Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет8/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40

23
алаңдаушылығын азайту және үміт ұялату.
• 
Балалар барлық сұрақтарына шынайы жауаптар алады.
• 
АӨСА-ға қатысты стигма болмауы үшін тілге ерекше көңіл бөлінеді.
• 
Балаларды АИТВ-диагнозы туралы басқаларға айтуға болмайды деп сендіру-
дің қажеті жоқ. Бірақ кімге айтқысы келетінін сұрайды. Содан кейін барлық 
мәліметтер зерттеледі, ал балалар сол мезетте диагноз туралы айту қанша-
лықты дұрыс болатынына қатысты шешім қабылдауға қатысады. 
Үшінші слайд: Британиялық модель
2012  жылы  Ұлыбритания  және  Ирландия  бойынша  АИТВ  жөніндегі  балалар  қа-
уымдастығы  (CHIVA)  «Сапа  стандарты:  балалармен  жұмыс  жасаудағы  ашық  және 
адал практика» құжатын әзірледі.
Оның негізгі мақсаттары:
• 
балаларға АТВ жұқтырғанын хабарлаудың бірізді тәжірибесін дамыту;
• 
балалармен АИТВ туралы кішкентай кезінде ашық және бүкпесіз әңгімелесу 
үшін негіздеме ұсыну;
• 
балалар арасында АИТВ туралы білім, түсінік қалыптастыруды және сырқатты 
қабылдауды қамтамасыз ету үшін медициналық және әлеуметтік қызметтер 
арасында тығыз қарым-қатынас орнату;
• 
балаға  қатысты  шешімдер  баланың  құқықтарын  қорғау  және  оның  мүдде-
лерін мейлінше қамтамасыз ету қағидаларына сүйене отырып қабылдануы 
тиіс. Осыны мойындау ата-ана, балаға күтім көрсетушілер және кәсіпқой ма-
мандар арасында шиеленіс тудыруы мүмкін.
Төртінші слайд:Ұлыбританиядағы жағдай қандай:
• 
CHIVA ұйымының 2008 жылы жүргізген зерттеулері көрсеткендей, балалар-
дың көпшілігіне АИТВ-мәртебесі туралы 12 жаста жария етіледі екен.
• 
CHIVA ұйымының балалармен АИТВ туралы әңгімелесуге қатысты соңғы 
медициналық  ұсынымдары  көрсеткендей,  балалардың  көпшілігіне  6 
жастан бастап жария ету мүмкіндігімен мәртебені 9 жасқа толғанға дейін 
хабарлау керек.
• 
CHIVA ұйымы жариялаған ұсынымға сай балалардың көпшілігі үшін АИТВ-
на  шалдыққанын  мейлінше  ертерек  білгені  жөн.  Баланың  танымдық  қа-
білеттеріне және барлық, әсіресе, ерекше күрделі әлеуметтік жағдайларға 
тиісінше көңіл бөлу керек.
Бесінші слайд: Халықаралық тұжырымдар
• 
Балаларға АИТВ диагнозы туралы 9 жасқа дейін айту керек, демек, басынан 
бастап-ақ, балалардың АИТВ туралы біліміне қатысты толығымен ашық әді-
стеме қолданылады. 
• 
Мұндай  балаларға  олармен  байланыста  бола  алатын  түрлі  мамандармен 
АИТВ туралы жүйелі түрде әңгімелесуге кеңес беріледі. Білім, түсінік қалып-
тастыруды, әрі сырқатты қабылдауды қамтамасыз етуде қолдау көрсетіледі.
• 
Кәсіпқой мамандар үшін – әңгімелесу барысында АИТВ тақырыбын қозғау 
кезінде өздерін сенімді сезіну қажет.
• 
Кәсіпқой мамандар үшін – кәсіпқой мамандар ата-аналарға және күтім көрсе-


24
тушілерге АИТВ-жұқпасы туралы әңгімелесу кезінде өзіне, әсіресе, өз біліміне 
сенімділікті сезіну және көрсету қаншалықты маңызды екенін түсіндіруі тиіс.
Алтыншы слайд: Сонымен, балаға оң АИТВ-мәртебесі  туралы айту үшін ең 
қолайлы сәт қашан туады?
Психологтардың, әрі АИТВ-мәртебесі  туралы білетін балалардың өздерінің пікірін-
ше, ең оңтайлы сәт – 7-11 жас: 
• 
балалардың  диагнозға  қатысты  көзқарасы  әлдеқайда  жайдары  болады, 
жасөспірімдерге қарағанда балалар үшін АИТВ шалдыққанына көндігу әл-
деқайда жеңіл;
• 
балалардың  дәрі-дәрмекті үзбей үнемі қабылдауы қажет екенін түсінуге    бой 
үйретуі үшін әлі уақыты бар;
• 
баланы АИТВ-жұқпамен байланысты қиындықтармен күресуге икемдеу әл-
деқайда оңай. Мысалы, АРТ қабылдау қажет екенін түсіне алады немесе ден-
саулығына едәуір мұқият қарай бастайды.
Жетінші слайд: 2 - Стандарт 
2- стандартты халықаралық тәжірибемен байланыстыру үшін осы жерде 
қорытындылаңыз. 
III. Топтық жұмыс:
 Балалардың құқықтары және АИТВ туралы іс жүзінде хабарлау
• 
6-ҚОСЫМШАДА үш сценарий келтірілген.
• 
Қатысушыларды үш топқа бөліңіз (бірін-бірі білетін/танитын адамдарды 
бөліп тастауға тырысыңыз).
• 
Әр топқа үш сценарийдің біреуі және флипчарт парағы беріледі. 
1.  Әр топтан флипчарт парағын екі бағанға бөлуді өтініңіз. Олар бірінші бағанмен жұ-
мыс жасай бастайды. Сол бағанның жоғарғы жағына «Кедергілер мен шешімдер» 
деп жазып қойыңыз.
2.  Әр  топтан  мамандар  осы  сценарийде  кездесуі  мүмкін  барлық  күрделі  мәселе-
лерді/кедергілерді тізіп шығуын өтініңіз.
3.  Енді олардан басқа түсті маркер алып, жазылған тізімге қарама-қарсы сол күр-
делі мәселелерге/кедергілерге әсер ететіннің барлығын талқылауды және жазуды 
өтініңіз: 
• 
Практик мамандардың ықтимал өмірлік тәжірибесі, көзқарастары және на-
ным-сенімдері;
• 
Ата-аналар/қамқоршылар;
• 
Бала;
• 
Қоғам.
4.  Орындағаннан соң, әр топтан екінші бағанға «Шешімдер» деген атау қойып, тізілген 
кедергілерді жоя алатын қарапайым және ерекше шешімдерді жазуды өтініңіз.
Тренерге арналған ескертпелер:
• 
Бар назарды балалардың құқықтарына және БҰҰ БҚК-на аударыңыз.
• 
Олар ұсынған шешімдер, өздері іс жүзінде іске асыра алатын шешімдер екені-
не көз жеткізіңіз.
• 
Шешім ретінде «басқа маманға жіберуді» пайдаланбаңыз.


25
• 
Оларды ата-аналармен/қамқоршылармен жүргізе алатын әңгімелер туралы 
ойлануға итермелеңіз.
• 
Өз мекемесіндегі жұмыс тәжірибесін қалай өзгерте алатыны туралы ойлануға 
итермелеңіз – қарапайым әрекеттер, мысалы, ата-аналарға/қамқоршыларға 
таңдау мүмкіндігін қалдырмау үшін жаңа ата-аналар келгенде, оларға: «міне, 
біз балаларға осылай және осы жаста» хабарлаймыз» деп айту.
IV. Рөлдік ойын: 
Отбасылармен жұмыс жасау: балаға АИТВ-мәртебесін жария етуге 
ата-анасының/қамқоршысының ақпараттық келісімін алу 
Ата-аналар балаларына АИТВ жұқтырғанын айтқысы келмейтінінің негізгі себеп-
тері бар. Осы жаттығуда сол себептердің төртеуін зерттейсіздер:
1.  Ата-ананың өзінің АИТВ жұқпасынан қорқуы, түсінбеуі немесе қабылдамауы.
2.  Балаға қоғам тарапынан көрсетілетін реакциядан қорқу.
3.  «Балалық  шақты  сақтау»  ниеті,  себебі,  олардың  АИТВ  диагнозын  балалық 
шақты ойрандайтын жайт деп қабылдауы.
4.  Кінәлаудан/жазғырудан қорқу.
Осы рөлдік ойын жұппен ойнатылады, бірінші сценарийде бір адам маман, ал екін-
шісі ата/қамқоршы  болады, ал екіншісінде олар орын ауыстырады. Егер қатысушы-
лар тым көп болса, оларды үш адамнан тұратын топтарға бөліп, «Бақылаушы» рөлін 
қосуға болады. 
1.  Рөлдік  ойын  сценарийі  ата-ана/қамқоршы  рөлін  ойнайтын  адамға  беріледі 
және оны басқаларға көрсетуге тыйым салынады.
2.  Әр рөлдік ойынға 8 минут, сонымен қатар, ойлануға біршама уақыт беріледі, со-
дан соң  рөл ауыстыратын адамдарға жаңа сценарий беріледі.
3.  Әр  рөлдік  ойыннан  соң,  қатысушылардан  келесілер  туралы  айтып  беруді 
өтініңіз:
• 
Рөл ойнау қандай екен?
• 
Өздерін қалай сезінді?
• 
Ойыннан өз тәжірибесінде пайдалана алатын бір нәрсе білді ме?
Рөлдік ойындарды 7-ҚОСЫМШАДАН қараңыз. Оларды қағазға басып шығарып, 
ата-аналарды/қамқоршыларды ойнайтындарға таратып беріңіз.
Жаттығу төмендегі талаптарға қол жеткізуге бағытталған:
• 
Практик мамандарға ата-ананы/қамқоршыны қалай сабырға шақыруға және 
оқытуға болатыны туралы ойлануға көмектесу. Олар қандай тілді пайдала-
натынына және ата-анамен/қамқоршымен бірге жұмыс жасау үшін оларды 
қалай сабырға шақыратынына және қолдау көрсететініне назар аударыңыз.
• 
Баланың мүдделерін барынша қамтамасыз етуге жіті көңіл бөлу.
• 
Қажет болғанда, практик маманның сарапшыға айналуы.
• 
Ата-анаға/қамқоршыға баладан АИТВ-мәртебесін жасырудың салдарын сы-
пайы, бірақ анықтап түсіндіру.


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау