Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет20/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40

55
Рөлі
Әлеуметтік  
қызмет-
кер/мейір-
бике
•  АИТВ шалдыққан балаға психоәлеуметтік қолдау көрсету барысын-
да әлеуметтік қызметкердің/мейірбикенің рөлі елеулі және маңыз-
ды.
•  Әлеуметтік қызметкер – осы сала бойынша арнайы дайындықтан 
өткен адам, ол басқа команда мүшелерімен бірге жағдайларға ке-
шенді бағалау жүргізе алады, отбасына көрсетілетін күтім қызмет-
терін әзірлей алады.
•  Әлеуметтік қызметкерлер МДК құрамында жұмыс жасап, отбасы-
ларға психоәлеуметтік қолдау көрсетудің белгілі бір салаларына 
жетекшілік ете алады.
•  МТД құрамында бейүкіметтік сектор ұсынылмаса, үйлестіруші 
ретінде мейірбике қызмет ете алады.
•  Мейірбике науқастарға бағалау жүргізе алады, емделу тәртібін 
сақтауды қадағалай алады, салауатты өмір салты және дұрыс 
тамақтану туралы консультация бере алады, әрі АИТВ-мен өмір 
сүретін балаларға қолдау көрсете алады.
•  Әлеуметтік қызметкер де, мейірбике де үйлерге барып, отбасыларға 
кешенді бағалау жүргізе алады. Олар отбасылар үшін кейс-менед-
жмент те жүргізе алады.
•  Жақсы консультация беру дағдылары болса, балаларға диагнозды 
жария ету барысына жетекшілік ете алады.
•  Олар отбасы үшін психологпен және дәрігермен ортақ мақсатта жұ-
мыс жасауы тиіс. Бұл отбасымен әртүрлі мамандар жұмыс жасай-
тынын білдіреді, бірақ бала АИТВ жұқтырғанын біліп, артынша АИТВ 
саласында білім алуы үшін барлық МДТ мүшелері бірге жұмыс 
жасайды.
Психолог
•  АИТВ-ға шалдыққан баланы психоәлеуметтік сүйемелдеу – күрделі 
үдеріс, оның аясында баламен жұмыс жасайтын команда құрамына 
міндетті түрде даярлықтан өткен психолог-кеңесшіні қосу 
қарастырылады.
•  Психолог оң АИТВ статусы бар отбасылармен және балалармен 
жұмыс жасауға, атап айтқанда ұзақ мерзімді психологиялық 
қызметтер көрсету үшін қажетті білімі, дағдылары және 
практикалық тәжірибесі бар.
•  Психолог командада маңызды рөл атқарады, себебі, балаларға 
АИТВ статусын жария ету барысында консультация беріп қана 
қоймай, ата-аналарды/қамқоршыларды дайындайды.
•  Осы жұмыста өз мамандығына қарай және клиенттердің жеке 
ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білу 
маңызды.
•  Психолог та отбасына кешенді бағалау жүргізе алады және кейс-
менеджер ретінде жағдайды жүргізе алады.


56
iii. Пікірталас: 
МДТ үйлестіру 
МДТ тиімді жұмыс жасауы үшін нақты рөлдер мен құрылымы бар үйлестіріл-
ген әдістеме қажет.
Тренердің сұрақтары:
1.  Команда кездесулері қаншалықты жиі өтуі керек?
2.  Команда жұмысын үйлестіретін кім?
3.  МТД кездесуінің нәтижелерін қалай рәсімдеу керек? 
Онсыз да жұмысбасты адамдарға тым көп жұмыс жүктеп жатпағаныңызға 
көз жеткізіңіз.
Пікірталас нәтижесінде қатысушылар кездесулерге кім қатысуы керек екенін, 
кездесулерді қаншалықты жиі өткізу керек екенін және онда нені талқылау ке-
рек екенін айқын түсінуі тиіс.
 
2.3 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС, ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУ  
ЖӘНЕ СЕКСУАЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ
Тренингің осы бөлімінің мақсаты – қатысушыларды АИТВ-мен өмір сүретін 
балалардың және жастардың сексуалдық денсаулығы туралы ақпаратқа басқа-
ша қарауға итермелеуге тырысу. Мұнда осының ұзақ үдеріс екені, оның уақыт 
өте  келе  міндетті  түрде  орын  алатыны  түсіндіріледі.  Осы  үдерісте  жыныстық 
жетілу  кезеңі,  тән  және  қарым-қатынас  тақырыптары  қозғалуы  хақ.  Осының 
барлығы осы жастар тобы үшін шынымен маңызды, осы туралы ұмытпаған жөн.
Тренингтің осы тарауында қамтылатын мәселелер:
3-cтандарт: АИТВ жұқтырған балалардың сексуалдық денсаулығы. Қажетті 
қызметтерге жіберу және ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулықты сақтау.
Оқыту мақсаттары:
•  Балалар мен жастардың жыныстық жетілу, қарым-қатынас және жыныстық 
жолмен таралатын аурулар, жыныстық қатынас туралы әңгімелесулер, ақпа-
рат және білім алу қажеттіліктерін ескеру.
•  Қатысушыларды балалармен кішкентай кезінен  бастап осы тақырыпта бой-
ынша жұмыс істеуге үйрету. 
Нәтижелер
Сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар:
•  Өз тәнін және өз денесіндегі өзгерістерді зерттей бастаған балалар арасында 
осы тақырып қашан қозғалатынын жақсырақ түсінетін болады.
•  Білімін жетілдіру үшін түрлі жастағы балаларға керекті түрлі ақпаратты зерде-
лейді.
•  Осындай әңгімелерге қатысты кедергілерді зерделейді.
•  Аймақтық сексуалдық қызметтер картасын жасайды және олармен қалай бір-
ге жұмыс жасауға болатыны туралы ойланады.совместно с ними.
Ұзақтығы: 1:40 сағ. (100 мин)
i. Презентация:
 Қарым-қатынас, жыныстық жетілу және сексуалдық денсаулық
Бұл – қатысушылардың  адам болмысы және ұзақ, бақытты, әрі толыққанды 
өмір, жыныстық қатынас туралы ойлануына мүмкіндік беретін қысқа презента-
ция.
Бірінші слайд:
Бірер  минут  уақыт  бөліп,  өздеріңіз  жұмыс  жасайтын  балалар  және  жастар 
үшін болашақта нені қалайсыздар, сол туралы ойланыңыздар. 


57
Екінші слайд: 
Ауруханаға барып тұру? Дәрі қабылдау?  Ұзақ, әрі салауатты өмір сүру?
Ұнайтын жұмыс? Өмір сүретін қауіпсіз жер?  Достық? Сүйікті адамдар?  
Неке? Отбасы? Ата-ана, ата-әже болу, шөберелі болу?...
Үшінші слайд:
Біз баланың осы қажеттіліктер тобы туралы, яғни қарым-қатынас, жыныстық 
жетілу,  махаббат,  ұқсастық  және сексуалдылық  туралы  ойлануына  ықпал  жа-
саймыз .
Төртінші слайд: 
Жастар  жыныстық  қатынас  және  сексуалдық  денсаулық  туралы  қайдан 
біледі? 
[Мүмкіндік  болса,  Қазақстан  немесе  ТМД/ОШЕ  бойынша  мәліметтер  кел-
тіріңіздер]]
• Бүкіл әлемде жастар Ғаламторға қолындағы құрылғылар арқылы қол жеткізе
алады.
• 2019 жылы BBC Ұлыбританияда 18-25 жас аралығындағы жастарға сауалнама
жүргізген, осы сауалнама  1000 ер адамның  55% порноны  жыныстық тәрбие-
дегі  басты білім көзі екенін атаған.
• 55% адам порно өзара келісімге негізделген сүйспеншілікке толы қарым-қаты-
насты көрсетеді деп ойламайтынын жеткізген.
Бесінші слайд: 
Жастар  жыныстық  қатынас  және  сексуалдық  денсаулық  туралы  қайдан 
біледі?
[Мүмкіндік болса, Қазақстандағы жасөспірімдік жүктілік туралы мәліметтер 
беруге болады]
Уақыт
Атауы
Өткізу түрі
15 мин
Қарым-қатынас, жыныстық жетілу және 
сексуалдық денсаулық
Презентация
20 мин
Түрлі жас кезеңдеріндегі әңгімелесу түрлері
Топтық жұмыс 
30 мин
Идея алмасу
Кері байланыс
10 мин
Қарым-қатынас, жыныстық жетілу және 
сексуалдық денсаулық бойынша жұмыс 
жасауға қатысты қандай кедергілер және 
мәселелер бар?
Пікірталас 
10 мин
Жасөспірімдерге арналған сексуалдық және 
ұрпақ жалғастыру денсаулығы саласында 
қызметтер картасын жасау
Топтық жұмыс
15 мин
Бірлескен жұмысқа арналған 3 идея 
презентациясы
Кері байланыс


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау