«КӘСІПҚОР» ХОЛДИНГІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫ
Техникалық және кәсіптік білім беру
мамандықтары бойынша модульдік-
құзыреттілік тәсіл негізінде оқу жұмыс
бағдарламалары мен оқу жоспарларын
жөніндегі
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
АСТАНА
2016
5
Әзірлеушілер: Бөрібеков Қ.Қ., Сабырова Р.Б.
Ұсынымдардың мақсаты – техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мем-
лекеттік жалпыға міндетті стандарттары талапта-
рының шеңберінде модульдік-құзыреттілік тәсіл
негізінде оқу жұмыс бағдарламалары мен жоспар-
ларын әзірлеумен айналысатын педагогикалық,
ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік қызметкер-
лерге көмек көрсету
Ұсынымдарға техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бой-
ынша модульдік-құзыреттілік тәсілі негізінде
оқу жұмыс бағдарламалары мен жоспарларының
құрылымын ресімдеуде және құру технология-
сында әзірлеушілердің мүмкіндіктерін кеңейтетін
қосымшалар қоса беріледі.
Әдістемелік ұсынымдар білім беру ұйымда-
рының басшыларына, әдіскерлеріне техникалық
және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу жұмыс
бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу және
құру кезінде қолдануға арналған.
6
Әдістемелік ұсынымдар «Кәсіпқор Холдингі»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ғылы-
ми-әдістемелік кеңесінің 2016 жылғы 5 шіл-
дедегі № 2 шешімімен оқу орындарының техника-
лық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі
білім беру мамандықтары бойынша модульдік-құ-
зыреттілік тәсілі негізінде оқу жұмыс бағдарлама-
лары мен жоспарларын әзірлеу барысында қолда-
нуы үшін мақұлданған.
Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары
бойынша модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде оқу жұ-
мыс бағдарламалары мен оқу жоспарларын әзірлеу және
рәсімдеу жөніндегі Әдістемелік ұсынымдардың сапасын
жақсарту жөніндегі барлық ескертулеріңіз бен ұсыны-
старыңызды мына электрондық мекен-жайға жіберу-
леріңізді сұраймыз:
kboribekov@twet.kz
,
rsabirova@twet.kz,
rsabirova@bk.ru
7
Техникалық және кәсіптік білім беру
мамандықтары бойынша оқу жұмыс
бағдарламалары мен жоспарларын
әзірлеу жөніндегі
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
Кіріспе
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес жұмыс оқу жоспарлары мен оқу
жұмыс бағдарламаларын әзірлеу және бекіту білім
беру ұйымдарының құзыретіне жатады ( «Білім
туралы» ҚР Заңының 43-бабы 3-тармағы
(2-тармақшасы).
Оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні (сабақ) бой-
ынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің,
дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін
айқындайтын бағдарлама ҚР «Білім туралы»
Заңының 1-бабын (45-тармағы).
Мамандықтар бойынша кәсіптік оқытудың
мазмұны пәндер және оқу қызметінің немесе мо-
дульдерінің әр алуан түрлері бойынша үлгілік
және жұмыс оқу бағдарламалары түрінде мемле-
кеттік жалпыға міндетті стандарттары талапта-
рына сәйкес әзірленетін білім беру бағдарламала-
рымен анықталады.
Оқу жұмыс бағдарламасы нақты оқу пәні/
модулі немесе кәсіптік практика бойынша білім
алушының дайындық деңгейі мен мазмұнына қой-
ылатын талаптарды жүзеге асыруға арналған.
8
Пәндер және оқу қызметінің түрлері бойынша
оқу жұмыс бағдарламалары немесе құзыреттілікке
(біліктілікке) негіздеген модульдер бойынша оқу
бағдарламалары техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жал-
пыға міндетті стандарттарының талаптарына және
оқу жоспарлары үлгісінің құрылымы мен кәсіптік
стандарттарда белгіленген біліктілік деңгейлері
бойынша білімге, шеберлікке, дағдыға, құзырет-
тілікке қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.
Оқу жұмыс бағдарламалары оқытушылардың
білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру
жөніндегі негізгі жоспарлау құжаты болып табы-
лады.
Шетелдік тәжірибені зерттеу, бірқатар шет ел-
дерде қолданылатын кәсіптік білім беруді ұйымда-
стыру жөніндегі оқу бағдарламалары мен жоспар-
лары құрылымының және мазмұнының салыстыр-
малы талдамасы мынаны көрсетті:
1) заманауи оқу бағдарламалары мен жоспарла-
ры бір мамандық бойынша оқу жоспары мен білім
беру бағдарламасының шеңберінде бірнеше құзы-
реттілікті иеленуге бағытталған;
2) оқу бағдарламалары мен жоспарларын
құрылымы мен мазмұны бойынша жобалау тәртібі
техникалық және арнайы пәндердің мазмұны,
оқу-өндірістік жұмыстың түрлері сипатталған
дәстүрлі пәндік-циклдық тәсілден ерекшеленеді;
3) жалпы кәсіптік және кәсіптік дайындық пән-
9
дері нақты біліктілік құзыреттілікке бағытталған
бірнеше модульге біріктірілген;
4) білім беру бағдарламаларын жобалау болашақ
кәсіптік қызметтің белгілі біліктілік құзыреттерін
орындауға бағытталған оқу модульдерін қалыпта-
стыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне
сәйкес (ҚР Еңбек кодексі 32-бабы 1-тармағы-
ның 3) тармақшасы) еңбек шартын жасау кезін-
де үміткер жұмыс берушіге тиісті білімді, машық
пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын
жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнайы
білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы тура-
лы құжатты ұсынуға міндетті.
Біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік
дайындығының болуы туралы құжат бұл - үміт-
кердің нақты жұмыс орнына кәсіптік құзыреттілі-
гін растайтын төлқұжат, куәлік немесе сертификат.
Сондықтан білім беру бағдарламаларын әзірлеу
кезінде модульдік-құзыреттілік тәсілді қолдану
және модульдік оқытуды енгізу қазіргі уақытта
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру жүйелерінің өзекті міндеті болып табы-
лады.
Осы ұсынымдарда келесі негізгі ұғымдар қол-
данылады:
модульдік оқу бағдарламасы – бір мамандық
шеңберінде кәсіптік қызметтің белгілі түрлерін
орындауға қажетті білімді, шеберлікті және құ-
10
зыреттілікті меңгеруге бағытталған білім беру
бағдарламасының бөлігі;
оқу жұмыс бағдарламасы – үлгілік оқу бағдар-
ламасының негізінде техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымымен әзірленетін оқу жұмыс
жоспарының нақты пәніне, тәжірибесіне, оқу қыз-
метінің өзге де түрлеріне (модульдерге) арналған
құжат;
модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз,
өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту
кезеңі;
модульдік бірлік бұл белгілі бір кәсіпте ең-
бектің айқын басы мен аяғы болатындай, одан
әрі бөлінетіндей еңбекті қисынды лайықты бөлу.
Оның нәтижесі болып өнім, қызмет немесе жұмыс
бөлігі табылады (жұмыс операциясы) – ХЕҰ (ха-
лықаралық еңбек ұйымы) анықтамасы болады;
модульдік оқу бірлігі – болашақ біліктіліктің
нақты дағдыларын білу және орындауды қамтама-
сыз ететін бір оқу модулінің (пәнінің) шеңберінде
білім беру мазмұны тарауларының (тақырыпта-
рың) жиынтығы;
мамандық – бір мамандық шеңберінде біліктілік-
тің белгілі деңгейлері талаптарына сай болатын ең-
бек қызметінің (әрекетінің) түрі;
біліктілік – алынған мамандық бойынша қыз-
меттің белгілі бір түрін құзыретті орындауға даяр-
лық деңгейі;
оқыту нәтижелері – бұл оқу қызметінің нәти-
11
жесінде студенттердің нені білетіндігін, жасай
алатындығын немесе жасауға қабілетті екенін
анықтайтын тұжырымдамалар. Оқыту нәтижесі
ретінде біліктілікке жол ашатын модульдер бой-
ынша қалыптастырылатын құзыреттердің жиын-
тығы көрсетіледі.
бағалау өлшемі – құзыреттілікке қойылатын
талаптарға сәйкес оқыту нәтижелерін бағалау бой-
ынша шешім қабылдауға арналған модульдердегі
оқу қызметінің негізгі түрлерінің тізімі.
оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейі бар білім
алушының оқу пәндерінің (модульдердің), практи-
калардың, оқу қызметінің өзге түрлерінің тізбесін,
бірізділігін, көлемін (еңбек сыйымдылығы) және
бақылау түрлерін реттейтін құжат;
оқу жұмыс жоспары - білім беру ұйымының
басшысы бекітетін оқу пәндерінің (модульдерінің)
тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын
және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысанда-
рын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақы-
лауды және кәсіптік даярлығын бағалауды регла-
менттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде тех-
никалық және кәсіптік білім беру ұйымы әзірлей-
тін құжат.
Жалпы кәсіптік, кәсіптік (арнайы) модульдер
немесе жалпы кәсіптік, кәсіптік пәндер және оқу
жұмысының барлық түрлері бойынша оқу жұмыс
бағдарламаларының құрылымын таңдауды және
мазмұнын қалыптастыру тәртібін оқу мекемелері
12
өздігінен жүзеге асырады.
Модульдік-құзыреттілік тәсілде модульдер бой-
ынша оқу жұмыс бағдарламаларының құрылымын
жобалау және мазмұнын қалыптастыру процесінің
күрделілігін ескере отырып, ТжКБ ұйымдарының
басшылары мен инженерлік-педагогикалық қыз-
меткерлеріне тәжірибелік әдістемелік көмек көр-
сету мақсатында осы әдістемелік ұсынымдар
әзірленді.
13
Жалпы ережелер
Мамандықтар бойынша білім беру бағдарла-
маларының құрылымын және тәжірибелік-бағыт-
талған мазмұнын анықтау техникалық және
кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша оқу
жұмыс жоспарларын әзірлейтіндер үшін айтар-
лықтай қиын шығармашылық міндет болып табы-
лады. Әзірлеушілер модульдік-біліктілік тәсілдеме
кезінде бір мамандық шеңберінде оқу пәндерінің
білім беру бағдарламаларын, тәжірибелерді, бай-
ланысты біліктілік бойынша оқу қызметінің өзге
түрлерін біріктіруді қамтамасыз етуі қажет.
Модульдік-біліктілік тәсілдеме теориялық оқы-
ту мен тәжірибелік еңбек қызметінің арасындағы,
жұмыс берушілер талаптары мен кәсіптік дай-
ындықтың оқу бағдарламаларының арасындағы
оңтайлы ара қатынасты анықтау міндетін қояды.
Оқу жұмыс бағдарламаларын және жоспар-
ларын әзірлеудің модульдік тәсілдемесі кезінде
кәсіптік қызметтің (құзыреттіліктің) әрбір түріне
жеке модуль жасалады.
Біліктілік тәсілдеме негізгі және кәсіптік құзы-
реттіліктерді қалыптастыруды, соның ішінде оқы-
тудың модульдік технологиясын енгізуді қарасты-
рады.
Модульдік білім беру бағдарламаларының
мазмұны мамандықтар бойынша біліктіліктің қа-
растырылған деңгейінде негізгі және кәсіптік құ-
14
зыреттіліктердің меңгерілуін қамтамасыз етуі тиіс.
Модульдік оқу бағдарламасының мазмұнын
жобалау және құрылымы
Модульдік оқу бағдарламасының құрылымы
мен мазмұнын жобалау пәндер және оқу қыз-
метінің түрлері жөніндегі жұмыстық оқу бағдар-
ламалары мазмұны мен құрылымын сипаттауды
анықтаудың дәстүрлі тәсілдемесінен едәуір ерек-
шеленеді.
Модульдік оқу бағдарламасының құрылымы,
рәсімделуі және мазмұнын сипаттау біліктіліктің
белгілі деңгейлері бойынша құзыретті меңгеруге
бағытталған.
Оқу жұмыс бағдарламасын әзірлеушілердің жұ-
мысын құрылымдау және жүйелеу мақсатында
модульдік оқу бағдарламасын рәсімдеудің мына-
дай құрылымы ұсынылады:
1) Негізгі бет
Негізгі бетте:
- тіркеу күні және нөмірі;
- модульдік оқу бағдарламасының атауы;
- ТжКБ мамандығының атауы;
- әзірленген жылы көрсетіледі.
Негізгі беттің нысаны қоса беріледі. 1-Қосым-
ша.
Негізгі беттің сыртқы жағында автор (авторлар)
және рецензиялаушылар туралы мәліметтер бар.
Оқу орнының пәндік-циклдық комиссиясының
шешімдері туралы, хаттама №-і және оқу орны-
15
ның пәндік-циклдық комиссиясының отырысы-
ның күні туралы мәліметтер бар.
2) Оқу жұмыс жоспарларының түсіндірме
жазбасы
Оқу жұмыс жоспарларының түсіндірме жазба-
сында:
- қолданылған негізгі құқықтық нормативтік
құжаттар мен ұсынымдарды, қолданыстағы білім
беру стандарттарын, үлгілік және басқа оқу
жоспарларының бағдарламаларын көрсете оты-
рып таңдалған мамандық бойынша / оқу жұмыс
бағдарламасын (оқу бағдарламасын және жоспа-
рын) әзірлеудің негіздемесін;
- берілген мамандық бойынша қайта әзірленген
оқу жұмыс бағдарламалары мен жоспарларының
қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламалары мен
жоспарларынан түбегейлі айырмашылықтарын;
- әзірлеу мақсаттары және әзірленіп жатқан оқу
жұмыс бағдарламаларын енгізудің күтілетін нәти-
желерін;
- оқу уақыты көлемінің, оқытудың мүмкін кезең-
дерінің, жалпы білім берудің жеке пәндері мазмұ-
нының, модульдердің және т.б. көрсетілуімен оқу
жұмыс жоспарының жалпы сипаттамалары мен
ерекшеліктерін;
- жалпы кәсіптік және кәсіптік модульдердің,
пәндердің және оқу жұмысының әр алуан түр-
лерінің міндетін, оның мамандарды дайындау-
дағы рөлін, мамандықтың білім беру бағдарла-
16
масының басқа модульдерімен (пәндерімен және
тәжірибе түрлерімен) байланысын, сонымен қатар
оны зерттеу (жұзеге асыру) жөніндегі қысқа әді-
стемелік нұсқауларды толықтай жүйелеп баяндау
ұсынылады.
3) Модульдік бағдарламалар мазмұнының
құрылымы мен сипаттамасы бір мамандық шең-
беріндегі негізгі модульдердің атауы мен тізімін
және әрбір біліктілік үшін модульдік бағдарлама-
ны әзірлеуді қарастырады.
Модульдік оқу бағдарламасының үлгі құрылы-
мы қоса беріледі. 2-Қосымша.
Модульдік оқу бағдарламасының мазмұны
оқытудың аяқталған кезеңдері түрінде көрсетіледі
және біліктілікті сертификаттау мен еңбек нарығы-
на шығу мүмкіндігімен бірге бір мамандық шең-
берінде кәсіптік қызметтің (құзыреттіліктің) жеке
түрлерін орындау үшін қажетті білімді, шеберлікті
және құзыреттілікті меңгеруге бағытталады.
Оқу жұмыс жоспарын әзірлеудегі модуль-
дік-біліктілік
тәсілдемеде
әзірлеушілердің
төмендегілерді анықтауы негізгі (бастапқы) мін-
дет болып табылады:
3.1) Таңдалған мамандық шеңберінде мүмкін
біліктілік/құзыреттілік көрсетілетін негізгі мо-
дульдердің атауы мен тізімі
Арнайы кәсіптік модульдердің мүмкін атауы
мен саны таңдалған мамандық бойынша кәсіптік
стандарттармен қарастырылған кәсіптік қызмет-
17
тің (құзыреттіліктің) түрлері мен ҰБШ-не сәйкес
анықталады. Кәсіптік стандарттардың (маман-
ның құзыреттілігіне қойылатын) талаптарына/ма-
мандық бойынша біліктілік талаптарына сүйене
отырып, сондай-ақ оқыту мерзіміне байланысты
әзірлеушілер белгілі біліктілік:(«Материалтану»,
«Еңбекті қорғау және жұмысты ұйымдастырудың
қауіпсіз техникасы және т.б.) бойынша кәсіптік
қызметтің (құзыреттіліктің) барлық түрлері үшін
ортақ жалпы кәсіптік модульдерді анықтайды.
Жалпы кәсіптік және арнайы модульдердің жиын-
тық саны таңдалған мамандық бойынша негізгі
модульдік оқу бағдарламаларының ең аз санын
анықтайды.
Негізгі арнайы модульдердің атауын анықтау
кезінде сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім
беру мамандықтарының қолданыстағы Жікте-
ушісін, бір мамандық щеңберінде мүмкін білік-
тіліктің барлық түрлері мен деңгейлері көрсетіл-
ген кәсіптік стандарттарды басшылыққа алу ұсы-
нылады.
Жеке мамандықтар бойынша негізгі кәсіптік мо-
дульдердің атауы мен тізімін бір мамандық шең-
берінде өндірістік әрекеттердің толық циклінің
реттілігін сипаттау арқылы да анықтауға болады.
3.2) Оқу модульдері бойынша бөлімдердің
және тақырыптардың атауы
Модульдік оқу бағдарламасының мазмұнын
анықтау үшін оқу модульдері бойынша бөлім-
18
дердің және тақырыптардың атауы көрсетілетін
тақырыптық жоспарды анықтау қажет. Оқу модуль-
дерінің тақырыптық оқу жоспарының құрылымы
белгіленген біліктілік деңгейінің қажетті білімді,
шеберлікті, дағдыларын және қажетті құзырет-
тіліктерін меңгеруге арналған өндірістік оқытудың
және кәсіптік тәжірибенің жалпы кәсіптік және ар-
найы пәндерінің бөлімдері мен тақырыптарынан
тұрады. Сондықтан модульдік оқу бағдарламала-
рында жаопы сипаттағы тақырыптар болмайды,
барлық тақырыптар құзыреттіліктің белгілі дең-
гейіне қол жеткізуге бағытталған. Модульдік оқу
жұмыс бағдарламасында әрбір модуль бойынша
жеке зертханалық жұмыстардың, өндірістік оқы-
тудың және тәжірибелік сабақтардың ұсынылған
тізімі анықталады. 2-қосымшаны қараңыз.
Оқытушылар өздері үшін оқу модульдері мазмұ-
нының сипаттамасын келесі №5 кесте түрінде
рәсімдей алады
№ р/н
Оқу мо-
дулінің
негізгі
мазмұны
Оқу модулінің
мазмұнын мең-
геру деңгейіне
қойылатын
талаптар
Мазмұны
Ре-
сур-
стар
Теориялық
оқыту
Тәжіри-
белік
оқыту
Оқу модулінің негізгі мазмұнына нақты ди-
дактикалық бірліктерді (бөлімдерді, тақырыптар-
ды) анықтау және олардың зерттеудің қисынды
реттілігін белгілеу арқылы мазмұнын іріктеу, тал-
дау және ұйымдастыру жатқызылады.
19
Оқу модулінің мазмұнын меңгеру деңгейіне
қойылатын талаптар (теориялық және тәжіри-
белік сабақтар).
Ресурстар – бұл бағдарлама мазмұнының жү-
зеге асырылуының материалды-техникалық және
әдістемелік қамтамасыз етілуі, құзыреттілікті
меңгерудің орталық жетістілік факторы, онсыз
құзыреттілікке негізделген модульдік бағдарлама-
ларды жүзеге асыру мүмкін емес.
3.3) Қалыптастырылатын құзыреттілік/
оқыту нәтижелері
Берілген бөлімде әрбір оқу модулі бойынша мо-
дульдік бірлік түріндегі білім,, шеберлік, дағды
деңгейіне, қалыптастырылатын құзыреттіліктерге
қойылатын талаптар сипатталады.
Әрбір біліктілікке және модульдер бойынша
оқытудың күтілетін нәтижелерін анықтау қажет.
Оқыту нәтижелері – бұл оқу қызметінің нәти-
жесінде студенттердің нені білетіндігін, қандай
шеберлікке, дағдыларға ие екенін немесе жасауға
қабілетті екенін анықтайтын тұжырымдамалар.
Оқыту нәтижесі ретінде біліктілікке жол ашатын
модульдер бойынша қалыптастырылатын құзы-
реттердің жиынтығы көрсетіледі.
3.4) Бағалау өлшемшарттары
Берілген бөлімде оқыту нәтижелерінің біліктілік
(құзыреттілік) деңгейлері бойынша ұсынылған та-
лаптарына сәйкестігін бағалау жөнінде шешім қа-
былдау үшін модульдер бойынша оқу қызметінің
20
негізгі түрлерінің тізімі сипатталады.
Оқыту нәтижелерін сипаттаудың үлгі ны-
саны және әрбір біліктілік бойынша бағалау өл-
шемшарттары қоса беріледі. 3 Қосымша
3.5) Оқу уақытының сағатпен берілген
көлемі
Оқу модуліне бөлінетін оқу уақытының көлемі
модульдік бірліктерді меңгеру үшін қажетті жиын-
тық уақыт көлеміне сүйене отырып анықталады.
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жөнін-
дегі оқу жұмыс жоспарын әзірлеу кезінде техника-
лық және кәсіптік білім беру ұйымдары құқылы:
- циклдерге арналған оқу материалын меңгеру
үшін бөлінетін оқу уақытының көлемін 30 %-ына
дейін, және әрбір пән (модуль) бойынша 30 %-ына
дейін және міндетті оқытуға бөлінген оқу уақы-
тының жалпы көлемінің сақталуымен өндірістік
оқыту мен кәсіптік тәжірибенің 50 %-ына дейін
өзгертуге;
- жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес
жалпы білім беру пәндері бойынша 30 %-ға дейін
және арнайы мен жалпы кәсіптік пәндер, өндірістік
оқыту мен кәсіптік тәжірибе немесе модуль бой-
ынша 50 %-ға дейін оқу бағдарламасының мазмұ-
нын өзгертуге. Міндетті оқытудың оқу уақытының
жалпы көлемін сақтаумен жұмыс берушілердің
талаптары бойынша жалпы кәсіптік және арнайы
пәндердің циклына қосымша модульдерді немесе
пәндерді енгізуге.
21
3.6) Жазбаша біліктілік (дипломдық) жұмы-
стардың тақырыбын жасау
Жазбаша біліктілік (дипломдық) жұмыстардың
тақырыбын әзірлеу келесі талаптардың сақталуын
есепке алумен жүзеге асырылады:
- жазбаша біліктілік (дипломдық) жұмыстардың
тақырыбында таңдалған мамандық бойынша оқу
жоспарын және білім беру бағдарламасын толық
көлемде меңгерудің қорытындылары бойынша
мектеп бітірушілердің алатын біліктілік деңгейі
түріндегі күтілетін нәтижелері ескерілуі тиіс.
- дипломдық жұмыстардың құрылымы мен
мазмұны күтілетін нәтижелерге сәйкес өндірістік
процесстің орындалу, оқу жұмыс жоспарларын-
да көрсетілген мамандықтар бойынша қарасты-
рылған біліктілік деңгейіне шығатын оқыту рет-
тілігін қамтып көрсетуі тиіс.
Жазбаша біліктілік жұмыстарының тақырыбы
кәсіптік модульдердің/пәндердің оқытушылары
тарапынан әзірленеді және пәндік-циклдік комис-
сиялардың отырыстарында қарастырылады.
3.7) Бақылау тапсырмалары
Бақылау тапсырмалары әрбір модуль және пән
бойынша бағдарламалық материалдың мазмұ-
нын оқушылардың меңгеру деңгейін бағалау
және анықтау мақсатында әзірленеді. Оқу жұ-
мыс бағдарламасында білім беру ұйымдарындағы
оқушылардың үлгерімін, аралық және қорытын-
ды аттестаттауды бақылауды кімнің, қашан және
22
қандай түрде жүргізетінін көрсету ұсынылады (ҚР
«Білім туралы» Заңының 28-бабы 7 тармағын қа-
раңыз).
3.8) Әдебиеттер тізімі және оқу құралдары
«Әдебиеттер және оқу құралдары» бөлімінде:
негізгі және қосымша оқу әдебиеті;
оқу және анықтамалық құралдар;
оқу-әдістемелік әдебиет;
ұсынылған оқу құралдарының тізімі көрсетіл-
ген.
4) Оқу жұмыс жоспарын жобалау
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңына сәйкес оқу жұмыс бағдарламалары және
жоспарлары ТжКБ білім беру ұйымдарындағы
оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың негізі бо-
лып табылады.
Оқу жұмыс жоспарлары сәйкес білім беру
деңгейлерінің және бақылау нысандарының оқу
жоспарларын немесе оқу пәндерін, тәжірибелерін,
оқушылардың оқу қызметінің өзге түрлерін зерт-
теудің тізімін, реттілігін, көлемін реттейді;
Оқу жұмыс жоспарлары жалпы білім беру және
кәсіптік дайындықтың мазмұнының құрылымын,
оқу модульдерінің /циклдар, курстар, пәндер және
оқу жұмысының әртүрлі түрлері бойынша/ оқу
уақытының көлемін ашып көрсетеді, оқу мерзімін
анықтайды және реттейді.
Оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу кезінде оқу-
23
дың сәйкес мерзімдерін есепке алумен кәсіптік
білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың не-
гізін ескеру қажет.
Жоғарғы бөлігінде ТжКБ оқу орнының атауы,
оқу жұмыс жоспарының атауы, ТжКБ маман-
дықтарының атауы және әзірленген жылы, беріл-
ген оқу жоспарын бекіткен оқу орнының жетек-
шісінің Т.А.Ә. және әріптестермен келісу туралы
мөрмен бекітілген қолдары бар белгі көрсетіледі.
Астында:
- оқу процессінің кестесі;
- уақыт бюджеті туралы жиынтық мәліметтер;
- оқу процессінің жоспары;
- оқу жоспарының түсіндірме жазбасы орнала-
сады.
4.1) Оқу процессінің кестесі
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру
бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұй-
ымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау бүкіл
оқу мерзіміндегі оқу процессінің бекітілген кестесі
негізінде жүзеге асырылады. Оқу процессінің ке-
стесі теориялық және тәжірибелік сабақтардың ке-
зеңдерін, аралық және қорытынды аттестаттауды
өткізудің, сондай-ақ демалыстардың мерзімдерін
көрсетумен бірге оқу семестрлері және жылдары
бойынша құрылады.
Оқу процессінің кестесін әзірлеу кезінде мына-
ларды ескеру қажет:
Техникалық және кәсіптік білім беру орын-
24
дарындағы оқу жылы дәстүрлі түрде ағымдағы
күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінде басталады
және келесі күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен
кешіктірілмей аяқталады және 52 аптаны құрай-
ды. Бір оқу жылындағы оқу уақыты 40 аптадан ас-
пайды, 11 аптадан аспайтын демалыс уақыты және
1 апта болатын мейрам күндері есепке алынбайды.
Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі
білім беру ұйымдарындағы Оқу процессінің ке-
стесін рәсімдеу нысаны қоса беріледі. 5-Қосым-
ша.
4.2) Уақыт бюджеті туралы жиынтық
мәліметтер
Уақыт бюджеті туралы жиынтық мәліметтерді
анықтаудың есептемесі 40 аптадан аспайтын оқу
жылының ұзақтығын есепке алумен жүргізіледі
және күндізгі оқыту кезінде аптада 36 сағат бола-
тын міндетті оқу жүктемесінің есебінен анықтала-
ды.
Оқушының оқу жүктемесінің максималды
көлемі аудиториялық және аудиториядан тыс оқу
жұмыстарын қоса есептегенде аптада 54 сағаттан
көп болмауы тиіс және ол әрбір мамандық бойын-
ша жеке есептеме негізінде анықталады.
Уақыт бюджеті туралы жиынтық мәлімет-
тердің есептемелері кесте түрінде рәсімделеді.
6-Қосымша.
25
4.3) Оқу процессінің жоспарын рәсімдеу
Оқу процессінің жұмыс жоспарының ұсынылған
түрі Қазақстан Республикасының МЖМБС техни-
калық және кәсіптік білім беру жөніндегі «Жалпы
ережелерде» көрсетілген оқу жоспарларының мо-
дельдері негізінде әзірленген.
Оқу жұмыс жоспарының жоспарында оқу
бағдарламаларының
құрылымдық
мазмұны
(тізімі), бақылау нысаны, оқу семестрлері көр-
сетілген модульдер бойынша оқу уақытының
көлемі реттеледі.
Әрбір құрылымдық элемент үшін (жалпы білім
беру, жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономика-
лық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндер / модульдер,
таңдауы бойынша пәндер және факультативтік са-
бақтар) оқыту мерзіміне байланысты оқу уақыты-
ның көлемдері (сағатпен) көрсетіледі.
Оқу процессінің жоспарын оқу жұмыс жоспа-
рына рәсімдеудің үлгісі қоса беріледі. 4-Қосымша.
4.4) Оқу жұмыс жоспарының және жекелеген
жалпы білім беру бағдарламаларының түсін-
дірме жазбалары
Оқу орнының оқу жұмыс жоспарының түсін-
дірме жазбасын жасау кезінде мыналарды ескеру
ұсынылады:
- оқу жоспарында жалпы орта білімді алумен
бірге негізгі жалпы білім берудің негізінде жалпы
білім беру пәндерін зерттеуге бөлінетін оқу уақы-
тының көлемі оқу мерзіміне
26
және мамандығына қарамастан тұрақты болып
қалады;
- жалпы білім беру пәндерінің тізімі жаратылы-
стану-математика және қоғамдық гуманитарлық
бағыттар бойынша бейінді оқытуды есепке алу-
мен мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары-
на сәйкес анықталады.
- жаратылыстану ғылыми циклдың оқу уақыты-
ның санын азайту есебінен кәсіптік дайындықтың
оқу уақытының көлемін бұл циклдың пәндерін
жалпы кәсіптік және әлеуметтік циклдардың пән-
дерімен келесі тәртіпте біріктіруге болады: физи-
каны электротехника негіздерімен, химияны агро-
химия негіздерімен, химияны жалпы биология-
ның негіздерімен, экологияны табиғатты қорғау
қызметімен, биологияны экология негіздерімен
біріктіру.
Жаратылыстану ғылыми пәндерді зерттеу кезін-
де бұл пәндердің нақты мамандық бойынша қы-
зметкердің кәсіптік қызметіндегі рөлін белгілеу
қажет.
Оқу процессінің оқу жұмыс жоспарларын әзір-
леу кезінде техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдары жалпы кәсіптік және кәсіптік (арнайы)
модульдердің мазмұнын қисынды толтырғанға
дейін жалпыгуманитарлық (кәсіптік шет тіл, мем-
лекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және т.б.)
және әлеуметтік-экономикалық (құқық негіздері,
экономика негізі, саладағы жас маманның мәдени-
27
еті және т.б.) пәндердің уақытын жаңадан бөлістіре
алады.
Жалпы кәсіптік модульдер. Білім алушылар-
дың барлық технологиялық процесстердің бүтін-
дігін толықтай ұғынуымен кәсіптік сұрақтарды
шешу, тәжірибелік, курстық және дипломдық жұ-
мыстарды сапалы орындау мүмкіндігі олардың
жалпы кәсіптік модульдерді меңгеру процессі
кезінде үйренетін негізгі білімі мен шеберлігіне
байланысты. Жалпы кәсіптік модульдерді зерттеу-
ге бөлінетін оқу уақытының көлемі мамандықтың
қиындығына және оқу мерзіміне тәуелді.
Кәсіптік (арнайы) модульдер мүмкін маман-
дануды есепке алумен кәсіптік дайындықтың не-
гізін құрайды.
Кәсіптік (арнайы) модульдерді өндірістік оқы-
ту мен тәжірибе бағдарламаларымен бірге зерт-
теу болашақ маманның еңбек нарығында кәсіптік
біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігінің негізін
қамтамасыз етеді.
Арнайы модульдердің (жеке бөлімдер мен
тақырыптарды) жалпы кәсіптік модульдермен
біріктірілген мазмұны мамандарды дайындау-
дың кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін
құрайды.
Қосымша модульдер (немесе білім беру ұй-
ымы анықтайтын пәндер) білім алушылардың
кәсіптік мүдделері саласындағы жеке бейімділік-
терін қанағаттандыруға және тапсырыс берушінің
28
(жұмыс берушінің) берілген мамандық бойынша
кадрларды дайындаудың қосымша талаптарына
бағытталады.
Кәсіптік тәжірибеге оқу жұмысының келесі
түрлері жатады: таныстыру, оқу (алғашқы кәсіптік
дағдыларды алуға бағытталған тәжірибе), техно-
логиялық (мамандығының бейіні бойынша), өн-
дірістік және диплом алдындағы тәжірибе.
Кәсіптік тәжірибенің түрлері, мерзімдері және
мазмұны жұмыстық оқу жоспарларымен және
бағдарламаларымен өңірде кәсіптік дағдыларын
шыңдау және бекіту жөніндегі оқу жұмыстары-
ның түрлерін ұйымдастыру шарттарының болуы-
на байланысты анықтылады.
Техникалық және кәсіптік білім берудің мем-
лекеттік жалпыға міндетті стандарты кәсіптік
тәжірибеге міндетті оқытудың оқу уақытының
жалпы көлемінің 40%-ына дейін бөлінуін қара-
стырады (жалпы біліи беретін және әлеуметтік-э-
кономикалық пәндерді есепке алмастан). Тәжіри-
бені ұйымдастырудың күнтізбелік кестесі жұмыс
берушілермен келісіледі және оқу процессінің ке-
стесіне енгізіледі.
Сабақтарды ұйымдастыру. Жалпы орта
білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт-
тарының талаптарына сәйкес жалпы білім беру
пәндерінің оқу бағдарламасын орындау оқудың
1-2-нші жылында қарастырылған. Осыған байла-
нысты жалпы кәсіптік және кәсіптік модульдердің
29
жеке бөлімдері мен тақырыптарын (техникалық
сызу, жас маманның мәдениеті, саладағы құқық не-
гіздері, қолданбалы информатика негіздері, элек-
тротехника, мамандыққа кіріспе және б.) меңгеру-
ді бірінші курстан бастап жоспарлау қажет, екінші
жартыжылдықта таныстырушы оқу тәжірибесін
ұйымдастыру қарастыру қажет.
Курстық жобалар (жұмыстар) оқу курсын-
дағы оқу жұмысының бір түрі ретінде қарастыры-
лады және оны зерттеуге бөлінетін оқу уақыты-
ның ішінде орындалады. Курстық жобалау (неме-
се оның аналогтары) бүкіл оқу кезеңінде ең көп
үш пәнге немесе модульге жоспарлануы мүмкін.
Білім алушыларға арналған консультациялар
әрбір оқу жылында теориялық сабақтардың күнін-
де мамандыққа және оқу мерзіміне байланысты
100 сағатқа дейінгі көлемде қарастырылады. Кон-
сультацияларды өткізу уақыты мен түрін (топтық,
жеке, жазбаша және т.б.) білім беру ұйымдары
анықтайды.
Факультативтік пәндер аптада 4 сағаттан көп
болмайтын тек теориялық сабақтардың күнінде
өткізілу есебінен оқу орнының оқу жоспарымен
қарастырылады және зерттеу (қатысу) үшін мін-
детті болып табылмайды.
Факультативтік сабақтар білім алушылардың
рухани-адамгершілік және патриоттық дамуын,
мәдени деңгейін жоғарылату, оларға ұйымдасты-
рушылық, кәсіпкерлік дағдыларын дарыту, алатын
30
мамандығы бойынша негізгі және кәсіптік құзы-
реттіліктерін тереңдету мақсатымен оқу процессі-
не енгізіледі. Факультативтік сабақтардың тізіміне
мыналар кіреді:
ҚР білім және ғылым министрлігімен белгілен-
ген пәндер;
білім алушылардың, жұмыс берушілердің мүд-
делерін есепке алумен білім беру ұйымының бел-
гілеген пәндері.
Бақылау. Барлық модульдер /пәндер бойын-
ша аралық аттестаттауды өткізу қарастырылады,
төмендегілер оның негізгі түрлері болып табы-
лады: бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, емтихан
және модульдер бойынша тәжірибелік жұмыстар-
ды орындау.
Бақылау жұмыстары мен сынақтар модульді не-
месе пәндерді зерттеуге бөлінген уақыт есебінен;
емтихандар – аралық аттестаттауға бөлінген есебі-
нен жүргізіледі.
Жалпы білім беру пәндері/модульдері бойын-
ша аралық аттестаттау төмендегі пәндер бой-
ынша емтихан өткізуді қарастырады: тіл. әдебиет,
Қазақстан тарихы, математика және техникалық
және кәсіптік білім беру ұйымдарының таңдауы.
Оқу жұмыс жоспарында аралық аттестаттауға
кететін оқу уақыты көлемі апталармен көрсетіледі,
өйткені ол консультация мен емтихандарға бөлін-
ген оқу уақытынан жинақталады.
31
Оқу үдерісін ұйымдастырудың модуль-
дік-біліктілік тәсілдемесі кезінде аралық аттестат-
тау білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін
оларға қол жеткізген біліктілік деңгейін беру мүм-
кіндігімен бағалауды ұйымдастыруды қарастыра-
ды.
Кәсіптік даярлық бойынша толық оқу курсын
аяқтаған соң емихандар тапсыру жоспарланады:
мамандандыруы жөнінде арнайы модульдер бой-
ынша, біліктілік емтихандары.
Қорытынды аттестаттау Білім алушының да-
ярлық деңгейін бағалу үшін, кәсіптік білім беру
бағдарламасын аяқтаған соң қорытынды аттестат-
тау жүргізіледі.
Оқу жұмыс жоспарында мамандығы мен білік-
тілігіне байланысты модульдік білім беру бағдар-
ламасын меңгеруді аяқтаудың ықтимал түрлері көр-
сетіледі: үш кәсіптік (арнайы) модульдер бойынша
қорытынды емтихандар тапсыру және кәсіптік мо-
дульдердің біреуі бойынша қорытынды емтихандар
тапсырумен бірге дипломдық жұмысты қорғау.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу ме-
кемелері оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарлама-
ларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымдарындағы
білім алушылардың қорытынды аттестаттау түр-
лерін және оны өткізуге кететін оқу уақытының
көлемін дербес анықтайды (2 аптадан кем емес).
32
1 қосымша
Оқу жұмыс бағдарламалары мен жоспарлары-
ның негізгі бетін ресімдеу
Негізгі бетте көрсетіледі: ТжКБ оқу орнының ата-
уы, оқу жұмыс бағдарламалары мен жоспарының
атауы, техникалық және кәсіптік білім беру ма-
мандықтарының атаулары, берілуі мүмкін білік-
тілік тізбесі.
Негізгі беттің жоғарғы бөлігінде оқу жұмыс
бағдарламасы мен жоспарын бекіткен оқу орны
басшысының Т.А.Ә. көрсетілген қолы, серікте-
стерімен (олар оқу жұмыс бағдарламасында бір
мамандық бойынша бірнеше болуы мүмкін) келі-
суі туралы белгі қойылады.
Негізгі беттің сыртқы жағында мына мәліметтер
көрсетіледі:
- автор (авторлар, әзірлеушілер) және рецензия бе-
рушілер туралы;
- оқу жұмыс бағдарламасы мен жоспарын әзірлеу
мақсаттары мен негіздері туралы;
- оқу орнының пәндік-циклдық комиссиясының
шешімдері туралы хаттама № және оқу меке-
месінің ПЦК отырысының күні;
Бұдан басқа, бұл тізімге егер аталған оқу бағдар-
ламасы мамандық бойынша оқу-әдістемелік бір-
лестікте немесе әзірлеуді ұйымдастырумен айна-
лысатын және білім беретін бағдарламаларды әзір-
леушілерге консультациялық әдістемелік көмек
33
көрсететін білім беру жүйесінің өзге де ұқсас
оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік кеңестер-
де («Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ, ОӘК облыстық
оқу-әдістемелік кеңестері, ЖОО ғылыми кеңе-
стері және б.) қарастырылған болса, онда олар-
дың шешімдері туралы мәліметті енгізуге болады.
Міндетті тармақ болып табылмайды.
34
(Негізгі беттің үлгісі)
(ТжКБ оқу орнының атауы)
Келісілді ____________________________
(таңдалған мамандық бойынша жұмыс
беруші кәсіпорындарының атауы)
«____» _________________ 2016 ж.
Бекітемін
ТжКБ оқу орнының басшысы
___________________
«_____» __________ 2016 ж.
«_________________________________________
___________________
(Жіктеуш бойынша мамандық коды және атауы)
_________________________________________»
мамандығы бойынша
оқу жұмыс бағдарламасы
(әзірленген жылы)
35
2 қосымша
Модульдік оқу бағдарламасының үлгі құрылы-
мы
(пәндер және КО КТ бойынша оқу бағдарламасы-
ның тақырыптық жоспарымен бірге)
Кәсіптік біліктілік/
құзыреттілік коды
Оқу модульдері
(модульдер бойын-
ша бөлімдер мен
тақырыптардың
атаулары)
Модульдік бір-
ліктер (қалыпта-
сатын құзырет-
тер)
Оқу уақытының
көлемі (сағат)
Жиыны
Оқу модульдерін орындауға бөлінген оқу уақыты-
ның көлемін әзірлеушілер кесте бойынша анықтай
алады:
М
оду
льдің к
оды
Модульдің атауы
Оқу уақытының мөлшері
сағатпен
Өзіндік жұмыс
Дәрістер
Прак
тик
алық с
абақт
ар
Бақылана
тын өзіндік жұмыс (БӨЖ)
Оқу модульдері
2
Оқу модульдері
1
Оқу модульдері
2
Модульдік оқу бағдарламасының мазмұны, әрбір
тақырыпта (бөлімде) білім алушының әрбір мо-
дульді өткеннен кейін (практикадан өту) меңгеруі
тиіс негізгі білім, шеберлік, дағдылар мен құзы-
36
реттер тізбесі сипатталатындай етіп әзірленеді.
Мысалы: «Ғимараттар мен құрылыстарды салу
және пайдалану» мамандығының «Әрлеу жұмы-
стары» мамандандырлуы бойынша модульдердің
кәсіптік құзыретінің мазмұны (қалыптасатын құ-
зыреттер көрсетілген бөлімдер мен тақырыптар
атауы түрінде).
Модульдің атауы
(Құзыреттілік/біліктілік
коды)
(МҚК-нан - ТжКБ жік-
теуіші)
Оқу модульдері
(модульдер бой-
ынша бөлімдер
мен тақырыптар-
дың атаулары)
Қалыптасатын
құзыреті / оқыту
нәтижелері
Оқу уақыты-
ның көлемі
(сағат)
Сылақшы (біліктілік
деңгейін көрсету керек)
Жалпы кәсіптік
және арнайы пән-
дердің бөлімдері
мен тақырыптары-
ның атаулары
Білім, Шеберлік,
Дағдылар
Білікті болу:
Өндірістік оқыту
мен практика
бөлімдері мен
тақырыптарының
атаулары
Білім, Шеберлік,
Дағдылар
Білікті болу:
Сырлаушы (біліктілік
деңгейін көрсету керек)
Жалпы кәсіптік
және арнайы пән-
дердің бөлімдері
мен тақырыптары-
ның атаулары
Білім, Шеберлік,
Дағдылар
Білікті болу:
Өндірістік оқыту
мен практика
бөлімдері мен
тақырыптарының
атаулары
Білім, Шеберлік,
Дағдылар
Білікті болу:
37
Әрлеуші шебер (тас
қалаушы мен қапта-
ушының жұмыстарын
орындай білетін)
Жалпы кәсіптік
және арнайы пән-
дердің бөлімдері
мен тақырыптары-
ның атаулары
Білім, Шеберлік,
Дағдылар
Білікті болу:
Өндірістік оқыту
мен практика
бөлімдері мен
тақырыптарының
атаулары
Білім, Шеберлік,
Дағдылар
Білікті болу:
Әрлеуші-техник (білік-
тілік деңгейін көрсету
керек)
Жалпы кәсіптік
және арнайы пән-
дердің бөлімдері
мен тақырыптары-
ның атаулары
Білім, Шеберлік,
Дағдылар
Білікті болу:
Өндірістік оқыту
мен практика
бөлімдері мен
тақырыптарының
атаулары
Білім, Шеберлік,
Дағдылар
Білікті болу:
Кіші технолог-
құрылысшы (біліктілік
деңгейін көрсету керек)
Жалпы кәсіптік
және арнайы пән-
дердің бөлімдері
мен тақырыптары-
ның атаулары
Білім, Шеберлік,
Дағдылар
Білікті болу:
Өндірістік оқыту
мен практика
бөлімдері мен
тақырыптарының
атаулары
Білім, Шеберлік,
Дағдылар
Білікті болу:
38
Өндірістік оқыту және кәсіптік практиканың
модульдік оқу бағдарламасының құрылымы
мен мазмұны
Кәсіптік біліктілік/құзы-
реттілік коды
Оқу модульдері
(оқу-өндірістік жұ-
мыстардың
тақы-
рыптары мен түр-
лері)
Жұмыстың/
құзырет-
тердің
қалыптасу
дағдылары
Оқу уақыты-
ның
көлемі
(сағат)
Жиыны
Оқу
жұмыстарының
әрбір
модулі
мен
пәндері және түрлері бойынша қалыптасатын
құзыретті
анықтау
кезінде
«Техникалық
және кәсіптік білім мамандықтары бойынша
үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу
бағдарламаларын, интеграцияланған білім беретін
оқу бағдарламаларын, біріктірілген білім беру
оқу бағдарламасын әзірлеу әдістемесінде (ҚР
БҒМ 4.11.2013 ж. № 446 бұйрығы (2016 жылғы
28 қыркүйектегі № 579 бұйрықпен өзгертулер
енгізілген) құзыреттілікке қатысты сипаттаманы
ескеру қажет.
39
3 қосымша
Әрбір біліктілік бойынша
оқыту нәтижелерін және бағалау өлшемін
сипаттаудың үлгілік түрі
Әрбір біліктілікке және модульдер бойынша
күтілетін оқыту нәтижелерін анықтау және
бағалау өлшемін әзірлеу.
Біліктілік/модуль
Оқыту нәтижесі
Бағалау өлшемі
Оқыту нәтижелері – бұл оқу қызметінің
нәтижесінде студенттердің нені білетіндігін, жасай
алатындығын немесе жасауға қабілетті екенін
анықтайтын тұжырымдамалар. Оқыту нәтижесі
ретінде біліктілікке жол ашатын модульдер
бойынша қалыптастырылатын құзыреттердің
жиынтығы көрсетіледі.
Бағалау
өлшемі
–
құзыреттілікке
қойылатын талаптарға сәйкес оқыту нәтижелерін
бағалау бойынша шешім қабылдауға арналған
модульдердегі оқу қызметінің негізгі түрлерінің
тізімі.
40
4 қосымша
_______________________________________
__________________________
мамандығына
модульдік
оқыту
технологиясы
бойынша
(модульдік білім беру бағдарламалары бойынша)
кадрлар дайындауды ұйымдастырудың оқу жұмыс
жоспарына арналған
ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ ЖОСПАРЫ
Біліктіліктер:
1) _____________________,
2) ________________________,
3) ____________________,
4) ________________________
Оқу мерзімі _________ жалпы орта білім негізінде
Белгіле
у индек
стері
Циклдер,
пәндер және
болуы мүмкін
модульдер
атауы
(құзыреттілік/
біліктілік
кодын көрсете
отырып)
(МҚК-нан -
ТжКБ жікте-
уіші)
Бақылау түрлері
Оқу уақытының көлемі сағатпен/кредитпен
Семестр бой-
ынша бөлу
Бақыла
у жұмыст
арының с
аны
бар
лығы
Оның
ішінде
Курстар мен семестрлер бойынша
бөлу
емтих
андар
сынақ
Курстық ж
оба
Теориялық с
абақт
ар
Тәжіриб
елік с
абақт
ар
1 курс
2 курс
3 курс
1с
2с
1с
2с
1с
2с
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
ЖГӘЭП
00
Жалпы гума-
нитарлық және
экономикалық
пәндер немесе
модульдер
ЖГӘЭП
01
ЖГӘЭП
02
41
ЖКМ....
Жалпы кәсіптік
модульдер
КМ....
Кәсіптік және
арнайы мо-
дульдер
АМ....
КП....
Өндірістік
окыту және
кәсіптік прак-
тика
КП....
АА....
Аралық атте-
статтау
ҚА....
Қорытынды
аттестаттау
+
Міндетті оқы-
туға жиыны
Барлығы
* * *
42
5 қосымша
Оқу процесінің кестесі
Шартты белгілеулер
6 қосымша
Уақыт бюджеті бойынша жиынтық
мәліметтер
43
Пайдаланылған нормативтік құқықтық
актілер мен
Қазақстан Республикасы Заңдарының
тізімі
2015 жылғы 23 қарашадағы №414- V Қазақстан
Республикасы Еңбек кодексі (06.04.2016ж.өзгерту-
лермен және толықтырулармен).
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының
Заңы (09.04.2016ж.өзгертулермен және толықты-
рулармен).
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемле-
кеттік жалпы міндетті стандарты (13.05.2016 ж.
ҚР Үкіметінің №292 қаулысы).
Техникалық және кәсіптік білім мамандықта-
ры бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім
беретін оқу бағдарламаларын, интеграцияланған
білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу әдісте-
месі (ҚР БҒМ 4.11.2013 ж. № 446 бұйрығы (2016
жылғы 28 қыркүйекте № 579 бұйрықпен өзгерту-
лер енгізілген).
ТжКБ білім беретін бағдарламаларын әзірлеуге
модульдік-құзыреттілік тәсілдеме. К.К.Бөрібеков
Астана, 2015 жыл.
Кәсіптік стандарттар негізінде ТжКБ маман-
дықтары мен пәндері бойынша үлгілік оқу жоспар-
ларын және бағдарламаларын әзірлеу әдістемесі№
Ш.Х.Құрманалина А.Б.Есқалиева, Т.С.Досанова,
Е.М.Квитко, Астана, 2013 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |