«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені Шымкент



жүктеу 1,65 Mb.
бет8/11
Дата10.11.2018
өлшемі1,65 Mb.
#18907
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жеке аптечка


Жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсірету және алдын алу үшін, өзара және өзіне көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар.

Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады:

1–ші ұяда – ауруды басатын заты бар шприц-тюбик орналасқан. Ол қатты жарақат алғанда, сүйек сынғанда және күйгенде колданады. Оны пайдаланғанда сол колымен бұдыр дөңгелегінен ұстайды да тюбиктің денесінен оң қолысен ұстап сағат тіліне қарай айналдырады. Сосын инені жауып тұрған қалпағын алып, шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына тамшы пайда болғанша ауаны шығарады. Сосын инеге қол тигізбей, санның жоғары жағынан егеді. Жедел жағдайда киімнің сыртынан да егуге болады.

2-ші ұяда - фосфорорганикалық улы заттармен улануды әлсірететін және алдын алатын зат – торен (6 дана) таблеткасы дөңгелек қызыл түсті пеналда орналасқан. Оны «Химиялық кауіп» белгісі берілгенде 1 таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі күштірек болса, таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды. Келесі қайталап қабылдау 5-6 сағаттан кейін болады.

3-ші ұяды – түссіз үлкен пеналда N2 бактерияға қарсы қолданылатын зат – сульфадимотксин (15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан кейін азқан-ішек қызметі бұзылуы пайда болғанда 7 таблеткасын ішеді, кейінен 2 тәулікте 4 таблеткадан қабылдайды.

4-ші ұяда – алқызыл түсті, сегізқырлы 2 пеналда, әр қайсысында 6 таблеткадан N7 радиоактивтіуланудан қорғайтын зат – цистамин орналасқан. Оны сәле алу қаупінде 6 таблеткадан бір қабылдайды және тағы сәуле қауіпі төнгенде6 таблеткасын 4-5 сағаттан кейін қабылдайды.

5-ші ұяда – түссіз төрт қырлы 2 пеналда, әр қайсысы 5 таблеткадан тұратын N4 бактерияға қарсы қолданатын зат тетракциклин гидрохлориді орналасқан. Оны бактериялық улану және қауіп төнгенде, жарақат және күйік алғанда пайдаланады. Алдымен 5 таблетканы су ішумен бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан кеиін 5 таблетка қабылдайды.

6-ші ұяда – ақ түсті төрт қырлы пеналда N2 радтоактивті уланудан қорғайтын зат калий иодиді 10 таблетка) орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан 10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан береді.

7-ші ұяда – көгілдір түсті дөңгелек пеналда құсуға қарсы қолданатын зат этаперазин 5 таблетка) орналасқан. Оны сіуле алғаннан кеиін тез арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан қабылдайды.

Ескерту! 8 жасқа дейінгі балаларға таблетканың 4/1 бөлігін, 8 жастан 15 жасқа деиінгі бплаларға 2/1 бөлігін береді.

Жеке таңба пакеті


Жеке таңба пакетінің ұзындығы 7 м., ені 10 см. дәке-бинттен және ұзындығы 17,5 см, ені 32 см мақта-дәкелі жастықшалардан тұрады. Жастықшаның біреуі дәке-бинттің басына қозғалмайтындай етіп бекітілген, екіншісі қозғалмалы, оны бинттің бойымен қозғалтуға болады.

Зақымданған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары

Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде.

Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:


  • көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;

  • жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;

  • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;

  • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;

  • оларды шығару;

  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;

  • халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;

  • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;

  • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.

Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады:



  • ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;

  • апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;

  • бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;

  • қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;

  • көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;

  • құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

Белгіленген жұмыстарға сәйкес зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстары мен орындарының мән-жәйін, апат орнына барар жолдарды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Зақымданған орынға АҚ күштерін жіберіп, іс-шаралар жүргізіледі. Адамдарды құтқару жұмыстарына АҚ жүйесінің қызметкерлерімен бірге кәсіпорындарда біріктірілген топтарды жұмылдырады. Сонымен қатар құтқару және қалпына келтіру жұмысына арнайы техникаларды да пайдаланады. Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс. Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін негізгі жұмыс – ол адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болған жағдайда ол жерден көшіру болып табылады. Көшірілетін адамдар қайда апаратылатындығы алдын ала белгілі болуы тиіс.

Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі

Құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдер мен әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан, коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен, құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.

Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс. Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды қатыстыру керек. Жеке құрама панаханаларды іздестіріп, қорғаныс құрылыстарында қамалып қалған адамдарымен байланыс құралдарымен тұрақты байланыс жасауға тырысады, ол үшін желдеткіш саңылауларын, есік, ірге, су-жылу құбырларын тықылдатып пайдаланады. Ең алдымен желдеткіш арналары немесе қабырғаларда тесік жасап таза ауа жібереді. Панахананы ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бұзылғанды тазалау, одан кейін есікті ашу немесе бұзып ашу, үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу, көршілес жатқан белмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу, бұзылыс үстіндегі бегетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау. Армениядағы Ленинакан, Спитак қалаларындағы жер сілкініс зардабын жою кезінде адамдарды қирау астынан шығару бойынша алынған тәжрибесінен бұзылыстарды аршуға 16 тоннадан кем көтермейтін қуатты көтергіш крандар, үлкен экскаваторлар, жылжымалы электрстанциялары мен прожекторлар түнгі жұмыстарында талап етіледі.

Коммуналды-энергетикалық пен технологиялық жүйелерінде авария мен бұзылу зардабын жоюдағы негізгі амалы — қираған бөлімшелерді және ғимараттардағы электр мен газ және су жүйелерін ажырату болып табылады.


Бақылау сұрақтары:

1. Халықты қорғаудың негізгі принциптерін атаңыз?

2. Жалықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары қындай?

3. Эвакуация деген не?

4. Тыныс мүшелерін қорғау құралдарын атаңыз?

5. Теріні қорғаутын құралдар

6. Медициналық қорғаныс құралдары

7. Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілдері қандай?


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Безопасность жизнедеятельности /под ред. О.Н.Русака.- СПб.: Лань, М.: Омега-Л, 2004.-448с.

  2. Безопасность и защита населения в чрезвычайных ситуациях: учебник для населения/ Н.А.Крючек, В.Н.Латчук, Мирнов С.К.; под общ. ред. Г.Н.Кириллова. – М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2003.-264с.

  3. Гринин А.С. Безопасность жизнедеятельности: уч.пособие/А.С.Гринин, В.Н.Новиков.-М.: ФАИР-ПРЕСС: 2002.-288с.

  4. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: уч. пособие / В.В.Денисов: И.А.Денисова, В.В.Гутенов, О.И.Монтвилла.-М.: МарТ, Ростов н/Д: МарТ, 2003.-608с.

  5. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера: учеб.пособие/В.А.Акимов, Ю.Л.Воробьев, М.И.Фадеев и др.-изд.2-е, перераб.-М.:Высшая школа, 2007. -592с.

  6. Безопасность жизнедеятельности: учебник для вузов / С.В.Белов, А.В.Ильницкая, А.Ф.Козьяков и др.; Ред. С.В.Белова.-4-е изд.-М.: Высшая школа, 2004.-606с.

  7. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2005, 243 бет.



Лекция 12
Тақырыбы: Жаппай жою қаруынан қорғау
Лекция жоспары:

1. Жаппай жою қаруының, оның ерекшеліктері мен қолдану салаларының жалпы сипаттамасы.

2. Ядролық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.

3. Радиацияның және электрмагниттік импульстің әсері.

4. Химиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.

5. Химиялық қарудың жіктелуі және токсикологиялық сипаттамалары. Зақымдалу аймақтары және ошақтары. Қорғау әдістері мен құралдары.

6. Биологиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар. Биологиялық қарудың жіктелуі және медицина-биологиялық сипаттамалары. Қорғау әдістері мен құралдары.
Лекция мазмқны:

Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ.

Бөліну реакцияларында атом ядросы сыртқы нейтрондардың әсерінен екі немесе одан көп бөлшектерге ыдырайды. Егер 1 кг уранның барлық ядролары ыдыраса босалған әнергияның шамасы тротилдың 20000 тоннасының жарылуынан шығатын әнергиясына тең болады. Салыстару үшін, тротилдың (тринитротолуол деген жарылғыш химиялық зат) 1 кг мөлшері жарылғанда кәдімгі жер қыртысында екі метрдей диаметрлық шұңкыр пайда болады. Ядролық бомбалардың қуатын тротил әквивалентімен өлшейді. Бөліну реакцияларына негізделген бомбалардың қуаты тротил баламасымен есептелгенде ондаған тоннадан бастап шамада 500000 тоннаға дейін жететіндей жасауға болады.
Ядролық жарылыстың жалпы сипаты

Жарылыс түрлерінің ішінде ерекше орын алатыны әуедегі және жер үстіндегі ядролық жарылыстар; олардан басқа жер астындағы және су үстіндегі (су астындағы) ядролық жарылыстар да болуы мүмкін. Жарылыстың алғашқы бастамасында әнергияның бір бөлігі гамма-сәулелер және нейтрон ағындары түрінде босанады. Бұлар материядан оңай өтіп терең енетін қасиетіне қарай өткіш радиация деп аталған және жолында кездескен тірі организмнің клеткаларын иондайды (екі қарама-қарсы әлектр зарядына бөледі). Энергияның басым мөлшері жылу формасына айналады. Жарылыс орталығында температура шамада 10 миллион градусқа дейін көтеріледі. Салыстыру үшін - күн бетіндегі температура 6 мың градус шамасында. Оқ дәрінің қоры мен қабықшасы кірпік қағым уақыт арасында газ түріне айналады да реакциялар барысы тоқталады.

Қызған газ бен ауа сәуле шашатын отты жарқыл шарды құрайды. 1 Мт қуаты бар жарылыстың жарқыл шары өрістеп көлемі 10 секундта 2000 метрдей шамасына жетеді.

Кеңістіктің шектелген аз көлемінде орасан зор әнергияның босатылуы себебінен ауа қысымы күрт көтеріледі (1 млрд. атм. шамасына). Тығыздалған ауа массасының жан жаққа таралуы нәтижесінде қысым көрші ауа қабатына өтіп, ауа толқынның туындатады. Сығымдалған ауаның алдынғы қабатын соққы толқының шебі деп атайды. Соққы толқыны екі аймақтан құралған: тығыздалған аймағында ауа қысымы атмосфера қысымынан артық, сирету аймағы тығыз аймағына ілесіп келеді - оның ауа қысымы атмосфера қысымынан төмен. Соққы толқынымен бірге ауа ағыны да пайда болады. Дыбыс жылдамдылығынан арта түсіп жылжыған ауа ағыны мен соққы толқыны зор қирату күші деп табылады.

Биікте болған ядролық жарылыстың радиобелсенділік өнімдері -ядролардан бөлінген бөлшектері, реакцияға қатысып үлгермеген жанар заттары, нейтрон ағынның ықпалынан пайда болған радиобелсенді изотоптар, т.б. - тропосферадан ұзақ уақыт бойы (бірнеше аптадан үш айға дейін) жер бетіне түсіп, радиобелсенділік бұлт ізін құрайды. Бірнеше мың километрге созылып олар тірі жандарға аса қауіп туғызбайды. Жарылыстың тағы басқа өнімдері стратосфераға еніп жер бетіне 5-10 жыл бойы түсе береді.

Жалпы ядролық жарылыс әнергиясы былай таралады: 50% -соққы толқыны, 35% - жарық сәулесі, 10% - ядролық сәуле қалдығы, 5% - өткіш радиация.

Ядролық жарылыстың салдарынан адамдар, малдар және өсімдіктер жаппай зақымға ұшыраған, ал ғимараттар мен құрылыстар қирап бүлінген территорияны ядролық зақымдау ошағы деп атайды.

Соққы толқынының зақымдаушы әрекеті

Әуе соққы толқынның негізгі зақымдаушы әрекетінің көрсеткіштері: артық қысым ( Рш), ауа ағымының жылдамдылығына байланысты итеру күші (Рж) және артық қысымның әрекет ету уақыты болып табылады. Артық қысым деген термин толқын шебі қысымының атмосфераның кәдімгі қысымынан артықшылығынан шығады. Толқын мен аралас жылжыған ауа ағымы динамиқалық қысымды, яғни итеру қабілетін көресетеді. Рш және Рж Паскаль (Па) деген өлшем бірлігімен есептеледі. 1 Па^І Н/м2, мысалы үшін бір атмосфералық қысым 105 Па-ға тең (1 атм 105 Па =100 кПа = 1 кгс/см2).

Ядролық зақымдау ошағы өткен артық қысымның шамасына қарай бірнеше зонаға бөлінеді:

1) Толық қирау зонасы - Рш=50 кПа-мен (0,5 кгс/см2) шектеледі. Жер үстіндегі құрылыстардың барлық түрі жермен жексен болып, тек қана үйінділер қалады. Жер астындағы қорғаныс ғимараттар, панаханалары, коммуналдық жүйелері едәуір бүлінеді. Қорғанбаған адамдардың бәрі өліп, жер астында орналасқан паналаушылар әр-түрлі жарақат алады.

2) Күшті қирау зонасы - Рш=50-30 кПа арасында. Өнеркәсіп және тұрғын ғимараттардың көбісі толық қирап немесе қатты бұзылады, бірақ жер астындағы құрылыстар толық сақталуы мүмкін; жасырынбаған .адамның көпшілігі қаза табады. Қорғаныс паналардағы адам арасында жарақат алғандар көп емес, жер беті радиобелсенді заттармен қатты ластанады.

3) Орташа қирау зонасы - Рш=30-20кПа арасында. Көп қабатты ғимараттар, әлектр жүйелерінің бағандары орташа немесе бір шамада бүлінеді, қорғаныс паналар, жер төлелер толық сақталып қалады. Кейбір жерлерде үйінділер болуы мүмкін. Адамдарға көмір қышқыл газбен улану қауіпі төнеді. Осы үш зоналар ядролық зақымдану ошағының 1/3 бөлігін құрайды және бұл жерде құтқару жұмыстары күрделі түрде жүреді.

4) Жеңіл бүліну зонасы - Рш=20-10 кПа арасында. Ғимараттардың тек терезе жақтаулары, есіктері, ішінара үй шатырлары бүлінеді. Ағаш үйлер бұзылады, жеңіл от алатын заттардың төгілуінен екінші қайтарма өрт пайда болуы мүмкін.

Жарық сәулесінің зақымдаушы әсері

Жарық сәулесі жан-жаққа түзу бағытпен тарайды, мөлдір емес заттардан өтпейді.

Жарық күші Дж/м2 бірлігімен өлшеніп, сәуле таралу бағытына қарама қарсы перпендикуляр күйінде жайғасқан бір шаршы метр (1м2) бетіне жарқырау уақыты бойынша түскен жарық әнергиясының мөлшерін көрсетеді. Ауа райы ашық, ауасы мөлдір күндерде 1 млн. тонналық бомба жарылысында жарылыс орталығынан 17 км қашықтықта жарық күші шамада 240 кДж/м2 тең (әуедегі жарылыс үшін). 100 мың т. бомба жарылысы үшін бұл көрсеткіштер 6 км қашықта болады.

Жарықтың сәуле шығару ауқымы жарылыстың қуаты мен биіктігіне және атмосфералық жағдайларға байланысты болады, оның әсерінен қатты қирау және орташа қирау зоналарда тұтас жаппай, ал жеңіл қирау зонасында жекелеген өрт пайда болуы мүмкін. Толық қирау зонасында барлық нәрсе қирап, ұшатындары ұшырылып кеткендіктен өрт болмайды да, бірақ қатты түтіндейді. Тұтас жаппай өрт аумағында өрт дауылы көтеріледі; жанып жатқан өлкеге жан жақтан 50-60 км/сағ. жылдамдықпен ауа ұмтылып өртті одан әрі өрістетеді.



Электромагниттік импульс

Ядролық жарылыс кезеңінде атмосферада қуаты мол әлектромагниттік өрістері туындайды, олардың толқын ұзындығы 1 метрден 1000 метрге дейін болады. Аз уақыт мөлшерінде болғандықтан бұл өрістерді жалпы есебінде электромагниттік импульсі (ЭМИ) деп таниды.

Адам организміне басқа зақымдаушы факторларымен салыстырғанда әлектромагниттік импульсі аса ықпалын тигізе қоймайды, бірақ оның әсерінен әр-түрлі әлектр аспаптарының (аппаратураның), байланыс жүйелерінің ток өткізгіш сымдары және кабельдері биік кернеу мен ток пайда болу себебінен күйіп кетуі мүмкін. Әсіресе бұл жағдай жер үстіндегі және төмен әуедегі жарылыстардың салдарынан болады. Мықты салынған жер астындағы қорғау паналардың өзінде бұндай құбылыстар орын алу мүмкін, өйткені әлектр желілері жер бетінен келеді. 1 млн. тонналық, төмен әуедегі жарылыстан пайда болған ЭМИ күшті қалпында шамада 30 км қашықтыққа тарайды. ЭМИ-тан қорғау үшін әнергиямен жабдықтау желілерін, аппаратураны арнаулы әдіспен қоршау, еріп кететін ендімелерді орнату, жерден, топырақтан айырып, оңашалап қою керек.

ЭМИ-пен бірге радиотолқындар тарайды, олар едәіур қашықтыққа жетіп радиоаппаратурада бөгеуіл болып естіледі.



Өткіш радиация. Радиоактивті залалдану.

Гамма-сәулелену және нейтрондар ағымы әр-түрлі ядролық реакцияларының себенінен материя қойнауынан пайда болады. Бұндай реакциялар ядролық жарылыс кезінде болады және олардың бір түрі - радиобелсенді әлементтердің ыдырауы. Ыдырау үрдісі ядролық жарылыстың соңынан көтерілген бұлтта да, жерде де өтіп жатады.

Өткіш радиация алғашқы 15-20 секундтар арасында, яғни жарылыс барысында және бұлттың 2-3 км биіктікке көтерілгенінше әсер етеді; осыдан кейін гамма-сәулеленуді және нейтрондарды әуе қабаты өзіне сіңіріп алады. Радиобелсенді зақым болса (ластау) тек ыдырау реакцияларынан (кейбір әлементтердің тұрақсыз изотоптарының ядролары ыдырауынан) туындайды, ол да басым есебінде гамма-сәулелену болып табылады.

Өткіш радиация мен радиобелсенді зақымның негізгі зақымдаушы көрсеткіші – сәулелену дозасы (шарпу мөлшері). Жіті сәуле ауруының дәрежелері шарпу мөлшеріне байланысты. Ілгеріде айтқандай гамма-сәулелену мен нетрондардың атомдарды, молекулаларды иондау қасиеті бар. Шарпу мөлшері деп сәулеленген ортаның (материяның) бірлік массасы сіңіріп алған иондатқыш сәуле ағынының энергия шамасын айтады. Шарпу мөлшерінің үш түрін ажырата білу керек:

- экспозициялық мөлшері әуедегі радиацияны сипаттайды. Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) ол Кл/кг мен өлшенеді (Кулон/килограмм), оның басқа бірлік өлшемі (жүйеден тыс) рентген (р) деп аталады. 1 р шарпу мөлшерінде гамма-сәулелену ықпалынан құрғақ ауаның әр 1см3 көлемінде (1=0°С, сынап бағанасы 760мм) 2,08л>109 жұп иондар түзіледі.

- жұтылған мөлшері иондатқыш сәулеленудің биологиялық ұлпаларға ететін әсерін дәлірек білдіреді, ол СИ жүйесінде Грей (Гр) бірлігімен өлшеніп заттың 1кг массасы 1Дж әнергиясын жұтып алғанын көрсетеді, яғни 1Гр=1Дж/кг. Жүйеден тыс бірлік өлшемі 1рад, яғни 1Гр=100 рад. Әуеде 1р=0,87 рад, ал биоұлпаларында 1 р=0,95 рад. Есептеуге не айтылуға оңай болуы үшін рентген мен рад бір біріне тең деп санауға да болады;

- эквиваленттік мөлшерін (балама мөлшері) білу үшін сапа коәффициентті (К) жұтылған мөлшерге көбейтеді. Балама мөлшері гамма - сәулелену мен нейтрондардың биоұлпаға ететін әсерін салыстыруға (теңестіруге) арналған.

Гамма -, бета - және рентген сәулелену үшін К=1;

Энергиясы 20 кэВ-тан кем нейтрондар үшін К=3;

Энергиясы 0,1 МэВ пен 10 МэВ арасындағы нейтрондар үшін К=10. СИ жүйесінде балама мөлшері Зиверт (Зв) бірлігімен, ал жүйеден тыс бәр бірлігімен өлшенеді, яғни 1 Зв=100 бәр=1 ГрК.

Әртүрлі шарпу мөлшерлерін салыстыру жұмыстарын мынадай оңаша берілген байланыстар жеңіл жолға түсіреді:

1 Зв=1 Гр К; 1 Зв=100 бар; 1 Гр=100 рад; 1Р 1 рад.

Ядролық жарылыс барысында шыққан өткіш радиацияның шарпу мөлшері (алғашқы радиация шарпуы) бомбаның қуатына, жарылыс өрталығынан қашықтыққа байланысты. Қуаты 1 млн.тонналық жарылыста, одан 2,8км қашықтықта шарпу мөлшері 100 р, ал 100 мың. т. үшін ол 5 р-ге тең.

Радиация фотоматериалдарды бүлдіреді, кейбір радиоэлектронды аппаратураны істен шығару мүмкін, бірақ жалпы техникаға, құрылыстарға зақымы көп емес. Алайда тірі организмге радиацияның кері әсері мол, ол шарпу мөлшеріне байланысты. Дағдылы жағдай күндері адам табиғи радиация мөлшерін қабылдап тұрады, жылына оның шамасы 0,15 рентгенмен шектеледі. 30 жылда қабылданған (5 рентген) мөлшері қауіпті деп саналмайды. Сәуле ауруына адамды (және малды да) 100 р-нен жоғары мөлшермен бір рет сәулелену шарпу шалдықтырады. Ұлғайтылған сәулеленуге түскен организм 4-ші тәуліктен бастап өздігінен сауығуға кіріседі, сөйтіп әр тәулікте барлық қабылдаған мөлшердің 3% жойып өтырады. Алғашқы бір ай мерзімінде организм зақымның 50%-нен құтылады. Алайда зақымның 10%-ті кері қайтпас зақым болып қала береді, ал зақымдану ауырлығын айыруға ұлғайтылған сәулеленудің биологиялық нәтижесі барлық мөлшер сомасының 50%-ті-алынады. Сондықтан адам организмі бір мезгілде сіңірген және ұлғайтылып сәулеленуге түскен мөлшерін қатаң қадағалап өтыру керек.

Радиобелсенді бұлттан түскен және жерде пайда болған (сіңген радиация) радиобелсенді өнімдер (шамасында 36 әлементтерінің 200-ге жүық тұрақсыз изотоптар) радиобелсенді заттар (РЗ) деп аталады. Радиобелсенді заттардың түсі, дәмі, иісі адамға білінбейді. Қуатының әр мың тоннасына шаққанда 37 грамм осындай өнімдер шығады екен, бұлардың белсенділігі 3000 т радийдің гамма-сәулеленуіне тең болады. Бірақ зақымдану деңгейі шұғыл төмендеп отырады.

Уақыт 7 есе өткен сайын ол 10 есе шөгеді ("7-10" деген заңы). Мысалы жарылыстан 1 сағат өткенде белсенділік 100% - деп саналса, 7 сағаттан кейін ол 10% ал 49 сағаттан кейін 1%-тін құрайды.

Қорғану әдістерін жүзеге асырғанның өзінде сәуле ауруына шалдыққандардың 20% бірінші дәрежелі, 20%-екінші, 30%-төртінші дәрежелі болып шығады (орташа шамалаған есеппен).

Химиялық қару.

Зиян әсер етуіне қарай химиялық заттардың улағыш қасиеттеріне негізделген химиялық қару жаппай қырып жоятын қарудың бір түрі деп саналады. Оның негізін улағыш заттармен (УЗ) нысаналарға жеткізетін құралдар (зымыран, бомба т.б.) құрайды. УЗ әскери жасақтарды, халықтың ауыл-шаруашылық малы мен өсімдіктерін, су көздерін, азық-түлікті, техниканы белгілі уақытқа бүлдіру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Осы зақымдаушы қабілетін УЗ-дың улылығы деп атаған. Улағыш заттар әдетте сұйық немесе қатты түрде бола тұрып, қолдану барысында сұйық тамшы, газ және бу тәріздес затқа, түтін немесе тұман түріне айналып кетеді. Олар адамдарды тыныс алу, тері, ас қорыту жолдары арқылы уландырады. Алайда, адамның зақымдануының ауртпалығы УЗ-дың денесіне өткен мөлшеріне байланысты. Осы мөлшерді токсодоза деп атайды, ол мг/кг, мг/адам, (мг мин)/литр өлшем бірліктерімен есептеледі. УЗ адамға неғұрлым ұзақ әсер етсе оның зақымы солғұрлым күштірек келеді. Химиялық қару бірінші дүниежүзілік соғысында және Вьетнам жерінде қолданылған көрінеді. 1975 жылы Халықаралық Женева келісімі бойынша оны қолдануға тыйым салынған.

Биологиялық қарудың қысқаша сипаттамасы

Биологиялық қару қазіргі заманның қауіпті қарулардың бір түрі және ол халықты жаппай қырып жою мақсатына арналған, оның потенциалы орасан зор: құрғақ биоматериалының әр грамм мөлшерінде жүздеген миллиард микробтар болуы мүмкін. Мысалы, таза кристалды ботулиникалық токсинның 1 граммы 8 млн. адамды уландырып өлтіре алады. Химиялық қару бірінші дүние жүзілік соғыста, ядролық қару екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған болса, биологиялық қару әлі пайдаланылмаған. Сондықтан оның салдары ешкімге беймәлім. Айтарлық, кейбір инфекциялы аурулар (түмау) бір мезгіл көтерілісінде бірнеше мемлекет территориясына, бірнеше құрлыққа таралады - бұл құбылысты пандемия деп атайды. Химиялық қару сыңайлы биологиялық қару ғимараттарға, құрылыстарға, жабдықтарға тікелей өзінің әсерін тигізбейді, бірақ адамдарды ауруға ұшырату арқылы өндіріс тіршілігін мүлде тоқтату мүмкін. Биологиялық қару құралдары ретінде жау мынандай аурулардың қоздырғыиітарын пайдалануы мүмкін:

-адамдарды зақымдау үшін - түйнек, оба, нағыз шешек, туляремия, сап, мандам, тырыспа, сары қызба, орнитоз, іш сүзегі, қу-қызбасы, Цуцугамуши қызбасы, солар мен қатар ботулиникалық токсин;

-жануарларды зақымдау үшін - аусыл, оба сап, түйнек және т.б.; өсімдіктерді зақымдау үшін - астық тұқымдастарының тотоқтырғышы, күріш пирикуляриозы, картоп фитофторозы, мақта гоммозы, ж.т.б.

Биологиялық қарудың негізін биологиялық құралдар қалайды. Олар: бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар; микробтардың өнімдері - токсиндер, мал және ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіретін жәндіктер мен зиянкестер, ауру қоздыратын микробтарды тасымалдайтын жәндіктер және өсімдіктерді шірітетін синтетикалық химиялық заттар-гербицидтер мен дефолианттар. Биологиялық қаруды нысаналарға жеткізу немесе қолдану әдістерін екі топқа бөлуге болады: негізгі әдіс және диверсия жасау әдісі.

Негізгі әдісі бойынша биологиялық құралдар аәрозоль (тұман) түрінде құрғақ немесе сұйық қалпында жел бағытымен жіберіледі, сонда жерге жақын ауа қабатының жүздеген шаршы шақырымы зарарданылады (зақымға ұшырайды). Әдісті қолдану үшін аәрозолды ұшақтардан арналған шаңдатқыштар арқылы себеді немесе авиациялық бомбалар тасталады. Одан басқа, жерге тиісімен өздігінен жарылатын: зеңбірек снарядтары, миналар, пластиктен жасалынған бомбалар, контейнерлер, кассеталар, басқармалы биологиялық зымырандар. Нысаналарға жеткізу үшін ауа шарлар да пайдалануы мүмкін.

Майда диверсия жасау мақсатында адамдардың көпшілігі жиналатын жерлерде (вокзал, аәропорт, базар, стадион, мейрам күндерінде үлкен алаңдар) және ірі қалалардың су құбырларына, құдықтарға, үлкен мекемелердің ғимараттарының ауа ауыстыру арналарына салу үшін ампула тәрізді ұсақ мөлшерлі ыдыстар немесе шаңдатқыш пеналдар пайдаланылады.

Биологиялық құралдарды қару ретінде қолдану үшін оларды мынадай қасиеттеріне қарай таңдап, іріктеп алады:

-ашық ортада (адам денесінен тыс) бейімделіп, тірі қалу қабілеті;

-дерттің ауыр, күрделі формасын қоздыру қабілеті;

-ауруды тікелей аэрозольдан қоздыруымен бірге науқас адамнан сау адамға өту, ауруды жұқтыру қабілеті;

-сырқаттың жасырын, инкубациялық мерзімінің ұзақтығы (қысқа мерзімі де созыңқы мерзімі де жағдайға қарай қажет болады);

-аурудың ұзақтылығы;

-барлық науқастардың санындағы өлімге соқтыратын, адам шығынына әкелетін үлесі;

-биоқұралдың аз мөлшерімен-ақ дертті қоздыру қабілеті (аса патогендік микробтардың инфект мөлшері азырақ болады).

Инфекциялық аурудардың сипаттамасы

Қазіргі кезеңде белгілі індет аурулардың өздері де өте қауіпті боп саналады. Төменде солардың кейбіреулеріне сипаттама берілген.

Тырыспа. Қоздырғышы - тырыспа вибрионы, имек таяқша пішінді, өте шапшаң қозғалмалы және белсенді; өзіне лайықты өртада тез арада көбейіп, өседі; ылғалы ортада көп уақыт сақталады, әсіресе суда. Тырыспа - ішек инфекциялық ауруларға жатады. Ауырған адамның организмі көп мөлшерде сұйықтығын жоғалтады - сырқатты негізгі ауырлататын осы нәрсе. Науқастың алғашта іші өтеді, құсады, дене температурасы төмендейді, көздері шүңірее түседі. Емделмеген адам өледі. Қастенің жасырын мерзімі 2-5 күн.

Бөртпе сүзегі. Тарихта әдетте соғыс кезінде, ашаршылықта пайда болған. Қоздырғышы - Провацек риккетсиясы. Науқастан сау адамға биттер арқылы тарайды. Жасырын мерзімі орташа алғанда 14-15 күн. Дене температурасы күрт өседі, басы аурады, теріні бөртпе қаптап кетеді, бас миының қабынуы ықтимал. Өлім үлесі 10-15% - ке жеткен жағдай байқалған. Дерттен сауыққан организмде түрақты иммунитет пайда болады,

Ку-қызбасы. Бернет риккетсиялармен қоздырылады. Қоршаған ортада бұл риккетсия өте тұрақты, кептірілген жағдайда бірнеше ай бойы сақталады. Табиғи түрінде, әсіресе малдарға жұысқан адамдарға, жүн, терімен айналысқандарға тыныс арқылы өтеді.

Табиғатта риккетсияларды кенелер сақтап жүреді. Сырқаттың жасырын мерзімі 8-28 күн. Ауырған адамның температурасы көтеріліп, өкпеде өзгеріс байқалады, бүкіл денесі ауырады, бауыры ісінеді.

Нағыз шешек. Көне заманнан келе жатқан ауру, өте ауыр, қауіпті індет қасте. Өткір уландырумен, жұысқанда оңай жұғатынымен, бөртпе шығыумен сипатталады. Вирус организмге тыныс алу жолдарымен өтеді.

Оба. Халық арасында бұл індет үрей, дүрбелең туындатады, өйткені ол ерекше қауіпті инфекциялы қасте. 1346-1351 жылдары обадан 50 млн.-ға жуық адам өлген деп тарихшылар мәлімдейді. Қоздырғыштың пішіні жұмыртқаша келеді. Табиғатта оны таратушы, сақтаушы болып кеміргіштер болады: атжалман, тышқандар, суыр, саршұнақ, т. б. Адамның дертті қабылдаушылығы өте биік. Өкпе обасы науқас қолданылған заттарынан, ірің-сілекейлерінен сау адамға тыныс арқылы өтеді. Індеттің таралуында әсіресе басым ролін бүргелер атқарады (бубон обасы). Жасырын мерзімі 2-3 күн. Алғашта температура өсіп, организмді жалпы әлсіздік баурайды. Өкпе обасымен аурған адам емделмеғен жағдайда 2-3 күн арасында міндетті түрде өледі.


Бақылау сұрақтары

1. Ядролық қарудың қиратушы факторларын сипаттаңыз.

2. Өткіш радиациядан қорғану жолдары?

3. Соққы толқынының қирату аймақтарын келтіріңіз.

4. Химиялық қарудың сипаттамасы.

5. Күшті әсер ететін улы заттарға мысал келтіріңіз.

6. Улағыш заттардың негізгі ерекшеліктері қандай?

7. Улағыш заттардың физикалық, биологиялық және химиялық қасиеттері.

8. Биологиялық қарудың негізгі сипаттамасын келтіріңіз.

9. Инфекциялық аурулардың ерекшеліктері неде?

10. Инфекциялық аурулардың қандай түрлері белгілі?
Ұсынылған әдебиеттер:

1.Шертаев Е.Т. Тіршілік қауіпсіздігі. Шымкент, 2003, 115 б.

2.Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

3.Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы.-ҚР-Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, 1(15), 2001 ж.

4.Саудабеков К.Е. и др. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни. - Алматы, КазГЮУ, 1999.

5.Тропов Н.И. Безопасность труда в химической промышленности. –М.: Академия, 2007. -528с.

6.www.google.kz

7.www.nur.kz



Лекция 13
Тақырыбы: Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің ұйымдастыру-практикалық шаралары

Лекция жоспары:

1. Жер сілкіністері, жіктеу, жер сілкіністерінің күшін өлшеу шкалалары.

2. Жер сілкіністері кезінде ғимараттар мен обьектілердің бұзылуы.

3. Жұмыс істеушілер мен халықтың жер сілкіністері кезіндегі тәртібі.


Лекция мазмұны:

Жер сілкінісі кенеттен, ойламаған жерден пайда болатын және ең қауіпті табиғи аппаттардың бірі. Жер сілкінісі көптеген материалдық және адам шығынына душар еткізеді. Жердің қатты сілкінісінде жердің жарылуы да ықтимал. Белгілі мәліметтерге жүгінсек бір жылда жер бетінде 100 мыңнан астам жер сілкінісі болады екен. Қазақстанның 450 мың шаршы километрі жер сілкіну қауіпі бар аумақта болғандықтан бұл жағдай бізге өте өзекті мәселердің бірі болып саналады. Себебі 27 қала және 400 ден астам мекендер мен 6 миллионнан астам халық тұрады да, 30% өнеркәсіппен 35%-ға жуық тұрғын үй қоры шоғырланған. Сонымен қатар, жер сілкінісінен қорғауға үкімет үлкен мән беріп отыр. Осыған орай жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар қабылданған. Ол шаралар төмендегілерді қамтиды. Жалпы алғанда жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады.

Жер сілкінісінің ошағы – бұл жер қабатының бір бөлігі көлеміндегі энергиясының бөлінісі. Ошақтың ортасы эпицентр деп атайды.

1935 жылы Калифорниялық технологиялық институтының профессоры У.Рихтер жер сілкінісі энергиясын бағалау үшін магнитуда шамасын ұсынды. Қазіргі кезде де осы Рихтер шкаласы бойынша жер сілкінісінде пайда болатын сейсмикалық толқынның энергиясын бағалау жүргізілуде.



Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін төмендегі іс-әрекеттер жасалынады:

  • сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісінің болжамын республикалық денгейде дамыту;

  • сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу;

  • халықтың сейсмикалық білімін арттыру;

  • хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру;

  • жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.

Жер сілкінісінің магнитудалық М – шамасын сипаттайтын Рихтер шкаласы

Баллдар

Жер сілкінісі зардабы

0

Өте жай жер сілкінісі. Бұл жағдайды тек құралдар көмегімен ғана анықтауға болады.

1

Адамдарға еш білінбейді.

2

Ғимараттар мен тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында ғана байқайға болады.

2,5-3,0

Ғимараттың барлық қабаттарында байқауға болады. Ілініп қойылған теңселіп тұрады.

3,5

Есіктер мен терезелер ашалып жабылып тұрады

4-4,5

Ғимараттардан тыс жерде де байқалады. Су қоймасымен су жинаған жерлердегі судың бетінде толқындар пайда болады. Эпицентрге жақын жерлердегі ғимараттарде кішігірім сызат(трещина) пайда болуы мүмкін.

5

Бір атом бомбасының энергиясына сәйкес. Жүріп келе жатқан адамдар тепе-теңдігін жоғалтады, әйнектер сынып, қабырғаның штукатуркасы жарылады.

6

Кейбір жерлерге әжептеуір нұқсан келуі мүмкін. Жыл сайын мұндай жер сілкінісі 100-дің шамасында. Адамның өз аяғында тұруы қиындайды және сейсмикалық тұрақты емес ғимараттар құлап, бұзыла бастайды.

6,5

Жерге сызат түсе бастайды. Ескерткіштер және т.с.с құлай бастайды.

7,0

Қатты жер сілкінісі. Жалпы дүрбелең болады (паника). Тұрғызылған құрылыстар құлап бұзылады. Жер асты құбырлар жарылып, үзіліп кетеді және жердегі сызат үлкен болып білініп тұрады.

7,5

Құрылымдардың көптеген бөлігі бұзылады және опырмалар орын алуы мүмкін.

8

Жер астындағы құбырлар түгелдей және темір жол, трамвай жолы істен шығады

8,5

Энергиясы бір атом бомбасының әнергиясын 1 000 000 есе көп болады.

9

Ғимараттар толығынан құлап заттар ауада ұшып жүреді.

Жалпы алғанда жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады.



Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін төмендегі іс-әрекеттер жасалынады:

  • сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісінің болжамын республикалық денгейде дамыту;

  • сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу;

  • халықтың сейсмикалық білімін арттыру;

  • хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру;

  • жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.

Жер сілікінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.

Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады.

Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88ж.) ванна ішіндегі 6 адам тірі қалған.

Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады. Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние - мүлікпен ыбырсытпау керек. Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады.

Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса қолмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн. Жеке үйдің иелері қажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі кажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмо төзімділік дәрежесін білуге тиіс.

Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы қауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн. Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс.

Қазақстан аумағының сейсмо қауіпті аймағында жер сілкінісінің жиілігі әртүрлі. Қазіргі ғылым алапат сейсмикалық құбылыстың уақыты мен кіндігін әзірше дәл болжай алмайды. Сондықтан да жер сілкінісі кезіндегі әзірлік шараларына даярлануды, іс-әрекеттер тәртібін алдын ала білуге тиіс. Сейсможаттығу адамдардың жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-әрекеттерге дағдылануына үлкен септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Төтенше жағдайларды ескерту және іс-өрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» 1993 жылғы 30 қыркүйектегі №969 Қауылысында сейсмо қауіпті аймақта орналасқан барлық объектілерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда тоқсан сайын сейсможаттығу өткізу белгіленген.
Бақылау сұрақтары:

1. Жер сілкінісінің пайда болу себептері қандай?

2. Жер сілкінісінің күшін өлшеу шкалалары қандай?

3. Жер сілкінісі кезіндегі сіздің іс-әрекетіңіз қандай?

4. Халықты қорғау шаралары қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:

1.Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. – Шымкент, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005, 243 бет.

2.Маханов Б. Б., Сатаев М.И., Сатаева Л.М., Тіршілік қаупсіздігі. Электрондық кітап. Шымкент. 2004.

3.Шертаев Е.Т. Тіршілік қауіпсіздігі. Шымкент, 2003, 115 б.

4.Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

5.Төтенше жағдайлар жэне Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық - әдістемелік жинағы. - ҚР-Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, 1 (15), 2001 ж.

6.Саудабеков К.Е. и др. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни. - Алматы, КазГЮУ, 1999.


Лекция 14
Тақырыбы: Стихиялық апаттарда, өрттерде, өндірістік обьектілердегі

апаттарда және жарылыстарда халықты қорғау
Лекция жоспары:

1. Орман және дала өрттері, шымтезекті батпақтардың жануы.

2. Өрттің жіктелуі, олардың қауіпті факторлары.

3. Гидрологиялық төтенше жағдайлар.

4. Геологиялық қауіпті құбылыстар. Метереологиялық және

агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар. Қорғау тәсілдері.

5. Адамдардың инфекциялық науқастығы.

6. Адамдарды өрттен қорғаудың алдын алу және тәсілдері.


Лекция мазмұны:

Өрт - бұл жану салдарынан материалдық байлықтың жойылуы және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы зат пен ауадағы оттегінің арасындағы тез жүретін сонымен бірге газ, жылу және жарық бөлетін процесс. Жану толық және толық емес болып бөлінеді. Толық жану оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық емес жану оттегі жеткіліксіз жағдайда жүреді. Өзі тұтану (самовоспламенения) химиялық процесстің әсерінен болатын жағдай. Өзі тұтанудың температурасы әр түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда жанушы қоспаның құрамы мен көлемі ортаның қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар мен сұйықтар 400-700 °С аралығында, ал қатты денелер (ағаш, көмір) -250-450°С аралығында тұтанады. Өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілерге жарылу және тұтану қауіпі бар заттарды өндіру, сақтау және тасмалдаушы өндірістер жатады.

Жарылу, өрт пен жарылыс, және өрт қауіпі бойынша өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілер 5 категорияға бөлінеді (А,Б,В,Г,Д). Бұлардың ішіндегі өте қауіптілері А,Б,В кетегориялары. А категориясына - мұнай өңдеу зауыттары, химиялық өндірістер, мұнай өнімдері қоймалары мен құбырлар кіреді. Б категориясына - көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант пурдасын дайындайтын және тасымалдайтын, сонымен қатар диірменнің ұнтақтан бөлімдері кіреді. В категориясына-ағаш кесу, ағаш өңдеу және столярлық өндірістері кіреді. Г- категориясына ыстық күйіндегі жанбайтын заттарды өңдеу және тасымалдау өндірістері мен қоймалары кіреді. Д- категориясы салқын күйдегі жанбайтын заттар мен материалдарды сақтау өндіріс орындары мен қоймалары жатады.

Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жану жағынан 3 топқа бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын және жанғыш.

Жанбайтын деп жоғары температура мен оттың әсерімен тұтанбайтын және жанбайтын материалдарды айтады. Қиын жанатын деп жоғары температура мен оттың әсерімен қиын тұтанатын және от ошағы болған жағдайда ғана жанатын материалдарды айтады. Жанғыш деп жоғары температурада немесе оттың әсерімен тұтанып кететін және от ошағынан алып тастағанда да жана беретін материалдарды айтады.

Үлкен өндіріс орнындағы және елді мекендердегі өрттер жеке және жалпы болып келеді. Жеке бұл бір ғимарат пен құрылымда болатын өрт. Жалпы бұл елді мекендегі өндіріс орындарындағы ғимараттардың 25 % алып жатқан өрт.



Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 % ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді. Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді. Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен қатар үлкен қысым пайда болады. Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды. Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң артықшылығы көптеген жанып жатқан заттарды өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай –ақ жанып жатқан сұйық заттарды(май, керосин, бензин, мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы 170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл болады. Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз етiлген. Жанып жатқан затты сөндiру үшiн баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты 25 –60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы 1,5 –3,5 метр. Өрт сөндiрудi пайдалану ережесi бойынша өртсөндiргiш баллоны әр 3 айда зарядталуы тиiс. Барлық өндiрiс орындарында арнайы өрттi сөндiруге арналған құралдардан тұратын болады. Ол шиттер өрттi сөндiруге керек(шелек, балта, лом) қамтамасыз етiлу керек. Бұл құралдарды басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Өндiрiс орындарында арнайы өртке қарсы су құбырыда болуы тиiс. өртке қарсы су құбыры үлкен және кiшi қысымды болып келедi. Үлкен қысымды су құбырына станоктарды су құйғыш орнатылады. Ал кiшi қысымды су құбыры жылжымалы су құйғыштармен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру су құбырларының гидранттары жолдың бойында және бiр –бiрiнен 100 –150 м қашықтықтан сонымен қатар ғимарат қабырғасынан 5м қашықтықтан кем болмайтын жерде орналасады. Өрт сөндiру гидранттары ғимараттардың баспалдақ ауласында да орналасуы мүмкiн. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланатын перспективтi бағыттардың бiрi автоматты өрт сөндiргiш қондырғылары. Ондай қондырғыларға спринклерлiк және дренгерлiк қондырғылары жатады. Дренчерлiк өрт сөндiргiш қондырғысы өртте сумен автоматы және қашықтықты жүйеде сөндiредi.

Өрт қауіпсіздігі – бұл еңбекті қорғаудың бір бөлімі, мұнда өрттің пайда болуының алдын-ала жою шарттарын үйретеді, бір сөзбен айтқанда адамдардың жалпы және мемлекеттік мүліктердің және жеке заттарының, өрттен қорғайтын мүмкіндігі. Өрт – бұл адам өміріне және денсаулығына, материалдық шығын әкелетін жалпы және мемлекеттік назардағы, ешқандай бақыланбайтын жану. Жер бетінде күн сайын 2 миллионнан аса өрт болып, 1 миллионнан көп адам қаза табады, әрбір 2 өртте 1 адам қаза болады.

Қазақстанда 2003 жылға ғана 15000- ға жуық өндірістік және тұрмыстық өрттер тіркелген. Олардың ішінде 1000 адамға жуығы зиян шегіп, 532- сі қаза болған. Материалдық шығын 3200 млн. Тенгені құрады.

Өрттер – эндогенді («еndon» грекше – ішкі) және экзогенді («exo» -грекше – сыртқы) болып бөлінеді. Барлық жердің үстіндегі, сонымен бірге ғимараттың және үйлердің ішіндегі өрттер экзогенді өрттерге жатады. Эндогенді өрттерге көбінесе жер астындағылары жатады. Бұл көмірдің сланецтардың, сульфидті кендердің жер астындағы жануы. Эндогенді өрттердің ең үлкен уақытқа созылғаны өте алыстағы Памир Алтайдағы Ростовскі кен орнындағы өрттері. Өрт қауіпсіздігі аймағында нормативті реттеу- өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау үшін, міндетті нормативті құжаттарда (ҚР ТЖ Министрлігіндегі өртті бақылау бойынша департаменті) мемлекеттік өкілеттік органдармен бекіту. Өрт қауіпсіздігі бойынша нормативті құжаттарға жататындар: стандарттар, нормалар және өрт қауіпсіздігі ережелері, СНмЕ, СанЕмН, ережелер, инструкция және өрт қауіпсіздігін құрайтын басқа құжаттар. Оларға жататындар:

1. 20.12.04 ж ҚР «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңы.

2. ҚР өрт қауіпсіздігі туралы ережесі, Алматы, 2003.

3. ҚР 2.02-05-2002 СНмЕ «Ғимараттра мен үйлердің өрт қауіпсіздігі».

4. ҚР 1.03-05-2001 СНмЕ «Құрылыстағы техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау».

5. ҚР СНмЕ 4.02-05-2001 «Желдету, ауа алмастыру, жылу беру».

6.ҚР 2.02-11-2001 РДС Қарашағанақ мұнай газ конденсатты кен орнының даму объектілерінің өрт қауіпсіздігі шараларын жобалау негіздері.

7. 12.1.2004 жылғы МЕСТ «Өрт қауіпсіздігі».

8. ҚР СН 2.02-11-2002 «Ғимараттарда, үйлерде, автоматты өрт дабылын салу, өрт сөндірудің автоматты құралдарымен өрт туралы адамдарды хабардар ету және басқа да нормативті құжаттарының жабдықтандыру нормалары».

Өрт қауіпсіздігі бойынша нормативті құжаттар бекітілген тәртіпте жеке басып шығару мен тіркеуге жатады.

Өрт қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштері

Өрт қауіпсіздігі белгілі көрсеткіштері бар, әрбір объектідегі факторларға байланысты. Өрттің қауіпті факторлары, бұл адамдардың қаза болуына немесе шығынға және жарақатқа, материалдық құндылықтарға әсет ететін фактор.

Төменде өрттің қауіпті факторларының шекті мәні келтірілген:

Ортаның температурасы -70° С

Жылулық сәулелену – 500 Вт/м2

Көмір тотығының құрамы – 0,1 %

Қос тотықты көміртегінің құрамы – 6 %

Оттегінің құрамы – < 17 %

Жанғыш қоспаның қасиетіне байланысты – жану үш жағдайда болуы мүмкін:


  • жанғыш зат (қатты сұйық және газдар) тотықтырғыштың жеткілікті көлемі (оттегі, хлор, фтор, бром, иод)

  • жану үшін жеткілікті температура,

  • тұтану көзінің белгілі қуаты (жалын, ұшқын).

Өрттің негізгі себептері

Өрттің негізгі себептері болып:



  • оттың және дәнекерлеу жұмыстарын дұрыс жүргізбеу;

  • отқа назар аудармау;

  • жылыту пештері мен қондырғыларын пайдалану ережесін бұзу, тұрақты электр найзағай разряды, шаңды газды ауалық қоспалар мен булар жарылысы; үйкеліс кезіндегі қызу мен ұшқындану;

  • электр жабдықтары, кабелдік тораптар және электр қондырғыларының ақауы; жанғыш заттардың өздігінен жануы;

  • технологиялық режимді бұзу; аттыру жұмыстары;

Жоғарыда аталған себептерді экзогенді өрттерге жатқызуға болады. Эндогенді өрттердің себептері болып:

  • тотықтыруға қабілетті материалдардың болуы (ұсақталған көмірдің, торфтың, сланцтың, руданың жиналуы);

  • жанған бөліктердің бетіне тотықтырғыш оттегінің жиналуы; өздігінен жану ошағындағы жылудың қайтуы қиындығы;

Жану фазасына өту үдірісі мен материалдардың орташа және төмен температурада тотығуын гемогенді болады (грекше homogenes – құрамы бойынша бірдей) және гетерогенді (грекше gter – күрделі). Гемогенді жану кезінде алғашқы заттардың агрегатты жағдайы бірдей, мысалы газдардың жануы. Қатты және сұйық заттардың жануы гетерогенді болады. Жануды келесі түрлерге бөлуге болады: тұтану, жалындау, өздігінен тұтану, жану және жарылыс. Тұтану жанғыш қоспалардың сығылған газсыз, тұтану көзімен жағу кезіндегі жылдам жану.
Бақылау сұрақтары:

1. Жану және өрт деген не?

2. Өрт категориялары қандай?

3. Өртті сөндіруде қандай заттар пайдаланады?

4. Өрттің шығу себептері?

5. Өрт қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер қандай?


Ұсынылған әдебеиттер:

1. Әлібеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы.: Қазақстан, 1996ж.

2. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

3. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық - әдістемелік жинағы. - ҚР-Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, 1 (15), 2001 ж.

4. Алтунин А.Т.- АҚ жасақтары стихиялық апаттарға қарсы күресте. Алматы, 2001ж. Оқу құралы.

5. Саудабеков К.Е. и др. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни. - Алматы, КазГЮУ, 1999.



Лекция 15
Тақырыбы: Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері
Лекция жоспары:

1. Апаттан құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды басқару негіздері.

2. Бейбіт және әскери уақыттың әртүрлі зақымдаушы факторлары әсер еткенде

апаттан құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері.

3. Төтенше жағдай нәтижесінде өндірістік обьектіде (елді мекенде) қалыптасқан

жағдайды барлау және бағалау.

4. Инженерлік жағдайды бағалау әдістемесі, төтенше жағдайлар салдарларын жою

үшін күштер мен құралдар құрамын анықтау.


Лекция мазмұны:

Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету және қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

Төтенше жағдайдың зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты төуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет- адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді. Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі:


  • құтқару;

  • арнаулы (жедел);

  • қосалқы.

Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

  • басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

  • зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

  • зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;

  • өрт сөндіру ;

  • коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

  • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

  • осал құрылыстарды күшейту.

Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстарының орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жағдай туындайды.

Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:



  • аландарды тазалау;

  • техника орнату;

  • қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;

  • жұмыс орындарын жарықтандыру т.с.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі шараларында зандылыққа сәйкес азаматтық қорғаныс күштері қатысады.

Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:



  • халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;

  • барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;

  • тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;

  • құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;

  • төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;

  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;

  • құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;

  • төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.

Сондай-ақ, төтенше жағдай зардабын жоюға және құтқару жұмыстарды қамсыздандыру мен даярлауға бағытталган материалдық және басқа шараларды ұйымдастыру кіреді.

Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі. Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет:



  • барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану;

  • мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану;

  • зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту;

  • күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау;

  • тұрақты және нақты өзара іс-қимыл қарқының қолдау;

  • күш пен құралды үздіксіз, мығым және ұтымды басқару.

Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, соңдай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімін барынша жақындатудың ерекше маңызды бар.

Хайуанаттар мен өсімдіктердың, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануарларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Қызметтердің негізгі міндеттері:


  • мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашынық өнімдерін және өсімдік шаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялык (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау;

  • ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру;

  • зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды көмуді ұйымдастыру; егістікті, жайылымды және мал мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру;

  • ауылшаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру;

  • жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау;

  • қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлата ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру;

  • дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жаңарту;

  • төтенше жағдайдағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу.

Шаруашылықтағы мал мен өсімдіктің зақымдалуын оқшауландыру және жою жұмыстары төтенше жағдай аймағында тікелей іс-әрекет ететін мал мен өсімдікті қорғау командасына (МӨҚК) жіктеледі, олар:

  • хайуанаттарға ветеринарлық көмек көрсетеді;

  • оларды көшіріп, қоныстандырады;

  • зақымданған хайуанаттарды, өсімдіктерді сынақтама тексерінен өткізеді, ескереді және зерттеу үшін зертханаға жеткізеді;

  • хайуанаттар нысандарына залалсыздандыру жүргізеді және зақымдалған хайуанаттарға ветеринарлық ем-дом жасайды;

  • улы химикаттар көмегімен зақымдалған егістіктерді залалсыздандырады.

АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерін қамсыздандырудың негізгі түрлері:

  • барлау;

  • инженерлік қамсыздандыру;

  • химиялық қамсыздандыру;

  • медициналық қамсыздандыру;

  • көлікпен қамсыздандыру;

  • материалдық-техникалық қамсыздандыру;

  • гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру.

Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.
Бақылау сұрақтары:

1. Төтенше жағдайлар кезінде өндірістік объектілердің жұмыс қалыптылығының негізі. Төтенше жағдайлар кезінде экономика объектілерінің жұмыс қалыптылығын жоғарлатудың негізгі шаралары.

2. Қирату факторларының әрекетіне экономика объектілерінің жұмыс қалыптылығын бағалау.

3. Қирату ошағындағы құтқару және басқа қажетті жұмыстарды жүргізудің ұйымдастыруы және әдістері, реті.

4. Бейбіт кезде басқыншылық қауіп төнгенде өсімдік шаруашылығының тұрақтылығын арттыру үшін қандай іс-шараларды қолданады
Ұсынылған әдебеиттер:

1. Әлібеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы.: Қазақстан, 1996ж.

2. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

3. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық - әдістемелік жинағы. - ҚР-Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, 1 (15), 2001 ж.

4. Алтунин А.Т.- АҚ жасақтары стихиялық апаттарға қарсы күресте. Алматы, 2001ж. Оқу құралы.

5. Саудабеков К.Е. и др. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни. - Алматы, КазГЮУ, 1999.



Практикалық сабақ №1

Тақырыбы: Су тасқындарының тікелей келтіретін нұқсандары
Қысқаша теориялық мәлімет:

Жергілікті аумақты топан су басуы көбінесе өзендер, теңіздер деңгейінің көтерілуінен, су қоймалары бөгеттерінің бұзылуынан болып жатады. Бұл оқиғалардың себептеріне көл-көсір нөсер, қардың еруі, сең кептелуі сияқты табиғи құбылыстар жатады.

Су тасқындарының тікелей келтіретін нұқсанына тұрғын үйлер мен өндіріс ғимараттарының бүлінуін, автомобиль және темір жолдардың жарамдылықтан, электр және байланыс жүйелерінің істен шығуларын, тыңайтқыштар қорларының жарамсыздыққа ұшырауын жатқызуға болады.

Суға байланысты техногенді апаттар су қоймалар бөгеттерінің бұзылуы салдарынан болады. Өзіне дейін және өзінен кейін су деңгейінің айырмашылығын ұстап тұратын құрылыстар немесе табиғи жасамдар гидродинамикалық объектілер болып табылады. Бұндай құрылыстар қирауының ерекшелігі жарып өту толқынының пайда болуы. Гидротехникалық құрылыстар судың кинетикалық энергиясын (ГЭС), технологиялық процестерді суыту, жер алқаптарын суару (мелиорация), жағалау территорияны судан қорғау (бөгеттер), судың таяз жерін тереңдетіп кемелер жүзіп өту (шлюздар) үшін салынады. Таулы аудандарда жер сілкініс, опырылып құлау, шөккіндер болуы нәтижесінде төменде орналасқан ауыл-шаруашылық және өндіріс объектілеріне, елді мекендерге қашанда қауіп төндіретін табиғи бөгеттер пайда болады.

Бөгеттер бұзылған жағдайда су жоғары биіктіктен және өте үлкен жылдамдықпен өз жолындағының бәрін қиратып, төменге ұмтылады. Бұл жағдайда екі фактор әрекет етеді - жарып өту толқыны және судың жайылу аймағы. Осы аймақтарда тұрғын үйлер мен өндіріс ғимараттарды салуға тыйым салынады. Бөгеттің бұзылуы табиғи күштердің әсерінен (жер сілкінісі, дауыл, опырылып құлау, шөккін), құрылыстың ақаулығынан, қолдану ережелерін бұзу салдарынан, су тасқыны әсерінен, суды төмен босату мөлшері жеткіліксіздігінен, ал соғыс кезінде қарулар әсерінен болады. Көбіне авария бөгет табанының босауы салдарынан және судың жиектен асып кету себебінен туындайды.

Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.

Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізі керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.

Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:


  • Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)

  • Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)

  • Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары

Жағаға жақын облыстардың тұрғындары жақын уақытта не болатынына қызығушылық білдіріп жүруі керек.

Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары:

  • алғашқы толқынның әсерінен құлатқанда;

  • барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйрету;

  • қайықтың болуы (мүмкіндігінше екі қайық- біреуі кәдімгі, екіншісі-жел үрлеп толтырылған) ;

  • жергілікті елді-мекендердің топографиясымен танысу;

  • жақын маңда стихиялық жағдай болғанда хабарласу түрін білу.

Су тасқынының пайда болу себептері:
- Қар мұздықтарының еруі;
- Жауын-шашынның мол болуы;
- Өзендегі мұздың кептелуі;
- Үлкен көлдерде судың желмен көтерілуі;
- Табиғи және жасанды суаттардың жарылуы;

Су тасқынына дейін:
- Күрделі құрылыстарды тек мемлекеттік өкілетті мекемелердің рұқсаты бойынша салу;
- Қатерлі жерде уақытша тұрақ құрмаңыз;
- Азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, құтқарушы құралдардың қорын жасау;
- Су тасқыны қатері білінгенде газ, электр жүйелерін ажырату, бағалы заттарды қауіпсіз орынға көшіру;
- Көлікпен немесе жаяу болсын көтеріңкі жерге орналасыңыз;
- Басқарушы органдардың қауіпсіз жерге көшіруі туралы хабарландыруы мен ескертулерін мұқият орындаңыз.
Су тасқыны кезінде:
- Басқару органдардың тиісті нұсқаулары болмайынша, қауіпсіз жерде қалыңыз;
- Тасқын суды кешіп өтем демеңіз. Тереңдік 15 см. тасқын су адам үшін қатерлі, ал 50 см. тереңдікті машина да еңсеріп өте алмайды;
- Егер сізге көмек керек болса, aпaт белгілерін беріңіз.
Су тасқынынан кейін өз үйіңізді мұқият тексеріңіз:
- Фундаменттің тұтастығын;
- Қабырға, терезе, еденнің бүтіндігін;
- Газ және электр жүйелерін;
- Улы жыландар болуы мүмкін;
-Зақымданған электр, газ жүйелерін қосуды мамандарға тапсырыңыз;
- Үй орнықтылығына күдіктенсеңіз, үй ішінде қалмаңыз;
- Азық-түліктің жарайтынын тексеріп, суды қайнату қажет;
- Су тасқыны дүние - мүлікке зор шығын келтірсе, жергілікті атқарушы органдардан көмек сұраңыз.

-үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;

- пештегі жанып жатқан отты өшіру;

- үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;

- бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;

- мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.

Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.

Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.

Практикалық жұмысқа тапсырма (жеке тапсырма)

Су тасқынына байланысты төтенше жағдай туындаған кезде адамдардың психологиялық-эмоциялық жай-күйіне сипаттама бер.



Бақылау сұрақтары

1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға не жатады?

2. Су тасқыны кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлері?

3. Су тасқынының негізгі себептері?



Ұсынылған әдебиеттер

1. Әлібеков Е. Азаматтық қорғаныс бүкіл – бүкіл халықтық іс. Алматы:Қазақстан 1996ж.

2. Арпабеков А.А – «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» -Алматы. 2004ж.


Практикалық сабақ №2

Тақырыбы: Обьектінің зақымдаушы факторларға әсер етуінің

тұрақтылығын анықтау


Қысқаша теориялық мәлімет

Төтенше жағдайлар кезіндегі шаруашылық объектілерінің жұмыс тұрақтылығы келесі факторлармен қамтамасыз етіледі:



  • жұмысшылар мен қызметкерлерді дүлей зілзала, авария мен апат салдарынан, сонымен бірге барлық қару-жарақ түрлерінің әсерінен сенімді қорғау;

  • объектінің инженерлік-техникалық кешенінің апат әсеріне қарсы тұра білу қабілеттілігі;

  • жабдықтау жүйесінің (шикізат, отын, электр энергиясы, газ, су және т.б.) тұрақтылығы;

  • азаматтық қорғаныс пен өндірісті басқарудың қалтқысыздығы;

  • объектіде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды және зақымдалған (қираған) өндірісті қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге дайын болуы.

Аталған факторлар шаруашылық объектілерінің жұмыс жүргізу тұрақтылығының негізгі талаптарын да анықтайды. Бұл талаптар азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шараларын жобалау нормасында белгіленген. Объектінің жұмыс тұрақтылығын зерттеу ұзақ та, динамиклық процесс. Бұл жұмысты атқару мақсатында объектінің азаматтық қорғаныс штабының жұмысшылары мен инженерлік-техникалық қызмет көрсетуші құрамалары жұмылдырылады. Қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу бөлімі мен жобалау ұйымдары тартылады. Сонымен қатар зерттеу жүргізу жоспары әзірленеді. Мұндай зерттеулердің мақсаты – шаруашылық объектілерінің жұмыс тұрақтылығын бағалау мен оны жоғарылату жолдарын қарастыру.

Объектінің жұмыс тұрақтылығына әсер ететін факторларды есепке алу.

Әрбір объектінің өзіндік ерекшелігі болғанымен, олардың жалпы сипаты басым болады. Жаңартылған түрдегі кәсіпорындар (өнеркәсіптер) кешенін ғимараттар мен құрлыстар, қондырғылар, электр энергиясы мен жабдықтау жүйелері, инженерлік және отын қатынас жолдары, ішкі транспорт тораптары, басқару және байланыс жүйелері, қойма шаруашылықтары, әкімшілік, тұмыстық және шаруашылық ғимараттары мен құрлыстары құрайды. Сондықтан объектілер үшін төтенше жағдайлар кезіндегі жүргізілетін жұмыстарға дайындық ортақ факторлармен сипатталады.

а) Объектінің топографиялық орналасуына талдау жүргізіледі.

б) Негізгі және қосалқы ғимараттарға сипаттама беріледі: ғимараттардың әртүрлі ықпалдарға төзімділігін есептеу үшін олардың құрылымдық ерекшеліктері мен техникалық көрсеткіштері анықталады.

в) Объекті территориясының ішкі жоспарлануын бағалауда құрлыстардың түрі мен орналасу тығыздығына байланысты түрлі өрттердің шығуы мен таралуы, паналау ғимараттарының кіре берісін және ғимараттар аралығындағы жолдарды үйінділердің басып қалу ықтималдылығы қарастырылады.

г) Технологиялық процестерді зерттеуде өндірістің ерекшеліктері, бейімделу мүмкіншіліктері (соғыс уақытында) немесе өндіріс жұмысының уақытша тоқтап қалу жағдайлары қарастырылады. Жабдықтардың бірегейлігі мен маңыздылығы, түрлі аппаратуралармен, құралдармен қаныққандығы, жекелеген бөлімшелердің жұмыстарының дербестігі, қауіпті заттарды сақтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігі.

д) Энергиямен жабдықтау жүйесін зерттегенде олардың қандай

сыртқы энергия көздеріне тәуелділігі анықталады. Энергияның ішкі қайнар көздері сипатталады. Энергетикалық тораптары мен тасымал жолдары зерттеледі.

Сумен жабдықтау жүйесін зерттегенде су қоймаларының радияциялық, химиялық және бактериялық залалдан қорғалуына ерекше көңіл бөлінеді. Өрт сөндіру жүйесінің сенімділігі тексеріледі. Газбен жабдықтау жүйесін зерттегенде газды автоматты түрде өшіру механизмі тексеріледі. Оны сақтау және тасымалдау талаптары сақталады.

е) Бақылау бекеттері мен байланыс тораптарының жағдайы зерттелгенде, әсіресе, хабарлау, құлақтандыру жүйесін қадағалауға ерекше көңіл аударылады.

Объектінің жұмыс тұрақтылығын бағалаудың есебін жүргізгенде зақымдаушы факторлардың ең жоғары, ықтимал шамаларының мәндері, объектінің және оның элементтерінің сипаттамасы негізгі мәлімет болып табылады.

Зақымдау факторларының өлшемдері азаматтық қорғаныстың жоғарғы орындарымен беріледі. Обьектінің тұрақтылығын бағалауды есептеген кезде зақымдайтын факторлардың параметрлерінің мүмкін максимал мәндері және обьекті мен оның элементтерінің мінездемесі берілген мәліметтер болып табылады. Зақымдайтын факторлардың параметрлері жоғарыда тұрған Азаматтық Қорғаныс штабымен беріледі. Бұл мәліметтер болмаған жағдайда обьектіде күтілетін қираулардың дәрежесі мен мінездемесі, ғимараттарда және құрылыстарда жеңіл, орташа және қатты қирауларды тудыратын, жер сілкінісінің қарқындылығы (баллмен) әртүрлі дискретті мәндерімен немесе ядролық жарылыстың ауамен соққы толқынының артық қысымы () арқылы табылады. Шамамен (баллмен) мәні келесі түрде қабылданады: V, VІ, VІІ, VІІІ, ІХ немесе () (кПА); химиялық мұнай өңдеу, радиоэлектронды, медициналық және осыларға аналогты өнеркәсіпте 10, 20, 30 және 40; көлік жасайтын, тамақ, металлургия өнеркәсіптерінде- VІ, VІІ, VІІІ, ІХ, Х және ХІ балл немесе 20, 30, 40, 50, 60 кПа 1кгс/см²+100 кПа. Артық қысым бірлігі және ауаның жылдамдығының бірлігі СИ жүйесінде Па болып табылады, жүйеден бөлек күш кгс/ см². Әрбір элементтің және обьектінің тұрақтылығын бағалау нәтижесі негізінде ең әлсіз элементтердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін ұсыныстар беріледі.



Ұсынылған әдебиеттер

1. Әлібеков Е. Азаматтық қорғаныс бүкіл – бүкіл халықтық іс. Алматы:Қазақстан 1996ж.

2. Арпабеков А.А – «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» -Алматы. 2004ж.

Практикалық сабақ №3

Тақырыбы: Ядролық жарылыстың қауіпті факторлары, олардың

адамға, ғимараттар мен құрылыстарға әсері


Қысқаша теориялық мәлімет

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде, жер (су) астында болуы мүмкін. Оның қауіпті факторларына: соққы толқыны, жарықты сәуле бөлу, өткіш радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электро-магниттік импульс жатады.

Біз ядролық жарылыстың қирату факторларының бірі соққы толқынына тоқталамыз. Соққы толқыны ауаның бір мезетте қысылғанынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі – жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқыны өзінің жойқын күшіне байланысты, жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынының күші жарылыс ошағынан қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқынынан тек арнайы жер асты панаханаларына, шұңқырларға, т.с.с. таса жерлерге жасырынып сақтанады. Соққы толқыны күшін 4-ке бөлуге болады.

1. Алғашқы жарылыс болған ошағын толық қирау аймағы деп атаймыз.

2. Күшті қирау аймағы.

3. Орташа қирау аймағы.

4. Жеңіл қирау аймағы

Ядролық қару - уран мен плутонийдің бірқатар изотоптарының ауыр ядроларды ыдырауынан болатын тізбекті реакция кезінде немесе сутегінің (дейтерий мен тритий) жеңіл ядролық изотоптары синтезінің термоядролық реакциялары кезінде бөлініп шығатын ішкі ядролық энергияны пайдалануга негізделген осы замангы зақымдау құрал.

Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ.

Ядролық жарылыс кезінде мынадай зақымдаушы факторлар пайда болады:

•   сокқы толқыны;

•   сәуле жарқылы;

•   өткіш радиация;

•   жердің радиоактивтік ластануы;

•   электромагниттік импульс.

Ядролық ұрыс жабдықтарға ракеталардың, торпедалардың жарылатын бөліктері, ядролық бомбалар, артиллериялық снарядтар, тереңдікте жарылатын бомбалар, миналар (фугастар) жатады.

Ядролық ұрыс жабдықтарынын қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді. Тротилдік эквивалент - әдеттегі жарылғыш заттың (тротилдің) массасы, оның жарылғыш энергиясы сол ядролық жарылғыштың жарылыс энергиясына тең болады. Тротилдік эквивалент тоннамен, килотоннамен және мегатоннамен өлшенеді

Жарылыс түрлерінің ішінде ерекше орын алатыны әуедегі және жер үстіндегі ядролық жарылыстар; олардан басқа жер астындағы және су үстіндегі (су астындағы) ядролық жарылыстар да болуы мүмкін.

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы, дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20т (1950 жылдар)

Биікте болған ядролық жарылыстың радиобелсенділік өнімдері -ядролардан бөлінген бөлшектері, реакцияға қатысып үлгермеген жанар заттары, нейтрон ағынның ықпалынан пайда болған радиобелсенді изотоптар, т.б. - тропосферадан ұзақ уақыт бойы (бірнеше аптадан үш айға дейін) жер бетіне түсіп, радиобелсенділік бұлт ізін құрайды. Бірнеше мың километрге созылып олар тірі жандарға аса қауіп туғызбайды. Жарылыстың тағы басқа өнімдері стратосфераға еніп жер бетіне 5-10 жыл бойы түсе береді.

Жалпы ядролық жарылыс әнергиясы былай таралады: 50% -соққы толқыны, 35% - жарық сәулесі, 10% - ядролық сәуле қалдығы, 5% - өткіш радиация.

Ядролық жарылыстың салдарынан адамдар, малдар және өсімдіктер жаппай зақымға ұшыраған, ал ғимараттар мен құрылыстар қирап бүлінген территорияны ядролық зақымдау ошағы деп атайды.



Практикалық жұмысқа тапсырма (жеке тапсырма)

Ядролық жарылыстың қауіпті факторлары тақырыбында реферат жазу.



Бақылау сұрақтары:

1. Ядролық қарудың қиратушы факторларын сипаттаңыз?

2. Ядролық жарылыс кезіндегі зақымдаушы факторлар?

Ұсынылған әдебиеттер


  1. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2005, 243 бет.

  2. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

  3. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет

  4. Е.Н., Кочеров. Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, Оқу құралы. –Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. – 267 бет

  5. А.К.Аипов. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. –Астана. ҚазЭҚХСУ: БПО, 2009. – 290 бет.


Практикалық сабақ №4

Тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда ауылшаруашылық өсімдіктері мен жануарларын, су және азық-түлікті қорғау
Қысқаша теориялық мәлімет

Халықты қазіргі апаттық жағдайлардан, қазіргі жойқын қарулардың зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету және ұйымдастыру, бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдайларда халық шаруашылығының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету – азаматтық қорғаныстың басты міндеті.

«Табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының заңында төтенше жағдайлардан және олардың салдарынан объектілерді қорғау мемлекеттік саясаттың басымдылық саласының бірі деп белгіленген. Халық шаруашылығы объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі халықты және Республиканың қарулы күштерін негізгі тамақ өнімдерінің жеткілікті мөлшерімен, ал өндірісті қажетті шикізатпен қамтамасыз етеді. Халық шаруашылығы объектілерінің тұрақты жұмысын жоғарылатуға ауыл шаруашылық жануарларына, өсімдіктеріне, тамақ өнімдеріне және суға төтенше апаттың,жаппай қыру қаруының әсер етуін кемітуге, сонымен қатар объектінің жақсы жұмыс істеуіне дұрыс өндірістік қызметті қамтамасыз етугебағытталған алдын-ала инженерлік-техникалық, агротехникалық, малдәрігерлік және басқа да кешенді ұйымдастыру іс-шараларын жүргізумен қол жеткізіледі,.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі объектілерінің тұрақты жұмысын арттырумен байланысты іс-шаралар радиоактивті, уландыратын заттардан және бактериялық құралдардың уландыруынан сақтауды, мемлекеттік ресурстарды және халықты, әскери күштерді соғыс жағдайында нан-ет-сүт өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз етуде үлкен және күрделі кешенді жұмыстарды қамтиды.



Жалпы ережелер

Тамақ және өңдейтін салалардағы объектілердің тұрақты жұмысын арттырудағы негізгі бағыттары өнеркәсіптегі қызмет ететіндерді қорғауды ұйымдастыру; дән, ет, сүт және оларды өңдеу өнімдерін, сонымен қатар мекемелік су көздерін зақымданудан сақтау; қарсыластың көпшілікті зақымдандыратын қолданған жағдайда объектілердің физикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізу; азық-түліктерді сақтайтын арнайы қорғауға лайықталынған құрылыстар; объектілерді электр, газ, сумен сенімді қамтамасыз ету және де техникалық жабдықтармен, материалдық техникалық және көлік құралдарымен сенімді түрде қамтамасыз ету; шикізатты және азық-түлікті, територияны және ғимараттарды, объектілерді залалсыздандыру; жедел құтқару апатық қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

Ауылшаруашылығының шикізаттарын, жем-шөпті, жартылай өнімдерді қорғау азаматтық қорғаныс объектілерінің негізгі міндеттерінің бірі.

Ауылшаруашылық дақылдарын егетін үлкен территорияларды тікелей қорғау шаралары, оларды залалсыздандыру өте күрделі, кейде мүмкін де емес.

Сондықтан да ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін, сақтаумен, өңдеумен, тасымалдаумен, сатып таратумен айналысатын объектілерге үлкен міндет қойылады: өндіріп оны тұтынуға дайындағанға дейінгі барлық кезеңде сенімді түрде қорғауды қамтамасыз ету.

Радиоактивтік химиялық заттардың және бактериалдық құралдардың зақымдандыру әрекеттерінің арасындағы айырмашылыққа қарамастан, өсімдік өнімдері және мал шаруашылығын қорғау тәсілдері көп жағынан жалпы болып келеді. Қорғау тәсілдерін таңдау өнім түріне, оның санына және сақтау жағдайына байланысты айқындалады.



Ұсынылған әдебиеттер

  1. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2005, 243 бет.

  2. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

  3. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет

  4. Е.Н., Кочеров. Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, Оқу құралы. –Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. – 267 бет

  5. А.К.Аипов. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. –Астана. ҚазЭҚХСУ: БПО, 2009. – 290 бет.


Практикалық сабақ №5

Тақырыбы: Өсімдіктер шаруашылығы жұмыстарының тұрақтылығын бағалау

Қысқаша теориялық мәлімет

Өсімдіктер шаруашылығы жұмыстарының тұрақтылығын бағалауды өсімдік шарушылығында болуы мүмкін жағдайларды және оның тұрақтылығына әсер ететін факторларды зерттеуден бастау қажет. Есептеулердә жүргізуге қажетті бастапқы мәліметтер обьектідегі алдын-ала болжанатын радиациялық (химиялық, бактериологиялық) жағдай: мүмкін боларлық шығындар; өсімідк шаруашылығында жұмысшылардың жетіспеушілігі; техника күйі және олардың механизаторлармен, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілуі; ауылшаруашылық дақылдары өнімінің мүмкін болатын шығындары мен ластануы; пішендік жер және жайылымдардың ластану дәрежесі; ұзақ уақыт жойылмайтын радиоизотоптармен рұқсат шамадан жоғары дәрежеде залалдану нәтижесінде ауыспалы егістіктен шығуы мүмкін ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлер аудандары; күнтізбелік жылға өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің белгіленген көлемі; дақылдар түрі бойынша егістік алқаптардың орташа жоспарлы өнімділігі болып табылады.

Өсімдік шаруашылығы жұмыс тұрақтылығының негізгі көрсеткіші- жалпы өнімнің өндіру бойынша негізгі көрсеткіші табиғи түрде әрбір дақыл бойынша және жалпы сапа бойынша алынады.

Егіннің мүмкін болатын шығындарын анықтау үшін бастапқы мәліметтері егіс алқаптарының радиация деңгейлері және радиоактивтік зақымдану дәрежесі; ауылшаруашылық дақылдарының вегетациялық мерзімі және даму фазалары; зақымдану кезіндегі егіс алқаптарының құрылымдары; климаттық жағдай және суару жағдайы; обьектінің өсірілген егісті жинап алу мүмкіндіктері болып табылады.

Егістің шығынын әрбір дәнді дақыл бойынша табиғи түрінде есептейді. Өсімдік шаруашылығы саласының тұрақтылығын айқындау үшін обьект бойынша жалпы пайдаланылатын жердің 1 гектардан шыққан жем-шөп бірлігі бойынша жүргізіледі.

Ұсынылған әдебиеттер


  1. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2005, 243 бет.

  2. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

  3. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет

  4. Е.Н., Кочеров. Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, Оқу құралы. –Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. – 267 бет

  5. А.К.Аипов. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. –Астана. ҚазЭҚХСУ: БПО, 2009. – 290 бет.


Практикалық сабақ №6

Тақырыбы: Мал шаруашылығы жұмыстарының тұрақтылығын бағалау

Қысқаша теориялық мәлімет

Мал шаруашылығы жұмыстарының тұрақтылығын бағалау үшін бастапқы мәліметтер ретінде обьектідегі ықтималды радиациялық, химиялық және бактериологиялық жағдай: мал шарушылығындағы малдар арасында болуы мүмкін шығындар; жануарлардың зақымданған аймақта болу жағдайы; мал шаруашылығындағы техника, технологиялық жабдықтар және электрмен қамтамасыз ету көздерінің күйі; күнтізбелік жылға мал шаруашылығының өнімдер өндірісінің бекітілген көлемі; жануарлардың орташа жылдық және орташа тәуліктік өнімділігі; малдың түрі мен жастық топтарына қарай жануарлар басы болып табылады.

Азық-түлік және ет-сүт өнеркәсібі обьектілерінің жұмыс тұрақтылығын бағалау үшін бастапқы мәліметтер мынадай: жалпы зақым келтіретін қарулар қолданғаннан кейінгі бұл кәсіпорындағы болатын ықтималдық жағдайлар; обьектілердің радиоактивтік, уландырғыш заттармен және бактериологиялық құралдардың зақымдану дәрежесі; қызметкерлердің, технологиялық жабдықтардың, өнімдер мен шикізаттардың қорғалу дәрежесі; өнеркәсіп орындарының бір-бірімен іскерлік байланыстарының жағдайы және шикізатпен жабдықталу мүмкіндігі; қуат көздерінің саны; күнтізбелік жылдағы бекітілген өнім өңдеу мен мемлекеттік ресурстардың сақтау көлемі.

Азық-түлік және ет-сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс тұрақтылығын олардың өнімді сақтау, қайта өңдеу және бекітілген көлемде, номенклатурада қамтамасыз ету қабілетімен бағаланады.

Малдардың және мал шаруашылығ өнімдерінің шығынын есептеуді жүргізу үшін қажетті бастапқы мәліметтер ретінде мыналар алынады: ауыл шаруашылығы жануарларының тұрған орнындағы ықтималдық радиациялық жағдайы; олардың радиоактивтік сәулеленуден қорғану дәрежесі және радиоактивті заттармен зақымдануы; жануарлардың басы, жыныстық топтары; сәулеленуге дейінгі жануарлар өнімділігінің көрсеткіші.

Ұсынылған әдебиеттер


  1. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2005, 243 бет.

  2. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

  3. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет

  4. Е.Н., Кочеров. Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, Оқу құралы. –Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. – 267 бет

  5. А.К.Аипов. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. –Астана. ҚазЭҚХСУ: БПО, 2009. – 290 бет.

Қосымша ( ТҚО, көрнекі құралдар,тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)
Практикалық сабақ №7

Тақырыбы: Сәулелену жағдайды бағалау

Қысқаша теориялық мәлімет

Радиация - қоршаған ортаға белгілі бір ортадан таралатын сәулелер.

Радиацияның көрінетін жарықтан және жылудан бөлек, сезім органдарымен қабылданбайтын түрлері көп. Радиацияның әсерінсіз біздің планетамызда көп түрлі тіршілік иелері болмас еді. Жер бетіндегі тіршіліктің міндетті шартының бірі – радиациялық бедердің болуы. Радиация тіршілік үшін жарық пен жылу секілді қажет. Радиациялық бедердің аздап жоғарылауынан, адам организміндегі зат алмасу біршама жақсарады. Радиациялық бедердің аздап төмендеуінен, тірі организмдердің өсуі мен дамуы 30-50% баяулайды. Радиацияның нөлдік көрсеткішінде өсімдіктер өсуін, ал тірі организмдер көбеюін тоқтатады. Сондықтан да, радиация алдында үрейге берілмеу керек. Радиацияның жоғары мөлшерінің қауіпті екенін білуіміз қажет, оны болдырмауға тырысу керек, ал қажет болған жағдайда радиациялық қауіп кезінде тірі қала білу керек.

Табиғи радиация адамның өмір сүру ортасының табиғи компоненті болып табылады. Ол шартты түрде иондайтын және иондамайтын деп бөлінетін сәулелерден тұрады. Иондамайтын сәуле жарық, радиотолқындар, Күннің радиобелсенді жылуы. Радиацияның бұл түрінің адам организміне қауіпі жоқ. Дегенмен, сәулелердің қарқынды бөлінуі кезінде кері әсерін тигізеді. Егер радиация, тірі организмдерді құраушы молекулалардың химиялық байланыстарын бұзуға қабілетті болса, онда иондаушы радиация болып есептеледі. Иондаушы радиацияны қарапайым түрде радиация деп атайды, ал оның сандық сипаттамасын мөлшер дейді. Радиобелсенді сәулеленудің көрсеткіштері мен сипаттамаларын тіркеу үшін арнайы приборлар дозиметр және радиометр қолданылады.

Қалыпты радиациялық бедердің көрсеткіші 10-16мкР/сағ.

Табиғи радиациялық бедердің әсерінен адам сыртқы және ішкі сәулеленуге шалдығады. Сыртқы сәулеленудің көздері –ғарыштық сәуле және Жер бетінде, атмосферада, су ортасында, өсімдіктерде таралған табиғи радиобелсенді заттар. Ғарыштық радиация галактикалық және күн сәулелерінен құралады. Ғарыштық сәулеленудің қарқындылығы геомагниттік еніне, теңіз деңгейінен биіктігіне тәуелді. Экваторға жақын орналасқан адамдардың қабылдайтын ғарыштық сәулесі 2км биіктікте 3 есе, 4км биіктікке 6 есе, ұшақта 12км биіктікте 150 есе артып кетеді. Күндізгі жарқыл кезінде ғарыштық сәуленің деңгейі айтарлықтай жоғарылайды.

Табиғи радиобелсенді заттардың негізгі мөлшері тау жыныстарында болады. Олар тау жыныстарының түріне тәуелдіжер қыртысында біркелкі таралмаған. Сәйкесінше, әр жерде тұратын адамдардың сәулелену мөлшері де әртүрлі болады. Жер бетінде табиғи радиацияның бедері едәуір артып кеткен 5 географиялық аудан. Ол жерлер Бразилияда, Үндістанда, Францияда, Египетте және Тынық мұхитында Ниц аралында. Айта кетсек, Гуарапари(Бразилия) шипажайлы қаласындағы радиация деңгейі 500 есе мөлшерден артық. Себебі, қала тоийге бай құмда орналасқан.

Адамның табиғи көздерден ішкі сәулеленуінің 2/3 бөлігі организмге радиобелсенді заттардың азық-түліктермен; ауыз сулармен, дем алған ауамен келіп түседі. Адам организміне радионуклидтер тағамдық немесе биологиялық тізбек арқылы жиі түседі. Мысалы топырақ жамылғысындағы радионуклид сумен өсімдікке келіп түседі, өсімдіктерді малдар жейді, осы малдың сүті немесе еті арқылы радиобелсенді заттар адам организміне келіп түседі.

Табиғи көздерден адамның ішкі сәулеленуі радиобелсенді газ радоннан болады. Бұл газ күнделікті жер қыртысынанбосатылып жатыр. Радонның ұзақ уақыт әсерінен адамда онкологиялық аурулар туындайды. БҰҰ Ғылыми кеңесінің мәліметтері бойынша, өкпе ауруына шалдыққандардың 20% организме радонның және оның тұнбаларының түсуінен болған.Жабық бөлмедегі радонның шоғыры сырттағыдан 8 есе артық. Планетамыздың жалпы радиациялық мөлшерінің 44% радон газына келеді.

Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организмінде кедергі жоқ. Радиация организмге еніп, өз энергиясын бере отырып олар денедегі заттың кез-келген молекуласын иондайды. Олардың химиялық байланысын бұзады,бұл организмдердегі биологиялық процестердің зат алмасуын бұзады. Бұл өз кезегінде мидың, асқазанның, қалқанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жұмыс істеуін тоқтатуға алып келеді. Адам сәуле ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің мөлшері мен қуатына байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістер өтеді.

І дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл)-1-2грей (100-200 радиациялық) сәулелену кезінде. Жасырын мерзімі 3-5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы, температураның көтерілуі, лоқсу пайда болады. Ауруды емдеуге болады.

ІІдәрежелі сәуле ауруы(орташа)-2-4грей(200-400 радиациялық) сәулелену кезінде. Жасырын мерзімі 3-4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. Өте жақсы емделген жағдайда 2-3 айда сауығып кетуге болады.

ІІІдәрежелі сәуле ауруы(ауыр)- 4-6грей (400-600 радиациялық) сәулелену кезінде.Алғашқы белгісі анық білінеді. 20-30 минуттан кейін қайта-қайта құстырып, дененің температурасы 33 градусқа жетеді Ауру ауыр жедел және ауыр өтеді.Алғашқы аптаның өзінде ауыз ауыз кілегейі зақымданады.Тері қабаттары қызарады.Жасырын мерзімі 1-2 апта,бұдан кейін бас қатты ауырып,іш өтеді, есінен танады. Сәтті жағдайда 3-6 айда сауығуы мүмкін.20-70% жағдайдаадам өледі.

ІVдәрежелі сәуле ауруы(өте ауыр)- 6 грейден жоғары (600 радиациялықтан жоғары) сәулелену кезінде.2 0-30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды. Дене температурасы 30 градустан асып, тері зақымданады. Ауру емдеусіз.2-3 апта көлемінде адам өліміне әкеп соқтырады.

Практикалық жұмысқа тапсырма (жеке тапсырма)

Глоссарий жазу.



Бақылау сұрақтары

1. Радиация деген не?

2. Табиғи радиация және иондаушы радиация деген не?

3. Қалыпты радиациялық көрсеткіш қандай?

4. Радиациядан қорғанудың әдістер?

Ұсынылған әдебиеттер


  1. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2005, 243 бет.

  2. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

  3. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет

  4. Е.Н., Кочеров. Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, Оқу құралы. –Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. – 267 бет

  5. А.К.Аипов. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. –Астана. ҚазЭҚХСУ: БПО, 2009. – 290 бет.



Практикалық сабақ №9

Тақырыбы: Адамдардың зардап шеккен аудандарда болу уақытының шектік ұзақтығын анықтау

Қысқаша теориялық мәлімет

Өмір сүру ортасы адамға әр уақытта өзінің жағымсыз әсерін тигізіп келді. Бірақ, көптеген ғасырлар өте өмір сүру ортасы өзінің бейнесін біршама өзгерте бастады. Осыған орай жағымсыз әсерінің түрі мен деңгейі де өзгерді. ХХ ғасырдың аяғынан бастап жағдай нақты түрде өзгерді. Адамның белсенді әсер етуінің нәтижесінде онда елеулі өзгерістер болды. Жер бетінде биосфераның шамадан тыс ластанған аймақтары пайда болды. Биосфера өзінің мәнін жоғалтып, адам көп шоғырланған жерлері техносфераға өтті. Нәтижесінде ғаламшарда экожүйесі бұзылмаған территориялар аз қалды. Әсіресе дамыған елдердің экологиялық жүйесі көбірек бұзылуды (Европа, Солтүстік Америка, Жапония).

Биосфера – атмосферанының төменгі қабатынан, гидросферадан және литосферанынң жоғарғы қабатынан тұратын, техносфераның әсеріне шалдықпаған жердегі тіршіліктің орналасқан аймағы.

Техносфера – адамның материалдық, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатына жету үшін техникалық құралдардың көмегімен тікелей немесе жанама әсерінен түрленген биосфера аймағы.



Ұсынылған әдебиеттер

  1. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2005, 243 бет.

  2. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

  3. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет

  4. Е.Н., Кочеров. Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, Оқу құралы. –Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. – 267 бет

  5. А.К.Аипов. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. –Астана. ҚазЭҚХСУ: БПО, 2009. – 290 бет.


Практикалық сабақ №10

Тақырыбы: Құтқару жұмыстарының басталу уақытын анықтау

Қысқаша теориялық мәлімет

Үкімет шешімімен құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңінде уақытша ІІМ - ішкі істер министрлігі; ҚМ -қорғаныс министрлігі бөлімшелері, ведомстволық, мамандандырылған авариялық-құтқару; авариялық-қалпына келтіру, әскериленген және тағы басқа жасақтар тартылуы мүмкін.

АҚ әскери бөлімшелері бейбіт кезде зардап шеккен халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсетеді, туған республиканың шекарасында да және арнайы келісімі бар шет мемлекеттерде де іздестіру-құтқару жұсмыстарын жүргізеді; адамдар құрамының білімін бағалаумен және дайындығымен айналысады; соғыс кезеңде зақымдану ошақтарында радиациялық және химиялық бақылаулар, құтқару және тағы басқа шұғыл-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, халықты эвакуациялау шараларына қатысады, тылдық елеулі объектілерін қалпына келтірумен байланысты арнайы тапсырмаларды орындайды (мысалы, аэродромдарды, көпірлерді жөндеу). АҚ әскери бөлімшелері ішінара азаматтық персоналмен де құралады. Қорғаныс министрлігі Президент жарлығы бойынша кәмелетке жеткен азаматтарды нағыз әскери қызметке, сонымен кейбіреулерін АҚ жүйесінде қызмет атқаруға тартады, төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдағы, оның территориялық органдарының, АҚ әскери бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомствоға бағынатын ұйымдардың шақырылған контингентпен және мобилизациялық ресурстармен адам құрамын толықтырады. АҚ әскери емес жасақтары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады, сонымен объектілік және территториялық болып бөлінеді. Құтқару ұйымдары барлауға, іздестіруге және зардап шеккендерді құтқаруға, оларды үйінділер астынан шығаруға арналады, алғашқы медициналық көмек көрсетеді; олар жинақталған құтқарушы отрядтардан, командалардан, ізденіс топтарынан, барлау бөлімшелерінен және тағы басқалардан тұрады. Инженерлік жасақтар инженерлік барлау топтардан, жол-көпірлік командалардан, жарылыс жұмыстарын жүргізетін топтарынан және тағы басқадан тұрады, яғни осылар жолды салумен, қираған ғимараттарды аршумен т.б. айналысады.

АҚ қызметтерінің жасақтары халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге, құтқару жасақтарды күшейтуге арналады және медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, өрт сөндіру, транспорттық және тағы басқа қызметтер болып бөлінеді.

Жедел құтқару отряды жоғары дайындықта тұратын жасақтар болып келеді, және жоғары дәрежелі объектілерде, күрделі аймақтарда, енуге қиын аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізу үшін, зардап шеккендерге жәрдем көрсету үшін арналған.

Зақымданған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары

Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде.

Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:


  • көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;

  • жолдағы немес апат орнындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;

  • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;

  • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;

  • оларды шығару;

  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;

  • халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;

  • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;

  • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.

Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады:



  • ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;

  • апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;

  • бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;

  • қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;

  • көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;

  • құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

Белгіленген жұмыстарға сәйкес зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстары мен орындарының мән-жәйін, апат орнына барар жолдарды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Зақымданған орынға АҚ күштерін жіберіп, іс-шаралар жүргізіледі. Адамдарды құтқару жұмыстарына АҚ жүйесінің қызметкерлерімен бірге кәсіпорындарда біріктірілген топтарды жұмылдырады. Сонымен қатар құтқару және қалпына келтіру жұмысына арнайы техникаларды да пайдаланады. Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс. Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін негізгі жұмыс – ол адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болған жағдайда ол жерден көшіру болып табылады. Көшірілетін адамдар қайда апаратылатындығы алдын ала белгілі болуы тиіс.

Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі

Құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдер мен әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан, коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен, құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.

Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс. Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды қатыстыру керек. Жеке құрама панаханаларды іздестіріп, қорғаныс құрылыстарында қамалып қалған адамдарымен байланыс құралдарымен тұрақты байланыс жасауға тырысады, ол үшін желдеткіш саңылауларын, есік, ірге, су-жылу құбырларын тықылдатып пайдаланады. Ең алдымен желдеткіш арналары немесе қабырғаларда тесік жасап таза ауа жібереді. Панахананы ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бұзылғанды тазалау, одан кейін есікті ашу немесе бұзып ашу, үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу, көршілес жатқан белмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу, бұзылыс үстіндегі бегетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау.

Практикалық жұмысқа тапсырма (жеке тапсырма)

Құтқару жұмыстарын жүргізу тақырыбында реферат жазу.



Бақылау сұрақтары:

1. Халықты қорғаудың негізгі принциптерін атаңыз?

2. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары қындай?

Ұсынылған әдебиеттер


  1. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2005, 243 бет.

  2. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

  3. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет

  4. Е.Н., Кочеров. Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, Оқу құралы. –Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. – 267 бет

  5. А.К.Аипов. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. –Астана. ҚазЭҚХСУ: БПО, 2009. – 290 бет.



Практикалық сабақ №11

Тақырыбы: Химиялық зақымдалуды бағалау

Қысқаша теориялық мәлімет

Керекті мақсаттарға қолдануға негізделген және жануарлардың топталып зақымдалуын туғызатын химиялық заттарды – қатты әсер ететін улы зат КӘУЗ-деп атау енгізілген.

КӘУЗ – жез баллондарға, резервуарларда және темір жол ыдыстарында сақталатын және тасымалдайтын сұйық зат немесе сұйықталған газ болып табылады.

Қарсыластардың ядролық қаруды немесе кәдімгі зақымдау құралдарын қолдану нәтижесінде, ал бейбітшілік уақыты кезінде өндірістік апаттар және стихиялық әрекеттер әсерінің әсерінен химиялық зақымдалу аудандары пайда болуы мүмкін.

Химиялық зақымдалу ауданы деп КӘУЗ әсер еткен және онда адамдар мен жануарлардың зақымдалған аймағын айтады. Химиялық зақымдалудың екінші өртену аймағы ядролық қаруды қолдану кезінде пайда болады. КӘУЗ зақымдалуы аймақты айтады. Химиялық зақымдалудың екінші өртену аймағы ядролық қаруды қолдану кезінде пайда болады. КӘУЗ зақымдау концентрациясы бар химиялық зақымдалудың екінші өртену аймағының өлшемдері осы заттардың физикалық және тактикалық шарттарына бір объектідегі КӘУЗ санына, оны сақтау шарттарына, объектінің аймағына, құрылыстың сипатына, желдің жылдамдығы мен бағыттың жергілікті рельефіне байланысты.

Ядролық жарылыс кезіндегі зақымдау факторларының әсерінен объекті жұмысының тұрақтылығын бағалаумен қатар, екінші рет зақымдалу факторларының әсерінен объекті тұрақтылығын бағалау жүзеге асырылады. Бұл кезде мыналар анықталады:

- химиялық зақымдалудың екінші өртену аймағының өнеркәсіптегі адамдарға, осы ауданға жататын ауылдар мен фермаларға қалай әсер етуі;

- химиялық зақымдалудың екінші өртену аймағының өлшемі, оның тереңдігі және ені;

КӘУЗ әсерінен болған химиялық зақымдалу аймағына, төгілу учаскесі және үстінен КӘУЗ булары зақымдайтын концентрациясы мен тараған территория кіреді. Зқымдалу аймағында, КӘУЗ төгілуіне байланысты, бір немесе бірнеше химиялық зақымдау аудандары болуы мүмкін. АҚ жоспарын жасаған кезде химиялық қоршауды бағалау негізін, объектіде жақсы метеошарттар (инверсия, желдің жылдамдылығы, м/сек) кезінде КӘУЗ барлық қорының бір реттік ауаға төгілу туралы мәліметтер қойылуы керек.

Объекттегі (КӘУЗ бар) химиялық қоршауды бағалау бірінші кезекте мыналарды құрайды:

- химиялық зақымдалу аймақтарының шекаралары, өлшемдері және уланған аймақтардың аудандары адамдардың мүмкін болатын өлімдерін анықтау;

- зақымдалған ауаның белгілі бір рубежге (объектіге) жету уақытын және КӘУЗ зақымдау әсерінің уақытын анықтау.

КӘУЗ бар объекттердегі химиялық қоршауды бағалау АҚ жоспарын штабтармен жасау кезінде алдын ала және апат пайда болған кезеңде де жүргізілуі тиіс.

Химиялық зақымдалу ауданының шекаралары барлаушылардың көмегімен анықталады және схемаға түсіріледі. Химиялық зақымдалу аймағының өлшемі зақымдау концентрациясы бар ҚӘУЗ зақымдалған ауа бұлтының таралу тереңдігі және оның енімен анықталады.



Ұсынылған әдебиеттер

  1. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2005, 243 бет.

  2. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

  3. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет

  4. Е.Н., Кочеров. Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, Оқу құралы. –Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. – 267 бет

  5. А.К.Аипов. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. –Астана. ҚазЭҚХСУ: БПО, 2009. – 290 бет.


Практикалық сабақ №12

Тақырыбы: Химиялық зақымдалған аудандағы адам шығындары мүмкіндігін анықтау

Қысқаша теориялық мәлімет

Жұмысшылардың, қызметкерлердің және қоныстанған объектіге жақын тұратын, сонымен қатар АҚ құрамының жеке құрамдарының қайтыс болуы келесілерге байланысты:



  • Зақымдалу ауданында болған адамдар санына;

  • Олардың қорғану дәрежесінде;

  • Жеке қорғану құрылғыларын қолдану, зақымдалу ауданындағы жұмысшылар мен қызметкерлер санына, объект аймағына, ғимараттарда, цехтарда, құрылыстарда олардың санын есептеу бойынша;

  • Қоныстанған адамдар санына;

  • Қаладағы тұратын кварталдар бойынша (қоныстанған пункттер).

КӘУЗ және УЗ-дан қорғану үшін әртүрлі противогаздарды, респираторларды, дене қорғайтын арнайы киімдерді пайдалану керек, қорғаныс ғимараттарға жасырыну немесе биіктеу төбелерді таңдап алу, зарар ауданнан кету қажет. Егер осы шараларды жасап үлгермеген адамдар зиян заттардың ықпалына түскен болса, онда оларды құтқарып, оларға көмек көрсету керек. Бұл заттардың түрі де, қасиеттері де көп болғандықтан хабары жоқ адамдар оларды ажырата білмейді, оның үстіне, арнайы органдар "Химиялық қауіпі" дабылмен апат туралы хабарлап үлгермеуі де мүмкін. Сондықтан алдымен улы химиялық заттарға тән ерекшеліктерін, олардың қоршауымызда болу белгілерін көрсету қажет:

-біріншіден, олар газ, сұйық, аэрозоль, тамшы түрінде пайдаланылады (УЗ), немесе апат кезінде төгіліп, атылып шығады (КӘУЗ);

-екіншіден, иістері бейтаныс, күнде кездесе қоймайтын, көбінесе өткір, қышқыл, кей-кезде керісінше тәтті болып келеді;

-үшіншіден, олардың түрлі түстісі, түтінді түрлері де кездеседі, адам ауызына бір-түрлі дәм келтіреді;

-төртіншіден, тыныс алу органдарды, денені ашытып тітіркентеді; кейбір сұйық түрлері тиіп кетсе көз бен теріні күйдіру де мүмкін.

Қауіпті жерлерден аулақ жүрген жөн. Ол үшін өмір сүріп тұратын маңайдағы КӘУЗ-ды өндіретін, пайдаланатын немесе көп мөлшерде сақтайтын кәсіпорындарды есте ұстау керек. Зиян заттарды ашық түрінде байқап қалған жағдайда, ол туралы адамдарға, азаматтық қорғаныс штабына, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге, милицияға хабарлауға міндеттісіз.

Уланып қалған кезде мынадай белгілер пайда болуы мүмкін:

-көздің ашуы, жасы ағуы, күюі, қабағы аурлауы; адам жарықтан қорқу сезімі немесе жарықты ажыратамауы, көздің ісуі;

-терінің күюі, ашуы, қышуы, ісуы, жаралануы, күлдіреуі, түсі өзгеруі (көгеру немесе қызару);

-тыныс алуы қиындау, жөтелу, ауыздан көпіршік кету, тамақ жұталмауы;

-бас айналу, ауру, жүректің айнуы, қатты соғуы, лоқсу, құсу;

жүйке жүйесі зақымданғанда қорқу сезімі пайда болуы, тынышсыздық, мас болуы, сал ауруға ұшырау, шайқалып жүру, үйқыға тарту, айнала заттар көзге қос түрінде көріну, елес пайда болуы;

-жалпы дененің температурасы қан қысымдылығы өзгеру, әлсіздену, естен тану.

