01.01.2015 редакциясында
Жарияланған: Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңы
Халықты жұмыспен қамту туралы
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган", "Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздер тиiсiнше "Уәкiлеттi орган", "Уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84 Заңымен.
Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші Қазақстан Республикасының нысаналы топтардағы азаматтарын жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарт негізінде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
3) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
4) еңбек нарығы – экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
5) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамтылу – Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке, жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi;
6) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеу шығындарының бір бөлігін өтеу;
7) жастар практикасы – жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып ұйымдастыратын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асыратын еңбек қызметінің түрі;
8) жеке жұмыспен қамту агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
9) жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
10) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;
11) жұмыспен қамтылу – жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты және (немесе) табыс немесе кіріс әкелетін еңбек қызметі;
12) жұмыспен нәтижелi қамтылу – орнықты экономикалық өсу мен әлеуметтiк тиімділікті қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтылу;
13) жұмыссыздар – кіріс әкелетiн еңбек қызметiмен айналыспайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
14) жұмыссыздық – экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек нарығында қажет болмай қалуынан туындайтын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;
15) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi;
16) Қазақстан Республикасының табысы аз азаматтары (отбасылары) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
17) қоғамдық жұмыстар – жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн уәкілеттi органның жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi;
18) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде осы Заңмен белгiленген адамдар топтары;
19) орталық атқарушы орган – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
20) өз бетiнше жұмыспен айналысушылар – жеке тұтынуға арналған өндірісті қоса алғанда, табыс алу үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірумен (өткізумен) дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін қызметкерлері және жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер;
21) уәкiлеттi орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi;
22) ұзаққа созылған жұмыссыздық – он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;
23) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
24) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;
25) экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) – тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар);
26) экономикалық тұрғыдан енжар халық – жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыссыздар болып табылмайтын жеке тұлғалар.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
2-бап. Жұмыспен қамтылған халық
Жұмыспен қамтылған халыққа:
1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, соның iшiнде жұмысты сыйақы үшiн толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетiн өзге жұмысы (қызметi), табысы бар;
2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын;
3) өз бетiнше жұмыспен айналысатын;
4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша өткiзетiн;
5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң мүшелерi;
6) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекiтiлген;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында қызмет өткерiп жүрген;
8) қоғамдық бiрлестiктердi, қоғамдық қорларды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда, ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын, мүлкiне құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүлiктiк құқықтары сақталмайтын адамдар жатады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84 Заңымен .
3-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.01.16. N 121 Заңымен.
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргiзілуiн қамтамасыз етедi.
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;
3) бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға;
6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
7) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:
1) алып тасталды
2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;
3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.
2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Нысаналы топтарға:
табысы аз адамдар;
жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді.
Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.10.22 N 84, 2007.05.15 N 253, 2009.05.05 N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫН IСКЕ АСЫРУ
5-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
9) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 2-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
6-бап. Орталық атқарушы орган
1. Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртiбiн, оның құқықтық мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
1) халықты жұмыспен қамту саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыруға;
1-1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға;
2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөлуге;
7) мүдделi органдармен бiрлесе отырып, кадрлар әзiрлеу мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтауға;
8) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
9) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9-1) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгі жарғысын әзірлеуге және бекітуге;
9-2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарына жатқызу критерийлерін айқындау тәртібін бекітуге;
9-3) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындары дерекқорына енгізу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынуға арналған нысандарды әзірлеуге және бекітуге;
9-4) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгі ережелерді әзірлеуге және бекітуге;
9-5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-6) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-7) жастар саясатын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-9) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-10) микроқаржылық ұйымдарға және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру тәртібін бекітуге;
9-11) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін бекітуге;
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.01.27 N 524, 2007.01.11 N 218, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыру;
3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау;
4) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсету;
5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
5-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;
5-2) жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу;
5-3) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру;
5-4) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру;
5-5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
5-6) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
5-7) жастар практикасын ұйымдастыру;
5-8) еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
5-9) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету;
6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.01.27 N 524, 2005.04.13 N 40 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.10.22 N 84, 2009.01.16 N 121, 2010.04.29 № 272-IV; 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Уәкiлеттi орган
1. Уәкiлеттi орган:
1) өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлерге жұмыс күшiмен қамтамасыз ету мүмкiндiгi туралы хабарлап отыруға;
2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналасу және оқу үшiн жолдама беруге;
3) еңбек рыногы бойынша деректер банкiн түзуге;
4) адамдар өтiнiш жасаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей тiркеуге, оларды есепке қоюға;
5) кәсiби бағдарлау iсiнде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге;
6) жұмыссыздарды олардың келiсiмiмен қоғамдық жұмыстарға жiберуге;
7) жұмыссыздарды еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес, кейіннен оларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуге;
7-1) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды өздері өтініш білдірген жағдайда еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберуге;
7-2) күші жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама беруге;
9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауға;
10) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыруға мiндеттi.
2. Уәкiлеттi органның:
1) жұмыс берушiге жұмыс күшi қажет болған жағдайда, оларға азаматтар мен жұмыссыздарды жiберуге;
2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың аумағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
3) бiлiм беру мәселелерiн қарайтын мемлекеттiк органдардан, білiм беру ұйымдарынан, әртүрлi ұйымдардың мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын оқу курстарынан бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру туралы мәлiметтер, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға;
4) еңбек делдалдығын көрсетуге құқығы бар.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.01.27 N 524 , 2005.10.22 N 84, 2009.01.16 N 121, 2009.05.05 N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін дамыту;
2-1) кадрларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау;
3) құрылымдық өзгерiстер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;
5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкерлерді сақтандыру арқылы қатысады.
2. Жұмыс берушi:
1) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат беруге;
1-1) күші жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiберуге;
3) уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;
4) мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының белгiленген квотасын орындауға;
5) уәкiлеттi органға алған мамандығы мен бiлiктiлiгiн көрсете отырып, кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге;
6) жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпараттарда еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарға жол бермеуге міндетті.
3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.01.27 N 524, 2005.10.22 N 84, 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.15 N 253, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.05.05 N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.29 № 272-IV, 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi
1. Жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң:
1) өтiнiш жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша консультация беруге;
2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және өтiнiш жасаған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге;
3) жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға;
4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;
5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;
6) өтiнiш жасаған адамдарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырып, бұдан кейiн жұмысқа орналастыруға;
7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкету үшiн рұқсат құжаттарын ресiмдеуге құқығы бар.
2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:
1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;
2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де мақсатта пайдалану үшiн тартуға жол бермеуге;
4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға мiндеттi.
3. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды.
4. Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкетуге байланысты қызметті жеке меншік жұмыспен қамту агенттiктерi жүзеге асырады.
Шетелдiк жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердің атына кепілді жарна енгiзу арқылы шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына кепiлдiк берілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Кепілді жарнаны Қазақстан Республикасының банктеріне енгізу тәртібін, шарттарын және олардың мөлшерін орталық атқарушы орган айқындайды.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.10.22 N 84 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.06 N 276, 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
11-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту
1. Iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота белгiлейдi.
Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушіге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы нормалары:
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмдi;
дербес бiлiм беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бiлiмдi;
Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларында жұмыс істейтін, сондай-ақ аталған заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге тартатын ұйымдарда басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсiптер тізбесіне және санға сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтін;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің индустриялық-инновациялық даму саласындағы құжаттарында дамытылуы көзделген жоғары оқу орындарында басшылар және жоғары білімді оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар;
индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган біліктілігі жоғары шетел мамандарын тартуға инновациялық грант беру туралы шешім қабылдаған ұйымдарда басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
ұлттық даму институттарында, олармен байланысты ұйымдарда басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының дербес кластерлік қорында басшы және жоғары бiлiмді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жұмыс істейтін;
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар немесе қатысушылардың қызметкерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
2. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі.
2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін адамдарды қоспағанда, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсаттар береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.
3. Квота белгiлеу тәртiбiн, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) жұмыстар мен кәсiптердiң бiлiктiлiк анықтамалығына және қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиiс.
5. алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.01.27 N 524, 2006.06.05 N 146, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.06 N 276, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
12-бап. Халықты жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық бағдарламалары
Ескерту. 12-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12-1-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды санаттар бойынша іріктеу мен бөлуді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын айқындауды;
2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға бейімдеу қызметтерін және психологиялық қолдау көрсетуді;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және оралмандармен әлеуметтік келісімшарт жасасуды;
4) осы Заңның 20-1-бабында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды ұйымдастыруды;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсынуды жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН МЕМЛЕКЕТТIК ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
13-бап.
Ескерту. 13-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.
14-бап. Жұмыссыздықтан мемлекеттiк әлеуметтiк қорғау
Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың мынадай түрлерiн көрсетедi:
1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2) кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру;
3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарда iстейтiн жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
3-1) күші жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.01.16 N 121; 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Жұмыссыздарды тiркеу
1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін уәкiлеттi органға өтiнiш жасайды.
2. Уәкілетті орган жұмыс іздеп жүрген адамды – жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде электрондық құжат нысанындағы өтініш негізінде жұмыссыз ретінде тіркеуді жүзеге асырады.
3. Уәкiлеттi орган өтініш жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтiнiш жасаған адамдарды мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш беруші туралы деректерді тексергеннен кейін нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына мәлiметтердi енгiзу жолымен жұмыссыздар ретiнде тіркейді.
Уәкiлеттi орган өтініш берушіні жұмыссыз ретінде тіркеген және есепке қойған немесе тiркеуден бас тартқан күннен бастап:
1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде бір жұмыс күнінен;
2) уәкілетті органға өтініш жасаған кезде үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
4. Уәкiлеттi органда тiркелген жұмыссыздар – күнтiзбелiк он күн iшiнде кемiнде бiр рет уәкiлеттi органда, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
16-бап. Жұмыссызды есептен шығару
1. Уәкiлеттi орган жұмыссызды мынадай жағдайларда:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен жазбаша түрде бас тартқанда;
2) уәкiлеттi орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына келмегенде;
3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшiн бес жұмыс күнi ішінде дәлелсiз себептермен уәкiлеттi органға келмегенде;
4) жұмыссыз уәкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқанда;
5) жұмыссыздар осы Заңның 15-бабының 7-тармағында көзделген уәкiлеттi органға келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;
6) тұрғылықты жерi өзгергенде;
7) осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыспен қамтылғандар санатына жатқызылғанда;
8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда, есептен шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-6) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң ғана уәкiлеттi органда қайтадан тiркеле алады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84, 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.
17-бап. Тiркелген жұмыссыздардың мiндеттерi
1. Жұмыссыздар:
1) осы Заңды сақтауға;
2) уәкiлеттi органдарға келiп тұрудың тәртiбiн, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;
3) уәкiлеттi орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге өтiнiш жасауға;
4) уәкiлеттi органға:
тұрғылықты жерiн ауыстыруды;
тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануды;
ұйымдық құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;
зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi дер кезiнде (бес жұмыс күнi iшiнде) табыс етуге мiндеттi.
2. Жоғарыда аталған мәлiметтердi жасырған немесе көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жасанды құжаттар табыс еткен жағдайда, жұмыссыздар тiркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкiн.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84 Заңымен .
18-бап. Лайықты жұмыс
1. Тiркелген жұмыссыз азаматтар үшiн кәсiби даярлығына, еңбек стажына және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көлiктiң қолайлылығына сәйкес келетiн жұмыс, ал жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын, табысы аз адамдар қатарындағы адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс та лайықты жұмыс деп есептеледi. Көлiктiң қолайлылығын тиiстi атқарушы орган айқындайды.
2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ, екi жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшiн - алдын-ала кәсiптiк даярлықты талап ететiн жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкiн болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшелiктерi мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескерiлетiн басқа ақы төленетiн жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
3. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар үшін орташа айлық жалақысы олардың соңғы жұмыс орнындағыға қарағанда жоғары болатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін жұмыс лайықты деп есептеледі.
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253, 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.
18-1-бап. Әлеуметтiк жұмыс орны
1. Әлеуметтiк жұмыс орнын құруды жұмыс берушi жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негiзде жүзеге асырады.
2. Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбекақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi қамтылуға тиiс.
3. Әлеуметтiк жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшелiктерi болады:
1) нысаналы топтарға әдейi арналады;
2) жұмыс орындарының саны шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
4. Алынып тасталды.
Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84; өзгеріс енгізілді - 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-2-бап. Жастар практикасы
1. Жастар практикасынан өту үшін жұмыс орнын ашуды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарт негізінде жүзеге асырады.
2. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемі, еңбекақы мөлшері және оны төлеу шарттары, жастар практикасын қаржыландыру мерзімі және көздері қамтылуға тиіс.
3. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын ұсыну немесе ашу арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері бар:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері арасынан тіркелген жұмыссыздарға нақты арналады;
2) орындалатын жұмыс түлектің меңгерген кәсібіне (мамандығына) не оның біліктілік деңгейіне сәйкес келуге тиіс;
3) жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
4) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру
1. Уәкілетті орган кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға:
1) егер олардың қажетті кәсіптік біліктілігі болмауына байланысты лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаған жағдайда, жұмыссыздарды;
2) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды;
3) күші жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен еңбек рыногының қажеттiлiгi ескерiле отырып, бюджет қаражаты есебiнен орталық атқарушы органның жолдамасы бойынша білiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда жүргiзiледi.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан өтіп жатқан табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыссыздардың, жұмыспен қамтылғандар мен жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк атаулы көмек алуға құқығы бар.
3. Нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыздар кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан басым тәртiппен өту құқығына ие болады.
4. Уәкілетті орган кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберген, оқуды өз бетінше, дәлелсіз себептермен тоқтатқан адамдар уәкілетті органда қайтадан тіркелген (өтініш берген) күннен бастап бір жыл өткеннен кейін оқуға қайтадан жіберілуі мүмкін.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.10.22. N 84, тақырыбына және 1, 2, 3-тармақтарға өзгерту енгізілді - 2009.01.16. N 121, 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
20-бап. Қоғамдық жұмыстар
1. Қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдарда ұйымдастырады және олар бюджет қаражаты және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
2. Азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады. Нысаналы топтарға кiрген жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысу құқығы бар.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан адамдар уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген (өтініш берген) күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкін.
4. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:
1) жұмыссыздарға әдейi арналған;
1-1) күші жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды;
3) жұмысты толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi график бойынша ұйымдастыру мүмкiндiгi болады;
4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдасы болады;
5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк бередi.
5. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша:
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
2) аймақтардағы ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi бекiтiледi.
6. Авариялар, дүлей зiлзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
8. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.
9. Осы Заң қылмыстық заңдарда көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.
Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.10.22. N 84, 2007.05.15. N 253, 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:
1) оқытуды және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді;
2) ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді;
3) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды қамтиды.
2. Оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
1) оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
2) стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына жіберу;
3) білім алушыларға (оқу орнына дейін және қайтарында жол жүруіне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйді жалдаумен (жалға алумен) байланысты шығындарды өтеуге) субсидия беру;
4) лайықты бос жұмыс орындарын іздестіру және жұмысқа (оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына) орналасуға жәрдемдесу;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;
6) психологиялық бейімдеу арқылы іске асырылады.
3. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
1) микрокредиттер беру;
2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
3) консультативтік қызметтер ұсыну;
4) кәсіпкерлік негіздерін оқыту арқылы іске асырылады.
4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға бағытталған шаралар:
1) көшуге субсидиялар беру;
2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
3) психологиялық бейімдеу;
4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына қызметтік тұрғын үй беру арқылы іске асырылады.
Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ МЕН ЕСЕПТІЛІК
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
21-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы ведомстволық статистикалық байқау
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайға, сондай-ақ еңбек рыногындағы ахуалға, оның болжануы мен реттелуiне объективтi баға беру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқау жүргізіледі.
2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған немесе өздерінің қарамағында жұмысқа орналасуға рұқсаттар алған шетелдік қызметкерлер жұмыс істейтін жұмыс берушілер уәкiлеттi органға және ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде алғашқы статистикалық деректерді табыс етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органдар мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік кіріс органдарымен, ішкі істер органдарымен және республикалық және өңірлік деңгейдегi басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әр тараптың өз функцияларын орындауы үшiн қажет болатын есептi құжаттамамен және мәлiметтермен өтеусiз негiзде алмасады.
4. Уәкiлеттi органдар орталық атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде алғашқы статистикалық деректерді табыс етедi.
Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.06 N 276, 2009.05.05 N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
22-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.10.22 N 84, 2006.06.05 N 146, тақырыбына және бірінші бөлікке өзгерту енгізілді - 2009.01.16 N 121, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-1-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-1-бап жаңа редакцияда - 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
23-бап. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңнамасының бұзылғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.01.27. N 524, тақырыбына және мәтінге өзгерту енгізілді - 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.
-
Қазақстан Республикасының
|
|
Президенті
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |