Тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 4,28 Mb.
бет6/17
Дата22.05.2018
өлшемі4,28 Mb.
#15654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
4) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы –уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иелене алатын немесе:

жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру;

жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі болатын жеке немесе заңды тұлға (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);»;

«6) бақылау – заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол мынадай талаптардың бірі болған:

бір тұлғаның заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) елу пайызынан астамын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленуі не заңды тұлғаның акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;

бір тұлғада заңды тұлғаның басқару органының немесе атқарушы органының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;

Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне енгізілген;

бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайды;»;

10) және 34) тармақшалар алып тасталсын;

3) 18-баптың 2-тармағының 4-3) тармақшасы «жасасқан жағдайда» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 45-2-бабының 4-1-тармағында белгіленген жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 26-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


«1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi кастодиандық шартқа сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен үлестес емес кастодиан - банкте сақталады және соның шотында есепке алынады.

Үлестес тұлғалардың тізбесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында белгіленеді.»;

3-тармақтың бірінші бөлігінде:

«дереу» деген сөз алып тасталсын;

«жинақтаушы зейнетақы қорын» деген сөздерден кейін «келесі жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 27-1-баптың 4-тармағындағы «2012» деген цифрлар «2015» деген цифрлармен ауыстырылсын;

6) 30-бапта:

тақырыбы «Салымшының» деген сөзден кейін «(алушының)» деген сөзбен толықтырылсын;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы (алушы) арасында мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында көрсетілген, уәкілетті органмен келісілген және жинақтаушы зейнетақы қорының Интернет-ресурстарында жарияланған жинақтаушы зейнетақы қоры, оның филиалдары және (немесе) өзге де бөлімшелері (өкілдіктерін қоспағанда) орналасқан жерден тыс жерде жасасқан жағдайда салымшының (алушының) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы қолтаңбасының түпнұсқалығын нотариус немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік берілген өзге де адамдар куәландыруға тиіс.

Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың есебін олар жасалған жерді, салымшы (алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қол қойған кезде қатысқан нотариустың және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болғанда) көрсете отырып жүргізеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.».

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу үшін адамдарды тарту процесінде осы адамдарға:

1) ақша;

2) бір сыйлық үшін құны айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен асатын, жинақтаушы зейнетақы қорының атауы жазылмаған сыйлықтар ұсынуға (беруге) тыйым салынады.

Осы тармақтың талаптары жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың барлық қызметкерлеріне қолданылады.»;

2-тармақта:

2) тармақшада:

«салымшының» деген сөз «алушының және (немесе) салымшының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«егер ол» деген сөздер «егер салымшы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«немесе оның атауы» деген сөздер «, сондай-ақ атауы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«банктiк реквизиттерi (егер ол заңды тұлға болса)» деген сөздер «заңды тұлға болып табылатын салымшының банктік реквизиттері» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) тармақша алып тасталсын;

7) 31-4-баптың 1-тармағындағы «құжаттар топтамасын алған кезден» деген сөздер «талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 33-бап алып тасталсын;

9) 35-бапта:

6-тармақта:

2) тармақша «үш ай ішінде» деген сөздерден кейін «меншікті капиталының жеткіліктілігі мен зейнетақы активтерінің кірістілігі бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

3) тармақшадағы «ықпал ету шараларын» деген сөздер «санкцияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Филиал, өкілдік туралы ережелерге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жинақтаушы зейнетақы қоры әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға:

1) филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін;

2) филиалдың, өкілдіктің есептік қайта тіркелгені туралы нотариат куәландырған куәліктің көшірмесін ұсынуға міндетті.

Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жинақтаушы зейнетақы қоры әділет органының жинақтаушы зейнетақы қорының хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жинақтаушы зейнетақы қорының көрсетілген құжатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.»;

10-тармақтағы «талап етуге құқылы» деген сөздер «талап етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 36-бапта:

1, 1-1 және 1-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының резиденттерi-жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және (немесе) акционерлерi бола алады.

Ұлттық басқарушы холдинг Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде ғана жинақтаушы зейнетақы қорының акционері бола алады.

1-1. Рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы және (немесе) акционерi бола алады. Рейтингтік агенттіктердің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтингі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттерi - жинақтаушы зейнетақы қорларының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқылы емес.»;

1-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының резиденті еместерге (сенімгерлікпен басқаруға берілген), сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға атысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының резиденті еместерге тиесілі (сенімгерлікпен басқаруға берілген) ұйымдарға тиесілі дауыс беретін акцияларының жиынтық саны осы жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауға тиіс.»;

1-3 және 1-4-тармақтар алып тасталсын;

2-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

4-тармақ алып тасталсын;

11) 36-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«36-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе

зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды

жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы



1. Бірде-бір тұлға дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иелене, пайдалана және (немесе) оған билік ете алмайды, сондай-ақ уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан да көп пайызына қатысты қабылдайтын шешімдерін бақылай алмайды немесе оларға ықпал ету мүмкіндігі болмайды. Бұл талап мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларға қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар негізгі рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған кезде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуы мүмкін. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызын жанама иеленуді көздейтін немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей иеленетін немесе талап етілетін ең төменгі рейтингі бар, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның он немесе одан да көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін көрсетілген рейтингтің болуы талап етілмейді.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған (артықшылықты немесе сатып алынған акциялары шегеріле отырып) немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызы жиынтығында тиесілі және мынадай:

1) акционерлердің жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;

2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізу;

3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның аудитін өз есебінен жүргізуі мәселелері бойынша олардың шешім қабылдауын көздейтін өздерінің арасында жасалған келісімнің негізінде әрекет ететін акционерлер жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болып табылмайды.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді кері қайтарып алу қағидаларын, көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

4. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.

5. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы - жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бұрын сатып алған және сатып алатын акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.

6. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын, оның ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, бұрын сатып алынған акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері:

кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен түскен кірістер;

өтініш берушінің құжаттамамен расталған жинақ ақшасы болып табылады.



Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшін сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшердегі ақша осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген қаражат көздеріне қосымша пайдаланылуы мүмкін.

Өтініш беруші жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған кезде сыйға тартушы туралы және аталған мүліктің сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мәліметтерді;

2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне берілген (ол болғанда) сенімхатты;

3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауы ықтимал болғанда, осы қордың немесе ұйымның қайта капиталдандыру жоспарын;

5) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;



6) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес, өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешегі туралы ақпаратты;

7) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді ұсынады.

Қазақстан Республикасының резиденті емес - жеке тұлға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1)–7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының акцияларын сатып алуға осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының осындай рұқсат аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні жөніндегі өтінішті ұсынады.

7. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мынадай құжаттарды:

1) өтініш берушінің органының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін, сондай-ақ өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін;

2) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызын иеленетін, сондай-ақ шартқа орай не осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға немесе өзгеше түрде бақылауда ұстауға (дербес немесе басқа тұлғалармен бірге) мүмкіндіктері бар тұлғалар туралы мәліметтер мен растайтын құжаттарды;

3) осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

4) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

5) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

6) білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері жөніндегі қысқаша деректерді;

7) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс ету алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;

8) ірі қатысушы мәртебесін иеленгеннен кейін өтініш берушінің және жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебені иеленудің қаржылық салдарының талдамасын, шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, егер бар болса, өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның активтерін сату, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметін қайта ұйымдастыру немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын табыс етеді.


8. Жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:

1) осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді;

3) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін ұсынады.

9. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:

1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыруға өтініш берушінің уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін ұсынады.

Жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын сатып алуға ниеттенетін, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауын ұсынады.


10. Жинақтаушы зейнетақы қорының орналастырылған акцияларының жиырма бес пайызын (артықшылықты және сатып алынған акциялар шегеріле отырып) немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) иелену үлесімен жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге тілек білдірген тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызын иелену үлесі бар, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан да көп пайызын иелену үлесі бар ірі жинақтаушы зейнетақы қорының қатысушысы осы бапта белгіленген тиісті мәртебені иелену шеңберінде ұсынған бизнес-жоспарды қарайды.

Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының бизнес-жоспарын қарау нәтижелері туралы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының бизнес жоспарын жинақтаушы зейнетақы қорын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды даму стратегиясына (даму жоспарына) енгізу не енгізбеу туралы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.


жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау