Вейл, И.Г. Климкович, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, Ф. Мерн, М.Х Меском.,
Л.М. Митина, В.И. Огарев, Ф. Хедоури, М.А. Чошанов, Л.Д. Эно және т.б.);
- адамның тұлғалық құрылымын зерттеудің психоаналитикалық әдістері
(3.Фрейд, К.Г.Юнг, А.Адлер, Ф. Перлз); тұлғаның маңыздануын зерттеудің
гуманистикалық әдістері (К. Роджерс, А. Маслоу);
- БҰҰ-ның құжаттары, ҚР Конституциясы, Қазақстан Республикасы
Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2017 жылғы 31
қаңтардағы
«Қазақстанның
үшінші
жаңғыруы: жаһандық
бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы; «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы»
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 114-IV Заңы
(03.12.2015 ж. жағдай бойынша өзгерістер және толықтырулармен); «Халық
денсаулығы
және
денсаулық
сақтау
жүйесі
туралы»
Қазақстан
Республикасының Кодексі (27.02.2017 ж. жағдай бойынша өзгерістер және
толықтырулармен); «2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық» денсаулық
сақтау
саласын дамытудың
мемлекеттік
бағдарламасы;
Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II Заңы; Халықты
жұмыспен қамту туралы Заңы (24.11.2015 ж. жағдай бойынша өзгерістер
және толықтырулармен); «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»
2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II Заңы (06.04.2016 ж. жағдай бойынша
өзгерістер
және
толықтырулармен);
«Білім
туралы»
Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III Заңы (22.12.2016 ж.
жағдай бойынша өзгерістер және толықтырулармен); «Мемлекеттік қызмет
туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V
Заңы (20.12.2016 ж. жағдай бойынша өзгерістер және толықтырулармен);
«Денсаулық
сақтау
саласындағы
әлеуметтік
қызметкер
қызметін
ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» ҚР Денсаулық сақтау
министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 907 бұйрығы; 050905
«Әлеуметтік жұмыс», 6М090500 «Әлеуметтік жұмыс», 6D090500 «Әлеуметтік
жұмыс» мамандығы бойынша МЖМБС.
Зерттеу әдістері:
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарын, заңнамалық
актілерін, әлеуметтік жұмыс бойынша конвенциялар мен халықаралық
міндеттемелерді,
ведомстволық
құжаттарды,
ресми
статистикалық
деректерді, бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған нақты мәліметтерді,
әдіснамалық, тарихи, әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерді талдау,
тәуелсіз сипаттамаларды жалпылау;
2. әңгімелесу, әлеуметтік сауалнама (ҚР-ның 6 өңірінде өткізілді,
АМСК-та психологиялық-медициналық-әлеуметтік көмек алған, АМСК
медициналық персоналы мен әлеуметтік қызметкерлер ішінен), сауалнама,
тестілеу (бланктік, суреттік, жобалық), сыртқы, еркін және стандартталған
бақылау, өзін-өзі бақылау, сұхбат жүргізу, ұжымдық талқылау, өмірбаяндық
әдіс;
3. алынған деректердің сапалық және сандық сипаттамалары, өңдеу,
салыстыру, сәйкестендіру, деректер рейтингі, сараптамалық бағалар,
проблемалық тапсырмалар, міндеттер, сұрақтар, PEST-талдау;
4. жеке ережелерді біртұтас теорияға біріктіру, деректердің
статистикалық талдауы, графикалық әдіс, ғылыми жарияланымдар талдауы,
зерттеу мәнінің зерттелетін қасиеттері мен белгілерін бірыңғай жалпылау
және синтездеу әдісі; модельдеу әдісі.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы:
1. әлеуметтік қызметкердің денсаулық сақтау саласында әлеуметтік
қызметтер көрсету барысында кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың
теориялық-әдіснамалық негіздерін ашу жүргізілді;
2. әлеуметтік қызметкердің денсаулық сақтау саласында әлеуметтік
қызметтер көрсету барысында кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың
PEST-талдау әдісі арқылы ерекшеліктері мен өзгешеліктері анықталды;
3. әлеуметтік қызметкердің денсаулық сақтау саласында әлеуметтік
қызметтер көрсету барысында кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың
клиентке бағдарланған моделі әзірленіп, негізделді;
4. әлеуметтік қызметкерлердің денсаулық сақтау саласында әлеуметтік
қызметтер
көрсету
барысында
кәсіби
құзыреттіліктерінің
қалыптастырылуына диагностика жүргізудің нұсқаулығы әзірленді;
5. әлеуметтік қызметкердің денсаулық сақтау саласында әлеуметтік
қызметтер көрсету барысында кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың
технологиясы әзірленді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы білімін толықтыруды көздейтін,
әлеуметтік қызметкерлердің даярлау теориясын дамытуға деген үлесімен
анықталады:
- келесідей түсініктердің маңызы, мазмұны мен ерекшеліктері туралы:
«кәсіби құзыреттіліктер», «денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік
жұмыс», «денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкердің рөлі»,
«әлеуметтік қызметкердің денсаулық сақтау саласында әлеуметтік
қызметтер көрсету барысында кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру»,
«әлеуметтік қызметкердің денсаулық сақтау саласында әлеуметтік
қызметтер көрсету барысында кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың
технологиясы»;
- әлеуметтік қызметкердің денсаулық сақтау саласында әлеуметтік
қызметтер көрсету барысында кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру
процесін және оны іске асыру технологиясын модельдеу ерекшелігі туралы;