«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені Шымкент


Техногендік сипаттағы төтенше жағдай



жүктеу 1,65 Mb.
бет5/11
Дата10.11.2018
өлшемі1,65 Mb.
#18907
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай


Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады. Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері

Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.




Техногендік сипаттағы төтенше жағдай



Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар




Радиациялық қауіпті объектілердегі апаттар




Өрт және жарылыс қауіпі бар объектілердегі апаттар апаттар




Көліктегі апаттар (темір жол, автокөлік, әуе, су және метро)




Гидродинамикалық қауіпті объектілердегі апаттар




Коммунаолды және электр жүйесіндегі апаттар

Сурет-2 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды топтау


Бақылау сұрақтары:

1. Төтенше жағдайлар белгілері бойынша қалай жіктеледі?

2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, олардың туындау себептері.

3. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау себептері және қорғану шаралары


Ұсынылған әдебиеттер:

1.Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. – Шымкент, М.Әуезов атындағы Оңтүстіік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005, 243 бет.

2.Маханов Б. Б., Сатаев М.И., Сатаева Л.М., Тіршілік қаупсіздігі. Электрондық кітап. Шымкент. 2004.

3.Шертаев Е.Т. Тіршілік қауіпсіздігі. Шымкент, 2003, 115 б.

4.Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

5.Төтенше жағдайлар жэне Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық - әдістемелік жинағы. - ҚР-Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, 1 (15), 2001 ж.

6.Саудабеков К.Е. и др. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни. - Алматы, КазГЮУ, 1999.

Лекция 10
Тақырыбы: Төтенше жағдайларда экономика обьектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы
Лекция жоспары:

1. Жұмыс істеу тұрақтылығы ұғымы.

2. Бейбіт және әскери уақыттың төтенше жағдайларында экономика

обьектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы.

3. Экономика обьектісінің төтенше жағдайларда жұмыс істеу

тұрақтылығын жоғарылату принцптері мен тәсілдері.

4. Инженерлік-техникалық кешеннің және обьектіні басқару жүйесінің

тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар.

5. Азаматтық қорғаныс нормаларының өнеркәсіптік және азаматтық

обьектілерге қоятын талаптары.



Лекция мазмұны:

Дүлей зілзалалар, техногендік сипаттағы авариялар мен басқа да төтенше жағдайлар, сонымен қатар қарсыластың соғыс қимылдары ел экономикасына едәуір шығын келтіреді. Жаппай қыратын қару-жарақтың жаңартылған түрлерінің пайда болуы және қазіргі уақыттағы авариялар мен апаттардың жиілеуі шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс тұрақтылығын жоғарылатуды талап етеді. Шаруашылық объектілерінің неғұрлым аз зақымдалуы (қирауы) және мүмкіндігінше қысқа мерзімде қайта қалпына келтірілуі қажет.

Шаруашылық объектілерінің қызметтерінің тұрақтылығы деп төтенше жағдайлар кезінде өнімді жоспарланған көлемде және номенклатурада (материалды құндылықтарды тікелей өндірмейтін – транспорт, байланыс және басқа да өз қызметтерін міндетіне қарай орындайтындар) шығару, ал авария (зақымдалу) жағдайында өте қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіру қабілеттілігін айтуымызға болады. Төтенше жағдайлар кезіндегі шаруашылық объектілерінің жұмыс тұрақтылығы келесі факторлармен қамтамасыз етіледі:


  • жұмысшылар мен қызметкерлерді дүлей зілзала, авария мен апат салдарынан, сонымен бірге барлық қару-жарақ түрлерінің әсерінен сенімді қорғау;

  • объектінің инженерлік-техникалық кешенінің апат әсеріне қарсы тұра білу қабілеттілігі;

  • жабдықтау жүйесінің (шикізат, отын, электр энергиясы, газ, су және т.б.) тұрақтылығы;

  • азаматтық қорғаныс пен өндірісті басқарудың қалтқысыздығы;

  • объектіде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды және зақымдалған (қираған) өндірісті қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге дайын болуы.

Аталған факторлар шаруашылық объектілерінің жұмыс жүргізу тұрақтылығының негізгі талаптарын да анықтайды. Бұл талаптар азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шараларын жобалау нормасында белгіленген. Объектінің жұмыс тұрақтылығын зерттеу ұзақ та, динамиклық процесс. Бұл жұмысты атқару мақсатында объектінің азаматтық қорғаныс штабының жұмысшылары мен инженерлік-техникалық қызмет көрсетуші құрамалары жұмылдырылады. Қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу бөлімі мен жобалау ұйымдары тартылады. Сонымен қатар зерттеу жүргізу жоспары әзірленеді. Мұндай зерттеулердің мақсаты – шаруашылық объектілерінің жұмыс тұрақтылығын бағалау мен оны жоғарылату жолдарын қарастыру.

Объектінің жұмыс тұрақтылығына әсер ететін факторларды есепке алу.

Әрбір объектінің өзіндік ерекшелігі болғанымен, олардың жалпы сипаты басым болады. Жаңартылған түрдегі кәсіпорындар (өнеркәсіптер) кешенін ғимараттар мен құрлыстар, қондырғылар, электр энергиясы мен жабдықтау жүйелері, инженерлік және отын қатынас жолдары, ішкі транспорт тораптары, басқару және байланыс жүйелері, қойма шаруашылықтары, әкімшілік, тұмыстық және шаруашылық ғимараттары мен құрлыстары құрайды. Сондықтан объектілер үшін төтенше жағдайлар кезіндегі жүргізілетін жұмыстарға дайындық ортақ факторлармен сипатталады.

а) Объектінің топографиялық орналасуына талдау жүргізіледі:


  • территориядаға объектіні қоршаған құрлыстардың сипатыҢ

  • территорияда екінші қайтара зақымдау факторларының шығу көздері болып табылатын кәсіпорындардың орналасуы (тоғандар, химиялық өнеркәсіп объектілері және т.б.);

  • жапсарлас аймақтың табиғи жағдайлары;

  • қатынас жолдарының орналасуы және т.б.

Ауданның метеорологиялық жай жапсары:

  • желдің бағыттары, жауын-шашын мөлшері, топытар сипаты және

жер асты суларының орналасу тереңдігі сипатталады.

б) Негізгі және қосалқы ғимараттарға сипаттама беріледі:



  • ғимараттардың әртүрлі ықпалдарға төзімділігін есептеу

үшінолардың құрылымдық ерекшеліктері мен техникалық көрсеткіштері анықталады. Атап айтқанда ғимараттың қабаттылығы, ұзындығы, биіктігі, негізгі қаңқаның түрі, қабырғаның толтырылымдары, шатыры, төбенің итарқасы, ғимараттың өртке төзімділігі және т.б. анықталады;

  • жұмыс орнында бір уақытта болатын жұмысшылар мен

қызметкерлер саны;

  • паналау ғимараттарының болуы.

в) Объекті территориясының ішкі жоспарлануын бағалауда құрлыстардың түрі мен орналасу тығыздығына байланысты түрлі өрттердің шығуы мен таралуы, паналау ғимараттарының кіре берісін және ғимараттар аралығындағы жолдарды үйінділердің басып қалу ықтималдылығы қарастырылады. Тез оталғыш сұйықтықтар немесе күшті әсер ететін улы заттар сақталатын сиымдылықтардың, жарылғыш заттар сақталатын қоймалардың және тағы сол сияқтылардың бар-жоғы анықталады.

г) Технологиялық процестерді зерттеуде өндірістің ерекшеліктері, бейімделу мүмкіншіліктері (соғыс уақытында) немесе өндіріс жұмысының уақытша тоқтап қалу жағдайлары қарастырылады.

Жабдықтардың бірегейлігі мен маңыздылығы, түрлі аппаратуралармен, құралдармен қаныққандығы, жекелеген бөлімшелердің жұмыстарының дербестігі, қауіпті заттарды сақтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігі.

