46
Екінші слайд: Кейс-менеджмент моделі
Презентацияға ескертпелер:
Отбасылардың барлығына бірдей жоғарыда айтылғандай кейс-менеджмент ке-
рек емес. Кейс-менеджмент балаға қатысты қандай да бір алаңдаушылық болса ғана
қажет. Бірақ, кейс-менеджменттен біз әр балада/отбасында бағалау жүргізілуін және
шара қолданылуын қадағалап отыратын негізгі тұлға болып табылатын кейс-менед-
жер болуды үйрене аламыз. Осының арқасында әр ЖИТС-орталықта баланың өркен-
деуі, ал отбасының қажетті қолдау алуы үшін нақты бір үдеріс бола алады. развития
ребенка и поддержки семьи.
Үшінші слайд: Баланың эко-картасының үлгісі
�
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жағдайды басқарудың
тоғыз қадамы
47
Ескертпелер: эко-картаға түсіндірмелер:
1. Баланы/жұпты/отбасын ортаңғы шеңберге орналастырыңыз.
2. Маңызды адамдарды/ұйымдарды анықтап, қанша шеңбер қажет болса, сонша
шеңбер салыңыз.
3. Шеңберлер арасында байланыстар бар жерде сызықтар салыңыз.
4. Байланыс/қарым-қатынас сипатын көрсету үшін түрлі сызықтарды пайдала-
ныңыз.
Қажеттіліктерді бағалау үшбұрышындағыдай, кейс-менеджментте те эко-карталар
қолданылады, онда баланың өміріндегі адамдар, олар мықты қасиеттердің қалыпта-
суына үлес қоса ма, отбасында орын алуы мүмкін түйіткілді мәселелер көрсетіледі.
Балаларды бағалау кезінде сол үшбұрышты қолдану пайдалы болар еді.
Төртінші слайд: Бағалау құрылымы
Презентацияға ескертпелер:
Бұл – бала қатыгездікке немесе немқұрайдылыққа тап болуы мүмкін жағдайлар-
да балалар мен отбасылар үшін әлеуметтік қызметкерлер пайдаланатын Ұлыбрита-
ния Денсаулық сақтау департаментінің бағалау құрылымы. Бұл – ресми қажеттілік-
терді бағалаудың қызықты мысалы. Баланың/отбасының қажеттіліктерін бағалау
кезінде осы құрылымды ескеру пайдалы болады.
Бесінші слайд: Отбасы қажеттіліктерін бағалау
• АИТВ шалдыққан баланы медициналық жағынан қамсыздандырудан басқа да,
маңызы еш кем емес психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік-экономика-
лық жақтар бар, олар қолайлы болуы тиіс, яғни АИТВ шалдыққан балаларға тиісін-
ше күтім көрсету және тәрбиелеу қажет, бұл шаралар баланың кемел тұлға болып
қалыптасуына ықпал етеді.
• Отбасындағы түйіткілді мәселелерді қарастыра отырып, біз олардың барлық қа-
жеттіліктерін және мұқтаждықтарын қарастыруымыз тиіс.
48
• Отбасыға өмірлік мәселелерін шешуге көмектесе отырып, әрі қарай АИТВ тұрғы-
сынан денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жасай аламыз.
• Отбасын кешенді бағалау – отбасының жағдайын, оның айналасындағы ортаның
және отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды талдау, ата-ананың ақыл-
есінің даму деңгейін және бейімділік дағдыларының даму дәрежесін анықтау, ата-а-
наның тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу, ішімдікке тәуелділігі бар-жоғын анықтау,
отбасының мықты жақтарын және отбасы мүшелерінің қабілеттерін анықтау үшін
жүргізіледі.
Әрекет: Кейс-менеджмент материалдарын (9-ҚОСЫМША) және Бағалау жүргізу үл-
гісін (10-ҚОСЫМШАДА екі түрлі мысал бар) таратыңыз.
Бағалау жүргізіп болған соң, сол модельдердің біреуінің немесе бірнешеуінің көме-
гімен іс-қимылдар жоспарын жасау керек.
vi. Жаттығу:
Емделуге құлықтылықпен байланысты баланың және отбасының
қажеттіліктерін бағалау .
Кейс
Қарастыру қажет тұстар
Катя
мен
Таня
Катя мен Таня
• Тексеріңіз, үйде балалардың ойыншықтары бар ма? Ойыншықтармен анасымен
бірге ойнаңыз. Жайдары өзара әрекеттестік және көңілді қарым-қатынас орнатуға
ынталандырыңыз.
• CD4 деңгейіне қарай балаларды қорғау мәселесіне көшпес бұрын анамен жұмыс
жасауға уақыт бар-жоғын анықтаңыз. Егер сіз ананың емделуге құлықтылығын
қалыптастыруға көмектесе алсаңыз, оларды бір-бірінен ажыратпай, отбасы
ретінде бірге қалдырған дұрыс. Бірақ біз балалардың қауіпсіздігі мен амандығын
қамтамасыз етуіміз тиіс.
Ана
• Оған «балаларыңызды алып кетеміз» деген сияқты сөздермен қоқан-лоқы
көрсетпеңіз. Түсіндіріңіз: «балаларыңыз ауырып қалуы және ауруханаға түсуі
немесе одан да сорақы жағдай орын алуы мүмкін, сондықтан, сізге қолдау
көрсетуге рұқсат етіңіз, сонда осының бәрін болдырмай, қыздарыңыз сізбен
бақытты өмір сүре алуын қаматамасыз етуге тырысып көру үшін бірге жұмыс істей
аламыз».
• Онымен қарым-қатынас құрыңыз, алдымен жағымды әрекеттер жасаңыз,
мысалы, балалармен ойнаңыз. Содан кейін оған АИТВ туралы қызықты етіп айтып
беру үшін бірнеше ойын ұсыныңыз.
• АИТВ-ға көндігуге көмектесу үшін және бойында өз-өзіне бағытталған стигма
және кінәләу сезімі бар-жоғын анықтау үшін консультация жүргізіңіз. Онымен
қарым-қатынас құрған соң, диагнозы қабылдауға итермелеңіз, ата-анасы туралы
сөйлесіңіз. Олар отбасына көбірек қолдау көрсете ала ма? Оларға АИТВ туралы
айтып беруге көмектесе аласыз ба? Әңгіме арасында осы мәселені талқылауды
бастаңыз да, ата-ана қалай қабылдайтынын көріңіз, сыпайы түрде мәлімет беріңіз
және т.б.
• Жергілікті балабақшамен жұмыс жасап, Катяны сонда орналастыру мүмкіндігі бар-
жоғын анықтаңыз.
• Қатарластарының қолдауын алуы үшін оны басқа аналармен таныстырыңыз.
• АИТВ диагнозына көндіге бастаған соң, оған және балаларына емделуге
құлықтылығын қалыптастыруға көмек ұсыныңыз. Неліктен АРТ қабылдамайтынын
анықтаңыз, үй шаруасын реттеу үшін онымен жұмыс жасаңыз. Қызына АРТ
қабылдауға қалай көмектесе алатынына қатысты жұмыс жасаңыз.
• Болашақ туралы әңгімелесу – қыздары мектепке барғанда қандай жұмысқа
орналаса алады?