Зақымданған адамға көмек көрсету сатылары:

Улы заттардың организмге сіңіуін тоқтату. Ол үшін антихимиялық пакетті қолданып адамның бетінен улы заттарды сүртіп тастау керек, противогаз кигізіп, дененің ашық жерлерің сүртіп, киімнің жағасын, жеңдерін тазалап қауіпті аймақтан алып шығу.

Тасымалдаған кезде жергілікті пәс орындарды, тоннельдерді, сай, тоғай, ми батпақты айналып өткен жөн, өйткені ауыр улы газдар осындай жерде шоғырланып тұрып қалады. Күшті әсер ететін улы заттардың буы қаланың көшелеріне, сая-бақтарына, үйшатырының астына және подъездеріне шөгуі мүмкін.

Жертөле сияқты жерлерге жасырынған адамдар противогазды шешпеу керек, себебі бұндай паналар улы заттардың сұйық тамшыларынан қорғайтынымен олардың буларынан сақтамайды. Зақым ошағынан шыққанда арнайы қойылған көрсеткіштер арқылы немесе желге бір қырын беріп жүру керек. Противогаздардың әр-түрлі маркалары болатынын естен шығармау керек, кей бір улы заттарға қарсы қосымша сүзгіш қораптар беріледі.

Қауіпсіз орынға жеткізе зардап шеккеннің ауыз-мұрын, көзін шайып, өзін санитарлық өңдеуден өткізеді (мүмкіншілігі болса душ қабылдатады), киімін ауыстырады. Көзді шаю үшін суды немесе соданың 2% -тік ерітіндісін қолдануға болады, вазелин майы 1-2 тамшысын көзге тамызуға да болады. Ішек-қарынға адсорбент енгізеді - активтендірілген көмірдің, карболеннің 3-4 үлкен ас қасығын 200 мл суға қосып ішкізеді. Іш өткізу үшін натрий сульфаттың немесе магний сульфаттың 20-30 граммын 100 мл суға ерітіп ішкізеді. Зардап шеккен адамға жылы жағдай, таза ауа қажет, мүмкін қолдан тыныс беріп жүрегін басу немесе оттегімен ингаляциялау керек шығар. Бірақ тұншықтырғыш затты жұтқан адамға қолдан тыныс беруге болмайды. Көмек көрсету барысында жеке дәрі қобдишадан керекті антидотты пайдаланған жөн, ал антихимиялық пакеттегі сұйықтықтың көзге тимеуін қадағалауды ұмытуға болмайды. Алғашқы көмек алған адамды арнайы емханада ары қарай мамандар емдейді. Мынау жәйттерді есте сақтаған жөн:

-антидоттарды уланудың алғашқы кезеңінде немесе уланды деген белгілері көрінгеннен кейін бірнеше минут арасында қолдануы нәтиже береді;

-фосфорорганикалық заттар және иприт денеге тисе, оның ашық жерлерін алғашқы 5 минут арасында ішінара санитарлық өңдеуден өткізуі зақымдану ауырлығын едәуір төмендетеді;

-алғашқы жәрдем неғүрлым тезірек көрсетілуі керек, сондықтан бұл жерде зақымданғандар өзіне және өзара көмек беруге тиісті;

-әдетте қолдан тыныс беруді УЗ тараған ауада қолданбайды. Құтқарушылар химиялық зақымдау ауқымына кірер алдында УЗ-дан сақтану үшін жеке адамға арналған дәрі қобдишадан (АИ-2) антидоттың сақтандыру дозасын ішіп, қорғану киімінің, резина етігін, қолғап және противогазды киіп алуы керек. Тіпті химиялық зақымдау ауқымнан зардап шеккен адамды алып шыққаннан кейін де фосфорорганикалық заттар, иприт және басқа да кейбір УЗ-мен зақымдаушылардың алғашқы медициналық көмек көрсетушілерге едәуір қауіпті екенін естен шығармаған жөн. Зақымданушылардың киіміне, шашына және терісіне жұққан УЗ біраз уақыт сақталып, дененің жалаңаш жерлерін зақымдауы мүмкін. Сондай-ақ, әсіресе жабық үй-жайларда, автомашиналарда киімге жұққан УЗ-дың буының десорбциялануы (булануы) есебінен де зақымдануға әбден болады.



Ұсынылған әдебиеттер

  1. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2005, 243 бет.

  2. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

  3. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет

  4. Е.Н., Кочеров. Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, Оқу құралы. –Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. – 267 бет

  5. А.К.Аипов. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. –Астана. ҚазЭҚХСУ: БПО, 2009. – 290 бет.



Практикалық сабақ №13

Тақырыбы: Ядролық қаруды қолдану кезіндегі радиациялық жағдайды бағалау

Қысқаша теориялық мәлімет

Гамма-сәулелену және нейтрондар ағымы әртүрлі ядролық реакцияларының себебінен материя қойнауынан пайда болады. Бұндай реакциялар ядролық жарылыс кезінде болады және олардың бір түрі - радиобелсенді әлементтердің ыдырауы. Ыдырау үрдісі ядролық жарылыстың соңынан көтерілген бұлтта да, жерде де өтіп жатады.

Өткіш радиация алғашқы 15-20 секундтар арасында, яғни жарылыс барысында және бұлттың 2-3 км биіктікке көтерілгенінше әсер етеді; осыдан кейін гамма-сәулеленуді және нейтрондарды әуе қабаты өзіне сіңіріп алады. Радиобелсенді зақым болса (ластау) тек ыдырау реакцияларынан (кейбір әлементтердің тұрақсыз изотоптарының ядролары ыдырауынан) туындайды, ол да басым есебінде гамма-сәулелену болып табылады.

- әкспозициялық мөлшері әуедегі радиацияны сипаттайды. Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) ол Кл/кг мен өлшенеді (Кулон/килограмм), оның басқа бірлік өлшемі (жүйеден тыс) рентген (р) деп аталады. 1 р шарпу мөлшерінде гамма-сәулелену ықпалынан құрғақ ауаның әр 1 см3 көлемінде (1=0°С, сынап бағанасы 760 мм) 2,08л>109 жұп иондар түзіледі. 1 р=2,58 ІьІО"4 Кл/кг;

- жұтылған мөлшері иондатқыш сәулеленудің биологиялық ұлпаларға ететін әсерін дәлірек білдіреді, ол СИ жүйесінде Грей (Гр) бірлігімен өлшеніп заттың 1 кг массасы 1 Дж әнергиясын жұтып алғанын көрсетеді, яғни 1 Гр=1 Дж/кг. Жүйеден тыс бірлік өлшемі 1 рад, яғни 1 Гр=100 рад. Әуеде 1 р=0,87 рад, ал биоұлпаларында 1 р=0,95 рад. Есептеуге не айтылуға оңай болуы үшін рентген мен рад бір біріне тең деп санауға да болады;

- әквиваленттік мөлшерін (балама мөлшері) білу үшін сапа коәффициентті (К) жұтылған мөлшерге көбейтеді. Балама мөлшері гамма - сәулелену мен нейтрондардың биоұлпаға ететін әсерін салыстыруға (теңестіруге) арналған.

Гамма -, бета - және рентген сәулелену үшін К=1;

Энергиясы 20 кәВ-тан кем нейтрондар үшін К=3;

Энергиясы 0,1 МәВ пен 10 МәВ арасындағы нейтрондар үшін К=10.СИ жүйесінде балама мөлшері Зиверт (Зв) бірлігімен, ал жүйеден тыс бәр бірлігімен өлшенеді, яғни 1 Зв=100 бәр=1 ГрК.

Әртүрлі шарпу мөлшерлерін салыстыру жұмыстарын мынадай оңаша берілген байланыстар жеңіл жолға түсіреді:

1 Зв=1 Гр К; 1 Зв=100 бәр; 1 Гр=100 рад; 1Р 1 рад.

Ядролық жарылыс барысында шыққан өткіш радиацияның шарпу мөлшері (алғашқы радиация шарпуы) бомбаның қуатына, жарылыс өрталығынан қашықтыққа байланысты. Қуаты 1 млн.тонналық жарылыста, одан 2,8 км қашықтықта шарпу мөлшері 100 р, ал 100 мың. т. үшін ол 5 р-ге тең.

Радиация фотоматериалдарды бүлдіреді, кейбір радиоәлектронды аппаратураны істен шығару мүмкін, бірақ жалпы техникаға, құрылыстарға зақымы көп емес. Алайда тірі организмге радиацияның кері әсері мол, ол шарпу мөлшеріне байланысты. Дағдылы жағдай күндері адам табиғи радиация мөлшерін қабылдап тұрады, жылына оның шамасы 0,15 рентгенмен шектеледі. 30 жылда қабылданған (5 рентген) мөлшері қауіпті деп саналмайды. Сәуле ауруына адамды (және малды да) 100 р-нен жоғары мөлшермен бір рет сәулелену шарпу шалдықтырады. Ұлғайтылған сәулеленуге түскен организм 4-ші тәуліктен бастап өздігінен сауығуға кіріседі, сөйтіп әр тәулікте барлық қабылдаған мөлшердің 3% жойып өтырады. Алғашқы бір ай мерзімінде организм зақымның 50%-нен құтылады. Алайда зақымның 10%-ті кері қайтпас зақым болып қала береді, ал зақымдану ауырлығын айыруға ұлғайтылған сәулеленудің биологиялық нәтижесі барлық мөлшер сомасының 50%-ті-алынады. Сондықтан адам организмі бір мезгілде сіңірген және ұлғайтылып сәулеленуге түскен мөлшерін қатаң қадағалап отыру керек.

Радиобелсенді бұлттан түскен және жерде пайда болған (сіңген радиация) радиобелсенді өнімдер (шамасында 36 әлементтерінің 200-ге жүық тұрақсыз изотоптар) радиобелсенді заттар (РЗ) деп аталады. Радиобелсенді заттардың түсі, дәмі, иісі адамға білінбейді. Қуатының әр мың тоннасына шаққанда 37 грамм осындай өнімдер шығады екен, бұлардың белсенділігі 3000 т радийдің гамма-сәулеленуіне тең болады. Бірақ зақымдану деңгейі шұғыл төмендеп отырады.

Уақыт 7 есе өткен сайын ол 10 есе шөгеді ("7-10" деген заңы). Мысалы жарылыстан 1 сағат өткенде белсенділік 100% - деп саналса, 7 сағаттан кейін ол 10% ал 49 сағаттан кейін 1%-тін құрайды.

Қорғану әдістерін жүзеге асырғанның өзінде сәуле ауруына шалдыққандардың 20% бірінші дәрежелі, 20%-екінші, 30%-төртінші дәрежелі болып шығады (орташа шамалаған есеппен).



Бақылау сұрақтары

  1. Ядролық қарудың қиратушы факторларын сипаттаңыз.

  2. Өткіш радиациядан қорғану жолдары?

  3. Соққы толқынының қирату аймақтарын келтіріңіз.

Ұсынылған әдебиеттер

  1. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2005, 243 бет.

  2. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

  3. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет

  4. Е.Н., Кочеров. Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, Оқу құралы. –Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. – 267 бет

  5. А.К.Аипов. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. –Астана. ҚазЭҚХСУ: БПО, 2009. – 290 бет.

Практикалық сабақ №14

Тақырыбы: Инженерлік жағдайды бағалау әдістемесі, төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін күштер мен құралдар құрамын анықтау

Қысқаша теориялық мәлімет

Азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шараларының нормасына қойылатын кейбір талаптар.

Ел территориясындағы шаруашылық объектілерін неғұрлым ұтымды және оларды мейлінше бір-бірінен алшақ орналастыру қажет. Яғни, өндіріс орындары аз аудандарда өндірісті дамыту, ал керісінше, өндіріс орындары көп орналасқан аудандарда жаңа өнеркәсіптердің салынуын мүмкіндігінше шектеу қажет. Қарсыластың зақымдау құралдарынан келетін шығынды азайту үшін үлкен қалалардың өсуін шектеу, ал қандай да бір саланың жұмыс тұрақтылығын жоғарылату үшін қосалқы өнеркәсіптердің салынуы жөн. Материалдық құралдардың, шикізаттың және энергия қуатының қорлары құрылып, бөліп орналастырылуы қажет. Ел экономикасының өміршеңдігін арттыруда мұнай және газ құбырларының құрлысының маңызы зор. Шаруашылық объектілерін орналастыруда азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шараларының нормалары келесі талаптарды қарастырады:



  • қала тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ететін өнеркәсіптерді қала шекарасына орналастыруға болады;

  • әртүрлі базалар, қоймалар, автопарктер, телефон станциялары, техникалық және іріктегіш станциялары, демалыс үйлері, санаторийлер және т.с.с. қала шетінде немесе ықтимал қирау аймағының сыртында орналастырылуы қажет;

  • магистральды (транзитті) автомобиль және темір жолдар құрлысын қала сыртынан жүргізу қажет. Ішкі жолдар торабы сыртқы жолдар торабымен байланысуы керек;

  • ықтимал су басу аймақтарында тұрғын аудандар, шаруашылық объектілері, қоймалар, базалар және т.б. салуға рұқсат етілмейді.

Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының нормалары бойынша шаруашылық объектілерінің жаңа құрылысын салуда мыналар қарастырылады:

  • жаймашуақ уақыт пен төтенше жағдайлар кезіндегі құрылыстар қызметтерінің үйлесімділігі. Мәселен, бомбадан қорғанатын паналарды бейбіт кезде қойма есебінде пайдалану және т.с.с.;

  • ғимарат түрін таңдағанда жабық резервуарлы түрдегі құрлыстарға көңіл бөлінеді;

  • ғимараттарды салғанда ішіне улағыш, радиоактивті және бактерологиялық заттардың еніп кетпеуі үшін, олардың герметикалануы қарастырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жұмыс істеу тұрақтылығына әсер ететін факторлар, оларды қалай есепке алады?

2. Объектінің жұмыс тұрақтылығын жоғарылату?

3. Инженерлік-техникалық іс-шараларының нормасына қойылатын талаптар қандай?

4. Жұмысшалар мен қызметкерлерді қорғау жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: уч. пособие / В.В.Денисов: И.А.Денисова, В.В.Гутенов, О.И.Монтвилла.-М.: МарТ, Ростов н/Д: МарТ, 2003.-608с.

2. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

3. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет.


Практикалық сабақ №15
Тақырыбы: Төтенше жағдайларда дәрігерге дейін көмек көрсету. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілерімен танысу

Қысқаша теориялық мәлімет

Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.



Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады. Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды (4-сурет).

жүктеу 1,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау