Түйіндеме Аты-жөні,тегі: : Қуаналин Ернар Туған жылы


Студент-практиканттың есеп беруі



жүктеу 75,22 Kb.
бет3/8
Дата15.11.2022
өлшемі75,22 Kb.
#40175
1   2   3   4   5   6   7   8
ернар практика 102-ФиС[1][1]

Студент-практиканттың есеп беруі

Мен Қуаналин Ернар кәсіби шығармашылық факультеті дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-курс студенті мамыр айының 23 мен маусым айының 03 аралығында кәсіптік практикасынан өттім. Сол күндері мен 7 «а» класына бекітілдім.Жауапты жетекші мұғалім Данияр Суликанов болды. Қазіргі ахуалға байланысты оқу практикасы қашықтықтан өткізілді.Практика жетекшіміз орындалуы тиіс тапсырмаларды жіберді. Тапсырмаларды орындау барысында оқыту әдістерімен таныс болдым. Сабақты өткізу барысында әдіс – тәсілдердің қаншалықты маңызы бар екенін, оның қандай түрлері бар екенінін зерттедім.Сыныпқа психологиялық-педагогикалық сипаттама жазып үйрендім. Оқушының психологиялық-педагогикалық сипаттамасын жазуды да үйрендім. Сыныптан тыс іс-шаралардыңда жоспарын құрып, дайындадым. Оның қандай нормаларға сәйкес болу керек екенін, қай жағынан болмасын жүйелі болуы керегін ұқтым. Жалпы, өз мамандығым жайлы оқу практикасы барысында біраз нәрсені үйрендім. Тек үйреніп қана қоймай, өз мамандығыма деген қызығушылығым арта түсті.




Санитарлық гигена

"Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың


құрылымына, оларды ұстауға және оқыту жағдайларына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
Санитарлық ережелері және нормалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы санитарлық ережелер және нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер), білім беру ұйымдардың орналасуына, ғимараттарына, жер бөлігіне, үй-жайларына және жабдықтарына, табиғи және жасанды жарықтандыруға, күн тәртібіне, гигиеналық тәртібіне, ауамен жылыту жүйелеріне, санитарлық жағдайына, оқушыларға медициналық қызмет көрсетуге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды анықтайды.
2. Осы санитарлық ережелер және нормалар іс-әрекеті білім беру ұйымдарында жалпы білім беру бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты жеке және меншік нысанынан тәуелсіз заңды тұлғаларға (бұдан әрі - жалпы білім беру және интернаттық ұйымдар) арналған.
3. Осы санитарлық ережелердің талаптарының сақталуын білім беру ұйымдарында жалпы білім беру бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты ұйымдардың бірінші басшылары және жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.
4. Осы санитарлық ережелерде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылған:
1) жалпы білім беретін ұйымдар (мектеп, лицей, гимназия) - адамның қоғамға және еңбекке белсенді араласуына, қоғамдық және табиғи құбылыстарды түсінуіне қажетті, кәсіби білім алуға негіз болып, мемлекеттік кепілдік беретін орта білім беру жүйесіндегі оқу орындары;
2) жалпы білім беретін мектеп - негізгі және қосымша түрде жалпы білім беру бағдарламасын пайдаланатын жалпы білім беретін орта оқу орны. Ол мынандай үш сатыдан тұрады: бастауыш, негізгі және жоғарғы, бұлардың әрқайсысы өздігімен жұмыс атқара алады;
3) гимназия - оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, белгілі бір бағытта тереңдетілген, жекелеп оқытуды қарастыратын, орта білімге қатысты негізгі және қосымша бағдарламаларды жүзеге асырушы жалпы білім беретін оқу орны;
4) лицей - жалпы орта білім беретін және негізгі, қосымша бағдарламаларды жүзеге асыратын; жоғарғы сатыдағы оқушыларға кәсіби бағыттағы білім беруді жүзеге асыратын оқу орны;
5) интернаттық ұйымдар (мектеп-интернат, мектеп жанындағы интернат) - белгіленген азаматтарға білім алу құқығына мемлекеттік тұрғыдан кепілдік беретін және жатын орынмен қамтамасыз ететін орта білім жүйесіндегі ұйымдар;
6) шағын мектептер (ауылдық мектеп) - саны жағынан оқушылары аз, сынып - комплектілері біріктірілген сабақ жүргізілуі өзгеше ұйымдастырылған жалпы білім беретін мектеп;
7) кіші-орталық (аз уақыт болатын топ) - барлық меншік түріне қарасты, "мектеп-балабақша" кешендерінде, мектеп жасына дейінгі ұйымдарда және мектепте ұйымдастырылатын мектеп жасына дейінгі балалардың аз ғана тобын тәрбиелеу;
8) мектепке дейінгі сыныптар - жалпы білім беретін мектептердегі 5-6 жастағы балаларға арналған, міндетті түрде өткізілетін бір жылдық тегін мектеп алдындағы дайындық;
9) сыныптардың толықтырылуы - бұл оқу сыныбының үй-жайының көлеміне байланысты анықталатын сыныптағы оқушылар саны;
10) оқу жүктемесі - оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін оқу үдерісі кезінде жасына қарай топталған, академиялық сағатпен есептелетін, оқушылардың сабақпен қамтылуының нормаланған қосындысы;
11) оқу құралы - оқу бағдарламасының белгілі бір сабағы бойынша оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін жүйелі түрде материалы баяндалған оқу әдебиеті;
12) күн тәртібі - оқушылардың бекітілген күн тәртібі;
13) нормативтік құжаттар - стандарттар, санитарлық, мал дәрігерлік-санитарлық, фитосанитарлық ережелер мен нормалар;
14) рекреакция - үзіліс кезінде және сабақтан бос уақытта оқушылардың дем алып және күшін қалпына келтіруге арналған үй-жай;
15) коррекция - оқушылардың денсаулығын жақсартуға арналған сауықтыру шаралардың кешенді түрі;
16) инсоляция - үй-жайға гигиеналық тұрғыдан баға бергізетін күн сәулесі радиациясының нормаланған көрсеткіші;
17) табиғи жарықтандыру коэффициенті (әрі қарай - ТЖК) - үй-жайдың табиғи жарықтануының нормаланған көрсеткіші;
18) климаттық аумақ - климаттық белгілер бойынша (температура, ылғалдылық) бөлінетін аумақ;
19) салыстырмалы ылғалдылық - ауадағы су буының серпінділігінің сол температурада қаныққан су буына деген ара қатысы, пайыз арқылы анықталады;
20) рециркуляция - жабық үй-жайлардағы температураны, ылғалдылықты, ауаның тазалығын реттеу мақсатында ауаны бірнеше рет еселеп, толық немесе бір бөлігін қайталай алмастыру;
21) санитарлық-қорғау аумағы - тұрғындарды қоршайтын өнеркәсіптік және көліктік нысандардың ауаның ластануын және басқа да факторлардың теріс әсерін азайтуға арналған (шу, қозғалыс, топырақ пен судың ластануы) және зиянды ықпалынан қорғау мақсатында жасалынған аумақ;
22) люфт-клозет - ғимарат ішінде орналасқан, алдында арнайы кіреберісі бар, сорып-шығаратын желдету жүйесі бар, канализацияға қосылмаған дәретхана;
23) септик - тұрмыста пайдаланудан жиналған шағын ағынды суларды тазартуға арналған құрылғы. Ол жер астында орналасқан, қалдық су өтетін, бір немесе бірнеше камерадан тұратын горизонтальды су тұндырғысы;
24) зарарсыздандырушы заттар - қоршаған ортада нысандарындағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жоюға арналған химиялық заттар.


жүктеу 75,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау