Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет9/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40

26
Тренерге арналған ескертпелер
Балаға  АТВ-мәртебесін    жария  ету  оларға  қандай  оң  әсер  тигізетінін  естеріне  са-
лыңыз:
• 
Бала АИТВ диагнозын кішкентайынан қабылдайды.
• 
АИТВ бала үшін «қалыпты жағдайға» айналады.
• 
Медициналық мекеме ашық және шыншыл әңгіме жүргізілетін орынға айна-
лады.
• 
Бала  жасөспірімдік  жасқа  енбей  тұрып  дәрі-дәрмекке  оң  көзқараспен 
қарайтын болады.
• 
Жасөспірім және ересек жаста өз-өзіне қызмет көрсетудің толыққанды дағ-
дыларының негізі қаланады.
Пікірталасқа арналған тақырыптар 
1. «Бала барлығына өз диагнозы туралы айтып береді»
• 
Көп  балаларға  диагнозы  туралы  ерте  жастан  айтып,  басқаларға  айтпауын 
өтінеді.
• 
Балаға диагнозды ерте жаста жария ету АИТВ-ны қалыпты құбылысқа ай-
налдырады және ол қоғам тарапынан қандай да бір стигмаға және кемсітуге 
тап болмас бұрын АИТВ туралы бәрін біліп алатынын білдіреді.
• 
Баламен жүргізе алатын әңгіме туралы ойланып, оны ата-анаға түсіндіріңіз. 
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ – сіз баланың алдында АИТВ-ға стигма таңбасын таңғыңыз 
келмейді. Әңгіме барысында төмендегілер туралы айтыңыз:
• 
медициналық ақпараттың құпиялығы;
• 
баланың статусы туралы кімдер біледі және кіммен осы туралы сөйлесе 
алады;
• 
шәрі қарайғы өмірінде АИТВ-мәртебесі  туралы басқаларға айтқысы кел-
генде сіз қалай көмектесе аласыз.
2. «Бала ешқашан білмейтін болады!»
• 
Біз  білеміз,  ең  дұрысы  –  балаға  АИТВ-мәртебесі    туралы  қадағаланатын, 
қамқор  және  білім  беретін  ортада  хабарлау.  Диагнозы  туралы  кездейсоқ 
біліп қалып, оны құпия сақтайтын балалар АИТВ-жұқпасымен ауыратынына  
көндігуде және АРТ қабылдауда қиындықтарға тап болуы мүмкін.
• 
Біз осы туралы практик мамандар ретінде жіберген қателіктерімізден білдік 
және балаңызға тек жақсылық тілейміз.
• 
Балаға  АИТВ-мәртебесін  кездейсоқ  жария  ету,  жоспарланға  және  бірізді 
жария етуге қарағанда, бала үшін және оның отбасы үшін аса күрделі жағдай 
туындатады.  Егер  диагноз  кездейсоқ  ашылып  қалса,  ата-ана  баласының 
АИТВ туралы дәл қандай мәлімет алатынына, оны қалай қабылдайтынына 
және  естіген  жаңалығына  реакциясы  қандай  болатынына  сенімді  бола 
алмайды 
• 
Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, біз мәртебені жариялағаннан кейін 
жасөспірімдер одан бұрын өз диагнозы туралы білгенін немесе түсінгенін 
айтып  берген  көптеген  жағдайларды  келтіре  аламыз.  Кейбірі  диагнозын 
АРТ дәрі-дәрмектерінің атауын Ғаламтордан қарау арқылы, кейбірі аурухана 
картасынан  алынған  үзінді-көшірмеден  кездейсоқ  көріп  қалу  арқылы 
білген. Білетінін, неге бұрынырақ өздері айтпағаны туралы сұрағанда ата-


27
анасы құпия ұстағандықтан, олар да жасыруды жөн көргенін айтқан. Бірақ 
барлық балалар әдетте осындай құпиялық оларды жабырқатқанын ерекше 
атап өтті. 
3. «Бала күйзеліске түседі»
Ата-ана үшін бұл – баланың өміріндегі маңызды сәт. Бірақ балаға ерте жаста айтса, 
есінде қалмайды. Олар: «Мен бұрыннан білгенмін» дейді.
Баланың  кішкентай кезінде  күйзеліске ұшырауының көптеген себептері бар.  Біз 
білеміз, баламен АИТВ-мәртебесі  туралы ашық және шыншыл сөйлесу:
• 
Ата-анасына  және  медицина  қызметкерлеріне  сенім  артуды  қамтамасыз 
етеді.
• 
Бала өзінің АИТВ-мәртебесі  туралы біле алатынын және диагнозды қабыл-
дау үшін қолдау ала алатынын білдіреді.
• 
Егер  бала  шынымен  «күйзелісте»  жүрген  болса,  айналасында  оған  қолдау 
көрсете  алатын  сенімді  тәжірибелі  мамандар  болатын  қолайлы  орта 
құрылады.
Тәжірибе  көрсеткендей,  балаларға  ерте  жаста  АИТВ-мәртебесі  туралы  айтып 
беру оларға көбірек қолдау көрсетілетінін, әрі жасөспірім және ересек жаста стигма 
мен күйзеліске сирегірек тап болатынын білдіреді.
4. «Бала бізді ауру жұқтырдыңдар деп айыптайды»
• 
Айыптау көбінесе стигма, өз-өзіне бағытталған стигма және АИТВ қадағала-
уға болатын денсаулық күйі екенін түсінбеу салдарынан туындайды. Ата-а-
налар осы туралы ойланып, бұл баланың емес, олардың басындағы мәселе 
екенін түсінуі тиіс.
• 
Ауру жұқпалы болғанда, өзін кінәләу сезімі ата-аналар арасында жиі кезде-
седі. Бұл осы туралы айтуға болмайды дегенді білдірмейді.
• 
Балалар өз денсаулығының жағдайын және қалай АИТВ жұқтырғанын түсінуі 
тиіс. Бұл ретте олардың жағдайында АИТВ неге оларға жұққанын түсіндіру 
керек. Анасы білмеген болуы мүмкін, тиісті араласу шаралары болмаған бо-
луы мүмкін және т.б.
• 
Баламен  байыпты,  ашық  және  шыншыл  әңгімелесу  осы  мәселені  шешуге 
көмектеседі. Егер балаға айтпаса, ол ызалануы, ренжуі және болашақта ата-а-
насын кінәлауы мүмкін.
• 
Балалар АИТВ-ға бір сұмдық жайт деп қарамауы тиіс.
5.  «Ол  әлі  кішкентай,  аздап  есейсін.  Оны  балалық  шағынан  айырғымыз  кел-
мейді».
• 
Балалар кішкентай кезінен  баста көптеген әртүрлі оқиғаларды басқаруды үй-
ренуі тиіс. Ал ата-ана болу – ілім мен өміршеңдікті дамытуды білдіреді.
• 
Отбасында құпия сақтаудың, егер тек күтпеген сыйлық және думанды кеш 
болмаса, қажеті жоқ. Балаларымыз бізбен ажырамас байланыста және егер 
бір кілтипан шықса, тіпті біз айтпаған күнде де олар бәрін біліп алады.
• 
Біз  балалардың  АИТВ-мәртебесі    туралы  кездейсоқ  біліп  қалуын  қаламай-
мыз. Бала өз мәртебесі туралы кездейсоқ біліп қалса, оның салдары ауыр, 
әрі жағымсыз болуы мүмкін. Балаларға олардың кішкентай кезінде айтып, 
дұрыс  түсінуіне  жағдай  жасасақ,  оларды  балалық  шағынан  айырмаймыз, 


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау