Тұрсынбекова жазира жұмабекқызының Әлеуметтік қызметкердің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында әлеуметтік



жүктеу 0,7 Mb.
Pdf просмотр
бет2/27
Дата14.05.2018
өлшемі0,7 Mb.
#12267
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

құраушыларды (компоненттер, құзыреттіліктер) біріктіретін кәсіби құзыреттің 

бірыңғай түсінігін атап өткен жөн. Екіншіден, кәсіби құзыреттілік практикада 

танытылған  ынта  мен  өз  әлеуетін  (білімін,  дағдыларын,  іскерлігін, 

тәжірибесін,  жеке  қасиеттерін)  кәсіби  салада  нәтижелі  қызмет  жасау,  осы 

жұмысының нәтижелеріне жеке тұлғалық жауапкершілікте болуы және оның 

әлеуметтік  маңыздылығын  түсінуі,  оны  жүйелі  түрде  жетілдіру  қажеттілігі 

үшін іске асыру қабілеті (дайындығы) ретінде анықталады (Pandey, S., Lama, 

G. & Lee, H.,2012).

 

Үшіншіден, кәсіби құзыреттілікті қалыптасуы үздіксіз кәсіби 



білім  алу  процесінде  ғана  тиімді  жүзеге  асырылады.  Сонымен  қатар,  білім 

беру  процесінде  болашақ  мамандарды  кәсіби  даярлауға  қазіргі  заманғы 

педагогикалық  тәсілдерді,  негізгі  кәсіби  құзыреттіліктерді,  «әлеуметтік 

жұмыс»  мамандығы  бойынша  білім  алатын  студенттердің  кәсіби-маңызды 

қасиеттерін,  әлеуметтік  жұмыстың  кәсіби  ерекше  құндылықтарын  және 

әлеуметтік  жұмысқа  психологиялық  «қарсы  көрсетімді»  ескеру  қажет  (И.В. 

Пантюк, 2001). 

 

Әлеуметтік қызметкердің кәсіби дамуы туралы ұғымын тұлғалық даму 

формаларының  бірі  ретінде  С.Т.  Джанерьян,  Л.М.  Рябикина  зерттеген. 

Әлеуметтік  қызметкердің  қызметі  С.  Джудит  Райкус  және  Рональд  С.  Хьюз, 

Т.В. Черникова, Н.Б. Шмелева, Е.И. Холостованың еңбектерінде баяндалған. 

А.К.  Маркова  (2006)  кәсібилік  ұғымына  мынадай  өзіндік  анықтама 

берген: «Адамның кәсібилігі – оның жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізуі 

ғана  емес,  оның  еңбек  өнімділігі  ғана  емес,  сондай-ақ  психологиялық 

компоненттердің  (құраушылардың)  болуы,  яғни  –  адамның  еңбекке  деген 

іштей  қарым-қатынасы,  оның  психологиялық  қасиеттерінің  жай-күйі  болып 

табылады. Жеке тұлғаның кәсіби қасиеттерін қарау және бағалау барысында 

ол  қандай  құнды  бағыттардан  екені,  оның  ішкі  ресурстарының  қайсысы 

ерікті,  және  ішкі  сенімі  бойынша  қаншалықты  өз  еңбегін  сіңіретіні  өте 

маңызды». 

Б.  Кенжебеков  (2002)  кәсіби  құзыреттілік  түсінігіне  мынадай  өз 

анықтамасын  берген:  «адамның  терең  білімінің,  технологиялық  жоғары 

деңгейінің,  жалпы  дағдылары  мен  қабілеттерінің,  оның  кәсіби  маңызды 

және жеке қасиеттерінің, мәдениеті мен шеберлігінің жиынтығы, үнемі өзін-

өзі  дамытуға  дайындығы,  сонымен  қатар  қызметті  ұйымдастыруға  деген 

шығармашылық тәсілі». 




Ғылымдағыдай  акмеологияда (адамның  кемелдену  сатысындағы 

дамуының 

заңдылықтары 

мен 


тетіктерін 

зерделейтін 

ғылымда) 

жетістіктердің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін шарттар (жағдайлар) мен 

факторлар  туралы  қандай  да  бір  қызметте  соңғы  жылдары  «кәсібилік 

(кәсіпқойлық)»  санаты  белсенді  зерделенуде.  Акмеологиялық  тәсіл 

тұрғысынан кәсібилік (кәсіпқойлық) бір жағынан қызмет субъектісінің сапалы 

сипаттамаларын,  оның  ішінде  оның  психофизилогиялық  жағдайы  мен 

психиялық процестерін қамтиды; екінші жағынан кәсібилік – оның тиімділігін 

қамтамасыз ететін құралдар субъектісі мен қызмет тәсілдерін пайдалану деп 

түсіндіріледі (А.А. Деркач, 2004).          

          Әлеуметтік  қызметкердің  кәсіби  құзыреттіліктерін  қалыптастыруды 

зерттеу  талпыныстары  И.  Арановская,  Т.Ю.

 

Базаров,  Т.Г.  Журавлева,  И.А. 



Зимняя,  М.Д. Ильязова,  Т.Л.  Кремнева,  П.  Кнезель,  O.A. Овсяник,  Л.А. 

Першина,  О.В.  Плешакова,  Е.Г. Студенова,  М.В.  Фирсов  секілді  авторлар 

арқылы  психологиялық  және  әлеуметтік  ғылымда  қабылданған.  Аталған 

мәселені  мынадай  шетелдік  зерттеушілер  көтерген:  Д.  Гнас,  Ш.  Пандей, 

Е.Браун, Л.Кохлер, Б.Гай, Л.Мариан. 

Әлеуметтік 

қызметкердің 

денсаулық 

сақтау 

саласындағы 



құзыреттіліктеріне  қатысты  жұмыстар  айтарлықтай  аз.  А.А.  Тынышбаева 

(2014)  әлеуметтік  жұмыстың  денсаулық  сақтау  саласындағы  әлеуметтік 

құндылығы 

мен 


әрекеттілігі 

әлеуметтік 

қызметкер 

қызметін 

институциоландыру  арқылы  жарияланады  деп  санайды.  Р.А.  Абзалованың 

(2005-2017)  еңбектерінде,  АМСК  әлеуметтік  жұмысты  ҚР-да  тәжірибе 

тұрғысынан  енгізу  пионерінде  әлеуметтік  жұмыстың  қазіргі  заманғы 

ұстанымдары,  Қазақстанның  денсаулық  сақтау  кешенді  медициналық-

әлеуметтік көмек үлгілеріне тиімді әсер ететін әлеуметтік қызметкердің рөлі 

мен  қызмет  ерекшелігі  қарастырылады.  Авторлар  әлеуметтік  қызметкердің 

кәсіби құзыреттілігіне әсер ететін негізгі аспектілерді баса атап көрсеткен.         

Өкінішке орай, әлеуметтік қызметкер мәртебесіне берілген анықтамаға 

қарамастан,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  және  практикада 

функционалдық  міндеттерде  және  әлеуметтік  қызметкердің  білім  беру, 

әлеуметтік  қорғау  және  денсаулық  сақтау  саласындағы  жауапкершілік 

деңгейінде айырмашылықтар кездеседі.  

Осылайша,  әдебиеттер  талдауы  әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық 

сақтау  саласында  әлеуметтік  қызметтер  көрсету  барысында  кәсіби 




құзыреттіліктерін 

қалыптастыру 

ерекшеліктерін 

зерттеу 


қажеттілігін 

көрсетеді, ол осы зерттеудің мақсаты болып табылады.   

Диссертациялық зерттеу жұмысының объектісі әлеуметтік қызметкердің 

денсаулық  сақтау  саласында  әлеуметтік  қызметтер  көрсету  барысындағы 

қызметі болып табылады.  

          Зерттеужұмысының  мәні  әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық  сақтау 

саласында әлеуметтік қызметтер көрсету барысында кәсіби құзыреттіліктерін 

қалыптастыру процесі болып табылады.  

Зерттеу  жұмысының  гипотезасы  денсаулық  сақтау  саласында 

әлеуметтік  қызметтерді  сапалы  көрсету  әлеуметтік  қызметкердің  кәсіби 

құзыреттіліктерін  қалыптастыруды  талап  ететіндігінде,  ал  оның  тиімділігі 

арнайы  әзірленген  технологиялар  арқылы  іске  асырылатын  клиентке 

(келушіге) бағдарланған үлгіге (модель) негізделетін болады.   

 

Диссертация  мақсаты  зерттеу  жұмысының  мынадай  міндеттерін 



айқындады: 

1. 


әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық  сақтау  саласында  әлеуметтік 

қызметтер  көрсету  барысында  кәсіби  құзыреттіліктерін  қалыптастырудың 

теориялық-әдіснамалық негізін талдау;   

2. 


әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық  сақтау  саласында  әлеуметтік 

қызметтер  көрсету  барысында  кәсіби  құзыреттіліктерін  қалыптастырудың 

ерекшеліктері мен өзгешеліктерін PEST-талдау әдісімен ашып көрсету;                                                              

3. 

әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық  сақтау  саласында  әлеуметтік 

қызметтер  көрсету  барысында  кәсіби  құзыреттіліктерін  қалыптастырудың 

клиентке бағдарланған үлгісін әзірлеу; 

4. 

әлеуметтік 



қызметкерлердің 

денсаулық 

сақтау 

саласында 



әлеуметтік  қызметтер  көрсету  барысында  кәсіби  құзыреттіліктерінің 

қалыптастырылуына диагностика жасау;  

5. 

әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық  сақтау  саласында  әлеуметтік 



қызметтер  көрсету  барысында  кәсіби  құзыреттіліктерін  қалыптастырудың 

технологиясын әзірлеу. 



Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері

- психологиялық-әлеуметтік 

құбылыстарды 

талдауда 

жүйелік, 

аксиологиялық  және  сондай-ақ  тұтастық  тәсіл,  гуманизмнің  философиялық 

идеялары,  адамның  тұлға  ретінде  биоәлеуметтік  маңызы,  оның  әлеуметте 

(социум) әлеуметтену мен бейімделуі туралы ереже, кәсіби құзыреттіліктерді 

қалыптастырудың теориялық үлгілерін біртұтас түрде қарастырудың кешенді 

тәсілі; 


- маманның  кәсіби  құзыреттіліктерін  өлшеу  және  қалыптастыру  туралы 

зерттеудің психологиялық-әлеуметтік әдістері (Дэвид Мак Клелланд, Райнер 

Марр,  А.М.  Бранденбургер  және  Б.  Дж.  Нейлбаф,  И.  Арановская, 

Т.Ю.


 

Базаров, Т.Г. Журавлева (Л.И. Анциферова, Ш. Пандэй, Ю.В. Варданян, П. 




жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау