Типовая форма



жүктеу 53,5 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі53,5 Kb.
#13632

Жалпы бөлімі азаматтарды қабылдау жөніндегі сектордың бас маманы (негізгі қызметшінің жүктілікке және босануға байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орына ҚР мемлекеттік қызметшілері арасынан ішкі туралы хабарлама
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты
2018ж. 02 ақпан
Жалпы бөлімі азаматтарды қабылдау жөніндегі сектордың бас маманы (негізгі қызметшінің жүктілікке және босануға байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орынына ҚР мемлекеттік қызметшілері арасынан ішкі конкурс жариялайды. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - D-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 93 273 теңгеден 125 755 теңгеге дейін.

Негізгі функциялық міндеттері:

Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды қамтамасыз ету, олардың орындалу мерзімін бақылауды іске асыру; облыс әкімінің және оның орынбасарларының, аппарат басшысының және аппараттың жауапты қызметкерлерінің азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру, облыс әкімі, қала, аудан әкімдері аппаратында азаматтар өтініштеріне және олардың туындау себептеріне мониторинг жүргізу, олардың қозғалыс үрдісі мен сипатын айқындау; облыс басшылығының жеке қабылдауы кезінде берілген тапсырмаларды орындауды бақылау; азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерімен жұмыс мәселесі бойынша облыс әкімі аппаратының басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық атқарушы органдармен және қала, аудан әкімдіктерімен өзара іс-қимыл; азаматтардың өтініштері бойынша белгіленген есептерді дайындау; Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығымен өзара іс-қимыл; «Айқын» бағдарламасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету; облыс басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерімен жұмыс мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық атқарушы органдармен және қала, аудан әкімдіктерімен өзара іс-қимылдар жасау; азаматтардың өтініштері бойынша белгіленген есептерді дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

- білімі жоғары: «гуманитарлық ғылымдар», немесе «білім», немесе «құқық», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бейіндері бойынша.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) B-6, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы


21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Қажетті құжат тізбесі:

1) нысан бойынша өтініш; 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім, құжаттар ұсынылатын күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішке конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық пошта мекенжайына не E-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда, олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей беріледі.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күнінен бастап, 3 жұмыс күн ішінде облыс әкімінің аппаратында өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырыста байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органының интернет-ресурстарында орналастырылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде 150011, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 122-кабинет, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты мекенжайы бойынша немесе akimat@sko.kz электрондық поштасы бойынша ұсынылуы тиіс. Анықтама телефоны: 46-50-79.


«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені___________________________________________________________


____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
жүктеу 53,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау