«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені Шымкент



жүктеу 1,65 Mb.
бет1/11
Дата10.11.2018
өлшемі1,65 Mb.
#18907
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті
Жаратылыстану-техникалық факультеті


«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің

Оқу-әдістемелік кешені

Шымкент

Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің

тізімдемесі

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

(пәннің аты)



п/п


Атаулар



1

Пәннің оқу бағдарламасы




2

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




3

Студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)




4

Лекция тезисі




5

Семинар ( практика) және зертханалық пәндердің жоспары




6

CӨЖ тақырыптары




7

Әдебиеттер тізімі




8

Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар




Лектор Аға оқытушы УмирзаковаА.А.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


«БЕКІТЕМІН»

Оқу ісі жөніндегі

проректор Шахабаев.Е.

_____________________

«___»_________2015ж.

«Дене шынықтыру», «Музыкалық білім», «Дизайн», « Кәсіптік оқыту»

мамандықтары бойынша жоғары оқу орнының студенттеріне арналған

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент - 2015

Құрастырушы: Аға оқытушы УмирзаковаА.А.


Оқу бағдарламасы «Химия, биология және экология» кафедрасының мәжілісімен ұсынылған

хаттама № __ «__»______2015ж.


Кафедра меңгерушісі а.ш.ғ.к., Мамирова Н.А.

Оқу бағдарламасы «Жаратылыстану-техникалық» факультетінің Әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қаралды, хаттама №___ «__»________2015ж.


Комиссия төрағасы:

Оқу бағдарламасы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің әдістемелік Кеңесімен мақұлданды және ұсынылды хаттама №___ «__»________ 2015ж.


ӘК төрағасы: Құнанбаева Е.М.

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Техникалық жүйелерді қолданудың қауіпсіздік жағдайларын дайындаудың, төтенше жағдайларды болжаудың және өндірістік персоналды қорғаудың шешімдерін қабылдаудың, келеңсіз факторлардың әсерлерінен адамның аналитикалық-физиологиялық қасиеттерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді ұлғайту, өмір сүру ортасының зиянды, қауіпті және жарақаттаушы факторларының көздерінің кешендік ұғымдары, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің принциптерін қалыптастырудың теориялық негіздеріне және іс-жүзінде атқару жолдарын үйрету.

Тіршілік қауіпсіздігі адамзат әрекетшілік саласының бірі болып табылады, сондай-ақ осы ұғымғы бір қатар аспектілер кіреді: саяси, әскери, заңдық, әлеуметтік, медициналық, ақпараттық, қаржы, ғылыми, халықаралық және т.б. Мемлекеттің міндеті, оның функциясы ретінде қарағанда Тіршілік қауіпсіздігі халықты, қоршаған ортаны шаруашылық объектілерді (нысаналарды) төтенше жағдайлардан, олардан туындаған зардаптардан қорғау жөнінде мемлекет саясатын жүргізудің басым салалардың бірі болып саналады.



Пәнді оқытудың мақсаты.

«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәнінің мақсаты студенттерді адамның мекендеу ортасымен (өндірістік, тұрмыстық, қалалық) қауіпсіз өзара әрекеттесу негіздерімен және қауіпті, төтенше қауіпті жағдайларда жағымсыз факторлардан қорғау негіздерімен таныстыру болып табылады.



Пәнді оқытудың міндеті.

- адамның жұмысқа қабілеттілігін және денсаулығын сақтауға кепілдік беретін, оны экстремальды жағдайларда әрекет етуге дайындайтын, тиімді кәсіптік қызметтің техника қауіпсіздігіне және адамның қорғалғандығына қойылатын талаптармен үздіксіз бірлігі туралы түсінігі болуы тиіс;

- төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін; «адам-мекендеу ортасы» жүйесіндегі тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің теориялық негіздерін;

- адамның мекендеу ортасымен және қызметтің ұтымды жағдайларымен өзарар әрекеттесу негіздерін;

- техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыру құралдарын және әдістерін;

- төтенше жағдайларда өндірістік обьектілер мен техникалық жүйелердің жұмыс істеу тұрақтылын зерттеу әдістерін;

- қауіпті және төтенше қауіпті жағдайлар мониторингінің әдістерін;

- тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін басқарудың нормативтік – техникалық және ұйымдастыру негіздерін білуі тиіс;

- жағымсыз әсерлер параметрлерін бақылау және олардың деңгейлерін бағалау;

- тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін арттыру бойынша шараларды жоспарлау және жүзеге асыру ептілігі болуы тиіс;

- құтқару жұмыстарын жоспарлау және қатысу;

- жеке қорғаныс құралдарын қолдану, зардап шегушілерге дәрігерге дейін көмек көрсету дағдылары болуы тиіс.

- тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мәселелерінде құзіретті болуы тиіс.

Студенттер «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнін меңгеру үшін келесі пәндердің негізін, мүмкін болса, білуі шарт: математика, физика және химия.


Пәннің құрамы
Кіріспе

Кіріспе. Пәннің тақырыбы және міндеттері. Оның жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орны. Мемлекеттің тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ролі. Адамдардың қорғау қызметінің эволюциялық дамуы: қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларда қорғау, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі.

Негізгі бөлім



Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер. «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы: табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу обьектілерін қорғаудың негізгі принцптері; ұйымдардың табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы міндеттері; халықтың табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен міндеттері; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою. «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуына әкелген апаттарды, ауыртпалықтар мен алапаттар себептерін тергеу ережелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.

Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері, құру және жұмыс істеу принцптері. Азаматтық қорғаныс міндеттері: басқару, хабарлау және байланыс жүйелерінің тұрақты даярлығын ұйымдастыру, дамыту және қолдау; азаматтық қорғаныс күштерін құру; орталық және жергілікті атқару органдары, ұйымдар персоналын даярлау және халықты оқыту; төтенше жағдайлар ауданындағы жағдайды қадағалау және зертханалық бақылау; шаруашылық жүргізу салалары мен обьектілерінің жұмыс істеу тұрақ-тылығын арттыру бойынша шаралар кешенін өткізу; қорғаныш құрылыстардың, жеке қорғаныш құралдары қорларының және азаматтық қорғаныстың бас мүлкінің қажетті қорын жинақтау және әзірлікте ұстау; іздеу– құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін қамтамасыз етуді және оны қауіпті аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру; азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізатын, жем-шөпті, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақым-данудан, жануарлар індетінен және эпифитотиядан қорғау.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру принцптері, АҚ іске асыруды жүзеге асыратын ұйымдар, АҚ шаралар ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін жауапты тұлғалар.

Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу. Қауіпті өндірістер және тұрмыстық факторлар. Жіктелуі, агрегаттық күйі, адам ағзасына түсу жолдары, зиянды заттың таралуы және түрленуі, зиянды заттардың әсері және сезгіштігі. Зиянды заттардың аралас әсері. Зиянды заттардың құрамын нормалау: шекті мүмкін, максимум реттік, орташа ауысымдық, орташа тәуліктік концентрациялары. Токсиндер әсер еткендегі созылмалы улану, кәсіби және тұрмыстық аурулар.

Радиациялық және химиялық қауіптілік. Иондаушы сәуле шығару. Сыртқы және ішкі сәулелену. Олардың адам ағзасына әсері. Экспозициялық, жұтылған баламалы дозалар. Сәулеленетін тұлғалардың және сындарлы органдар топтарының санаттары. Радиациялық қауіпсіздік нормалары. Сәуле ауруы, басқа аурулар. Алыстатылған салдары. Иондаушы сәуле шығарудың мекендеу ортасына әсері.

Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принцптері-негіздеу, оңтайландыру, норма-лау. Радиациялық обьектілерді әлеуетті қауіптілігі бойынша жіктеу. Жабық сәуле шығару көздерімен жұмыс істеу. Қорғау шаралары. Жайға және жабдыққа қойылатын талаптар. Радиациялық бақылау. Жүйелер және аспаптар. Радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары. Өлшенетін параметрлер, бақылау деңгейлері. Санитарлық-сақтандыру шаралары.

Химиялық қауіпті обьектілерді және химиялық төтенше жағдайларды жіктеу. Химиялық қауіпті заттарды сақтау және тасымалдаудың негізгі тәсілдері. Қорғау әдістері мен құралдары. Химиялық апаттар салдарын бағалау. Химиялық қауіпті заттарды апаттық лақтырғанда токсианттың таралуын есептеу әдістері. Химиялық барлау аспаптары.

Техносфераның және техносфе-ралық қауіпсіздіктің қазіргі күйі. Жүйенің даму кезеңдері. Техносфера. Заңдылықтар және оның даму көрсеткіштері. Индустриялық қоғам адамның биосферамен, техносферамен және әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуінің құрылымдық сұлбасы. Техносфераның дамуына демография-лық жарылыстың, халықтың кенттеуінің, энергетиканың, көліктің өнеркәсіптік өндірістің және экономиканың басқа салаларының әсер етуі. Жағымсыз факторлардың жиынтығы жоғары техносфера аймақтары: өңірлердің және ірі қалалардың қоршаған ортасы, өндірістік орта, төтенше жағдайлар аймақтары. Техносфераның қауіпсіздік жүйелері.

Адамды және мекендеу ортасынан табиғи және техногенді текті зиянды және қауіпті факторлардан қорғау. Қауіпті және қызмет аймақтары туралы ұғымдар, олардың өзара орналасуының мүмкін нұсқалары. Қызмет аймақтарындағы қауіптерді төмендету принцптері: қауіптілік көздерін жетілдіру; ара қашықтықты қауіптілік көзіне дейін ұлғайту; экобиоқорғау техникасын және қорғау жүйелерін қолдану; жеке қорғау құралдарын және қорғаныш құралдарын қолдану. Тіршілік әрекеті аймақтарында қауіпсіздікті іске асыру әдістері.

Әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу. Төтенше жағдайларлардың үш негізгі жіктеу белгісі: пайда болу сферасы бойынша, ведомстволық тиесілілігі бойынша, төтенше жағдайлар аймағының масштабы бойынша. Табиғи сипаттағы

төтенше жағдайлар. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар.

Төтенше жағдайларда экономика обьектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы. Жұмыс істеу тұрақтылығы ұғымы. Бейбіт және әскери уақыттың төтенше жағдайларында экономика обьектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы. Экономика обьектісінің өндірісті жылдам қалпына келтіру әзірлігін бағалау. Экономика обьектісінің төтенше жағдайларда жұмыс істеу тұрақтылығын жоғарылату принцптері мен тәсілдері. Персоналдың қорғалғандығын арттыру тәсілдері. Инженерлік-техникалық кешеннің және обьектіні басқару жүйесінің тұрақты-лығын арттыру бойынша шаралар. Азаматтық қорғаныс нормаларының өнеркәсіптік және азаматтық обьектілерге қоятын талаптары.

Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Мақсаты, құрамы, тағайындалуы, жүргізуді ұйымдастыру, апаттан құтқару жұмыстарын және басқа шұғыл жұмыс-тарды жүргізу кезінде жұмылдырылатын күштер, оларды жүргізу тәсілдері. Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесі. Апаттан құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды басқару негіздері. Бейбіт және әскери уақыттың әртүрлі зақымдаушы факторлары әсер еткенде апаттан құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері. Төтенше жағдай нәтижесінде өндірістік обьектіде (елді мекенде) қалыптасқан жағдайды барлау және бағалау. Инженерлік жағдайды бағалау әдістемесі, төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін күштер мен құралдар құрамын анықтау.


Практикалық (семинарлық, зертханалық) жұмыстардың тақырыптар (тапсырмалар) тізімі

1. Су тасқындарының тікелей келтіретін нұқсандары

2. Объектінің зақымдаушы факторларға тұрақтылығын анықтау

3. Ядролық жарылыстың қауіпті факторлары, олардың адамға, ғимараттар мен құрылыстарға әсері

4. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда ауылшаруашылық өсімдіктері мен жануарларын, су және азық-түлікті қорғау.

5. Өсімдіктер шаруашылығы жұмыстарының тұрақтылығын бағалау

6. Мал шаруашылығы өнімдерінің шығындарын есептеу

7. Сәулелену жағдайды бағалау

8. Радиобелсенді заттармен уланған аудандағы сәулеленудің мүмкіндік мөлшерін анықтау

9. Адамдардың зардап шеккен аудандарда болу уақытының шектік ұзақтығын анықтау

10. Құтқару жұмыстарының басталу уақытын анықтау

11. Химиялық зақымдалуды бағалау

12. Химиялық зақымдалған аудандағы адам өлімдері мүмкіндігін анықтау

13. Ядролық қаруды қолдану кезіндегі радиациялық жағдайды бағалау

14. Инженерлік жағдайды бағалау әдістемесі, төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін күштер мен құралдар құрамын анықтау

15. Төтенше жағдайларда дәрігерге дейін көмек көрсету. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілерімен танысу


Лабораториялық жұмыстардың тақырыптар

(тапсырмалар) тізімі
ОСӨЖ тақырыптарының (тапсырмалардың) тізімі

1. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мәселелері.

2. Қазіргі жағдайдағы азаматтық қорғаныстың рөлі және міндеті. Азаматтық

қорғанысты ұйымдастырудың реті мен принциптері.

3. Азаматтық қорғаныс құрылымының міндеті және ұйымдастыру реті. Азаматтық қорғаныстың басқару және қызмет органдары.

4. Құтқару және авариялық қалыпқа келтіру жұмыстары. Жұмыс жүргізу әдістері және оларды алып жүру.

5. Қазіргі заман қирату қаруын қолданғандағы төтенше жағдайлар, қирату ошақтарының сипаттамасы, қорғану шаралары.

6. Химиялық зақымдану және радиоактивті заттар мен улану аумақтарын анықтау.

7. Ядролық жойылу, бүліну, зақымдану ошағы дегеніміз не?

8. Қоршаған ортаға ядролық қарудың қандай жойқын зақымдаушы факторлары әсер етеді, зиян келтіреді?

9. Өткіш радиацияны түсіну. Радиоактивті ластану.

10. Өткір сәуле ауруы. Медбикелік өңдеу.

11. Ауыл-шаруашылық шикізаттарын алқаптық жағдайда тасымалдау және сақтауда қалай қорғайды.

12. Малдарды ветеринарлық өңдеу кезіндегі қандай зарарсыздандыру құралдарын және техниканы қолданады.

13. Қирату ошағындағы құтқару және басқа қажетті жұмыстарды жүргізудің ұйымдастыруы және әдістері, реті.

14. Төтенше жағдайлардағы түсініктер. Төтенше жағдайдың принциптерін түсіну. Олардың классификациялары.

15. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, қирату ошақтарының сипаттамасы, қорғану шаралары.

16. Төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғау әдістері мен ұйымдастырудың негізгі ұғымдары.

17. Халықты қорғаудағы эвакуациялық шаралар.

18. Халықты және аумақтарды қорғауды ұйымдастыру. Қорғау тәсілдері.

19. Қорғану ғимараттары, баспаналар. Төтенше жағдайларда персоналдың және халықтың баспанасын ұйымдастыру.

20. Химиялық қарудың ерекшеліктері. Химиялық қауіпі туындаған ошақтарды жою мақсатында жүргізілетін жұмыстар.

21. Төтенше жағдайлардағы түсініктер. Төтенше жағдайдың принциптерін түсіну. Олардың классификациялары.

22. Тұрғындарды қорғау. Қорғанатын құрылымдарды пайдалану.

23. Залалданған аймақ. Төтенше жағдайды бағалау.ТЖ зардаптарын жою.

24. Жанғыш газдардың, сұйықтардың, қоспалар мен заттардың тұтануы.

25. Газдарды, сұйықтарды, қоспалар мен материалдарды өрт қауіптілігі бойынша жіктеу.

26. Жайларды жарылыс-өрт қауіптілігі бойынша санаттандыру. Адамдарды өрттен қорғаудың алдын алу және тәсілдері.

27. Жарылғыш заттарды, газ-ауа және шаң-ауа қоспаларын жіктеу.

28. Конденсацияланған жарылғыш заттар, газ-ауа және шаң-ауа қоспалары, қысым астында әсер етпейтін газы бар ыдыстар жарылғанда соққылық толқынның ерекшеліктері.

29. Жер беті, әуе және жер асты жарылыстарында соққылық толқындардың таралуы.

30. Соққылық толқыннан қорғау әдістері мен құралдары. Жоғары қысымды жүйелерді пайдалану қауіпсіздігі.




СӨЖ тақырыптар (тапсырмалар) тізімі

1. «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.

2. «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуына әкелген апаттарды, ауыртпалықтар мен алапаттар себептерін тергеу ережелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.

3. Өмір суру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар.

4. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру принцптері, АҚ іске асыруды жүзеге асыратын ұйымдар, АҚ шаралар ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін жауапты тұлғалар.



5. Зиянды заттардың құрамын нормалау: шекті мүмкін, максимум реттік, орташа ауысымдық, орташа тәуліктік концентрациялары.

6. Токсиндер әсер еткендегі созылмалы улану, кәсіби және тұрмыстық аурулар.

7. Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принцптері-негіздеу, оңтайландыру, нормалау.

8. Радиациялық обьектілерді әлекетті қауіптілігі бойынша жіктеу.

9. Жабық сәуле шығару көздерімен жұмыс істеу. Қорғау шаралары. Жайға және жабдыққа қойылатын талаптар.

10. Радиациялық бақылау. Жүйелер және аспаптар.

11. Радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары. Өлшенетін параметрлер, бақылау деңгейлері. Санитарлық-сақтандыру шаралары.

12. Химиялық қауіпті заттарды апаттық лақтырғанда токсианттың таралуын есептеу әдістері. Химиялық барлау аспаптары.

13. Техносфераның дамуына демографиялық жарылыстың, халықтың кенттеуінің, энергетиканың, көліктің өнеркәсіптік өндірістің және экономиканың басқа салаларының әсер етуі.

14. Жағымсыз факторлардың жиынтығы жоғары техносфера аймақтары: өңірлердің және ірі қалалардың қоршаған ортасы, өндірістік орта, төтенше

жағдайлар аймақтары.

15. Техносфераның қауіпсіздік жүйелері.

16. Тіршілік әрекеті аймақтарында қауіпсіздікті іске асыру әдістері.

17. Радиациялық, химиялық барлаудың құралдары.

18. Жарық сәуленің зақымдаушы кесірі. Электромагниттік импульс.

19. Сәулелену шарпуына түскен адамдарға көрсететін алғашқы көмек.

20. Зілзала зардаптарын, өндірістік авариялар мен катастрофаларды талдау.

21. Радиациялық барлау және бақылау аспаптары. Радиация әсерінен қорғану тәртіптері.

22. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.

23. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар.

24. Экономика обьектісінің төтенше жағдайларда жұмыс істеу тұрақтылығын жоғарылату принцптері мен тәсілдері.

25. Инженерлік-техникалық кешеннің және обьектіні басқару жүйесінің тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар.

36. Азаматтық қорғаныс нормаларының өнеркәсіптік және азаматтық обьектілерге қоятын талаптары.

27. Халықты эвакуациялау бойынша шараларды ұйымдастыру.

28. Төтенше жағдайларда дәрігерге дейін көмек көрсету.

29. Химиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.

30. Биологиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.

Курстық жұмыстың тақырыптары (қарастырылмаған)
Пәннің әдістемелік қамтамасыз етілуі және ОТҚ

Оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, лекциялар конспектілері, анықтамалықтар және т.б.

Негізгі:

1. Қазақстан Республикасы. Заңдар. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы: ҚР заңы: [Парламент 1996ж. 5 шілдеде қабылданған] // ҚР Парламентінің ведомостілері. -1996.-№11-12.-ст. 263.

2. Қазақстан Республикасы. Заңдар. Азаматтық қорғаныс туралы: ҚР заңы: [Парламент 1997ж. 7 мамырда қабылданған] // ҚР Парламентінің ведомостілері. -1997.-№9-ст. 93.

3. Қазақстан Республикасы. Заңдар. Қауіпті өндірістік обьектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы: ҚР заңы: [Парламент 2002ж. 3 сәуірде қабылданған] // ҚР Парламентінің ведомостілері. -2002.-№7-8-ст. 77.

4. Безопасность жизнедеятельности /под ред. О.Н.Русака.- СПб.: Лань, М.: Омега-Л, 2004.-448с.

5. Безопасность и защита населения в чрезвычайных ситуациях: учебник для населения/ Н.А.Крючек, В.Н.Латчук, Мирнов С.К.; под общ. ред. Г.Н.Кириллова. – М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2003.-264с.

6. Гринин А.С. Безопасность жизнедеятельности: уч.пособие/А.С.Гринин, В.Н.Новиков.-М.: ФАИР-ПРЕСС: 2002.-288с.

7. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: уч. пособие / В.В.Денисов: И.А.Денисова, В.В.Гутенов, О.И.Монтвилла.-М.: МарТ, Ростов н/Д: МарТ, 2003.-608с.

8. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера: учеб.пособие/В.А.Акимов, Ю.Л.Воробьев, М.И.Фадеев и др.-изд.2-е, перераб.-М.:Высшая школа, 2007. -592с.

9. Безопасность жизнедеятельности: учебник для вузов / С.В.Белов, А.В.Ильницкая, А.Ф.Козьяков и др.; под общ. Ред. С.В.Белова.-4-е изд.-М.: Высшая школа, 2004.-606с.

10. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2005, 243 бет.

11. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

12. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет

13. Е.Н., Кочеров. Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, Оқу құралы. –Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. – 267 бет

14. А.К.Аипов. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. –Астана. ҚазЭҚХСУ: БПО, 2009. – 290 бет.
Қосымша

1. Безопасность технических процессов и производств. Охрана труда: учебное пособие. – 2-е изд., испр. И доп. – М.: Высшая школа, 2002. – 320с.

2. Безопасность жизнедеятельности: учебник/ А.В.Забегаев.-М.:АСВ, 2001.-140с.

3. Зотов Б.И. Безопасность жизнедеятельности на производстве / Б.И.Зотов, В.И.Курдюмов. 2-е изд., переаб. И доп.-М.: КолосС, 2006. – 432с.: ил.

4. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность технологических процессов и производств: учеб. Пособие для вузов / П.П.Кукин, В.Л.Лапин, Н.Л.Пономарьев и др. – 4-е изд., перераб.- М.: Высшая школа, 2007.-335с.: ил

5. Балабас Л.Х. Основы безопасность жизнедеятельности: учебник/ Л.Х.Балабас, Ж.К.Аманжолов. – Астана: Фолиант, 2008. – 232с.

6. Абдрахманов С.К. О государственной системе предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций в Республике Казахстан. Информационно- справочное пособие. – Алматы, 2008. – 375с.

7. Сборник нормативных правовых актов о чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера. Книга законы Республики Казахстан / сост. С.К.Абдрахманов Республиканские курсы ЧСи ГО. –Алматы, 2008.-169с.
Слайдтар, плакаттар, ЭЕМ арналған бағдарламалар, бейнефильмдер

1. Табиғи сипаттаға ТЖ жөніндегі слайтар мен плакаттар

2. Техногенді сипаттағы ТЖ туралы слайдтар мен плакаттар

3. Экологиялық сипаттағы ТЖ жөніндегі слайдтар мен плакаттар



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Химия, биология және экология» кафедрасы

«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

Жаратылыстану-техникалық Оқу ісі жөніндегі вице-

факультетінің деканы президент

___________ Жусипова Г.Т. _________________

«___»_________2014ж. «___»_________2014ж.



жүктеу 1,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау