Мотивациялық қозғаушы:
Ұйымдастыру
ізденушілік:
Рефлексивті реттеуші:
|
Шаттық шеңбері:
Жарқырап күн ашылды,
Күн нұры түгел шашылды.
Қайырлы күн қонақтар,
Біз әдепті баламыз.
Қайырлы күн ұстазым,
Біз көңілді баламыз.
Жумбақ жасыру:
Балалар , сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ма?
Итше отырады,
Адамша жуынады.
Сүтпенен қоректеніп,
Ұйқысын қандырады.
Айдары тарақ,
Құйрығы орақ
Түнгі ұйқыдан безіп,
Аузын жаппастың өзі
Күшік қандай жануарға жатады?
Неліктен итті адамның досы дейді?
Итке қалай қамқорлық жасаймыз?
Суретпен жұмыс:
-Балалар, суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Балалар не істеп жатыр?
- Балалар немен ойнап жатыр?
- Балалар қалай ойнап жатыр?
-Олар қандай балалар?
Жұмбақ жасыру.
1. Сол аяқ пен оң аяқ,
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.
2. Әжем көрпе тігеді,
Бетіне өрнек салады.
3. Сырт – сырт етеді,
Уақыт өтеді.
4. Ақ көйлекті көк желек,
Орманда орны бір бөлек.
5. Кесе, шыны, пиала,
Онсыз шәй кұяма?
Қасықсыз тамақ ішпейміз.
Оның бәрін не дейміз?
6. Іші жұмсақ сырты қатты,
Еті қызыл сүті тәтті.
Балалар қандай сиқырлы сөз шықты. Қане, оқып көрейікші.
Ия, « Достық» сөзі шығыпты. Ендеше бүгінгі жаңа оқу қызметімізді достық жайында әңгімелейміз. Осы жерде кішкене көңілдеріңді көгілдір экранға аударайын. «Дос» туралы үзінді тамашалаңдар.
4. Теледидармен жұмыс:
( «Үш дос» туралы үзіндіні экраннан көрсету.)
-Балалар, сендерге көрініс ұнады ма?
- Көрініс не туралы екен?
- Дос болу үшін бір-бірімізді ренжітуге, төбелесуге, жаман сөздер айтуға бола ма екен?
- Ондай қылықтарды қандай балалар жасайды?
-Әдепті балалар қандай болады?
- Балалар осы кейіпкерлердің рөлдерін кім сомдап береді? Кімдер сахналайды?
Лақ:
Күшікке барып, дос болайық. Мен сені өткенде байқамай сүзіп жібердім. Кешір күшік деді.
Күшік:
Жарайды кешіремін.
Әтеш:
Дос болайық. Сендерді шоқып алғанымды кешіріңдер деді.
Балалар сендерге қай кейіпкер ұнады? Ұнаса несімен ұнады?
5.Балалар дос туралы кім тақпақ біледі?
1 . Досым айналайын күліңнен
Қымбатсың аспандағы ай күннен.
Сен қуансаң қуанамын мен бірге,
Жыласаң да мұңайсаң да жұбатамын өмірде.
2. Дос дегенің өмірдегі тірегің,
Дос дегенің кеудедегі жүрегің.
Егер досың адал ниет жан болса,
Орындалар армандаған тілегің.
3. Балдырға баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да қайда да,
Сенімді боламыз.
4. Тұрғанымда қысылып,
Медет берген достарым,
Өз қайғысын ысырып,
Көмек берген достарым.
Ойын: «Анасын тап»
Шарты: Суреттегі анасы мен баласын сызықпен сызып сәйкестендіріп табады.
Ойын: «Менің досым»
Шарты: Балалар мен сендерге допты лақтырамын, сенің досың қандай деп сұраймын.
-Менің досым ақылды
-Менің досым көңілді
-Менің досым мейірімді
-Менің досым ақ көңіл....
Сергіту сәті:
( Көгілдір экрандағы әуенді бейнені қимыл-қозғалыспен орындайды)
Мақал – мәтелдер:
Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
Дос болсаң берік бол,
Досыңа серік бол.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Ойын: «Өз үйін тап»
Шарты: Үй жануарлары мен жабайы жануарларды өз үйіне орналастыру. Балалардың танымдық қабілетін дамыту.
10.Топтық жұмыс.
Балаларға шығармашылық тапсырма беріледі. (Мысық, әтеш, күшік, лақтың суретерін құрастырып, жапсырады) Берілген тапсырманы балалар қорғап шығады.
Жүректен жүрекке:
-Балалар, орнымыздан тұрып, бір-біріміздің қолымызды ұстап, шаттық шеңберін құрайықшы.
(Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады.)
-Ал, енді бір-біріміздің қолымызды ұстағанда не сезіп тұрмыз?
-Балалар, сендер бірлігі жарасқан достар екенсіңдер, ендігі тілегімізді жүректен жүрекке жеткізейік.
Балабақшамыз көркейе берсін!
Достығымыз ажырамысын!
Жүзімізден күлкі кетпесін!
Мәңгі тату ел болайық!
Күніміз жақсы өтсін!
Тек жақсылық болсын!
Бірлігіміз арта берсін!
Қуанышты күндер көп болсын!
Ешқашан жыламайық!
Бірлігіміз ажырамасын!
Бүлдіршіндер жыламасын!
Деніміз сау болсын!....
Қорытынды:
Ой тамаша балалар! Бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметінде қандай ғажайып сөздерді үйрендік. (Сұрақ-жауап арқылы өткен оқу қызметін пысықтап өту)
Ендеше, балалар, «Дос болайық бәріміз» дегендей бірге дос туралы ән айтамыз.
|
Шаттық шеңберін тұрып, өлең жолдарын айтады.
-Иә.
-Мысық
-Әтеш
-Ит
-Үй жануарына
Үйді күзетеді, қорғайды, малды қориды.
Үйшік жасап, тамақ береміз,су береміз.
Доп
Ою.
Сағат.
Тал.
Ыдыстар.
Қарбыз.
-«Достық» сөзі шықты
-Ия.
-Жоқ
-Сыпайы, тәртіпті, т/б
Балалар көріністі рөлге бөліп сомдайды
Балалар тақпақтарын айтып шығады.
Балалар
ойынға белсене қатысады.
Балалар мақал-мәтелді айтып береді
Суретті жапсырып, тақтада қорғайды
-Жылулықты
Балалар жақсы тілектер айтады.
Балалар хормен айтады
.
|