«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ, 110000, мекен-жайы: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 151 А үй, анықтама үшін телефоны: 8(7142)54-53-35, факс номері – 8(7142) 54-65-10, электрондық почта мекен-жайы – n.degtyareva@minfin.gov.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ЖАЛПЫ КОНКУРС жариялайды:
Ұйымдастыру-кадр және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман, бір бірлік, С-О-5 санаты негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты 2020 жылғы 24 желтоқсанға дейін демалыс уақыт аралығына.
Функционалды міндеттері: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу тәртібі мен талаптары әдістерін пайдаланып мемлекеттік сатып алуды жүргізу ; мемлекеттік сатып алу, қызмет көрсету, ғимараттар мен алаңдарды күрделі және ағымдағы жөндеуге қатысу; құрылыс жоспарларын іске асыруды бақылау; Мемлекеттік сатып алу негізінде жұмыс және дайын нысандарды қабылдауды ұйымдастыру, жобалық-сметалық құжаттамамен бекітілген материалдар өнімдеу, құрылыстар, сапасын бақылау, мерзімдерінің жеткіліксіздігі және мемлекеттік сатып алу негізінде сатылған құрылыс жұмыстарының сапасының нашарлау себептерін талдау, аяқталған құрылыс жобаларын қабылдау және беру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу, Мемлекеттік сатып алу негізінде сатып алынған; ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілуі тиіс ғимараттар мен алаңдарды анықтау, ғимараттар мен алаңдарды өрт қауіпсіздігі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу туралы бұйрықтар дайындау , мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарттар дайындау және қорытынды, Мемлекеттік сатып алу веб-порталында келісім-шарт тізілімін жүргізу . Уақытылы мемлекеттік сатып алу туралы есеп жасау. Уақытылы мемлекеттік сатып алу туралы есеп беру. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің шешімдерін тапсырмаларын уақытылы орындалуын қамтамасыз ету; жедел ақпарат ұсыну; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесу және бірлесіп жұмыс істеу; заңды және жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау. Сотта және басқа да мемлекеттік органдарда департаментінің мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қатысу. Істі мемлекеттік тілде жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: Жоғарғы техникалық ғылымдар және технология (құрылыс) немесе құқық (юриспруденция) салаларында.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
-
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
| С-О-5 |
83353
|
112376
|
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) негізінде жүргізіледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ, 110000, мекен-жайы: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 151 А үй, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттарды қабылдау хабарландыруды соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ кадрлар жұмысы бөлімінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ кадрлар жұмысы бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
10.01.2018ж.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті
Өтініш
Мені________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
|
|
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
|
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылданған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
|
_______________
күні/дата
|
Достарыңызбен бөлісу: |