17.«Плюс-минус-қызықты » әдісі
Оқушыларға сабақ соңында кестені толтыру ұсынылады:
П(+) , М(-) , Қ (қызықты).
«П»-«плюс» бағанына сабақта ұнаған нәрсе жазылады: ақпарат, жұмыс түрлері, т.с.с.
«М»-«минус» бағанына сабақтың ұнамаған немесе түсініксіз сәттері, оқушы пікірі бойынша оған ешқандай қажеттілігі жоқ ақпарат жазылады
Қ (қызықты) сабақтың қызықты тұстары, жаңа ақпарттар, жаңалықтар жазылады
18. «Өзіме хат» деп аталатын байланыс арқылы оқушы бүгінгі сабақ туралы толық ойын жазады. Сабақ соңында оқылады.
Аталған бағалау өлшемдері бағдарламаны игеру процесінде білім алушының аздаған жетістіктерін және алға ілгерілеушілігін ескеруге мүмкіндік береді, түзете дамыту жұмыстарының нәтижесін бағалауға және алдағы жеке дамыту жұмыстарының жоспары мен білім, білік, дағдыды икемді қалыптастыруға ықпал етеді. Біріншіден, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі, арнайы қажетті жағдайлар жасалғанда ғана объективті болады. Атап айтқанда: − білім, білік, дағдыларды тексеру жұмыстарын (шағын топтарда, жеке дара), ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып қолайлы ұйымдастырған жағдайда; − сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай туғызу. Әлеуметтік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған оқу мен тәрбие әсерінен балалардың білім сапасы дамиды, белгілі білім, білік, дағдыларды алады. Бірақ оқудағы осындай ілгері басқан қадамдар түрлі оқушыларда бірдей бола бермейді. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту мүмкіндіктерінің түрлілігі даму бұзылысындағы тереңдігіне және таралуына байланысты болады. Дегенмен, критериалды бағалау жүйесін қолдану, ақыл-ойының дамуында кемістіктері бар балалардың да даму динамикасындағы оң өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалауда жиі қолданылатын өзін-өзі бағалау және өзара бағалау тәсілдері, инклюзивті оқыту сыныптарындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы тиімді әдістердің бірі. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау білім алушылардың жауапкершілігін арттырып, өз нәтижесін зерделеуге жетелейді және жиынтық критериалды бағалау нәтижесінде білім деңгейлерінің жоғарылағанын көрсетеді. Жалпыға міндетті білім беру стандартын игеру жалпы білім беретін мектептерде қамтылған ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардан да талап етіледі, сондықтан инклюзивті білім беру жағдайындағы критериалды бағалау жүйесі де бірыңғай болуы тиіс.
Қорытынды
Теодор Сайзердің «Баға беру және есепке алу - керемет мақсаттар. Білім алу үдерісіне кедергі тигізбейтін және біздің жан салып жасап жатқан ісімізге пайдалы да әділ баға беретін жүйе...» дегендей, формативті (қалыптастырушы) бағалау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мұғалімге олардың іс-әрекеттеріне байланысты түсінік, ұсыныс т.с.с. бере отырып, жүйелі түрде кері байланысты қамтамасыз етеді. Кері байланыстың әсерінен мұғалімдер өздерінің оқу үдерісін ұйымдастыруға белсенді қатысады. Ол үшін мұғалім оқушылардың оқу нәтижелерінің өзгеруіне байланысты оқыту және оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін, техникасын өзгертіп отыруы қажет.[9]Мұндай бағалау жаппай тәжірибеде мұғалімнің қалыптастырушы бағалаудың теориялық негіздерін және оны ұйымдастырудың алгоритмін меңгерген кезде ғана жүзеге асады.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы болып саналады.
Қорытындылай келе, біздің қоғамымызға инклюзивті білім беру жүйесі қажет. Сондықтан да инклюзивті оқыту арқылы бала бойындағы қабілетті дер кезінде байқауға, ақыл-ойын дамыта отырып, дарындылығын ұштауға болады. Бұндай мүмкіндікке қол жеткізе білсек, бала болашағына жол ашқанымыз деп білемін. Инклюзивті мектептерде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру – бұл, ең алдымен, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың актуалды жағдайы және жақын даму перспективалары тұрғысынан баланың психологиялық-педагогикалық статусын жүйелі түрде қадағалау, балаларды нәтижелі оқыту мен дамыту, нақты бір баланың оқыту, сөйлесу психикалық күйінің проблемаларын шешу үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау. Сонымен қатар, жалпы білім беретін үдерісте даму мүмкіндігі шектеулі балаларды нәтижелі педагогикалық қолдау, оларды қоғамда әлеуметтендіру білім беру үдерісіне қатысушылардың, ең алдымен, мектеп мұғалімдерінің даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеуге қажетті білім мен құзыреттілік болған жағдайда ғана жүзеге асады. Жалпы білім беретін үдерісте даму мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу барысында әр түрлі мамандар мен мектеп мұғалімдерінің өзара әрекеттестігінің спецификасы болып білім беру үдерісіне барлық қатысушылардың мұғалім-дефектологтың жетекшілігімен өзара тығыз әрекеттесуі және білім беру, тәрбиелеу мен түзету міндеттерін бірігіп шешу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |