қызметкерлердің базалық кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру жүйесінің
өзгеруі түпнегіз болып табылады, өйткені әлеуметтік қызметкерлерді даярлау
және қайта даярлау жүйесі толығымен олардың болашақ кәсіби қызметін
алдын ала анықтайды. Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкерлерді
даярлау және қайта даярлау процесінде кәсіби құзыреттердің қалыптасуын
басқару мынадай үш кезеңді көздейді: базалық, кәсіби және арнайы-кәсіби.
2. Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметтер көрсету
барысында әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру
тұлғаның шығармашылық әлеуетінің өзіндік даму процесіне бағдарланған, ол
тұлғаға мақсат, кәсіби қызметтің дербес іске асырылатын субъекті, нәтиже
және бас критерий ретінде тұлғаға бағдарланған жүйелік, синергетикалық,
акмеологикалық және тұлғалық-қызметтік тәсілдер базасында мүмкін.
3. Әлеуметтік қызметкердің денсаулық сақтау саласында әлеуметтік
қызметтер көрсету барысында кәсіби құзыреттіліктерінің заңдастырылған
нормативтік-құқықтық
актілер,
стандарттар
және
әдіснамалық
ұсынымдармен талап етілген талаптар талдауына, сондай-ақ жүргізілген
әлеуметтік зерттеулер мен PEST-талдауы нәтижесінде анықталған
қажеттіліктерге негізделген клиентке бағдарланған моделі ұсынылды.
Аталған модельдің (үлгінің) ерекшелігі басқаруды клиентке бағдарлау, оның
жеке тұлға ретінде субъективтік және әлеуметтік қызметтің субъекті ретінде
объективтік қажеттіліктері мен мүдделері болып табылады. Денсаулық
сақтау саласында әлеуметтік қызметтер көрсету барысында әлеуметтік
қызметкердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру моделі (үлгісі) әзірленді,
оның ерекшелігі клиентке бағдарланған басқару (ұйымның миссиясы мен
мақсатын, стратегиялық және тактикалық жоспарлау), клиентке бағдарланған
қызмет (қызмет алушының қажеттіліктерін анықтау, шешімдер қабылдау,
қызметтерді жүзеге асыру), клиентке бағдарланған білім (біліктілікті
арттыру, өзін-өзі дамыту, жетістікті (табысты) тәжірибенің трансляциясы)
арқылы қызмет алушының қажеттіліктерге қанағаттануы болып табылады.
Әлеуметтік қызметкердің денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметтер
көрсету барысында әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыреттерін
қалыптастырудың клиентке (келушіге) бағдарланған моделін (үлгісін) енгізу
мекемелердің АМСК-тен халыққа әлеуметтік-медициналық көмек көрсетудің
біріктірілген әлеуметтік-медициналық нысанына өтуі кезінде мүмкін.
4. Әлеуметтік сауалнама халық АМСК-дағы әлеуметтік-медициналық
қызмет туралы жеткілікті түрде хабардар емес екендігін, АМСК-та
әлеуметтік қызметтің болуы, қызмет алушылардың пікірі бойынша қажет
дүние, алайда халыққа әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын және
толықтылығын арттыру талап етілетіндігін көрсетті. Медициналық
персоналдың басым бөлігі әлеуметтік қызметкерлердің қызметін оңды
(жақсы) бағалайды және халықтың әлеуметтік осал топтарымен болатын
әлеуметтік-психологиялық проблемаларды шешу қажеттілігі туындағанда
ӘПҚ-ке жүгінеді, алайда оның басым бөлігі үшін әлеуметтік қызметкердің
пацентке/денсаулық сақтау саласында қызмет алушыға қатысты құқықтық
және кәсіби мәртебесі толыққанды түсінікті, айқын емес. АМСК-тегі
сауалнамаға қатысқан әлеуметтік қызметкерлердің басым бөлігі қандай да
бір деңгейде өз жұмысына қанағаттанады, сонымен қатар, сұралғандардың
жартысында өз кәсіби құзыреттіліктерін нақты жіктеу және арттыру, оның
ішінде денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметтер көрсету барысында
әлеуметтік
қызметкерлердің
кәсіби
құзыреттерінің
қалыптасуының
диагностикасы шеңберінде мамандандырылған (арнайы) әлеуметтік-
медициналық міндеттерді орындау қажеттілігі анықталды.
5. Әртүрлі қалыптар, нысандар (форма) мен әдістерді пайдалана отырып,
сондай-ақ алынған нәтижелердің жоғары сенімділігін ескере отырып
ұсынылған технология әлеуметтік қызметкерлерді оқытудың барлық курсын
қамти отырып, теориялық дайындығын қалыптастыру, сондай-ақ алынған
білім-дағдыларды өмірлік ауыр жағдайға тап болған адамдарға сапалы
арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша қызметте практикалық
тұрғысынан қолдану үшін жағдай жасап, денсаулық сақтау саласында
әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру процесінің ең
жоғары тиімділігін қамтамасыз етті.
Алға қойылған (белгіленген) міндеттердің толыққандығын бағалау.
Диссертациялық зерттеудің мақсатына қол жеткізілді, бұл ретте мынадай
міндеттердің шешімі табылды:
1. Ғалымдар мен практиктердің әлемдік кәсіби тәжірибесіне ескере
отырып, денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметтер көрсету
барысында әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыреттерін қалыптастырудың
теориялық-әдіснамалық негізі талданды.
2. PEST-талдау әдісімен денсаулық сақтау саласында әлеуметтік
қызметтер көрсету барысында әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыреттерін
қалыптастырудың ерекшеліктері мен өзгешеліктері анықталды.
3. Әдістемелік, бейімделме-инновациялық және жүйелік тәсілдерге
негізделген денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметтер көрсету
барысында әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыреттерін қалыптастырудың
клиентке (келушіге) бағдарланған моделі (үлгісі) әзірленді.
4. Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметтер көрсету
барысында әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыреттерінің қалыптасуына
диагностика жасалды; Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметтер
көрсету барысында әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік және кәсіби
мәртебесін арттыру іске асыру үшін негізгі факторлар болып табылатын –
басқарудың сауатты жүйесі, мамандану және тұрақты түрде біліктілікті
арттыру бар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы
әлеуметтік жұмысты институционалдандыруға тікелей тәуелді.
5. Сапалы өзгерістерді (бастапқы деңгейден соңғы нәтижесіне дейін)
қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметтер
көрсету барысында әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыреттерін
қалыптастырудың технологиясы әзірленді.
Нәтижелерді практикалық тұрғысынан пайдалану бойынша ұсынымдар