д) Энергиямен жабдықтау жүйесін зерттегенде олардың қандай

сыртқы энергия көздеріне тәуелділігі анықталады. Энергияның ішкі қайнар көздері сипатталады. Энергетикалық тораптары мен тасымал жолдары зерттеледі.

Сумен жабдықтау жүйесін зерттегенде су қоймаларының радияциялық, химиялық және бактериялық залалдан қорғалуына ерекше көңіл бөлінеді. Өрт сөндіру жүйесінің сенімділігі тексеріледі. Газбен жабдықтау жүйесін зерттегенде газды автоматты түрде өшіру механизмі тексеріледі. Оны сақтау және тасымалдау талаптары сақталады.

е) Бақылау бекеттері мен байланыс тораптарының жағдайы зерттелгенде, әсіресе, хабарлау, құлақтандыру жүйесін қадағалауға ерекше көңіл аударылады.

Объектінің жұмыс тұрақтылығын бағалаудың есебін жүргізгенде зақымдаушы факторлардың ең жоғары, ықтимал шамаларының мәндері, объектінің және оның элементтерінің сипаттамасы негізгі мәлімет болып табылады.

Әдетте, зақымдаушы факторлардың өлшемдері азаматтық қорғаныс бас штабымен беріледі. Егер де мұндай мәлімет берілмесе, онда ең жоғары мәндер есептеу жолымен анықталады. Қираудың (зақымдалудың) ықтимал сипаты мен дәрежесі жер сілкінісінің қарқындылығының (баллмен өлшегенде) дискретті мәндерімен анықталуы мүмкін. Немесе ядролық жарылыстың ауадағы соққы толқынының артық қысымымен (Рф, кПа өлшенеді) анықталады.

Объектілердің жұмыс тұрақтылығын жоғарылату.

Тұрақтылықты жоғарылату мақсатындағы іс-шараларды жүргізгенде, олардың техникалық, шаруашылық және экономикалық сәйкестіктері жан-жақты бағаланып орындалады. Іс-шаралардың экономикалық негізгі дәлелділігі бейбіт кездегі шешілетін міндеттерімен ұштасқанда орындалады. Мәселен, қорғану паналарын бейбіт уақытта шаруашылық мақсаттарда пайдалауға болады. Жанатын, улы, агрессивті сұйықтықтар мен газдарды сақтайтын жер асты сиымдылықтарының құрылысын пайдалануға болады. Жалпы инженерлік шешімдердің қорғану шараларымен қисынды үйлесімділіктеріне әсіресе жаңа құрылыыстарды салуда жақсы жетуге болады. Қолданымдағы объектілердегі жұмыс тұрақтылығын жоғарылату іс-шаралары қайта қалпына келтіру процесінде немесе жөндеу құрылыс жұмыстарын орындауда орнықты жүргізіледі. Объектінің техникалық іс-қағаздарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, олардың көшірмелері дайындалып, қала сыртындағы қауіпсіз аймақта сақталады.


Жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау жолдары


Мұндай міндетті шешу үшін:

а) Барлық жұмысшыларға арналған қорғану ғимараттары – бомбадан қорғанатын, тез арада салынатын, радиацияға қарсы, қарапайым қорғану паналарымен қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді. Сондықтан барлық ережелерге сай құрлыстардың салынуы және қорғану ғимараттарының қажетті санының жинақталуы керек.

б) Эвакуациялауды және бөліп орналастыруды ұйымдастырудың тиянақты қаралған жоспары әзірленеді.

в) Жеке басты және медициналық қорғау құралдары жинақталады.

г) Радиациялық және химиялық барлау құралдарын, залалдану мен радиоактивті сәулеленуді бақылайтын құралдар жинақталады және сақталады.

Объектінің ғимараттарының, құрлыстарының, жабдықтарының төзімділігін арттыру.

Мұнда төзімділігі жоғары және жеңіл материалды (алюминий қорытпасы және т.с.с.), қабырғалық толтырымды жеңілдетілген құрылымдар, шыныны қолдану арқылы жарық ойығын үлкейту, пластиктен жасалған және басқа да жеңіл қирайтын материалдар қолданылады. Олар қирағанда ғимарат қаңқасына жарылыстың соққы толқынының қысымы төмендейді, ал олардың сынықтары жабдыққа аз шығын әкеледі. Жеңілдетілген қабат аралық жабындылар және отқа төзімді жеңіл шатыр жабындылары (темірбетонды жабындылардың қирауы құрылғының сынуына әкеледі) қолданған дұрыс. Биік құрылымдар (құбырлар, діңгектер, бағаналар, үлдіріктер) тардылып бекітіледі. Сейсмикаға төзімді бетоннан немесе металдан жасалған белбеклер орнатылады. Аса маңызды ғимараттар тереңдетілген немесе биіктігі төмен етіп салынуы тиіс.

Жабдықтарды, әсіресе оның әлсіз бөліктерін жөндейтін және қалпына келтіретін бөлшектер мен түйіндер қоры жинақталады. Кейбір құрылғы түрлерінің ауып кетпеуі үшін фундаментке анкерлік болттармен бекітіледі. Ауыр жабдықтар төменгі қабаттарда, ал кейбіреулері ғимарат сыртындағы ашық алаңқайдағы бастырма астына орналастырылады. Бастырма қираған жағдайда жабдықтарға зиян келмейді. Аса бағалы және бірегей жабдықтар тереңдетілген жайларда орналастырылып, оларға арнайы дайындалған металл камералар, қаптамалар, шкафтар, жабдықтың астына орнатылатын торлар жасалады.



Төтенше жағдайлар кезіндегі процесстердің тұрақтылығын жетілдіру мақсатында:

  • автоматтандырылған жүйелердің істен шығу жағдайында қолмен басқаруға көшу;

  • өндірісті басқа цехтарға, филиалдарға көшіру;

  • күрделі технологиялық процестерді жеңілдеу процеске ауыстыру;

  • арзан бағалы шикізаттарды, материалдар мен бөлшектерді қолдану;

  • бітпей қалған өнімдерді өзге кәсіпорындарда аяқтап өңдеу;

  • жанғыш, жарылғыш материалдарды және улы заттарды шектеулі түрде қолдану;

  • технологиялық процестерді құлақтандыру дабыл арқылы тоқтату немесе оларды төмендетілген жұмыс тәртібіне көшіру;

  • күтпеген, әлдеқалай апат жағдайында объектінің жұмысын авариясыз тоқтату (қазандықтардың жарылуы, турбиналардың қирауы және т.с.с.);

  • басқа да жолдармен жетеді.

Энергиямен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығы.

  • бір-бірінен айтарлықтай алыстау қашықтыққа орналасқан (2 радиусты аймақтағы әлсіз қирау мүмкіндігі) қайталама электр энергиясы, газ, су, бу көздерінің төсем салу жолымен бірнеше қатынас жолдары және соңынан олардың сақиналануы жүргізіледі;

  • электрмен және сумен жабдықтаудың резервті дербес көздері құрылады (жылжымалы электр станциялары және насос агрегаттары) ;

  • электр тасымалдау жүйесін ядролық жарылыстың электромагниттік импульсінен қалқан қою арқылы, қорғанып кіретін құрылғылар қолдану және басқа да тәсілдермен қорғау.

Объектіні сумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығы.

  • бірнеше сумен жабдықтау жүйелерін немесе бір-бірінен қауіпсіз қашықтыққа алшақтатылған тәуелсіз су көздерін пайдалану;

  • қорғалған су көздері – жер асты сулары, артезиан скважиналары, грунт сулары;

  • зақымдалған ауданды айналып өту бөгеттері мен құрсауланған желілерді құру, су жіберу, суды қысыммен айдайтын мұнараларды айналып өту жолдарын жүргізу;

  • суды техникалық мақсатта қайта пайдалану (бұл судың жалпы пайдаланылуын азайтады)

  • су көздеріндегі су қоймаларын радиоактивті және бактериологиялық зиянды заттардан сақтау;

  • өрт сөндіру гидранттарын ғимарат қираған жағдайда басып қалмайтын жерде орнату керек.

Газбен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығы.

  • сақиналанған жүйелерді және айналып өту желілерін құру, екі немесе одан да көп газ бөлінетін станциялармен жабдықтау;

  • жер астында газбен жабдықтау тораптары мен құбырларын орналастыру;

  • қашықтан басқарылатын автоматтандырылған тоқтатқыш және ауыстырып қосатын құрылғыны орнату.

Екінші қайтара зақымдау факторларының пайда болу мүмкіндігін азайту.

  • объекті территориясында жанғыш, жарылғыш және қатты әсер ететін улы заттардың тек қажетті ең аз қорын орналастыру керек. Оларды қорғалған қоймаларда сақтау, артық қорларды қала сыртындағы аймаққа апару, резервуарларды қоршау (сұйықтықтың толық көлемін сақтауға есептелген сиымдылықтың айналасын топырақпен қоршау), жарылыстың зақымдаушылық әсерін бір шектен шығармау, өздігінен ашылатын терезелер мен фрамугалар (терезенің жоғары бөлімі), клапандар, қатты әсер ететін улы заттарды бейтараптайтын автоматты құрылғылар;

  • автоматтандырылған және жүйені өшіретін басқа да құрылғылардың қирауы, екінші қайтара зақымдау факторларының шығуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда ядролық жарылыстың жарық сәулесіндегі – гамма-сәулелер немесе электромагниттік импульсі әсер етеді (бұл факторлар объектіге соққы толқынынан бұрын жетеді).

Өртке қарсы шаралар.

Жарық сәулесі факторынан қорғану үшін ғимараттың тез өртенгіш элементтерін өрттен қорғайтын күміс түстес (ХЗМ маркалы) бояуымен, перхлорвинильді (ПХВО типтегі), силикатты және басқа да бояулармен сырлау қажет. Олардың сыртын әк қоспасымен (62%-і сөндірілген әк, 32%-і су, 6%-і ас тұзы), суперфосфат қоспасы (65%-і суперфосфат және 35%-і су) немесе 1-1,5 мм етіп құммен сылайды. Терезелерді әк немесе бор тұнбасымен әктейді (350-500 г/мл), терезе жапқыш күнперделерді қолдану.Территорияны құндылығы аз, шашылып жатқан, тез оталатын заттардан тазалау. Үлкен ғимараттардың ішін өртенбейтін қабырғалармен (брандмауэрлармен) секцияларға бөлу қажет. Өртке төзімді конструкцияларды қолдану. Су резервуарлары бар ғимараттарды алдын-ала қарастыру. Тез оталғыш заттарды сақтайтын қоймалар объект территориясының шекарасында немесе сыртында тереңдетілген түрдегі бөлек блоктарда орналастырылуы қажет. Объектіні су басып кетпес үшін құрылыс бөгеттері салынады.



Азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шараларының нормасына қойылатын кейбір талаптар.

Ел территориясындағы шаруашылық объектілерін неғұрлым ұтымды және оларды мейлінше бір-бірінен алшақ орналастыру қажет. Яғни, өндіріс орындары аз аудандарда өндірісті дамыту, ал керісінше, өндіріс орындары көп орналасқан аудандарда жаңа өнеркәсіптердің салынуын мүмкіндігінше шектеу қажет. Қарсыластың зақымдау құралдарынан келетін шығынды азайту үшін үлкен қалалардың өсуін шектеу, ал қандай да бір саланың жұмыс тұрақтылығын жоғарылату үшін қосалқы өнеркәсіптердің салынуы жөн. Материалдық құралдардың, шикізаттың және энергия қуатының қорлары құрылып, бөліп орналастырылуы қажет. Ел экономикасының өміршеңдігін арттыруда мұнай және газ құбырларының құрлысының маңызы зор. Шаруашылық объектілерін орналастыруда азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шараларының нормалары келесі талаптарды қарастырады:



  • қала тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ететін өнеркәсіптерді қала шекарасына орналастыруға болады;

  • әртүрлі базалар, қоймалар, автопарктер, телефон станциялары, техникалық және іріктегіш станциялары, демалыс үйлері, санаторийлер және т.с.с. қала шетінде немесе ықтимал қирау аймағының сыртында орналастырылуы қажет;

  • магистральды (транзитті) автомобиль және темір жолдар құрлысын қала сыртынан жүргізу қажет. Ішкі жолдар торабы сыртқы жолдар торабымен байланысуы керек;

  • ықтимал су басу аймақтарында тұрғын аудандар, шаруашылық объектілері, қоймалар, базалар және т.б. салуға рұқсат етілмейді.

Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының нормалары бойынша шаруашылық объектілерінің жаңа құрлысын салуда мыналар қарастырылады:

  • жаймашуақ уақыт пен төтенше жағдайлар кезіндегі құрлыстар қызметтерінің үйлесімділігі. Мәселен, бомбадан қорғанатын паналарды бейбіт кезде қойма есебінде пайдалану және т.с.с.;

  • ғимарат түрін таңдағанда жабық резервуарлы түрдегі құрлыстарға көңіл бөлінеді;

  • ғимараттарды салғанда ішіне улағыш, радиоактивті және бактерологиялық заттардың еніп кетпеуі үшін, олардың герметикалануы қарастырылады.


Бақылау сұрақтары:

1. Жұмыс істеу тұрақтылығына әсер ететін факторлар, оларды қалай есепке алады?

2. Объектінің жұмыс тұрақтылығын жоғарылату?

3. Инженерлік-техникалық іс-шараларының нормасына қойылатын талаптар қандай?

4. Жұмысшалар мен қызметкерлерді қорғау жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: уч. пособие / В.В.Денисов: И.А.Денисова, В.В.Гутенов, О.И.Монтвилла.-М.: МарТ, Ростов н/Д: МарТ, 2003.-608с.

2. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

3. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет.



Лекция 11
Тақырыбы: Төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі принцптері

мен тәсілдері

Лекция жоспары:

1. Халықты қорғау принциптері.

2. Төтенше жағдайлардан және қазіргі зақымдау құралдарынан қорғау

бойынша шаралар.

3. Бейбіт және әскери уақыт жағдайларында халықты инженерлік

қорғау.

4. Халықты эвакуациялау бойынша шараларды ұйымдастыру.

5. Төтенше жағдайларда дәрігерге дейін көмек көрсету.


Лекция мазмұны:

Халықты көшірудің негізгі принцптері

Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан алдын ала әкету(көшіру) мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.

Көшіру шаралары мынаны қамтиды:



  • көшіру- төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету;

  • қоныстандыру – бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін(олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру. Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере отырып ұйымдастырылады.

Қауіпсіз аймақ көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярлаған аумақ.

Барлық көшірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамтамасыздандырылуға тиіс.

Көшіру мен қоныстандырудың негізгі принцптері:

- көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;

- көшіру шараларын өндірістік принцп пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;

- көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімінде жүргізу;

- көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшылдықты сақтау;

- көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай ақ жеке көлікті пайдалану;

- орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;

- көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда орналастыру және қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамтамасыздандыру.

- өз қызметін әрі қарай жалғастыратын обьектілердің үздіксіз және тұрақты жұмысын істеуін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы аумағында өз өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 500 –ге жуық аса қауіпті обьект бар. Су басу қауіпі бараймағында тұратын халық үшін 200- ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әртүрлі зілзала түрлері экономика мен ауыл шаруашылығы обьектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуы тиіс. Халықты көшіру түрлі тәсілдермен халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады.


Эвакуация

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру тәртібі белгіленді.

Уақытша көшіру шаралары:


  • ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;

  • халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;

  • көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

Көшіру шараларын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру комиссиясы құрылады.

Көшіру шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдарының және ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелген.

Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері:


  • ұйымның АҚ штабымен бірлесіп, объектінің жұмысшылары мен қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін орналастыру үшін олардың тізімдерін жасайды;

азаматтық қорғанысының басшысына эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобил колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірленеді.


жүктеу 1,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау