«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
Ішкі аудит департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
М А З М Ұ Н Ы
1 тарау. Жалпы ереже
......................................................................................................................... 3
2
тарау. ІАД ұйымдастырушылық мәртебесі
................................................................................ 3
3
тарау. ІАД миссиясы, мақсаты мен қызметі
.............................................................................. 4
4
тарау. ІАД міндеттері
...................................................................................................................... 5
5
тарау. ІАД құқығы
........................................................................................................................... 6
6
тарау. ІАД жауапкершілігі, ІАД қызметінің шегі мен бағасы
................................................ 7
8
тарау. ІАД жұмысы мен есебін жоспарлау
.................................................................................. 8
9
тарау. ІАД органдармен, комитеттермен және бөлімшелермен өзара іс-әрекеті
................. 9
10
тарау. Қорытынды ереже
........................................................................................................... 10
1 қосымша
.................................................................................... Ошибка! Закладка не определена.
2
қосымша
.................................................................................... Ошибка! Закладка не определена.
3
қосымша
.................................................................................... Ошибка! Закладка не определена.
4
қосымша
.................................................................................... Ошибка! Закладка не определена.
5
қосымша
.................................................................................... Ошибка! Закладка не определена.
6
қосымша
.................................................................................... Ошибка! Закладка не определена.
1
тарау. Жалпы ереже
1.
Осы ереже «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк)
Ішкі аудит департаментінің мәртебесін, миссиясын, мақсатын, қызметін, міндеттерін,
жауапкершілігін және құқығын, сондай-ақ оның қызметкерлерінің біліктілігіне қойылатын
талаптарды, қызметінің жоспарлау тәртібін, төлем тәртібін, есептілігін және Банктің Ішкі аудит
департаментінің (әрі қарай – ІАД) Банктің өзге органдарымен және олардың комитеттерімен,
Банктің құрылымдық бөлімшелерімен және еншілес ұйымдарымен өзара іс-әрекеттерін анықтайды.
2.
Осы ережеде қолданылған ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында,
Ішкі аудиторлар институтының (The Institute of Internal Auditors) кәсіби тәжірибесінің халықаралық
негіздерінде (әрі қарай – КТХН), Банктің Жарғысы мен ішкі құжаттарында кездесетін ұғымдармен
бірдей.
3.
ІАД – ішкі аудит жүргізетін Банктің органы. Ұйымның қызметін жетілдіруге
бағытталған тәуелсіз әрі объективті кепілдік және кеңес беру қызметін атқарады. Ішкі аудит ұйымға
жүйелі әрі бірізді бағалау тәсілін қолданып, мақсатқа жетуге және тәуекелдерді басқару, бақылау
және корпоративті басқару үдерістерінің тиімділігін арттыруға көмектеседі.
4.
Қызметін атқару барысында ІАД мыналарды басшылыққа алады:
1)
Қазақстан Республикасының заңнамасы, Жарғы, Банк органдарының шешімдері,
осы Ереже және Банктің басқа да ішкі құжаттары;
2)
негізгі элементтері ішкі аудитті анықтау болып табылатын КТХН, ішкі
аудиторлардың әдеп кодексі, ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары, сондай-ақ,
тәжірибелік нұсқаулар және нұсқаулық құралдары.
2
тарау. ІАД ұйымдастырушылық мәртебесі
5.
ІАД Банкте ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді,
Дриекторлар кеңесіне тікелей бағынады және есеп береді, жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында
Директорлар кеңесі Банктің Басқармасына немесе Басқарма Төрағасына мына мәселелер бойынша,
бірақ олармен шектелместен, шешім қабылдауға делегат жіберуге құқылы:
1)
ІАД қызметкерлерінің осы Ереженің нормаларына және/немесе ІАД
ұйымдастырушылық мәртебесіне қайшы келмейтін бөлігінде еңбек тәртібі ережесінің және өзге де
Банктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау бойынша;
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, Директорлар кеңесі шешімінің
негізінде ІАД қызметкерлерімен еңбек шартын жасау және бұзу бойынша;
3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, ІАД қызметкерінің еңбек
дамылысының графигін, өтінішті және бұйрықты бекіту бойынша.
6. ІАД құжаттарын (жобаларын) қарау нәтижесі бойынша және Ішкі аудит мәселелері
жөніндегі Директорлар кеңесі жанындағы өкілетті комитеттің (әрі қарай – ӨК) тиісті ұсынымдарын
есепке ала отырып, Директорлар кеңесі мынадай әрекет жасайды:
1) Ереже мен ІАД өзге де ішкі (әдіснамалық) құжаттарын бекітеді;
2) аудит салаларының картасын («ғаламдық аудит») бекітеді;
3) ІАД жұмыстарының тәуекелге бағытталған жоспарын бекітеді;
4) ІАД директорынан ішкі аудит нәтижелері туралы кезеңдік (тоқсандық және жылдық)
есептерді, ІАД директоры қажетті деп есептеген, соның ішінде Директорлар кеңесінің, ӨК-тің ІАД
Директорымен кездесулерінде (Басқарма мүшелерінің болуынсыз) ІАД қызметінің өзге де
мәселелеріне қатысты ақпараттарды, сондай-ақ ішкі аудиттің ұйымдастырушылық тәуелсіздігін
жыл сайынғы растауды алады.
5) Басқарма мен ІАД директорынан қызметі мен міндетін атқаруға ІАД қабілетіне әсер етуі
мүмкін бюджеттік шектеулері немесе құзыреттік шектеулер туралы ақпаратты сұрайды;
6) ішкі аудит қызметінің сыртқы жеткізіп берушілерін тарту және оларды таңдау қажеттілігі
туралы шешімді бекітеді.
7) ІАД өкілеттілігінің мерзімін және құрамының санын анықтап, бекітеді;
8) ІАД директорын және ІАД өзге қызметкерлерін тағайындауды, сондай-ақ олардың
өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуды бекітеді;
9) ІАД қызметкерлері қызметінің көрсеткіштерін, еңбек ақысының және сыйақысының көлемі
мен талаптарын бекітеді.
10) ІАД қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың міндетті (жылдық) жоспарын бекітеді;
11) ІАД міндеттері мен қызметін жүзеге асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған ІАД
бюджетін (бөлек және/немесе Банктің жалпы бюджеті шеңберінде), сондай-ақ Банк қызметінің
аудит, ішкі бақылау және/немесе өзге де мәселелері бойынша ІАД қызметкерлерін оқытуды
бекітеді.
7.
ІАД директоры мен ішкі аудитордың (әрі қарай бірге – ІАД қызметкерлері деп
аталады) білімі мен кәсіби сертификаттарына қойылатын талаптар, олардың лауазымдық міндеттері,
құқығы мен жауапкершілігі осы Ереже, осы Ереженің 1-5 қосымшасына сәйкес рәсімделген
лауазымдық нұсқаулықтар және еңбек шарты арқылы бекітіледі.
8. ІАД қызметкерлерінің әлеуметтік қолдауы, кепілдіктері, өтемақысы, еңбек демалысының
ақысы және жеңілдіктері Директорлар кеңесі бекіткен, соның ішінде Банктің барлық
қызметкерлеріне қатысты Банк Басқармасы (әрі қарай – Басқарма) бекіткен Банктің ішкі
құжаттарына сәйкес төленеді.
3
тарау. ІАД миссиясы, мақсаты мен қызметі
9.
ІАД миссиясы – алға қойылған мақсаттарға жетуге Банктің мүмкіндіктерін
кеңейту арқылы Банкке пайда әкелетін кеңес беру қызметі мен тәуелсіз сындарлы кепілдіктер беру
бойынша қызмет көрсету, операциялық үдерістерді жетілдіру немесе тәуекелдерді азайту
мүмкіндіктерін анықтау.
10.
ІАД мынадай салаларда сындарлы кепілдіктер береді:
1)
ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі;
2)
тәуекелдерді (комплаенс-тәуекелдерді, кредит тәуекелдерін, өтімділік тәуекелдерін,
нарықтық тәуекелдерді, операциялық тәуекелдерді, ақпараттық технологиялар тәуекелдерін,
ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін, үздіксіз қызмет және басқа да тәуекелдерді) басқару жүйесінің
тиімділігі;
3) Банктің ішкі саясатының, құжаттарының және үдерістерінің тиімділігі;
4)
бухгалтерлік есепке алу жүйесіндегі ішкі бақылаудың тиімділігі және соның
негізінде жасалған қаржылық/басқарушылық ақпаратты жасау;
5) қолданыстағы ақпараттық жүйелердің сенімділігі, қауіпсіздігі және сапасы;
6)
корпоративті басқару жүйесінің тиімділігі.
11.
тәуелсіз баға беру, жүйелердің, үдерістердің және ақпараттардың тиімділігі
және сенімділігі туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен, ІАД аудиторлық дәлелдердің объективті
талдауын жүргізеді.
12. Өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді тиісінше орындау, объективті әрі әділ
тұжырымдарды қамтамасыз ету мақсатымен IАД Басқарма мүшелері мен өзге де тұлғалардың
ықпалынан тәуелсіз болуы тиіс.
13. қатысушыларды (субъектілерді), мәндерді (объектілерді), көлемдерді және аудит кезеңін
анықтау, аудиторлық жұмыстарды жоспарлау және орындау, қызметінің нәтижесі туралы ІАД есебін
жасау және тапсыру барысына Басқарма мүшелері мен өзге де тұлғалардың араласуына жол
берілмейді.
14. Ішкі аудиттің объективтілігі мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатымен, ІАД ішкі аудит
жасау кезінде соңынан тексерілетін (бағаланатын) қандай-да бір қызметке тартылмауы тиіс
және/немесе аудит жасалып жатқан кезең ішінде өздері қатысқан үдерістердің (қызметтің) аудитін
жасауы қажет.
15.ІАД негізгі міндеті – мыналарға аудиторлық тексеру жүргізу, талдау және бағалау:
1)
ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігі;
2)
тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігі;
3)
ішкі және сыртқы қолданушылардың ақпараттарды (жоспарларды және есептерді)
сәйкестендіруге, өлшеуге, жіктеуге және таныстыруға қолданылатын Банк есебі, ақпараты
(жоспарлар мен есептер), сондай-ақ ережелер (қағидаттары, тәсілдері) бағасы жүйесінің
дұрыстығы, толықтығы, объективтілігі және сенімділігі;
4) ресурстарды, активтерді және әдістерді ( тәсілдерді) қолданудың ұтымдылығы мен
тиімділігі, оларды4 есепке алынуын, сақталуын (қалпына келтірілуін) және/немесе қауіпсіздігін
(қорғалуын) қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасының, ішкі саясаттар мен өзге де құжаттардың
талаптарын сақтау, сондай-ақ осы талаптарға сәйкестілігін қамтамасыз ету үшін жасалған әрі
қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің тиімділігі (комплаенс-бақылаушы);
6) Банк органдарының шешімдері мен өкілетті
(қадағалаушы)
мемлекеттік
органдардың жазбаша бұйрықтарын (ұсыныстарын) орындау;
7)
Банктің стратегиялық мақсатарының аясында алдына қойған міндеттеріне жету
үшін Банктің құрылымдық бөлімшелері іске асыратын бизнес-үдерістердің, шаралардың
жеткіліктілігі және/немесе тиімділігі;
8)
корпоративтік басқару жүйесінің және оны жетілдіру барысының тиімділігі,
этикалық стандарттар мен құндылықтарды сақтау.
16. Негізгі міндеттерге сәйкес, белгіленген тәртіпте, ІАД мынадай қызмет атқарады:
1)
жыл сайын Банктің тәуекелдерді басқару жүйесінің мәліметтерінің және/немесе
тәуекелдерді дербес бағалауының негізінде, келесі күнтізбелік жылға тәуекелдерді есепке ала
отырып Банк қызметінің ішкі аудитінің басымдық берілген бағыттарын анықтайтын жылдық
аудиторлық жоспарды әзірлейді және оны Директорлар кеңесінің қарауына және бекітуіне
тапсырады;
2)
ІАД негізгі міндеттеріне сәйкес аудиторлық тапсырмаларды орындайды:
3)
есептілік кезеңі (жыл, жартыжылдық немесе тоқсан) нәтижесі бойынша тұрақты
түрде Директорлар кеңесіне орындалған аудиторлық жұмыс есебін тапсырады;
4)
сыртқы аудитор мен өзге де тексеруші мемлекеттік органдардың ұсынымдарын
Банктің орындауына мониторинг жүргізеді;
5) белгіленген тәртіпте берілген және қабылданған ІАД ұсынымдарын Банктің орындауына
мониторинг жүргізеді, сондай-ақ өткізілген аудиттердің нәтижесі және/немесе ІАД ұсынымдары
бойынша Басқарма бекіткен түзету шараларының (ескерту әрекеттерінің) орындалу барысы және
сапасы туралы ақпаратты Директорлар кеңесіне (Басқармамен бірге) жеткізеді;
6)
қажет болған жағдайда сыртқы аудитор, тәуелсіз бағалаушылар және/немесе
кеңесшілер өткізген аудитке, бағалауға, талдауға қатысады;
7)
ерекше жағдайларда, ӨК және/немесе Директорлар кеңесінің тапсырмасымен Банк
қызметінің кейбір аспектілеріне тақырыптық ішкі аудит жүргізеді, сондай-ақ қызметтік
тексерулерге, арнайы тексерулерге қатысады;
8)
ІАД қызметкерлерін ұдайы кәсіби оқыту және біліктілігін көтеру шараларын
қабылдайды;
9) ІАД құзыреті аясында өзге де қызмет атқарады.
17.
ІАД Банкте ішкі аудиттің мынадай түрлерін ұйымдастыруды және жүргізуді
қамтамасыз етеді:
1)
қаржы аудиті;
2)
заңнама және ішкі саясаттар талаптарына сәйкестілігіне аудит;
3)
операцилық аудит;
4) ақпараттар жүйесінің
аудиті.
4
тарау. ІАД міндеттері
18.
ІАД міндеті:
1)
ІАД міндеттері мен қызметін уақтылы лайықты деңгейде орындау;
2)
аудиттелген бизнес-үдерістер, жүйелер және құжаттар туралы ақпараттарды жинау,
бағалау, бағалау және тапсыру кезінде жұмысқа кәсіби тұрғыдан қарау;
3)
жүргізілген аудиттер нәтижесі бойынша шараларды (түзету қадамдарын)әзірлеуде
Банк басшыларына жәрдемдесу, сондай-ақ осы шараларды орындаудағы ілгерілеушілікті қадағалау;
4)
ішкі аудит жүргізу және/немесе ІАД қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша
Банк бөлімшелерімен өзара іс-әрекет жасау;
5)
қажет жағдайда және/немесе мүмкін болса, күш-жігердің қайталануын болдырмау
мақсатымен және аудит шығынын азайту үшін, Банктің сыртқы аудиторының қызметімен өз
қызметін үйлестіру;
6)
алаяқтықты тексеруге жәрдемдесу және тексеру нәтижесін Директорлар кеңесіне
хабарлау;
7)
ӨК және/немесе Директорлар кеңесінің сұрауы, тапсырмасы бойынша басқа да
тапсырмаларды орындау және басқа да жобаларға қатысу;
19.
Ішкі аудиторлар институтының «Әдеп кодексінде» айқындалған әділдік,
объективтілік, құпиялылық және кәсіби құзырлылық қағидаттарын негізге ала отырып, ІАД қызмет
атқаруы тиіс (Осы ереженің 6 қосымшасы).
20.
ІАД қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін атқаруға қажетті (ұжымдық) білімі
мен дағдысы болуы тиіс және мынадай салаларда өз білімін ұдайы көтеріп отыруға міндетті:
1)
аудиторлық тексеру және/немесе құжаттарды тексеру ережесі;
2) Банктің қаржылық, инвестициялық, шаруашылық және өзге де (сараптамалық,
әдіснамалық, кеңестік) қызметіне талдау әдісі;
3)
бизнес жүргізу, еңбекті ұйымдастыру, басқару және құжат айналымы, бухгалтерлік,
салықтық, статистикалық, басқарушылық есепке алу және есептілікті жасау ережесі;
4) корпоративтік басқару қағидаттары мен іскерлік қатынас этикасы;
21. ІАД қызметін жоспарлау және есеп беру талаптары мен тәртібі Банктің Директорлар
кеңесі бекітетін ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі әдіснамалық құжаттарда және осы Ережеде
белгіленген.
5
тарау. ІАД құқығы
22.
Негізгі міндеттері мен қызметтерін орындауды қамтамасыз ету үшін ІАД-ның
мыналарға құқығы бар:
1)
Банк қызметіне қатысты кез келген активтерге, барлық құжаттарға, бухгалтерлік
жазбаларға және ақпараттарға соның ішінде құпия мәліметтерге кедергісіз әрі толық
қолжетімділікке ие болуға, сондай-ақ мәліметтерді енгізу және түзету құқығынсыз, қарау
режимінде ақпараттық мәліметтер базасына, бағдарламалық қамсыздандыруға кедергісіз және
толық қолжетімділікке ие болуға;
2)
Аудиторлық тапсырмаларды орындау барысында сұралған кез келген құжаттарды
зерттеуге және бағалау және бұл құжаттарды және/немесе тиісті ақпараттарды ӨК, Директорлар
кеңесіне жіберуге;
3)
Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің, ӨК-нің және өзге де комитеттердің
қарауына шығарылатын құжаттар жобасын қоса алғанда, материалдарды сұратуға және алуға,
сондай-ақ Банктің кез келген органының, комитеттерінің, құрылымдық бөлімшелерінің және жұмыс
тобының кез келген хаттамасын, құжаттарын алуға;
4)
мүмкін болса, қолда бар ресурстар және/немесе бюджет аясында, Банктің
құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге;
5)
Сыртқы (тәуелсіз) аудиттің (басшылыққа берілетін хаттарды, ұсынымдарды қоса
алғанда) нәтижелері туралы Банктің барлық кезеңдік есептерін, қызметінің бағасын немесе
активтерін, сондай-ақ Банктің мониторинг пен тәуекелдерді басқару нәтижелері туралы есептерін
алуға;
6)
ІАД құзырына кіретін мәселелерді талқылау және/немесе шешу, консультациялар
өткізу мақсатында Банк органдарының немесе олардың комитеттерінің мүшелеріне, Банктің кез
келген құрылымдық бөлімшелерінің қызметкеріне тікелей және кедергісіз қолжетімділікке, сондай-
ақ Банктің сыртқы аудиторымен еркін қарым-қатынас жасауға;
7)
Директорлар кеңесіне жүйелерді, үдерістерді, саясаттарды, құжаттарды, рәсімдерді,
қызмет жүргізу әдістерін жетілдіру жөніндегі кез келген ұсыныстарын, аудиторлық тапсырманы,
жұмысты орындау үшін сарапшылар тарту туралы ұсынысын жеткізуге, және олардың қарауына
ішкі аудит жүргізуге жататын кез келген мәселе бойынша түсініктемелерін шығаруға;
8)
ІАД алған мәліметтер, бағалаулар туралы баяндауға және аудитке
қатысушылар және/немесе Банк органдарына бұл ақпараттарды беруге;
9)
өткізілген аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша аудитке қатысушылар қарауға
тиісті ұсынымдарды және/немесе ұсыныстарды әзірлеуге;
10)
ІАД қызметінің мәселелері бойынша Банктің бағдарламалары мен жобаларын
әзірлеуге және іске асыруға қатысуға, сондай-ақ оқу және Банкт қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін
көтеру бағдарламаларына, ішкі аудиторлардың сертификаттауы бағдарламаларына қатысуға;
11)
ұйымдастырушылық
қызметіндегі,
бизнес-үдерістердегі
(операциялардағы,
бағдарламалардағы, жоспарлардағы) және белгілі бір тәуекелдер жүйелеріндегі және/немесе
Банктің қолданылатын бақылауларындағы елеулі өзгерістерге байланысты ағымдағы жылға ІАД
жұмысының аудиторлық жоспарына өзгерістермен және/немесе толықтырулар енгізуді ұсынуға;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банк Жарғысына және осы Ережеге қайшы
келмейтін өзге де құқықтарды пайдалануға.
23.
Кейбір аудиторлық тапсырмаларды орындауға ІАД қызметкерлерінің (ұжымдық)
білімі мен тәжірибесі жетпесе, ІАД-тің, белгіленген тәртіпте, ішкі аудитте кеңесшілерді тартуды
және/немесе аутсорсингті (ко-сорсингті) пайдалануды ұйымдастыруға құқығы бар.
24.
ІАД туындаған мәселелерді шешу және/немесе шектеулерді жою мақсатымен, ӨК-ге
және/немесе Директорлар кеңесіне мәселелер, ереже бұзу туралы және/немесе ІАД-қа алдына
қойған мақсаттарын, жұмыс жоспарын тәуелсіз, объективті, тиімді, уақтылы және/немесе толық
көлемде орындауға кедергі жасайтын шектеулер туралы хабарлауға;
6
тарау. ІАД жауапкершілігі, ІАД қызметінің шегі мен бағасы
25.
ІАД Директорлар кеңесі алдында мынадай жайттар үшін жауап береді:
1)
ІАД міндеттері мен қызметінің кешіктірілуі және сапасыз орындалуы
2)
Міндеттерін осы Ережеге, Банктің өзге де ішкі құжаттарына және Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес етіп орындамау;
26.
Лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін
Директорлар кеңесінің шешімі бойынша ІАД директорына және/немесе ІАД қызметкеріне
Қазақстан Республикасының заңнамасында, Банктің ішкі құжаттарында белгіленген жағдай мен
тәртіп бойынша тәртіптік жаза қолданылады.
27.
ІАД директорының және/немесе ІАД қызметкерінің материалдық жауапкершілігі,
келтірілген зиянды немесе шығынды (болған жағдайда) өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының
заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталады.
28. ІАД қызметкерлері Банк органдарының немесе олардың комитеттерінің құрамына сайлана
алмайды.
29. Банктің директорлар кеңесі бекітетін ІАД қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесінде
белгіленген талапта және тәртіпте, ІАД қызметі бағаланады, ІАД қызметкерлерінің (мақсатты және
нақты) қызметінің көрсеткіштері анықталады.
30. ІАД Директорлар кеңесінің қарауына берілетін жұмысының сапасы мен тиімділігінің
тұрақты (ішкі және сыртқы) бағасын қамтамасыз етеді, мұндайда:
1)
ІАД ішкі бағалауды (өзін-өзі бағалау) жыл сайын дербес өткізеді, сыртқы бағалау
өкізілген жылы өзін-өзі бағалау жүргізілмеуі мүмкін;
2)
Банктің Директорлар кеңесінің немесе Акционердің шешімімен белгіленген
тәртіпте таңдалған сыртқы аудитор сыртқы бағалауды бес жылда бір рет өткізеді.
7
тарау.
ІАД қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу және сыйақы беру талаптары мен
тәртібі
31. ІАД туралы ережеде қарастырылған негізгі талаптарды ескере отырып, жасалған еңбек
шарттарына сәйкес ІАД қызметкерлерінің еңбек ақысы төленеді және сыйақы беріледі.
32. ІАД қызметкерлерінің лауазымдық жалақысының көлемін Банктің Директорлар кеңесі
анықтайды және ол, лауазымдық жалақының ең аз және ең көп шегінде, уақтылы, лауазымдық
міндеттерінің толық және сапалы орындалғанын, еңбек тәртібін сақтауын және Банктің ішкі
құжаттарымен белгіленген өзге де талаптарды ескере отырып, Директорлар кеңесі шешімімен
бекітілген ІАД қызметкерлерінің лауазымдық жалақы сызбасына сәйкес, Банктің Директорлар
кеңесінің шешімі бойынша өзгеруі мүмкін.
33. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банк Басқармасының Төрағасы
Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған төлемдерге (экологиялық, түнгі уақыт,
мейрам және демалыс күндері, артық жұмыс, еңбек демалысының күндерін төлеу, уақытша еңбекке
жарамсыз болған күндер және т.б.) қатысты шешім қабылдайды.
34. ІАД қызметкерлеріне жыл сайын 30 (отыз) күнтізбелік күнге еңбек демалысы беріледі.
35. Еңбек демалысын рәсімдеу үшін ІАД директоры еңбек демалысын беру туралы өтінішін
Директорлар кеңесінің Төрағасына, ал ІАД қызметкерлері – ӨК Төрағасына жібереді. Бекітілген
өтініштердің негізінде Басқарма Төрағасы еңбек демалысын беру туралы бұйрық береді.
36. ІАД қызметкеріне еңбек демалысының емделу жәрдемақысы Банктің ішкі құжаттарында
белгіленген көлемде төленеді. Емдік жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет және кем дегенде 10 (он)
күнтізбелік күннен асатын демалысқа кеткен кезде ғана төленеді.
37. Еңбек ақы жүйесі ІАД қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес, қызметтің
негізгі көрсеткіштерін (ҚНК) орындау негізінде, есептік кезең (тоқсан) үшін, қызмет нәтижесі
бойынша, ІАД қызметкерлеріне сыйақы беруді қарастырады.
38. Банк бюджетінде осы мақсатқа қарастырылған қаражат көлемінде, сондай-ақ еңбек ақы
қаражатын үнемдеу есебінен, ІАД қызметкерлеріне сыйақы беріледі.
39. Директорлар кеңесі ІАД қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес ҚНК-ге жету
нәтижесі бойынша ІАД қызметкерлеріне сыйақы беру туралы шешім қабылдайды. ІАД
қызметкерлерінің ҚНК-сін Директорлар кеңесі бекітеді.
40. Сыйақы алу үшін Департамент қызметкері тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі бірінші
айдың соңынан кешіктірмей, Банктің директорлар кеңесінің қарауына және бекітуіне есептік
кезеңдегі ІАД қызметі туралы есепті, Банктің ішкі құжаттарында қарастырылған нысан бойынша
ІАД қызметкерлерінің сыйақы сомасының есебін және ІАД қызметкерлерінің тиімділік картасын
жібереді.
41. ІАД директоры нақты қол жеткізілген ҚНК нәтижелерінің дұрыстығына жауап береді.
42. Тоқсан қорытындысы бойынша қол жеткізілген ҚНК нәтижелеріне қарай нақты жұмыс
істелген уақыт үшін сыйақы беріледі. Іс-сапарда, оқуда, еңбек демалысында болған жұмыс
күндерінің саны нақты жұмыс істелген күнге қосылады.
43. Осы Ережеде реттелмеген еңбек ақы мәселелері Банк қызметкерлерінің еңбек ақысын
төлеу тәртібін анықтайтын Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.
8
тарау. ІАД жұмысы мен есебін жоспарлау
44.
ІАД жұмысы мыналар арқылы жоспарланады:
1) бір жылға және/немесе одан да көп жылға (қажет болғанда) ІАД жұмысының аудиторлық
жоспарын жасау;
2) ІАД директоры бекітетін әрбір бөлек аудиторлық жұмыс бойынша тапсырма, бағдарлама
жасау.
45.
ІАД жұмысының аудиторлық жоспарын әзірлеу үшін мыналар негіз болады:
1) Банктің тіркеуі және/немесе тәуекел картасы;
2) аудит салаларының картасы («аудит ғаламы»), оны Банктің барлық бизнес үдерістеріне,
жүйелеріне, оларға тән тәуекелдерге қарай және Банктің тіркеуінің және/немесе тәуекел картасының
негізінде ІАД анықтайды.
46. Алдағы жылға (жылдарға) ІАД жұмысының аудиторлық жоспарының әзірленуі
жоспарланғанның алдындағы жылдың 01 қарашасынан кешіктірілмей басталуы тиіс.
Директорлар кеңесі ІАД жұмысының аудиторлық жоспарын жоспарлық жылдың басына дейін
қарап, бекітеді.
47.
ІАД жұмысының аудиторлық жоспары Директорлар кеңесінің шешімі бойынша,
қажет жағдайда ӨК-нің және/немесе ІАД-тің бастамасымен өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
48.
ІАД жұмысының аудиторлық жоспары және/немесе Директорлар кеңесі бекіткеннен
кейінгі оған енгізілетін өзгерістер мәлімет үшін және/немесе Банк қызметін жоспарлау үшін,
сондай-ақ, қажет болса, ерекше жағдайда, Ішкі аудит департаментінің және/немесе Банктің өзге де
органдарының жұмысын жоспарлау үшін, Басқармаға берілуі шарт.
49. Өз қызметінің нәтижелері бойынша, ІАД мынадай есептерді жасап, ұсынады:
1)
қызмет нәтижелері туралы ІАД-тің кезеңдік (тоқсандық/жылдық) соның ішінде
жұмыстардың аудиторлық жоспарын орындау есептері;
2)
ІАД жұмысының аудиторлық жоспарына сәйкес немесе Директорлар кеңесінің, ӨК-
нің немесе Акционердің арнайы тапсырмасы бойынша орындалған әрбір жеке аудиторлық
тапсырма бойынша есеп.
50. Әрбір жеке аудиторлық тапсырма бойынша есеп қаралуы үшін аудиттің
қатысушыларына және олардың қызметіне жетекшілік ететін Банк басшыларына тапсырылуы тиіс.
Әрбір жеке аудиторлық тапсырма бойынша ІАД есебінің негізінде аудитке қатысушылар
орындалуы бойынша Банк Басқармасы бекітетін және бақылайтын орындау мерзімі мен
нысандарын көрсетіп, ІАД-ке берілген ұсынымдарды орындау шараларының жоспарын әзірлейді.
Аудитке қатысушылар ІАД-ке есеп тапсырады, онда ІАД тапқандары/ұсыныстары бойынша
орындалған шаралар және/немесе түзетуші/ескертуші әрекеттердің жоспарлар туралы мәліметтер
болуы тиіс. Бітіру нысаны мен мерзімі көрсетіліп, ІАД-тің нақты тұжырымдары/ұсынымдарына
қатысты аудитке қатысушылар оларды алдын ала қабылдайды.
51. Банк органдарының қарауына ұсынатын ІАД-ның кезеңдік есептерінде мыналардың
болуы тиіс:
1)
негізгі табылған жайттарды, берілген ұсынымдарды көрсетіп және/немесе Банк
Басқармасы бекіткен шараларды түзетуші жоспарларды, орындалған аудиторлық тапсырмалар
бойынша жеке есептерді қосып, өткізілген аудиторлық тапсырмалардың нәтижесінің қорытындысы;
2)
есептік кезеңде ІАД аудит жүргізген бақылау және/немесе Банктің корпоративтік
басқаруы тәуекелдерді басқару жүйесінің (бөліктерінің) анықталған тәуекелдері және кемшіліктері
туралы мәліметтер;
3) есептік кезеңде ІАД жүргізген жоспардан тыс шаралар туралы ақпарат;
4)
тексеруші мемлекеттік органдардың, сыртқы аудиторлардың, кеңесшілердің
ұсынымдарын және ІАД-ның өзінің ұсынымдарын орындалуына жүргізілген мониторинг
нәтижелері;
5) ІАД-тің міндеттері мен қызметтерін тиімді орындауына кедергі жасайтын елеулі шектеулер
туралы ақпарат;
6) ІАД қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі ақпараттар;
7) ІАД директорының пікірінше, ӨК-ге, Директорлар кеңесіне тапсыруға қажетті ІАД-ның
басқа да мәліметтері.
52.
Алдын ала ӨК, Банк басқармасы қарап шыққан (егер ІАД-тің кезеңдік есептерін
Басқарма бекітпесе/уақытында қарамаса, онда мұндай есептерді ІАД директоры Басқарманың
шешімінсіз Директорлар кеңесінің қарауына шығарады) қызметінің нәтижелері туралы ІАД-нің
кезеңдік есептері мынадай мерзім ішінде Директорлар кеңесіне тапсырылады:
1)
тоқсан сайынғы – есептік тоқсаннан кейінгі бірінші айдың соңына дейін;
2) жылдық – есептік тоқсаннан кейінгі екінші айдың соңына дейін.
Есептік тоқсаннан (жылдан) кейінгі екінші айдың соңына дейін Директорлар кеңесінің
отырысы болмаған жағдайда, қызметінің нәтижелері туралы ІАД-нің есептері көрсетілген есепті
тапсыру кезеңінен кейінгі бірінші отырыста Директорлар кеңесіне тапсырылады.
53.
ІАД-тің кезеңдік есептерінде көрсетілген жеке және/немесе барлық тұжырымдарды
және/немесе ұсынымдарды ӨК мақұлдаған және Директорлар кеңесі мағлұмат үшін қабылдаған
жағдайда, мұндай тұжырымдар және/немесе ұсынымдар бойынша:
1)
тиісті тексеруден өткен аудитке қатысушылардың қызметіне жетекшілік ететін Банк
басшылары тексерілген аудит нәтижесінің (түзетуші әрекеттердің) шараларын әзірлеуді және
орындауды қамтамасыз етуі тиіс (Директорлар кеңесіне есеп тапсырылғанға дейін әзірленбеген
жағдайда).
2)
ІАД өткізілген аудит нәтижесінің (түзетуші әрекеттердің) тиісті шараларын жасауға
мониторинг жүргізуі және ӨК мен Директорлар кеңесіне ІАД өткізген аудиттер нәтижесі бойынша
түзетуші шараларды орындау барысындағы ілгерілеушілік туралы мәліметтерді ұдайы тапсырып
отыруы тиіс.
9
тарау. ІАД органдармен, комитеттермен және бөлімшелермен өзара іс-әрекеті
54.
Банк Басқармасы:
1) Банктегі ішкі аудиттің тиімді ортасын жасауға ықпал етуі, ІАД құқықтарын іске асыруда,
оның миссиясын, мақсаттарын, қызметтері және міндеттерін орындауда ІАД-ке жәлдемдесуі;
2) Директорлар кеңесінің шешімімен, белгіленген тәртіпте, ішкі аудит саласында аутсорсинг
(ко-сорсинг) қолдануды қарастыруы;
3)
ІАД ұсынымдарын орындамағаны немесе уақытында орындамағаны үшін аудит
барысына қатысушылардың жеке жауапкершілігін анықтау арқылы, өткізілген аудиттердің
нәтижелері бойынша және/немесе ІАД ұсынымдары бойынша түзетуші шаралардың жоспарын
орындауды бекітуі және бақылауы,
4) салалық бағдарламалар және сертикаттаулар бойынша ІАД қызметкерлерін оқытуға
байланысты шығындарды Банк бюджетіне енгізуді қамтамасыз етуі;
5)
АІД қызметінің әкімшілік (ұйымдастыру-техникалық) қамсыздандыруы тиіс.
55.
Банк бөлімшелерімен ІАД-тің өзара іс-әрекеті іскерлік және сенімділік
ынтамақтастығы, өзара сыпайылық және жұмыстағы ізеттілік негізінде құрылады.
56.
Банк бөлімшелерінің қызметкерлері мақсаттарын, қызметтері, міндеттері мен
құқықтарын жүзеге асыруға ІАД-ге жәрдем беруге міндетті, көмек мыналардан көрінеді:
1)
ІАД-тің аудиторлық тексеруін, міндеті мен қызметін жасауға қажет барлық құжаттар
мен барлық ақпараттарды шұғыл түрде тапсыру;
2)
аудит барысында анықталған деректер мен олардың себебін объективті және шұғыл
түрде талқылау;
3) туындаған мәселелер мен проблемалардың шешімін бірлесе отырып табу;
4) ІАД қызметі мен мәселелерінің кейбір аспектілері бойынша (түзетуші әрекеттердің)
шаралардың жоспарын және/немесе жазбаша түсіндірмесін беру;
57. Негізгі міндеттері тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік даму болып
табылатын Банк Бөлімшелері ІАД-ті есептік айдағы іске асқан тәуекелдер туралы, есептегі айдағы
күдік туғызған операциялар немесе мәмілелер туралы, жүргізілген тексеру, корпоративтік оқиғалар
және корпоративтік дамудың басқа да мәселелері туралы хабарлауға міндетті.
58. Уәкілетті органдардың тексеруі нәтижесі бойынша түзетуші шаралардың жоспарын
орындаудың мониторингі Директорлар кеңесі бекіткен комплаенс-тәуекелдерді басқару
бөлімшелерінің ішкі құжаттарында қарастырылған мониторингтік қызметті бөлу сызбасы бойынша
жүргізіледі.
10
тарау. Қорытынды ереже
59.
Осы ережеге Директорлар кеңесінің шешімімен, соның ішінде ӨК және/немесе ІАД
бастамасымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
60.
Банкте ішкі аудит жүргізудің егжей-тегжейлі өзге де талаптары мен тәртібі (ІАД-тің
стандартты рәсімдері, әдістемесі және құжаттарының нысандары) Директорлар кеңесі бекіткен ішкі
аудит жүргізудің тиісті ережелері арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |