С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАР, ПСИХОТЕРАПИЯ НЕГІЗДЕРІ, ЖАЛПЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
|
ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАР ТІЗІМІ
|
«Коммуникативтік дағдылар - 2» пәні бойынша
тәжірибелік дағдылар тізімі
Жоғары эмпатия (басқа адамның психологиясын сезіну);
Тұлғаға бағытталған қарым – қатынас: өз іс - әрекетінің субъектісіне тұлғаға бағытталған қатынас, өзінің және басқаның құндылығын сезіну, пациентке емдеу процесінің белсенді мүшесі ретінде қарау.
Студент - медик ретінде өзінің «Мен - концепциясын» және жағымды өзін - өзі бағалауы болуы.
«Студент - студент» альянсын құру.
Әр түрлі студенттермен қатынасқа түсе білу (үрейлі, депрессивті, агрессивті, обсессивті және т.б.).
Кері байланыс алу.
Қарым – қатынастың сөздік емес құралдарын қолдану және шеше білу.
Басқа адамдармен тұлғалық қасиеттеріне қарамай жағымды қарым – қатынас орната білу.
Ақпаратты дұрыс бере білу және келесі адамды дәлелді сендіре білу.
Науқастармен, әріптестермен ақпарат алу және беру барысында тиімді және нақты сөйлей білу.
Науқастарға тиімді қарым – қатынасқа түсуге мүмкіндік беру.
Әңгіме – сұхбаттың басында немесе аяғында, уақыт жетпегенде тиімді тыңдай білу.
Қарым – қатынастың қиыншылықтарын анықтай білу және жетістікке жеткенше жұмыс істеу.
Сөздік емес сигналдарды ала білу, түсіну және қолдана білу.
Коммуникацияның ауызша, жазбаша және электрондық әдістерін қолдана білу.
Алған ақпаратты басқа адамға / кәсіпқойға беретін кезді білу.
Қарым – қатынасқа түсу іскерліктерін әрі қарай дамыту қажеттілігін мойындау.
Өзгешеліктерді мойындау.
Сенімді дамыту.
Пациенттермен ақпарат алмасу.
Бірлескен шешімге келу.
Көзбен контактіге түсе білу.
Түсіну үшін тыңдау.
Раппорт құру.
Анық сөйлеу.
Тәннің тілін қолдана білу.
Пациенттің сөзін тыңдау, сөздің ым – ишарамен және оның интонациясымен байланысын таба білу.
Фактілерге көңіл аудару және осы ақпаратты білу / білмеуінің салдарын түсіну.
Айтылғанды қогртындылау.
Қолдайтын айқын ескертулер жасай білу: «бұл сөз үшін өте қиын болып тұр ғой», «жалғастырыңыз», «өте қызық екен», «мен түсініп тұрмын».
Бақылай білу.
Отырғанда немесе тұрғанда ашық, достық қалыпта болу.
Адамның жеке кеңістігіне кіріп кетпеу және тым алшақ та болмау.
Йығын, мойнын және бет бұлшық еттерін босаңсыта білу.
Белсенді тыңдау сигналдарын бере білу.
Жағымды қарым – қатынасқа түсе білу, бірінші қадам жасай білу.
Қарым – қатынасқа тез түсе білу, сол кезде асықпайтын сияқты болып көріну.
Келесі адамға өзінің проблемаларына көңіл аудару көмектесу.
Ізетті түрде «жоқ» деп айта білу.
Басқа адамның тұрғысынан мәселеге қарай білу.
Басым болмау.
Қолдай білу.
Ашық, жабық, жағымсыз сұрақтарды қоя білу.
Түйіндей білу.
беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |