Мектеп басшыларына!
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік Орталығының жоспарына сәйкес және білім беру саласының қызметін кеңейту мақсатында 2010 жылғы ақпан айының 5-де үштілде оқыту мәселесі бойынша оқу-әдістемелік семинар өткізетіндігін хабарлаймыз.
Семинарға төмендегі (көрсетілген ғана орынбасарлар) мектеп директорлары орынбасарларының қатысуы міндетті:
-
№
|
Аты-жөні
|
Мектебі
|
Санаты
|
Пед. өтілі
|
1
|
Акимова Тавиля Адиетовна
|
№2 АОМ
|
жоғары
|
25 жыл
|
2
|
Шарипова Галия Тауфиковна
|
№17 ОМГ
|
жоғары
|
37 жыл
|
3
|
Тышқанбаева Айсұлу Мақсымқызы
|
№ 21 ОМГ
|
жоғары
|
40 жыл
|
4
|
Джантаева Зульфия Желеубаевна
|
№23 ОМЛ
|
жоғары
|
22 жыл
|
5
|
Кайдаулова Дина Кадровна
|
№26 ОМ
|
жоғары
|
30 жыл
|
6
|
Мортина Светлана Владимировна
|
№ 27 КОМ
|
бірінші
|
20 жыл
|
7
|
Аленова Ақмарал Ажиханқызы
|
№ 39 ОМ
|
екінші
|
12 жыл
|
8
|
Аманжолова Жаннат Алимжановна
|
№ 51 гимназия
|
бірінші
|
11 жыл
|
Өтетін орны: № 9 орта мектеп гимназиясы (11 мөлтекаудан, № 9 мектеп аялдамасы).
Тіркелу уақыты: сағ.9.00-9.30.
Утарбаева А.З.
02.01.10. Директорам школ!
Управление департамента комитета Госсанэпиднадзора г.Актобе в целях реализации приказа М3 РК № 731 от 18.11.2009 г. «Об определении Правил выдачи, учета и ведения санитарного паспорта на объект и транспортное средство» просит Вас организовать работу по выдаче санитарных паспортов на все объекты образования также на транспортные средства (транспорт для перевозки детей).
Все заявления о получении санитарного паспорта в Управление департамента комитета Госсанэпиднадзора г.Актобе должно поступить до 20 февраля 2010 года.
Л.Конарбаева
02. 02. 09
Мектеп басшыларына!
Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өтетін Мақатаев оқуларының шарттары
1.1.Мақатаев оқуларына қатысатын оқушының жан-жақты дарынды поэзияны сүйетін, оны тақырыбына сай талдай білетін сыншыл жұмысқа бейімі бар, өлеңді мәнерлеп көркем оқи алатын қасиеті әрі ақындық талабы болуы шарт.
М.Мақатав оқуларына үміткер ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармашылығын жақсы білуі керек және кез-келген өлеңін талдай алуы қажет.Сонымен бірге талапкер шығармашылық қабілетін танытуы керек.
«Менің пірім- Мұқағали» айдарында оқушы Мұқағалидың бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс-тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілік дәрежеде болуы тиіс ( 5-10 балл)
« Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап...» айдарында оқушы өз туындысын оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына назар аударылады.(5-10 балл
« Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер « Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» поэмаларын жатқа толық білуі керек. Оқушылар жеребе бойынша таңдауына түскен поэманы жатқа айту арқылы өзара сынға түседі.
Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді бір шумақ өлең туғызу. Ол ұтымды, жұрт көңілінен шығардай болғаны абзал.( 5-10 балл)
«Өлеңнен өрілген ой» айдарында үміткер берілген Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша оның тақырыптық мазмұнын ашады, көркем ой кестесімен тақырыпты дамытады. Мұнда шешендігі, ой жүйелілігі, ұтымды жауабы ескеріледі. Мәселен «Көшеді өлең, немесе өшеді өлең» немесе «Шеше, сен бақыттысың , тербете бер, Құба талдан иілген бесігімді» деген тақырыптағы өлеңдерінен ой өрістету.( 5-10 балл)
«Мұқағали мұрасын кім көп біледі» - сұрақ-жауап ойыны. Бұл « Ғасыр көшбасшысы» ойынындағы « Жорға» ойыны секілді, 1 минутта 10 сұрақтың қаншасына жауап берді, әрі оның нешеуі дұрыс екендігі ескеріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
Тек қана байқау қорытындысының жеңімпаздарына қатысты : Қатысушы талапкер туралы 2 конверт дайындалады. 1-конвертте мына мәліметтер болуы тиіс: мүшәйраға қатысушының толық аты-жөні, мектебі, қаласы , оқитын сыныбы, 1 фотосуреті бүркеншік аты (псевдоним) . 2-ші конвертте жоғарыда айтылғандай ақын шығармашылығы бойынша жазған ғылыми-зерттеу еңбектерін өздерімен бірге ала бару керек.
М.Мақатаев оқуларына жалпы білім беретін беретін мектептердің 7-11 класс оқушылары қатыса алады.
М.Мақатаев оқуына сұраныс қабылданады. Сұраныста қатысатын оқушының аты-жөні, класы, дайындаушы мұғалімнің аты-жөні толық жазылсын. Байқау шартына сәйкес 1 талапкер 6 бөлімге де қатысады. Бөлімдердің біреуіне дайын емес оқушы байқауға қатыстырылмайды. Байқау өткізілетін күн - 12 ақпан , болатын жер қосымша хабарланады.
Әдіскер А.Тамашева
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
27-28 наурыз 2010ж.
ҚР Кіші Ғылым Академиясы Ақтөбе филиалы ХIV-ші облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде өтетінін хабарлайды.
КОНФЕРЕНЦИЯ СЕКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ БӨЛІМДЕРІ:
математика,қолданбалы математика, информатика;
физика,техника,космонавтика;
медицина, валеология, психология
экология;
химия,биология;
қазақ тілі және әдебиет;
орыс тілі және әдебиет;
география,өлкетану;
әлеуметтану,құқық,экономика;
тарих;
этномәдениет.
Конференцияға қатысуға қабылданатын жұмыс түрлері
Зерттеу ізденіс және тәжірибелік тұрғыдан талданған жұмыстар;
Сараптама және қорытынды талдаудан өткен жұмыстар;
Жетілдіру жобасы, ұтымды ұсыныстар жобалары;
Авторлармен біріктіріліп жазылған жұмыстар да қабылданады.
Әрбір жұмыс міндетті түрде ғылыми жетекшісінің пікірі автор жұмысының қысқаша сипаттамасы және саласы бойынша жоғары квалификацияланған маманның немесе ғалымның пікірі болуы қажет.
Конференция баяндамасын жазуға қойылатын талаптар
Жұмыс көлемі 20-30 беттен аспауы керек, сонымен бірге:
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім:
а)материалдары және әдістері;
б)жұмыстың нәтижесі;
в)жұмыстың нәтижесін талдау;
г)қорытынды,ұсыныстар.
3.Әдебиеттер тізімі.
Жұмыс А4 форматы бетінде, мәтін біржарым интервалында, 14 кегльмен теріліп басылуы керек.
Міндетті түрде беттер нөмірленіп және жиегі нақтылануы қажет.
Барлық сызбалар, суреттер, кестелер, графиктер атауы міндетті түрде жазылуы керек. Ауызша баяндағанда макет, табиғи экспонаттар, сызулар және көрнекілік материалдары қолдануға рұқсат етіледі.
Ескерту: баяндамашылар компьютер техникасымен, мультимедия аппаратурасымен және интерактивті тақтамен қамтамасыз етілмейді.
Конференцияның ресми тілдері – қазақша және орысша.
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне міндетті түрде 2010 жылдың 01 наурызына дейін e-mail: MAN61@mail.ru немесе Ақтөбе қаласы, Иманов көшесі, 14 «Дүние» Ақтөбе университетінің №208 кабинетінде Ф.Т. Балмағамбетоваға тапсыру керек:
қатысуға өтініш, ұйымд.төлемі 2000 теңге;
баяндама тезисі электронды файлмен.
ҚР Кіші Ғылым Академиясы Ақтөбе филиалы XIV-ші облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға өтініш келесі бөлімдерден құралады:
1. Баяндамашының тегі, аты-жөні;
Мектеп (ЖОО, колледж), сынып (курс,топ);
Жұмыстың ғылыми жетекшісінің тегі және аты (Ғылыми дәрежесі, атағы);
Секция (баяндау тілі);
Баяндама тақырыбы;
Пошталық мекен-жайы, телефоны, факс, e-mail;
Күні, қолы.
Басылымға жіберілетін тезисті жазуға қойылатын талаптар
Баяндама тезисінің тексті А4 форматы бетінде Times New Roman (жоларалық интервал 1, кегль-14, сол, оң жиектері – 20 мм, жоғарғы және төменгі жиектері – 20 мм).
Жоғарыдан ортасынан бас әріптермен (толық шрифтімен) – баяндама атауы, 1 см төмен түсіп ортасынан автордың тегі, аты, қаласы, мектеп (ЖОО, колледж), сынып (курс, топ), ғылыми жетекшісінің тегі және инициалы, тағы 1 см төмен түсіп – тезис мәтіні, мәтіннен кейін әдебиеттер тізімі, текстте көрсетіліп белгіленеді (тек 3 атауға дейін). Баяндаманың тезис мәтіні электронды түрде тапсырылады.
Мәтін редакцияланбайды және түп нұсқасы болып табылады. Конференцияның материалдар жинағы тікелей көшірме әдісімен теріледі. Сондықтан, Сіз жоғарыдағы талаптарды сақтап, нақты редакцияланған материалдарды тапсыруыңыз қажет.
Тек қана уақытында және ұсынылған үлгі бойынша жазылған баяндама тезистері ғана жинаққа енеді.
Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жеңімпаздары дипломдармен, мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталады.
Зейін салыңыздар! Конференцияға қатысуға өтініштер күнде қабылданады, (тек сенбі және жексенбі күндерінен басқа) сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін мына мекен-жайда Ақтөбе қаласы, Иманов көшесі, 14 «Дүние» Ақтөбе университетінің №208 кабинетінде ұйымдастыру төлемі (2000 теңге) өтінішпен бірге Ф.Т.Балмағамбетоваға тапсыру керек. Конференцияның бағдарламасы мен тезистері жинағы 26 наурыз күні сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін және конференция күні беріледі. Жол шығыны, тамақтануы және тұрақ мекен-жайы іс-сапарға жіберетін жақтан қаржыландырады.
Анықтама тел: 8 (7132) 51-55-09 (18.00 сағ. кейін), сот. 8-701-360-16-80
E-mail: MAN61@mail.ru
Ұйымдастыру комитеті.
Утарбаева А.З.
Достарыңызбен бөлісу: |