деп араб әрпімен жазылған тұмарды беріпті»1. Бұндай аңыздар ел арасында өте көп. Оның бәрін ойдан құраған ертегі деуге аузымыз бармайды. Расында, Мәшекең оқуы мен діні қатар қалыптасқан аса бір гипноздық қасиетке ие болған, көріпкелдігі бар, аруақты адам болған. Мен өз басым бұған кәміл сенемін. Бұл - Мәшекеңнің көп өнерінің бір қыры ғана еді. Мәшһүр Жүсіп Көпеев турасында оның бел шөбересі филология ғылымының кандидаты, доцент Жүсіпов Нартай Қуандықұлы былай деп жазады: «Мәшһүр-Жүсіп 5 жасында Баяндағы Байжан Смағұлұлының медресесінде Нәжімалдин хазіреттен оқиды. Ол баланың алғырлығын, зеректігін аңғарып, оны «Шар» кітаптан бастап оқытады. Жас кезінде Бұхарай-Шарифтер оқып, Дін ғылымын бітірген, кейін Ақмола облысында дуанбасы Керей Тұрсынбектің қасында бірнеше жыл тұрып, одан соң Омбы облыстық ахуны болып жүрген жерінде дуанбасы Мұса Шорманұлы шақыртуымен Баянға келген. Қамариддиннің шығыс мәдениетін, қазақ ауыз әдебиеті кең білуі және насихаттауы-бәрі болашақ ақынға шешуші ықпал еткені анық... Ол уақыттарда Мұса Шорманұлының Баян аула дуанына қараған халыққа аға сұлтан, дуанбасы болып тұрған күні екен, үйіне әдейлеп әкелі-балалы екеуін шақырып алып, бастан-аяқ тыңдайды. Әкесі Көпейге: «Мұнан былай бас киіміне үкі тақтырып қойың. Көз-тілге шет болмасын. Бұл бала өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен» - деп лепес қылған екен»2. С.Мұқанов айтпақшы «мәшһүр» атын өзі қосып алмаған екен. Ондай атақты алдымен Мұса Шорманұлы, кейіннен атағы жер жарып, даңқы алысқа кеткеннен кейін халықтың өзі де Мәшһүр Жүсіп атандырды. Ал, Нәжімалдин, Қамардин т.б. көп оқығаны бар үлкен хазіреттер расында да Шығыс мәдениетінің озық ойлы адамдары болды. М-Ж. Көпеев шығармасы - Қарахан дәуірі кезеңіндегі ескерткіштердің мазмұны мен өзектес. М-Ж. Көпеевті Орта ғасыр әдебиетімен байланысты зерттемей болмайды. Өйткені жалпы әдеби мұралардың бәріне ортақ бір нәрсе: жазба әдеби тіл дәстүрі мен тілдің даму барысында қалыптасқан шағатай /оның түркіленуі/, араб /оның түркіленуі/, парсы /оның түркіленуі/ қазақтың ауызша жеткен әдеби тілімен қатар келіп, жарыса жүріп өмір сүріп, бірте-бірте жазба әдеби тілге де еніп-кетіп, сырттан келген татар түркісінен, ноғай тілінен тазара жүріп, бізге нақты айтылуындай тазарып жетті. Ауыз әдеби тілі қазақ тілін әр түрлі тілдік ағымнан сақтап қалды. Тілдің сақтаушысы тек қана ақын-жыраулар ғана болмаған. Олар - әнші-сазгерлер, салдар, серілер, билер, шешендер, кейінен басқа жақта оқып келгендер толықтырды. Бай ауыз әдеби тіліне сырттан келген тіл еніп кете алмады. Қазір де солай болып жүр. Орыс тілінің 70 жыл емес, 200 жыл өктемдігінде де қазақ тілі сол ауыз әдебиетінің, былайша айтқанда ауызша жеткен әдеби тілдің арқасында жасампаздық көрсетті. Сондықтан да М-Ж. Көпеев тіл тазалығы үшін өмір бойы күресті. Ал, шығармасында кездесетін шағатай, орта ғасырлық түрік, арабтық түрік тілдерінің кейбір сөздері ұшырасуы қазақ оқығандарының, зиялыларының әдеттегі дәстүрлі жағдайы еді. Өзіне дейінгі тілден бірте бірте ажырай отырып, жаңа сападағы қазақ тілінің қалыптасу кезеңін басынан кешірді. Шеттен енген бұл бөтен сөздер әуелінде таңсық болғанмен келе-келе қазақтық сингармонизм заңына ұшырап, белгілі бір қосымшалар қабылдап, нақты қазақылық болып кетті. Бүгіндер, сөздіктің көмегімен ғана ажырататын дәрежеге жеттік. Орыс тілінің де ену, кері ену /кейбір түрік сөздерінің ұзақ уақыт орыстың сөздері болып келіп, қайыра үйірін тапты/ бұл сөздер де әуелінде жатырқап жат болғанмен, бірте-бірте қолданыс аясы кеңейе келе, қазақтық сингармонизмдік қыспағына шыдамай, біздің өзіміздің төл сөзіміз есебінде күнделікті тұрмыста пайдаланылып, сіңісіп тілдің ықпалында кетті. Бұдан біз қазақ тілі құрылымының сондайлық күшті екендігін көреміз. Орыс тілінің де субстрат /ұзақ уақыт өктемдік жасап келсе де/ бола алмағандығы сондықтан. Қазақ тілінің құрылымы, қазақ елінің құрылымымен тығыз байланысты.
М-Ж. Көпеев өзінің алдындағы Ислам әдебиетінің өкілдерінен көп үйренді. Оның ішінде: Әбунәсір әл-Фараби «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», Махмұд Қашқариден «Түркі тілдерінің жинағы» /«Диуани лұғат ит-түрік»/ ауызша әдебиет үлгілерін жинауды үйренсе, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасын оқып, адам мүмкіндігінің шексіздік жолдарын меңгеруді үйренді, Қожа Ахмет Яссауий шығармасы М-Ж. Көпеевтің ең бір сүйіп оқитын туындысына айналды. Мысалы, Қожа Ахмед Яссауий былай:
...Қирқ биримда ихлас қилдим йул топай деб,
Эранларди хар сир курсам мен епай деб,
Пиру муғон изин олиб мен унай деб,
Зоти улуғ Хожам, сиғниб келдим санго
-деп1 өзінің атынан ғақила айтады. Ал, М-Ж. Көпеев «Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлеген сөзі» - деген ұзақ өлеңінде:
Жер кезіп, салдым ғой шар мен қояндай,
Жанымды бір араға тыныш қоя алмай.
45 Басына жастады да дию тақтайын,
Не болды саған, бақытым, мұнша оянбай?
- деп2 ғақила қылады. Ахмет Йүгінекиден «Ақиқат сиын» оқып, тәлім-тәрбие, моральдік нормалардың не бір дидактикалық үлгісін үйренеді. Сүлеймен Бақырғани сопылық дәстүрді дамыта отырып, діни мазмұндағы адамгершілік ғашықтық сарындағы өлеңдерін жазып, М-Ж. Көпеевке әсіресе, сопылық жағы қатты ұнайды. Сопылық - тақуалық қуу яғни дүниелік көзқарас пен діни көзқарасты қатар ұштастыру. Істің бәрі бір алланың құдіретімен жүзеге асады дегенді насихаттау. Өзін өзі белгілі бір дәрежеде елден ерекше жағдайда ұстау. Тазалық, шындық, адалдық, бетке айту басты қағидаға айналған. Алтын орда дәуірінен «Кодекс Куман» әсер етсе, Насраддин Рабғузидің «Рабғузи қиссалары» М-Ж. Көпеевті өлеңнен дастан, қисса жазуға әкеледі. Рабғузидің «Нух ’алайһи с-салам хикаялары», «Лұқман Хаким хикаялары» М-Ж. Көпеевтің көптеген қиссаларына арқау болды. Құтыптың «Хұсырау-Шырыны», Хұсам Кәтиптің «Жұмжұма сұлтаны» имандылық қасиеттің биік шыңы бола білді. Сейф Сарайдың «Ядгарнама», «Сүһаил уа күлдірсіні» таптырмайтын дүниеге айналды.
«Қадым» ескі оқудан соң араб жазуы «жадид» арабша жаңа оқу-деген сөз соған бірте-бірте көшті. Ол - ғылымның алдыңғы жетістіктерімен жарақтанды. Қадым ислам дінін барынша қазақ даласына енгізу болса, жадид дүниауи ғылыммен ұштасып жатты. Екеуінің арасында бәлендей айырмашылық болмады. Бірақ, араб оқуы жетіле түсіп, жергілікті жердің ерекшелігіне байланысты дамыды. Бұл жазу араб және парсы тілдеріне негізделді. Жадидтік әдіспен араб және фарсы тілінде сарфын /грамматика/, сөйлем және сөз таптарын зерттейтін /нахв/, сөйлеу үрдісінде болатын жалпы дыбыстық жүйені зерттейтін /тадживид/ друсоашшифаһиясы /хрестоматия/ оқытылды. Жадидтік бағытта: Қазанда «Мұхаммадия», Уфада «Ғалия», Орымборда «Хұсаиния», Троицкийде «Уазифа» атты орта және жоғарғы дәрежелі білім беретін медіреселер ашылды. Русияға жеткен жадид ағымы татар мұсылмандарын көтерді. Татарлардың алғашқы діни көсемі Шиһабыддин Маржаниден болды. Алғашқы бағыттағы медреселер Русияның көптеген қалаларында ашылды. Осы бағытта «Уақыт» газеті, «Шура» журналы шықты. Русия татарларының ағымындағы мұсылмандар бірақ тілді жасау керек деген ұран тастады. Олардың негізгі ұран пан-азияшылдық, пан-исламшылдық, пан-түрікшілдік. Бұл ағым коммунизмнің қас жауы болды.
Жалпы, бұл ағымның идеясы дұрыс еді. Мұстапа Шоқай сол үшін елден безіп кетті. Сондай ілімнің ішінде М-Ж. Көпеев те болды. Қазір сол ілім қайта бас көтерді, аға бауырдан, бауыр ініден айрылған шақта қайта бір бірін іздей бастады. Түрік әлемінің бірігу дәуірі басталды. Бірақ, бұл дәуір ұзаққа созылады. М.-Ж. Көпеевпен үндес көптеген қазақтың идеядағы ағартушылар болды олар - Ақмола Мұхамедияров, Әбубәкір (Кердері) Шоқанов, Мақыш Қалтаев, Нұржан Наушабаев, Шаһді Жәңгіров, Жаяу Мұса Байжанов, Мұсабек Байжанов бұлардың ішіндегі алдыңғы үшеуі өте өзектес ақын-жазушылар болды. М - Ж. Көпеевтің XIX ғасыр мен XX ғасырда істеген (XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басы) істерін филология ғылымдарының кандидаттары Сейфиден Назымбекұлы (М-Ж. Көпеевтің әдеби мұрасы)1 ақынның бел шөбересі Жүсіпова Гүлназ Қуандыққызы (Мәшһүр Жүсіп дастандары)2 жан-жақты талдады. Әсіресе, Г.Қуандыққызы Мәшһүр Жүсіптің дастандарын бірінші рет аударма жасап, түсіндік беріп көпшілікке жария етті.
М - Ж. Көпеевтің жазба әдеби тіл болсын, ауызша дамыған /ауыз әдебиеті/ болсын әдеби тілін дамытудағы рөлі айтылмай жүр. Бұл - кезеңдегі әдеби тіл бір ғана адамның жетістігімен шектелмеу керек. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы күллі ақын-жазушылар, әнші-сазгерлер, билер мен шешендер, ел басындағы атқа мінерлер-бәрі де қазақтың әдеби тілінің дамуына, өрістеуіне ат салысты. Айта берсе, қыз алысу, қыз берісу, құдалық - жең ішінен жалғасып жатқан туыстық - бәрі қазақ тілін сақтап қалуға ықпал етті. М-Ж. Көпеевпен түйдей құрдас /туған, өмірден өткен жылдары да бір/ Шәкәрім Құдайбердиев тек қана ХХ ғасыр басындағы әдеби тілдің өрістетушісі болған жоқ өзімен тұтастармен біріге жүріп тіл үшін, оның тазалығы үшін де күресті. Шәкәрім мен Мәшһүр, Абай мен Сұлтанмахмұт тағдырлас еді. Бірі ерте, бірі кеш дүниеден қайтты. Бірақ, өмірлерінің ақырғы сәтіне дейін қазақ елі, тілі деп жырлап та, жылап та кетті. М-Ж. Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабынадағы (Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі) 1905 жылғы патшаның 17 октябріндегі (қазан-автор) манифесіне арналған. 1905 жылғы дүниежүзі құлақ түрген саясатқа үн қосу: ел, тіл, жер, думаға кісі сайлау сияқты келелі мәселені айту тек қана Мәшекеңнің қолынан келді. Ә.Бекейханов, М.Тынышбаев, А. Байтұрсынов сол уақытта қазақ елінің тағдырына ортақтасып, қалай үлес қосса Мәшекең де бір кісідей үлес қосты. Жердің ең бір шұрайлысын алып жатыр, сендер қазақтар быр-быр етіп ұйқы соғып жатырсыңдар деп, оянуға шақырды.
Мәшекең халықты ашық түрде оянуға, бірігуге, түрік жұртынан тірек іздеуге шақырды. Жалпы, Мәшекең мұсылмандар партиясында болған ішкі россия түріктерінің идеясын қолдаған. Біртұтас түрік республикасын жасау керек деген ұранды жүзеге асыруға ат салысқан. Мәшекең өз елі туралы:
Думада анық болды сайлау бары,
Құны асар артылғанның сонда шары.
Бәрі де бір ауызды болып жатыр,
Оянып бізден басқа халықтың бәрі.
Бостандық болмақ болып әр ұруға,
Бас қосты бір ауызда боп тұруға.
Бір қазақтан басқа жұрт ыңғайланды,
Бірігіп өз жынысымен жұрт болуға.
Тауып ал, тұман түспей тұстасыңды.
Жолдас бол, сынап алып қостасыңды.
Баласы дін-мұсылман ұрандасып,
Қосыл кісі саныса, қос басынды!
-деп1, күллі әлемге жар салады. М-Ж. Көпеевтің сол кезеңдегі, одан кейін де басты ұраны бостандық, теңдік болды. Елдік мәселесі, жер үшін күрес сонау жыраулар поэзиясынан белгілі бірақ, бостандық, теңдік туралы 1905 жылы айту тек қана Мәшекеңнің қолынан келді. Міржақыптың өзі «Оян қазақ!» - деді, ал, Мәшекең әрірек апарды, бұл сөзді ертеректеу айтып үлгерді. М.Дулат М-Ж.Көпеевті өте жақсы білген, шығармаларымен таныс болған. Мысалы:
Оралдан Әбубәкір молла шықты,
Омбыдан Қыпшақпайдай жорға шықты.
Торғайда Ақмолла мен Нұржан жатыр,
Шөже, Орынбай, Мәшһүр Жүсіп о да шықты
-деп, тегіннен тегін Міржақып Дулат М - Ж. Көпеевті өлеңге қоспайды. Демек, ақын М-Ж.Көпеевтің аруағына табынып өткен, шығармаларына тағзым етіп, бас иіп кеткен адам. Ұлылық осылай бірін-бірі түсінді. М-Ж.Көпеев егемендік алмай, түркі еліне қосылмай болмайтындығын айтты. Мәшекең көксеген, армандаған күн жүзеге асты. «1905 жылғы патша манифесі алдау боп шыққаны Мәшһүр Жүсіптің баспа бетін көрген шығармалары қайта қаралып, кітапты басып шығарушылар да, оның авторы да қуғынға
ұшырауынан анық көрінеді»1 - деп жазды Қайым Мұхаметханов пен ақын немересі Қуандық Мәшһүр Жүсіпов. М-Ж. Көпеев түркі халықтарының Орта ғасырлық әдебиетін ғана меңгеріп қойған жоқ: Әзірбайжан /Низами Ганджауи/; Мырза Фатали Ахунов, Әлішер Науаи /Өзбек/; Қырғыздан /Тоқтағұл Сатылғанов/; Түрікмен /Мақтымқұлұлы/; Қарақалпақ /Бердақ Шайыр/, Бердімұрат Қарғабайұлы; /Ұйғыр/ Біләл Назым/; Татар /Каюм Насыр, Ғабдолла Тоқай; Башқұрт /Мұқаметсәлім Үмітбай/; Тәжік /Әбілқасым Фирдауси/; Мүслихалдин Сағди, Әбдірахман Жәми ежелгі дәуір әдебиетінен кейінгі сусындап оқитын рухани азығына айналды. ХХ ғасыр әдебиетінен: Әзірбайжан /Самед Вургун, Ибрагим Мырза Алдар оғлы; Өзбек /Хамза Низами, Айбек/ Ғафур Гулям, Зүлфия/; Қырғыз /Аалы Тоқамбаев, Түгелбай Сыдықбеков/ бұлар да М-Ж. Көпеевтің назарынан тыс қалмады. Құлағы түрік, шеттің арғы бергісінен хабары мол ақын, бұның бәрін жанына түйді. Түркі халықтарына ортақ діни әдебиеттер, насихат кітаптар барлық көрші елдерде тарады мысалы: «XII быуатта йәшәгән терек суфыйы Шәйех Хәким Ата Бақырғандың төрбәһе шунда. Төрки халыктарға шиғри рәүештә дини әсәрзәр биргән Хәким Ата ижадын өйрәнеү менән, башлыса, рус ғалимы Залеман Һәм Төркиә профессоры Фуат Көпрүлү мәшғұл булды. Хәкім Атаның Қазанда 1857 йылдан бирле күп тапкыр басылған «Бакырған» исемле китабы быуат буйынса башланғыс мәктәптәрзә дәреслек кеүек укылды»2 - деп жазды Башқұртстандық Әхмәтзәки Вәлиди Туған өзінің «Хәтирәләр» - деген екінші кітабында. Міне, Башқұртстанда да Хәкім Ата Бақырғанның кітабын насихаттап, софылық діни ағымның қағидалары оқытылып, 1857 жылы Қазанда басылған нұсқасы барлық мектептерде оқытылды. Тіпті, қазіргі әдеби тілмен жазылған Башқорт журналын анықтап, ежелей оқыса түсіну оп-оңай. М-Ж. Көпеев екі томдық шығармалары жинағында /бірінші том/ түгел болмаса да мынандай араб-парсы сөздері кездеседі: Абрахман, Азалында, Алғуам, Әлип, ләм, нұн, Әмір-мәғурф, Әшһәрәт, Әшула, Бәһрә, баһра, Бәһа, Бәхил, Ғелаз, Дәлл, Ертеәзниет, Жәуһәр, Зәһр, Зәмғариар, Зүбәржат, Ингам, Ихсан, Каф, Китфа, Қалақ, Лағын, Миллат, Мекер, Мүбәрәк, Мүкәммәлім, Мүшәруә, Мұнаджат, Нәкес, Нәфс, пәруәй, Пәруәна, Пәст, Рәушән, Садап, Тамиғ, Тәуфик, тотия, ұлпат, үмбәт, фани, фатиха, фәрмен, фәрағат, Фида, Фердауыс, Хасил, Хикмәт, һәмматсыз, һомауын, Шафиғ, т.б.
М-Ж.Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі» еңбегінде берген түсініктемелерде:
1 Бұрыңғы нұсқасында жоқ жолдар мен сөйлемдермен толыққан.
2 Бұнда да солай.
3 Абад араб сөзі: «кейбіреу, біреу, әлдекім, бағзы» деген мағынаны береді деп ойлаймыз.
4 Бұнда да толықтыру.
5 Бұнда да толықтыру.
6 Бұнда да толықтыру.
7 Бұнда да толықтыру.
8 Шараф-араб сөзі: «құрмет, сый, тектілік», мағынада қолданылады. Тексте, (мәтінде-автор) біздіңше «тектілік» мағынасында жұмсалған болуы керек деп есептейміз.
9 Хабаса-араб сөзі: «түрмеге отырғызу, тоқтату» мағынасын береді. «Хана» сөзімен тіркесіп, «түрме» деген мағынасы білдіреді деп ойлаған жөн деп есептейміз.
10 Роушән-парсы сөзі: «жарық» мығынасын беріп тұр.
11 Хысәби-араб сөзі: «есептік, арифметикалық» деген мағыналарды береді. Яғни, «Хәсәблап» дегені «есептеп» дегенге саяды деп түсінген жөн.
12 Бұнда да толықтыру.
13 Халәл-араб сөзі: «заңды, рұқсат етілген» деген мағынаны береді.
14 Абжат-парсы сөзі: «араб алфавитінің көне реті» деген мағынаны береді.
15 Син-араб сөзі: «әріптің аты» мағынасын береді.
16 Жәд-араб сөзі: «ұлы болу, көңіл қою, ата-баба, ынта, зейін; түйінді мәселе» деген мағыналар орнына жұмсалады деп ойлаймыз.
17 Ніһәи-араб сөзі: «соңғы, ақырғы» мағынасын береді.
18 Мәһір-араб сөзі: «шебер, маман, әмбебап» мағынасын береді.
19 Сарафа-араб сөзі: «жұмсау, шығын қылу, уақыт, өткізу» сияқты мағынада жұмсалады. Біздінше, бұл жерде «уақыт өткізу» мағынасында жұмсалған болуы керек.
20 Қадиа-араб сөзі: «мәселе» деген мағына береді.
21 Кәбүрә-араб сөзі: «үлкен болу» ұғымын беріп тұр.
22 Мауду-араб сөзі: «қойылған» ұғымы дегенді береді.
23 Тауффаққа-араб сөзі: «табысқа жету, үлгеру» мағынасында жұмсалады.
24 Һідәиә-араб сөзі: «басшылық, дұрыс жолмен алып жүру» тәрізді мағыналар береді. Ал, мұнда, біздің ойымызша «дұрыс жолмен алып жүру» мағынасына сәйкес келеді деп ойлаймыз.
25 Мәхәлла-араб сөзі: «квартал, қала бөлігі» деген мағынаны береді.
26 Хадис-араб сөзі: «жаңа» мағынасында жұмсалады.
27 Шариф-араб сөзі: «шарапатты, адал, игі, таза» мағынасын береді.
28 Фадлл-араб сөзі: «мәртебе, мархабат» мағынасын береді.
29 Уа-араб сөзі: «және, мен, бен /шылаулар орнына/ жұмсалған деп есептейміз.
30 Кәррәмә-араб сөзі: «сыйлау, құрметтеу» мағынасында жұмсалған.
31 Мәлә-араб сөзі: «толықтыру, бір нәрсемен» мағынасын береді.
32 Мүжәз-араб сөзі: «рұқсат алған, арнайы өкілетті бар адам» мағыналарында жұмсалған дейміз.
33 Сәғә-/сәә/-араб сөзі: «тез ұмтылу, талаптану, тырысу» мағынасында қолданылады. Мұнда «талаптану» мағынасында берілген деп ойлаймыз.
34 Жаһат-араб сөзі: «бағыт, ойы құштарлық» ұғымдарын береді.
35 Хәл-араб сөзі: «бос» ұғымын беріп тұр.
36 Усул жәдит-араб сөзі: «жаңа метод, араб тілі негізінде жасалған жаңа қазақ алфавиті» деген мағынаны білдіреді деп түсінген жөн.
37 Харф-араб сөзі: «әріп дауыссыз дыбыс» мағынасын береді.
38 Рағбә-/рабә/-араб сөзі: «тілек, қалау, ұмтылу» мағыналарында жұмсалған.
39 Ләббә-араб сөзі: «сөз сөйлеу, дыбыс беру, үн қату» мағынасын береді деп есептейміз1.
Осының алдында айтып өткендей араб жазуына негізделген хадым жазуымен, өз заманының оқырмандары үшін жазған Мәшекеңнің қолжазбасын тез оқып кету мүмкін еместігін ақын шөбересі ф.ғ.к. Нартай Қуандықұлы жете байқаған. «Бұл жазудың қиындығы неде дегенде, жазу барысында сөз басындағы, сөз аяғындағы дауысты дыбыстар сақталғанымен, сөз ортасындағылардың көбіне көрсетілмеуінен дер едік» - деп жазды2. Расында да /аткелтір/ «атклтр» боп, /жаманат/ «жмнт» боп, /қазақ/ «қзқ» боп жазылатын. Өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болған Мәшекең сол кездегі газет, журналдарға үзбей мақала жазып тұрды. Мысалы «Дала уалаятына Мәшһүр Жүсіп ұзбей, белсеніп қатысқан: түрлі тақырыпта көптеген хабар, мақала жазған, бірсыпыра өлең жазып, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап бастырған» - деді профессор Б. Кенжебаев3. Шынында «Дала уалаяты» газетінде Мәшекең көтерген мәселелер әр тақырыпты қамтиды. 1890 жылғы 6, 7 сандарындағы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мақаласында қазақ елінің шаруашылығы, мәдени өмірі, оқу-ағарту ісі, қыз балаларды оқыту керектігі, кәсіппен айналысу, тәлім-тәрбие мәселесі, әдет-ғұрып, салт-сана, жанұя мәселесі туралы айтылған. Мақала соңынан «Жүсіп Көпеев» - деп қолтаңбасын қойған1. 1890 жылғы 46 санындағы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мақаласында қазақ тарихындағы үш Едіге туралы деректер беріліп, Сүйіндік руы туралы аңыздан үзінді келтірілген. Мақала соңынан «Юсуф Көпеев» деп қол қойған2. 1891 жылғы 20 санындағы мақаласында Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазғытұрымғы ауа райының қолайсыз кезеңдерін суреттей отырып, мал шығыны, аштық туралы мәлімет берген, халықты егін салуға үгіттеген3. Қазақ арасынан шыққан даналарға араб тілді түркі ғалымдары қатты әсер етті. Мысалы, «VIII-XI ғасырларда Бағдад шәһәрінде көптеген түркі ғалымдары болды: Абу Исқақ ибн Хасан ибн Қухий аль-Хурайми, Мұхаммед ибн Мұса ал-Хорезми уә Мәжуси, Абу-Ғаббас ал-Жауһари, Әбу Насыр әл-Фараби, Исхақ әл Фараби, Абу-Насыр Исмаил ал-Жаһари, Ахмед ибн Мұхаммед Ферғанауи, Ахмед ибн Абдулла Маруази, т.б. «Сол ерте кезде-ақ Бағдадта түрікше сөйлесетіндер жиі кездескен. Сондықтан да тарихи қарым-қатысты, мәдени, әдеби, тіл ықпалы мен ауысуын әңгіме еткенде, осы ауыс-түйістің екі жақты екенін есте тұту қажет болады» - дейді С.Талжанов4. Мұның аржағында түріктер қоныстанғаннан кейін көп жылдар үзіліп барып, арабтанып кеткен түрік сөздерін де айтып отыр. «Араб халифаты дәуірінде араб тілінің көптеген элементтері енді»5 - деді К.Аханов. Бұл орайда араб тілімен парсы тілінің бірге енгендігі туралы сөз болса керек. 1958 жылы В.А. Звягинцевтің «История арабского языкознания» деген еңбегі жарық көрді. Онда басқа тілдердің, араб тілінің көлеңкесі тұрғысында қаралғаны, араб тілінің грамматикасына тәуелді етілді - деп жазады. Бұндай пікірдің дұрыс еместігін П.М. Мелиоранский өткен ғасырдың аяқ кезінде жарық көрген «Араб-филолог о турецком языке» - деген еңбегінде көрсетті.
Араб тілді ғалымдар жазған түркологиялық зерттеулер өте көп болған соның кейбіреуі ғана біздің заманымызға дейін жеткен. Соның бірі Махмұд Қашқаридің XI ғасырда жасаған үш томдық кітабы /сөздігі/ бірге. Махмұдтың «Диуани лұғати түрік» - деп аталатын сөздігі түркологтар үшін таптырмайтын құралға айналды. Абулқасым Махмұт ибн Омардың «Муккаддимат әл-араб» сөздігі, 1343 жылы Египетте түрікше-моңғолша-парсыша салыстырмалы сөздік жасалды. Сөздіктің авторы белгісіз. Абу Хайалның 1312 жылы Каирда жазылған «Китаб ал-идрак-ли-лисан ал-атрак» кітабы. Джамал-Ад-Дин ибн Мұханнаның «Китаб хилат ал инсан уа халват-ал-лисан» - деген сөздігі. XIV ғасырдағы Жамал-Аддин Мұхамед ат-Түркидің «Түрік, қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренуге жазылған кітап», XIV ғасырдың аяғындағы Египетте басылған «Түрік тілдерін үйренушілерге арналған құрал» т.б1. Бұл арада араб, түрік тілдері жайында ішін-ара болсын пікірлер айтылып қалып жүрді. Мысалы: В.Радлов2, Қазіргі қазақ тілі3, Қазақ тіл тарихы мен диалектологиясының мәселелері4, Ғ.Қалиев, Ш.Сарыбаев5 Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиұлы6. Өздерінің алдыңғы қатарлы ғұламалар сияқты азды-көпті үлес қосып араб тілін, кірме сөздерді зерттеу ісі мұнымен де тоқталмады. Дегенмен, қазақ тілінің лексикология саласындағы араб жазуы, сөздері туралы біршама мағұлымат беретін еңбектер еді. Ғылыми дәреже алудағы жұмыста араб тілі мен парсы тілдерімен ұштасып жатыр. 1944 жылы Сәбитов Нығмет /1895-1955/ «Қазақ тіліндегі араб және парсы сөздері» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған. Бұдан 20 жыл кейін, 1964 жылы Л.З.Рүстемов «Қазақ тіліндегі араб-иран кірме сөздері» тақырыбында кандидаттық еңбегін жазған. Сол сияқты Е.Б.Бекмұхаметовтың «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» /1977/, Н.Д.Оңдасыновтың «Арабша-қазақша түсіндірме сөздік» /1984/, Л.З.Рүстемов «Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері» /1982/, «Араб-иран кірме сөздерінің қазақша-орысша түсіндірме сөздігі» /1989/, А.Дәдебаев, Ж.Қайранбаев «Арабша-қазақша сөздік» /1990/ жарыққа шықты.
Келесі сөз қылатын мәселе араб графикасына негізделген жазу туралы болмақшы. Бірақ, бұл мақалада біз әріптердің өзгеру принципіне, оның дыбысты беру әдіс-тәсілдеріне тоқталмаймыз. Тек қана ішін-ара араб графикасы туралы әңгіме қыламыз. Бұның ірі реформаторы әрине, Ахмет Байтұрсынов деп білеміз. Ол өзінің «Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері» - деген көлемді мақаласында жан-жақты араб графикасына негізделген әліпби туралы айтып өтеді. Араб хәріптерінің түрін бұзбай қазақтық дыбыстарды қалай беру жөнінде әңгіме қозғайды. Дауысты дыбыстарды сөздің жаны есебінде, дауыссыз дыбыстарды сөздің тәні есебінде қарастырады1. Араб-парсы сөздерінің тілімізге еніп, кей қазақтық сөздердің айтылу нормасын бұзды деп ең бірінші дауыс көтергендердің бірі Х.Досмұхамедов болды. «Араб-парсы сөздері біздің тілімізге дінмен бірге кіре бастады» - деп жазды2. Жалпы Х.Досмұхамедов араб-парсы тілдерінің елге еніп, дендеуін құптамады. Араб жазуының қазақ еліне тигізген пайдасы мен зияны туралы әр кезде талданып та, айтылып та жүрді. Кей зерттеу еңбектерде араб графикасы туралы шынайы пікірлер көрсетілді. Мысалы: Ғ.Мұсабаев3, Т.Қордабаев4, Мұхтар Құл-Мұхаммет5 т.б. Бұл орайда орыс әдебиетінде де Араб ойшылары туралы көп айтылып, олардың көне орыс ескерткіштері туралы айтқандарын мысалға келтіріп кетеді. Әсіресе, Ибн-Фодлан, Ибн-Эль-Недима, Масуди т.б. туралы жылы пікірлер білдіреді.1 Әрине, бір жағдайда мына айтылғандарға да келісе беруге болмас. Арамей жазуының негізінде: еврей, сирия, иран, араб төрт түрлі шығыс жазуы пайда болды дейді. Бұдан соң Пехлевилік /иран/ жазуынан ұйғыр, манжур, монғол, бурят жазуы шықты дейді.2 Бұл уәждарға келісу өте қиын. Мысалы, арамей жазуының да көне шумер жазуы бар. Ал, көне ұйғыр жазуының шығу тарихы мүлдем басқа. Түбі, бұл жазулардың бәрі көне шумер жазуына әкеледі. Ол туралы әңгімені кейінге қалтырдық. Қараханит кезеңінде жазылған шығармалар таза араб тілінде де, таза ұйғыр тілінде де жазылмады. Бұл кезеңдегі тілдік, сөздік ауысулар, дыбыстық өзгерістер нәтижесінде жүрді. Мысалы, «д» ның «ж» ға, немесе керісінше «д» ның «й» ға ауысуы сияқты. Бұл көне ескерткіштердің тілін зерттеу үшін сол кезеңнің тілдік даму ерекшеліктерін ескерген жөн. «Дана Хикар сөздігінің» жазылу ережесіне де көз жіберсек. Әр түрлі тілдік қабаттың куәсі боламыз. Оның құрамында: монғол, армиян, иран, славян, араб-парсы сөздері көптеп кездеседі3. Осы «Дана Хикар сөздігіндегі тілдік ерекшеліктерді «XIV ғасырдағы хандар жарлықтарының тілінен» де ұшыратамыз. Ол ортақ жазба әдеби тіл XI ғасырлардан бастап XV-XVI ғасырларға дейін, яғни халықтық тілдердің қалыптасуына дейінгі уақытты түгел қамтыған» - деді А.Ибатов4. Сондықтан орта түркі әдеби тілі белгілі бір орфографиялық, орфоэпиялық норманы ұстанған. Сол тайпаның әдеби нормасына лайықты болмаса да қолданыста жүрген. Мысалы, түркі құрамында жүрген қазақтық /ол кезде қазақ этонимінің әлі айқындалмаған тұсы/ болса да қазақтардың бертінгі тілінің дамуында әрқашан тазару үшін күрес жасағандығы байқалады. Бұл әсіресе ауызша жаныры қатты дамыған біздің елде жиі байқалады. Бұндай іргелес түрік тілімен араб-парсы сөздерінің жарыса, қабаттаса келуі әрине заңдылық еді. Бірыңғай түркілік жазба, бірыңғай арабтық, парсылық жазбаның басым түспеуі осындай жағдайға әкелді. Берітінгі «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нұсқаларында» да байқалады. Ол жөнінде Б.Әбілқасымов өте жақсы айтты: «Бұл кеңсе қағаздары тілінің орта азиялық түркі әдеби тілінің дәстүрін мықтап сақтаған тұрақты қалыптасқан стилі болды» - деген дұрыс баға еді1. Сол сияқты, филология ғылымының докторы Б.Әбілқасымов бұл айтылған ойын кейіндері де «Алғашқы қазақ газеттерінің тілі»2 еңбегінде де дәлелдей түседі. Осындай келелі пікірлерді Құлмат Өмірәлиев, Мекемтас Мырзахметов3, Мархабат Томанов4, Әрсен Ибатов5, С.Исабаев6, Р.Сыздықова7 т.б. ойларын тұжырымдап барып айтты.
Қорыта келгенде, әдеби тілдің тарихында Араб жазуының рөлі бар екендігі мәлім. М-Ж. Көпеев ауызша дамыған және жазбаша дамыған әдеби тілдің ұйтқысы бола білгендігі ал, оның бастау- көзінде сонау: шумер, арамей, түркі, түрки, араб, монғол т.б. тілдік даму барысында пайда болған өлі тілдерге айналып кеткен тілдер жатыр. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қос ғасырдың тоғысында әдеби ортаның мәшһүріне айналған М-Ж. Көпеев, өте күрделі дәуірде өмір сүрді. Оның шығармаларынан сол тілдердің ізін көруіміздің өзі заңдылық. М-Ж. Көпеевтің шығармаларынан сол сияқты орта ғасырлық түркі әдеби тілдің негіздерін көре аламыз.
Ауызша жинаған фольклорлық шығармаларында да ауызша дамыған әдеби тілідің ізі сайрап жатыр. Бұл орайдағы әңгіме бөлек. Ауыз әдеби тілін және жазба әдеби тілін қатар меңгерген ақын-жазушылар кемде-кем. М-Ж. Көпеевті замандастары: М. Дибердиев. «Қазақ балаларына қираәт кітабы» Қазан, 1910; М.Малдыбаев «Қазақша оқу кітабы» Семей, 1912; Шаһмардан оғлы «Кел, балалар оқылық кітабы» Қазан, 1898; М.Көшімов «Ақыл кітабы» Қазан, 1908; М.Нұрбайоғлы «Көргенді бала-үлгілі анан» Орынбор, 1911; Закария бин Ерғали «Қазақша әліфисі» Қазан, 1910; Мұхамедораз бин Ерғали «Қазақша әліпби» Уфа, 1910. «Әліппе яки төте оқу» Уфа, 1911. М.Малдыбаев «Қазақша ең жаңа әліпбе» Уфа, 1912. К.Ходжиков «Мектеп алқазақ әліфбе» Орынбор 1912. Кенжоғали бин Ғабдолла бин Серғали «Қазақша әліпбе кітабы» Қазан 1913; Н.Наушабаев «Мажумат қазақия» Қазан 1908; Әбубәкір Керделі «Әдебиет қазақия» яки Әбубәкір молла сөздері» Қазан, 1908; Сабал Ақылбек «Бес намаз» Қазан 1911; Ашмағамбет оғлы Баймбет «Назымлы ығтиқат» Орынбор 1913; Ақмола Мәшһүр «Шағыр Ақмолланың Шаһабуддин маржани мәрсиясы ва башқа шағырлары» Қазан 1907; Мәулекей Салсал Қазан, 1906; Нұрым оғлы Мырза Юсуф. Шай-маран, Қазан 1901; Қарымсақов Ақит. «Ахуал қиямет» Қазан, 1908; М.Тыныштықұлы. «Нахту-и-наби» Қазан, 1903; Ш.Кашафуддинұлы «Оқы намаз кітабы» Қазан, 1989; Н.Минаев. «Иманислам» Уфа, 1915 тілімен салыстырып барып, сонда ғана әрқайсысының өз ерекшеліктерін байқаймыз. М-Ж. Көпеевтің шығармаларының тілі - үлкен зерттеудің жүгін көтере алады деп сенеміз. Ол үшін М-Ж.Көпеев шығармаларының алды, артын сүзе қарап, тілдік дәрежесі қаншалықты дәл осы ақын тіліне тиесілі екендігін айқындау қажеттігі туындайды. М-Ж. Көпеевтің тілін зерттеу жеңіл шаруа емес. Бұл арада, М-Ж. Көпеевтің қазақ әдеби тілінің түзелуіне қаншалықты ат саласқанын байқауға болады. Оның түркілік изафеттен қашып, арабтық сөз саптаудан қашып, таза қазақтық негіздегі тілдік сыпат құрғаны шығармасынан көрінеді. Дегенмен, М-Ж. Көпеев те басқа тілдік кірмден ада болды десек жаңыламыз. Қазақ әдеби тілдің дамуына үлес қосқан, оның түзелуіне, тазаруына зор еңбек еткен М-Ж. Көпеев деп сеніммен айта аламыз. Және де М-Ж. Көпеевтің қазақ әдеби тілінің дамуында өзіндік орны болып қана қоймай, шығармаларының тіл ерекшелігі барлығын баса айтып, қазақ әдеби тіліне өз жаңалығын, тың ізденісін, ұлттық өрнегін ала келді десек артық айтпаймыз. Ұлы көштің әсері Парсы шығанағына да келіп жетті. Түрік әлемі бүгінгі аты мәлім Иран еліне де әсері болды. Ұлы Қытай Жібек жолы Түріктердің Парсы құрамында қалып қоюына, кейбіреуінің ұзақ жыл тұрып парсы тілін үйреніп түріктенген-парсылар болуына айғақ болды. Парсыланған түріктердің бірсыпырасы Араб-парсы шапқыншылығы кезінде өз Отанына қайтып оралуына да түрткі болды. Бірақ, олар түріктенгеннен көрі парсыларға көбірек ұқсады. Түрік және парсы /Иран/ әскерінің алма кезек соғысында Орта Азияға таяу орналасқан соғдалықтар өсіп жетілді. Бірде түріктердің құрамында жүріп Иран еліне дейін барған соғдыларда /қазіргі тәжікстан/ жері соғыстың ащы дәмін татты. Лев Гумилев бұл турасында былай жазды: «Қара-Сордың ұлы Янг Соух Шығыс Иранға бұзып-жарып кіреді»1. Түріктердің де Византия мен Иранның бітпес соғысына тартылып, ортақтасқанын тарих жақсы біледі.
Алдыңғы Азиядағы ең үлкен қала Вавилон күн сайын өсу үстінде болды. Евфрат өзенінің қос жағасын қуалай дамыған қала алынбас қамалға айналды. Шығысқа қарай арқасын кеңге салып созылып жатқан таулы-қыратты дала Парсы патшалығының көз жауын алды. Далалықтардың өмірі түріктердің өміріне ұқсады олар жылқы өсіріп, түйе жайлап, қой бақты. Парсылар жер-жерден көшіп қыс қонысы қыстау, жаз жайлауына барып мекендеп жүрді. VI ғасырда б.д.д. Кир патшасы өзін қағанмын деп жариялап күллі парсы тайпаларының басын біріктіріп, ассириялықтардың үлгісінде қуатты да күшті әскер құрды. Бұлардың құрамында әрине алғашқы соғыс кезіндегі қалып қойған парсыланған түріктер де болды. Көшпенділердің әскер құрамында түйелі және атты жауынгерлер болды. Олар садақпен қаруланып, өте дәл ататын еді. Парсы патшалығы VI ғасырдың соңы мен V ғасырдың алғашқы ширегінде б.д.д. Инд өзенінен бастап, шығысында Египет және Эгей теңізіне дейін жайылып жатты. Дарий патшалығы кезеңінде VI-V ғасырдың басында б.д.д. Парсы патшалығының өркендеу дәуірі болды1.
«Ұлы Қытай Жібек» жолындағы кең байтақ Қазақ даласына Иран деген атпен кейін пайда болған мемлекет /мемлекеттік тілі парсы тілі/ келіп жетті. Бұл тіл көбіне соғда /соғдиана/ иран тілі деп те аталды. Себебі, олар /соғдылар/ VII ғасырда сауда-саттық, егін шаруашылығы мен қолөнері жедел қарқынмен дамып, діни сенім-нанымдары бір-бірімен бейбіт қатар өмір сүріп жатты. Қытайдан-Византияға құбылып аққан жібек бұлағының бір бөлшегі жолай ауыр алтын құймалар түрінде Бұхарда, Самарқанда, Шашта /Ташкент/, Қашқарда, Күчта, Тұрфанда шөгіп қалады, сол алтыннан көпестер мен диқандар әйелдеріне арнап, әшекей мүліктерін жасатады.
Достарыңызбен бөлісу: |