басқару тізбектері токтан ажыратылады, ал пневматикалық жетектердің қысылған ауа өткізгіш құбырларында, ысырма жабылады және механикалық құлыппен бекітіледі, тығыз ауа шығарылады, бұл ретте төмен түсірілген клапандар ашық қалпында қалдырылады;

5) жүк жеткізуші және серіппелі жетектердің іске қосушы жүгі немесе іске қосушы серіппелері жұмыс істемейтін күйге келтіріледі;

6) тиісті тыйым салушы плакаттар ілінеді.

Итеріп жылжытатын арбалары бар ЖТҚ-ның коммутациялық аппараттарының қателікпен іске қосылуын болдырмау бойынша шаралар осы Қағидалардың 238, 239-тармақтарына сәйкес қабылданады.

134. Кернеуі 1000 В дейінгі барлық жағынан ток өткізгіш бөліктерінде жұмыс жүргізілетін электр қондырғыларындағы кернеу қол жетегімен іске қосылатын коммутациялы аппараттарды токтан ажырату арқылы түсіріледі, ал схемаларда сақтандырғыштар болған кезде - соңғысы алынып тасталады. Схемада сақтандырғыштар болмаса, коммутациялық аппараттардың қателікпен іске қосылуын болдырмау тұтқаларды немесе шкаф есіктерін, бастырмаларды жабу, коммутациялық аппараттар түйіспелерінің арасына оқшаулауыш жапсырма орнату және басқа шаралар арқылы қамтамасыз етіледі. Кернеуді қашықтан басқарылатын коммутациялық аппаратпен түсірген кезде орауышты іске қосатын екінші реттік тізбектерді ажыратып жіберу қажет.



Жоғарыда келтірілген шаралар кәбілді коммутациялық аппараттың немесе жұмыс жүргізілетін жабдықтың сымдарын шиналау немесе ажырату жұмыстарымен ауыстыруға жол беріледі.

Тиісті тыйым салу плакаттары ілінеді.

135. Тексеру үшін маңына жақындауға болмайтын, кернеуі 1000 В дейінгі коммутация аппараттарының токтан ажыратылған күйі сол қысқыштарда немесе тарамдалатын шиналарда, сымдарда немесе осы коммутация аппараттарымен іске қосылатын құрал-жабдықтың қысқыштарында кернеудің жоқтығын тексеру жолымен анықталады.

 

 

Тыйым салатын плакаттарды ілу



 

136. Жұмыс орнына кернеу берілуін болдырмау үшін қолмен басқарылатын коммутациялық аппараттардың (ажыратқыштардың, құрама ажыратқыштардың, бөлектегіштердің, айырғыштардың, рубильниктердің, автоматтардың) жетектерінде (жетектерінің тұтқаларында): «Токқа қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакаттар ілінеді.

Плакаттар бір полюсті айырғыштарда әр полюстің жетектеріне, ал жедел штангамен басқарылатын айырғыштарда - қоршауларға ілінеді. Айырғыштардың пневматикалық жетектеріне ауа кіргізбейтін ысырмаларда: «Ашуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакаттар ілінеді.

Коммутациялық аппараттары жоқ, кернеуі 1000 В дейінгі қосылымдарда: «Токқа қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакат түсірілген сақтандырғыштарда ілінеді. ЖТҚ-да осы Қағидалардың 239-тармағына сәйкес ілінеді.

Плакаттар қашықтан және жергілікті басқару кілттері мен батырмаларда, сондай-ақ автоматтарда немесе басқару тізбектері және коммутациялық аппарат жетектерін қоректендіретін ток беру тізбектерінің алынған сақтандырғыштарының орнына ілінеді.

137. ӘЖ немесе КЖ жұмыстар үшін токтан ажыратылған айырғыштар мен құрама ажыратқыштардың жетектерінде, жұмыс істеп жатқан бригадалардың санына қарамастан: «Токқа қоспа! Желіде жұмыс жүріп жатыр» деген плакат ілінеді. Бұл плакат желіде жұмыс істеп жатқан бригадалардың есебін жүргізетін жедел персоналдың көрсетуі бойынша ілінеді және алынып тасталады.

 

 

Электр қондырғыда кернеудің жоқ екенін тексеру



 

138. Кернеудің жоқтығын кернеу көрсеткіш арқылы тексеру қажет, қолдану алдында оның жарамдығын осы мақсатқа арналған арнайы аспаптардың көмегімен немесе оны әдейі кернеу берілген ток өткізгіш бөліктерге жақындату арқылы тексеріп алу қажет.

Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында кернеу көрсеткішті диэлектрлік қолғаптарды киіп пайдалану қажет.

Кернеуі 35 кВ және одан жоғары электр қондырғыларында кернеудің жоқтығын тексеру үшін оқшаулағыш штанганы ток өткізгіш бөліктерге бірнеше рет жанастыру пайдалануға болады. Ұшқынның шашырамауы және шытырламауы кернеудің жоқтығын білдіреді.

139. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларындағы ТҚ-да кернеу жоқтығын тексеру үшін жедел персонал ішінен электр қауіпсіздігі бойынша IV топтағы жұмыскерге, кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында - III топтағы жұмыскерге рұқсат етіледі.



ӘЖ-де кернеу тексеруді екі жұмысшы: кернеуі 1000 В жоғары ӘЖ электр қауіпсіздігі бойынша IV және III топтағы жұмыскер, кернеуі 1000 В дейінгі ЭЖ-де III топтағы жұмыскер орындайды.

140. Кернеудің арнайы көрсеткіші болмаған кезде схеманы салыстыра дәлдеу арқылы тексеруді жұмысын АТҚ, ЖТҚ және сыртқа орнатылған жинақты трансформатордың қосалқы станциясында (бұдан әрі - ТҚС), сондай-ақ ӘЖ-де тұманды, жаңбырлы, қарлы ауа райы кезінде рұқсат етіледі.



Схеманы салыстырып дәлелдеу арқылы тексеру кезінде ӘЖ мен КЖ кірмелерінде кернеудің жоқтығын желіні жедел басқарып отырған кезекші растайды.

ӘЖ салыстырып дәлелдеу арқылы тексеру желілердің бағыты мен сыртқы белгілерін, сондай-ақ желілердің диспетчерлік атауларына сәйкес келетін тіректердегі белгілерді тексеруді білдіреді

141. Кернеуі 6-20 кВ ӘЖ-де ағаш немесе темірбетон тіректерінде, сондай-ақ, телескопиялық мұнараларда жүргізілетін сыйымдылық тоғының ағып өту қағидатында жұмыс істейтін көрсеткішпен импульстік токты есептемегенде кезінде кернеудің жоқтығын тексеру, көрсеткіштің талап етілетін сезгіштігін қамтамасыз етіледі. Ол үшін көрсеткіштің жұмыс істеп тұрған бөлігі жерге тұйықталады.

142. ӘЖ-де сымдар әртүрлі деңгейде тартылған кезде, кернеудің жоқтығын көрсеткішпен немесе штангамен тексеру қажет және жерге тұйықтау құралын орнату төменнен жоғары қарай, төменгі сымнан бастап жүргізіледі. Сымдар көлденең тартылса, кернеудің болмауын тексеру жақын орналасқан сымнан басталады.

143. Кернеуі 1000 В дейінгі жерге қосылған бейтарапты электр қондырғыларында екі полюсті көрсеткіш қолданылған кезде фазалардың аралығында да, әрбір фаза мен жабдықтың жерге тұйықталған корпусы немесе қорғаушы өткізгіш аралығында кернеудің жоқтығын тексеру қажет. Ол үшін алдын ала тексерілген вольтметр қолданылады. Бақылау шамдарын пайдалануға тыйым салынады.

144. Аппараттың ажыратылғандығы туралы сигнал беретін бұғаттауыш құрылғылар, тұрақты түрде іске қосылған вольтметрлер және т.б. кернеу жоқтығын растайтын қосымша құралдар ғана болып табылады және олардың көрсетулері негізінде кернеу жоқтығы туралы қорытынды жасауға тыйым салынады.

 

 



Жерге тұйықтауды орнату

 

145. Ток өткізгіш бөліктерге жерге тұйықтау кернеуі жоқтығын толық тексергеннен кейін орнату қажет.

146. Тасымалды жерге тұйықтау құралы алдымен жерге тұйықтау құрылғысына жалғанады, одан кейін кернеу жоқтығына тексеріліп, ток өткізгіш бөліктерге орнатылады.

ӘЖ сымдар әртүрлі деңгейде тартылған кезде, жерге тұйықтау төменгі сымнан бастап орнатылады.

Тасымалды жерге тұйықтау конструкцияның жерге тұйықтау шинасына және ток өткізгіш бөліктерге бояудан тазартылған орындарға жалғанады.

Тасымалды жерге тұйықтау құралы кері (кезекпен) алынады: алдымен оны ток өткізгіш бөліктерден алып, одан кейін жерге тұйықтау құрылғыдан ажырату қажет.

147. Тасымалды жерге тұйықтау құралын орнату және алу кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында диэлектрлік қолғаптарды киіп, оқшаулағыш штанганы пайдалану арқылы жүргізіледі. Тасымалды жерге тұйықтау құралдарының қысқыштары оқшаулағыш штангамен немесе тікелей диэлектрлік қолғаптармен жерге тұйықталады.

148. Осы Қағидалардың 200-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, жерге тұйықтау үшін сол мақсаттарға арналмаған сымдарды пайдалануға тыйым салынады.

 

 



Тарату құрылғыларында жерге тұйықтау құралдарын орнату

 

149. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында жұмыс жүргізу үшін токтан ажыратылған учаскенің кернеу берілетін барлық фазаларының (полюстердің) ток өткізгіш бөліктері жұмыс үшін токтан ажыратылған жинақты шиналарда бір жерге тұйықтау құралын орнату жеткілікті жинақты шиналарды қоспағанда, жерге тұйықталады.



Ажыратылған желілі айырғышта жұмыс жүргізу кезінде айырғышта жерге тұйықтаушы пышақтардың бар екендігіне қарамастан, ӘЖ жағынан төмен түсіретін сымдарда айырғыш арқылы әртүрлі әрекеттер жасау кезінде бұзылмайтын қосымша жерге тұйықтау құралы орнатылады.

150. Жерге тұйықталған ток өткізуші бөліктер кернеудегі ток өткізуші бөліктерден көзге көрінетін үзік арқылы бөлектенеді.



Осы Қағидалардың 130-тармағында көзделген жағдайларда көзге көрінетін үзіктің болмауына рұқсат етіледі.

Орнатылған жерге тұйықтау құралы тікелей жұмыс жүргізіліп жатқан ток өткізгіш бөліктерден, токтан ажыратылған ажыратқыш, айырғыш, бөліктегіш немесе жүктемені ажыратқыш, алынған сақтандырғыш, бөлшектелген шиналар немесе сымдар арқылы бөлектеуге рұқсат етіледі.

Тікелей жұмыс орнында ток өткізгіш бөліктерге, осы бөліктер жеткізілген кернеуде (әлеуетте) тұрған жағдайда, жерге тұйықтау құралы қосымша орнатылады.

151. Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында ТҚ-ның, қалқандардың, құрастырмалардың құрама шиналарында жұмыс жүргізу кезінде шиналардан кернеу түсіріледі және шиналар (оқшауланған сымнан жасалған шиналардан басқа) жерге тұйықталады. Осы ТҚ-ның қосылымдарын, қалқандарды, құрастырмаларды және оларға жалғанған жабдықтың жерге тұйықтау қажеттілігін және мүмкіндігін наряд, нұсқау беруші айқындайды.

152. Орындалатын жұмыстардың (оқшауламаның кедергісін өлшеу) сипаты бойынша талап етілетін болса, жұмыс орнын дайындау кезінде орнатылған жерге тұйықтауды уақытша алып тастауға рұқсат етіледі.

Жерге тұйықтау құралдарын уақытша алып тастау және қайтадан орнату жұмыстарын жедел персонал немесе наряд берушінің тапсырмасымен жұмысты өндіруші орындайды.

Жерге тұйықтау құралын уақытша алып тастауға, сондай-ақ жұмыс жүргізушінің осы операцияларды орындауына берілетін рұқсат осы Қағидаларда 2-қосымшаның нарядтың «Жеке нұсқаулар» деген жолына енгізіліп, жерге тұйықтау құралын қайда және қандай мақсатпен алып тастау туралы жазылады.

153. Құрылысы күрделі, яғни оған жерге тұйықтау құралын орнату қауіпті немесе мүмкін емес электр қондырғыларында (мысалы, кейбір тарату жәшіктерінде, ішкі (сыртқы) ЖТҚ-ның жекелеген түрлерінде, фазалары тік орналасқан құрастырмаларда), айырғыш пышақтарына диэлектрлік қақпақтарды, диэлектрлік жапсырмаларды орнатуды немесе сымдарды, кәбілдерді және шиналарды токтан ажыратуды қамтитын, жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша іс-шаралар әзірленеді. Мұндай электр қондырғылардың тізбесін жұмыс беруші бекітеді және персоналдың назарына жеткізеді.

154. Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында жерге тұйықтау құралдарын орнату және алып тастау бойынша операцияларды орындауға жедел персонал санынан III топтағы бір жұмысшыға рұқсат берілді.

155. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында тасымалды жерге тұйықтау құралдарын екі жұмыскер орнатады: біреуі - электр қауіпсіздігі бойынша IV топтағы (жедел жұмыс персонал санынан), екіншісі - электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы жұмыскер; III топтағы жұмыскер жөндеу персоналы санынан, ал басқа ұйымдардың қосылымдарын жерге тұйықтау кезінде - осы ұйымдар персоналы арасынан бөлінген жұмыскер орындай алады. Қашықтағы қосалқы станцияларда әкімшілік-техникалық немесе жедел персоналдың рұқсаты бойынша негізгі схемадағы жерге тұйықтау құралдарын орнату кезінде, басқа ұйымдардың персоналы ішінен электр қауіпсіздігі бойынша III топтың екінші жұмыскеріне жұмыс істеуге рұқсат етіледі; жедел персонал санынан электр қауіпсіздігі бойынша IV топтағы бір жұмыскердің тұйықтау пышақтарын іске қосуына болады.



Жедел персонал ішінен электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы жұмыскер жеке өзі жерге қосқыш пышақтарды токтан ажырату және тасымалды жерге тұйықтау құралын алып тастауға рұқсат етіледі.

 

 




жүктеу 2,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау