Кафедра меңгерушісі ___________Ботагариев Т.А
Алғы сөз
1 курс студенттерінің оқу практика мазмұны болашақ мұғалімнің мамандығымен байланысты құрылады. Студенттердің практикалық іс-әрекетін ұйымдастырудағы ғылыми негізі Бүгінгі мектеп пен мұғалімге қойылатын талаптардың мазмұнымен сабақтас сонымен бірге, педагогикалық практика өзінің сипаты жағынан комплексті өйткені, арнайы мамандығы бойынша даярланып жатқан пәндермен қатар педагогика-психология пәндері арасында студенттердің түрлі қызметін үйлестіруге негізделеді. тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Педагогикалық практика мақсаты:
Осы практиканы өту барысындағы студенттердің барлық іс-әрекеттері, қимылдарының мазмұны мүмкіндігінше мұғалімдердің шын кәсіптік мамандық жұмыстарына барынша жақындастырылуы қажет. Пән мұғалімі қызметі және сабақ өту әдістерімен барынша таныса отырып, бағдарламаға сай дәрежеде орындалуы тиіс.
Практиканың міндеттері:
мұғалім мамандығының әлеуметтік мәнін және оның оқушы тұлғасын қалыптастырудағы әсерін студенттердің сезіне білуі.
болашақ мұғалімнің кәсіби құндылығын, педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру.
Практиканың мазмұны:
1. Бекітіліген нормативтік құжаттарға сәйкес әртүрлі типтегі оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жүйесімен таныстыру;
- Білімді реформалау жағдайында мектеп жұмысының негізгі бағыттарымен;
- Мемлекеттік стандартпен, мамандық бойынша оқу пәнінің типтік бағдарламаларымен;
- Мектептегі тұтас педагогикалық процестегі басқару жүйесі (директордың, директордың орынбасарының іс-әрекеті);
- Мектеп құжаттарымен (мектеп жұмысының жоспары, сынып жетекшісінің жоспары және т.б.)
- Әртүрлі әдістерді (сауалнама, бақылау, сұқбат, мектеп құжаттарымен танысу және т.б) пайдалануды негізге алған пән мұғалімінің мен сынып жетекшісінің қызметтерімен;
2. Берілген тапсырмаларды орындауда ғылыми-зерттеу әдістерінің пайдалану:
«Мұғалімнің әлеуметтік-педагогикалық портретін» жасау;
оқушы тұлғасының психологиялық мінездемесін жасау.
3. Сыныптағы тұтас педагогикалық процеске қатысуы:
сынып жетекшісінің жұмыс жоспарына сәйкес сыныптағы тәрбиелік іс-шараларына;
нақты бір сабаққа пән мұғалімінің дидактикалық материалдарды сұрыптауға.
4. Кәсіби-тұлғалығын өзіндік дамытудың жоспарын жасау.
5. Студенттердің өзбетінше ақпарат алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерімен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |