4 Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



жүктеу 400,59 Kb.
бет1/2
Дата03.02.2023
өлшемі400,59 Kb.
#41144
  1   2
4 Зертханалық жұмыс


4 Зертханалық жұмыс


Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесінде мәліметтер қорын құру


Жұмыстың мақсаты:
Microsoft Excel электрондық кестесі мәліметтер қорын құруды, оларды сұрыптауды, мәліметтерге сүзгі қолдануды және топтауды үйрену.


Жұмыстың мазмұны:
Адамдар немесе белгілі бір объектілер туралы мәліметтердің жиынтығын мәліметтер қоры деп айтамыз. Мәліметтер қорындағы бағаналар - өріс, ал қатарлар - жазу болып табылады. MS Excel электрондық кестесінде мәліметтер қорын құруға болады. Мәліметтермен жұмыс істеу үшін лентада Мәліметтер (Данные) бетіндегі батырмаларды пайдаланамыз (1-сурет).



1-сурет. Мәліметтер беті

Кестеге мәліметтерді енгізгеннен кейін оларды сұрыптауға, сүзгі пайдалануға болады. Сұрыптау үшін мәліметтерді ерекшелеп алып, батырмасына басамыз. Мәліметтерді сұрыптау сұқбат терезесі пайда болады (2-сурет). Бұл сұқбат терезеде Сұрыптау (Сортировать по) өрісінде сұрыпталатын бағананың атын, Қатар (Порядок) өрісінде таңдалған бағанадағы мәліметтердің өсу немесе кему қатарымен сұрыпталатынын таңдаймыз. Деңгей қосу (Добавить уровень) батырмасына бассақ екінші бағана бойынша екінші деңгеймен сұрыптауды жүргізуге болады.





2-сурет. Мәліметтерді сұрыптау сұқбат терезесі

Егер сұрыптауды немесе батырмаларымен орындасақ, онда мәліметтер бірінші ерекшеленген бағана бойынша өсу қатарымен немесе кему қатарымен сұрыпталады.


Мәліметтерді белгілі бір шарт бойынша таңдап алу үшін сүзгіні пайдалануға болады. Ол үшін курсорды бағана тақырыбына қойып, Мәліметтер=>Сұрыптау және сүзгі=>Сүзгі (Данные=>Сортировка и фильтр=>Фильтр) батырмасына басамыз. Сонда бағана тақырыптарына батырмасы пайда болады. Кеңейтілген сүзгі пайдалану үшін Қосымша (Допольнительно) батырмасына басамыз. Кеңейтілген сүзгі (Расширенный фильтр) сұқбат терезесі пайда болады (3-сурет).



3-сурет. Кеңейтілген сүзгі сұқбат терезесі

1- тапсырмадағы мәліметтерден тек қыз балаларды тізімін шығару үшін Жынысы бағанасындағы стрелкаға басамыз. Ұл жанындағы жалаушаны алып тастап, ok батырмасына басамыз (4-сурет).





4-сурет.

Нәтижеде жұмыс алаңына тек қыз балалардың тізімі ғана шығады.


Мәліметтерді бағана немесе қатар бойынша топтауға болады. Ол үшін мәліметтерді ерекшелеп алып, Мәліметтер=>Құрылым=>Топтау (Данные=>Структура=>Группировать) командаларын орындаймыз. Мысалы, 1-тапсырмадағы 5:19 қатарды ерекшелеп, Топтау батырмасына басамыз. Нәтижеде(5-сурет) (-) таңбасы бар сызық пайда болады. Сонымен қатар терезенің сол жақ бөлігінде 1 және 2 сандары бар батырмалар пайда болады. 1 немесе - батырмасына бассақ мәліметтерді жинайды (6-сурет), 2 немесе + батырмасына бассақ мәліметтерді толығымен көрсетеді (5-сурет).

5-сурет.



6-сурет.


  1. жүктеу 400,59 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау