«Жол картасының» басталуына дейін жалпы жұмыссыздық деңгейі облыста 6,8 пайызды құраса, байыпты жұмыс нәтижесінде өткен жылдың аяғында едәуір төмендеді. Облыста инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 19597 жұмыс орнын құруға 12,7 млрд
теңге көлемінде қаржы бөлінсе, әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар орындарын құру және жастар практикасы бағдарламаларын кеңейтуге республикалық бюджеттен – 728 млн тенге, кадрларды даярлау мен қайта даярлауға 1,1 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылып, көптеген жұмыстардың тиянағы келтірілді. Мәселен, шешімін күткен 303 жоба қамтылып, оның 58-ін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары, 95-ін жол жөндеу жұмыстары, 87-сін әлеуметтік, 63-ін қалалардағы және ауылдардағы әлеуметтік-мәдени орындар құрады. Осы аталған жұмыстарға 19847 жұмыс орны құрылып, орналастырылғандардың 82 пайызы немесе 16276 адам жұмыспен қамту органдарының жолдамасы арқылы жіберілгенін атап айтқан жөн.
Бағдарлама шеңберінде ТКШ-ны қайта жаңғырту жөнінде 58 жобаны іске асыруға бағдарламаға бөлінген қаржының үштен бір бөлігі немесе 4,8 млрд теңгесі жұмсалды. Нәтижесінде 67,1 шақырым сумен жабдықтау желілері, 23,9 шақырым канализациялық жүйелер, 8 канализациялық насос стансалары, 19,9 шақырым жылу желілері жөнделіп, жылу жүйесінің 4 нысаны қайта іске қосылды және 44,6 шақырым электр желілері, 17,2 газ жеткізу жүйесі қайта жасалып, сұйық газға арналған 47 топтық қойма қалпына келтірілді. Талдықорған қаласының 7 мыңнан астам тұрғыны орталық газға қосылу мүмкіндігін пайдаланып отыр.
Бірнеше жылдан бері алғаш рет жылумен қамтамасыз ету желілерін жөндеу мен қайта қалпына келтіруге 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, Қапшағай, Талдықорған, Іле, Қарасай аудандарындағы жылу қазандықтары мен жылыту желілері жөнделді. Жол жөндеу жұмыстарына 2,8 млрд теңгелік 95 жоба іске асырылып, 394,5 шақырым жолға орташа, 459,8 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Жол картасын» іске асыру шеңберінде 53 білім беру, 27 денсаулық сақтау, 4 мұражай, 2 спорт және 1 әлеуметтік нысанды жөндеу және жылыту жұмыстары қатар жүргізіліп, жағдай жақсарды.
«Жол картасындағы» басты бағыттардың бірі – кадрларды даярлау және қайта даярлау. Бұл алдынғы жылдарға қарағанда кәсіптік білім беру жүйесінің мүмкіндігін барынша пайдалануға жол ашты. Оқуға жұмыссыз азаматтармен қатар, қосымша кәсіптік білім беру жүйесінің мүмкіндігін барынша пайдалануға жол ашты. Оқуға жұмыссыз азаматтармен қатар, қосымша кәсіп алу үшін толық емес режімде жұмыспен қамтылған азаматтар жіберіліп, 9704 адамды даярлау және қайта даярлау үшін республикалық бюджеттен 1,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Кадрларды кәсіптік оқыту және қайта даярлау 32 оқу орнында 36 кәсіп пен мамандықтың түрі бойынша өткізілсе, шетелдік жұмыс күшін алмастыруды көздейтін бірқатар күрделі мамандықтар бойынша кадрларды даярлау оқу орындарының жұмыс біреушілермен келісім-шарт жасауы арқылы тікелей кәсіпорындарда жүргізілген айтуға болады.
Облыста дағдарыстың алдын алу, жұмыссыздықты болдырмау мақсатында облыс әкімінің 2009 жылғы «Қызметкерлерді жаппай жұмыстан босатудың алдын-алу мәселелерін қарау және еңбек рыногын тұрақтандыру щараларын қабылдау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» қаулысына сәйкес «Жол картасының» жүзеге асырылуына тұрақты мониторинг жүргізіліп, бақылау орнатылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бағдарламасы халықтың нысаналы тобының ішінен лайықты жұмыс таба алмаған санаттағы тұлғаларды жұмыспен қамтуға, ал, «Жастар практикасы» бағдарламасы жас түлектердің еңбек рыногында бағдарлануына және жарты жыл бойы 15000 теңге көлемінде жалақы алуына мүмкіндік берді. Осылайша әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 532 млн теңге бөлініп, 5911 адамды, жастар практикасын ұйымдастыруға 196 млн теңге бөлініп, оқу орнының 2177 түлегін қамту жоспарланса, осы мақсатта 2168 кәсіпорын, ұйымдармен келісім-шарт жасалады.
Халықтың нысаналы тобының ішінен 7673 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз етіліп, «Жастар практикасы» бағдарламасы барлық аумақтарда кеңінен етек алып, белсенді дамуға ие болды. Оған жіберілгендердің саны 2922 адамға жетіп, бағдарлама нәтижесінде бүгінгі күні жас түлектер өздеріне лайықты жұмыс табуға толық мүмкіндік алды және 1016 жас маман тұрақты жұмысқа орналасқанын айтуға болады.
2009 жылы «Жол картасын» іске асыру еңбек нарығындағы ахуалды біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді, 380 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайыздық пунктке төмендеп, 2010 жылдың 1 қаңтарына 6,3 пайызды құрады. 1 млн астам адам жұмыс істейтін 8 мыңдай кәсіпорын жұмыс орындарын сақтау, қызметкерлердің еңбек құқықтарын және кепілдіктерін сақтау жөнінде меморандумға қол қойды, сонымен бірге олардың ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылуы 2008 жылғымен салыстырғанда 2,5 есеге артты.
Бұл жұмыс 2010 жылы да, оның ішінде «Жол картасы» аясында да өз жалғасын табатын болады. Қазіргі уақытта инвестициялық жобалардың тізбесі, азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құру жөніндегі негізгі тапсырмалар мен осыларға байланысты қаржы шығындары айқындалды. Өткен жылғыдай барлық инвестициялық жобаларды жылжытудың қатаң да шынайы мониторингін қамтамасыз ету қажет. Мұның бәрі ағымдағы міндеттер. Алайда елімізді жеделдетіп индустриализациялау жөніндегі басты басымдықты іске асыру еңбек нарығы мен жұмыспен қамту саласын мемлекеттік реттеудің ұзақ мерзімді перспективалық бағдарламасын әзірлеуді талап етеді.
Айта берсек, мұндай игілікті істер жеткілікті. Әрине, ағымдағы жылы да бұл жұмыстар одан әрі жалғасатыны анық. Бұл бағыттағы жұмыстарға жыл басынан жан-жақты дайындық өрістетіліп келеді.
«Жол картасы» өңірдегі елді мекендердің дәулеті мен сәулетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырумен қатар халықтың күнкөрісін жақсартып, өмірлерін өзгертті деуге толық негіз бар.
Бұл ретте адамдарды әлеуметтік қорғау қатер жағдайына тап болған азаматтар мен жергілікті атқарушы органдардың арасындағы «өзара міндеттемелер» қағидатына негізделетін болады. Әлеуметтік қолдауға ие болу құқығы жұмыссыздар мен халықтың өзге нысаналы топтарының еңбекке қабілетті бөлігінің жергілікті атқарушы органдар іске асыратын бағдарламаларға қатысу міндеттерімен үйлестірілетін болады. Осы мақсатқа көші-қон заңнамасын еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерінде жетілдіруге бағытталған көші-қон саясаты да бағынатын болады (қазіргі уақытта «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауында жатыр).
Өткен жылы еліміздің үш өңірінде «Нұрлы көш» бағдарламасының қанатқақты жобалары іске асырылып, 253 оралман отбасы тұрғын үйлі болды. 2010 жылы осындай қанатқақты жобалар еліміздің 6 өңірінде іске асырылатын болады. Бұл ретте, көші-қонның барлық түрін (этникалық, еңбек және ішкі) реттеу жекелеген аумақтардың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық болжамдары мен бағдарламаларының деректеріне сүйенетін болады.
2009 жылы әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке кеткен шығыс 2005 жылғымен салыстырғанда 2,3 есеге көбейтіліп, 812,9 млрд теңгеге жетті, немесе республикалық бюджеттің 24,1 % немесе мемлекеттік бюджеттің 21,6 % құрады. 2010 жылы әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек шығыстары 922,4 млрд теңгені, 2011 жылы – 1026,2 млрд теңгені құрайтын болады, бұл 2009 жылғымен салыстырғанда тиісінше 13,5 және 26,2 пайызға көп.
Сонымен қатар, отбасы, ана мен бала институтын нығайту жөнінде жұмыстары да жалғасын табады. Ағымдағы жылы төртінші және одан кейінгі балалар үшін біржолғы жәрдемақы мөлшері 30 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін, ал бала күтімі жөніндегі ай сайынғы жәрдемақы мөлшері орта есеппен 1,3 есе арттырылды.
Осы жылдан бастап әлеуметтік төлемдердің жаңа түрі – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін жәрдемақы енгізілді, оның мөлшері бір ең төмен жалақыны (14 952 теңге) құрайды.
Көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттаудың шарттары өзгертілді. «Алтын алқа» белгісімен жеті (бұрын – он және одан да көп) және одан да көп баласы бар аналар, «Күміс алқа» белгісімен алты (бұрын – сегіз) баласы бар аналар марапатталатын болды. «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 1,7 есеге өсті. 2015 жылға қарай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2010 жылғымен салыстырғанда 1,2 есе артатын болады.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына дайындалу және оны мерекелеуге қатысты ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары қабылданады. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері: Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ орденінің иегерлеріне 15 айлық есептік көрсеткіштен 130 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) немесе 183690 теңгеге дейін; Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын Социалистік Еңбек Ерлеріне – 15-тен 70 АЕК немесе 98910 теңгеге дейін арттырылды.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен барлығы 4,8 млрд теңге бөлінеді.
Әлеуметтік-еңбек саласында қабылданатын шаралардың барлығы Қазақстан халқының тұрмыс деңгейін жақсартуға ықпал етеді. Осы бағдарламалармен қатар, кедейшілік және жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін келесі шараларды қолдану қажет.
Кедейшілік деңгейін төмендетудегі мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар:
– халықты еңбекпен қамтуды көтеру мақсатында облыс экономикасын өсіруді қамтамасыз ету үшін ықпалдырақ шаралар қабылдау;
– қолданылып жүрген нормативтер негізінде əлеуметтік салалар қызметтерімен (білім, денсаулық сақтау, мəдениет жəне спорт) облыс халқын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
– алғашқы медициналық көмек көрсетуге, базалық білім беруге, атаулы көмек көрсетуге бағытталған қаражаттардың мақсатты жұмсалуына бақылауды күшейту;
– ауылдық жерлердегі əлеуметтік салалар объектілерін ашуға жəрдемдесу;
– кедейшілікті төмендету мəселесі бойынша мемлекеттік органдар мен мүдделі қоғамдық бірлестіктер арасында өзара байланыс тəжірибесін енгізу;
– бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде жеке меншік, кедейшілікті төмендетудегі оңды тəжірибелерді насихаттауға қатыстыру.
Кедейшілік деңгейін төмендетудегі үкіметтік емес ұйымдардың және кәсіподақтардың жұмысын жетілдіру шаралары:
– мұқтаж болғандардың жарамды санына негізделген кедейлерді қолдауға деген бюджеттік қажеттілікті қалыптастырудағы үкіметтік емес ұйымдардың қатысын қамтамасыз ету;
– Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылдың 17 шілдесінде шыққан Заңына сәйкес аймақтар әкімдерімен құрылған учаскелік комиссиялардың құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін міндетті түрде ендіру;
– үкіметтік емес жастар ұйымының қатысуымен білім сапасы аймағында зерттеу жүргізу.