«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет19/44
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#21937
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
43
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ететін  баспасөз  тілінің  шұбарлануына  немқұрайды  қарауға  болмай- 
ды. 
Содан  кейінгі  жерде  біздің  неліктен  күні  бүгінге  дейін 
население 
мен  народ  сөздерін  бір  сөзбен  түйіп,  халық  деп  жүргенімізді  түсіну 
қиын.  Сөз  таппай  қиналсақ,  бірсәрі,  ежелден  қолданылып  жүрген 
жұрт деген сөзіміз тұрған жоқ па?
Жұрт населениенің жұп-жұмыр баламасы ғой. 
Население города, 
Население  республики  –  қала  жұрты,  республика  жұрты.  Осыдан 
артық  не  керек?  Әбубәкір  Диваевтың  «Тарту»  кітабында  «Елің  бар, 
жұртың  бар»  деген  тіркес  кездеседі.  Ыбырай  Алтынсарин  «Өнер-
білім  бар  жұрттар»  деді  ғой.  Жоқ,  біздіңше,  бұл  дәлелдеуді  керек 
қылмайтын қисын.
Бұл  тақырыпта  біз  қиюы  келіспей  жүрген,  қабысуы  босаң 
терминдік  олқымызға  талдау  жасауға  қал-қадерімізше  тоқталып, 
ойымызды ортаға салдық. Тегінде бір сөзде бірнеше мағына арқалатып, 
қиналатындай тілге кедей ел емеспіз. Тіліміздің мүмкіндігін пайдалана 
білмей марғаулық жасап жүрміз. Қатемізді түзегіміз келмей, біріміздің 
сөзімізді біріміз жөн көрмей, кежегемізден кейін тартпай іске кіріссек, 
ана  тіліміз  әжептәуір  таралып,  бір  ізге  түсіп,  ширап,  шынайы  кіріп 
қалар еді.
Төл сөзімізді жатсынып, өз өрісімізді өзіміз тарылтпайық.
Әсілінде заң тілін, құжат тілін түзу жолында алдымызда қадау-қадау 
еңбектер тұр. Бұл бағытта көп тер төгіп , қажымай –талмай еңбек ету 
керек. Бір қуаныштысы сол, қолымызда мол қазына – бай тіліміз бар, 
ендігі  жерде  барлық  мәселе  сол  қазынаны  қалай  да  ұқыптылықпен 
халықтың кәдесіне жаратуда болып тұр. 


АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
44
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Т
ілдің 
арнаулы 
салалардың 
барлығындағы 
қолданысын 
лингвистикалық тұрғыдан қамтамасыз ету – терминдер қорын 
жасау мен оны жүйеге келтірумен тығыз байланысты. Білім беру мен 
білім  алуды,  ғылымды  игеру  мен  оны  меңгертуді,  ақпарат  алмасуды 
ұлт тілінде жүзеге асыру үшін арнаулы лексиканың негізін құрайтын 
терминдер  қоры  да  сол  тілдің  мүддесін  көздеп,  ішкі  заңдылықтарын 
ақтай отырып жасалуы керек. Ал термин жасау, сөз шығармашылығы 
кәсіби  біліктілікті,  ерекше  ізденімпаздық  пен  талғампаздықты  әрі 
үлкен жауапкершілікті қажет ететін күрделі жұмыс [1. 3]. 
Жалпы терминологиялық қор қамсыздандыру міндетін атқаратын 
функционалдық  ішкі  жүйелер  кешенін,  терминологиялық  қор 
элементтерінің  құрамын  және  оның  ұйымдастырылуын  қамтиды. 
Терминологиялық  қордың  жүзеге  асырылуы  белгілі  бір  дәрежеде 
тілдің  қолданылуының  басқа  да  тұрпаттарының  арасындағы  алатын 
орны және міндеті тәрізді факторлармен анықталады. 
Тілдің әртүрлі қолданылу тұлғаларының пайда болуы және дамуы 
тек тілдегі ғана өзгеріс болып табылмайды. Бұл жағдай сонымен қатар 
Қазақ терминологиялық 
қорын қалыптастырудың 
лингвоәдістанымдық 
негіздері
Нағима ӘШІМБАЕВА
А.Байтұрсынұы атындағы Тіл білімі 
институтының аға ғылыми  
қызметкері, филология  
ғылымдарының кандидаты


АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
45
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
жазу  пайда  болуымен,  индустриялдық  полиграфияның  таралуымен 
сипатталатын  жалпы  адамзат  қоғамының  елеулі  даму  кезеңіндегі 
түбегейлі  өзгерісті  де  көрсетеді.  Сөйлеу  тілімен  және  жазумен 
қатар,  айрықша  белгілі  бір  түрдегі  тілдің  қолданылуы  шындыққа 
айналып  отыр.  Егер  сөйлеу  тілі  айтушымен  де,  тыңдаушымен  де 
тікелей  байланысты  болса,  жазбаша  тіл  актілеріндегі  адамның 
қатынасы әлсізірек болады. Тілдік туынды біртіндеп ақпаратты толық 
тасымалдаушы сипатқа ие болады [2. 4]. 
Осылайша, қазақ тілінің терминологиялық қорын жасаудың басты 
себебі - тілді нормалау тәсілдерін оның қолданылу ерекшеліктерімен 
сәйкестендіру қажеттігі болып табылады. 
Осыдан  барып  қазақ  тілінің  терминологиялық  қорын  тізбелеу 
міндеті  белгілі  бір  дәрежеде  өз  алдына  дербес  болып  шығады.  Қазақ 
тілі терминологиялық қоры аса маңызды ішкіжүйелердің бірі болып 
табылады. 
Сонымен қазақ тілі терминологиялық қоры қарым-қатынас жасау 
жүйелерінде терминологиялық лексиканы және оның мағынасын ашу 
тәсілдерін тізбелеудің жүйесі болып табылады. 
Қазақ терминологиялық қорының қолданылу ауқымын түсіну үшін 
жекелеген  салалық  немесе  тақырыптық  емес,  терминдерге  ортақ 
болып  табылатын  сипаттамаларды  ескерген  жөн.  Терминологиялық 
қордың біріктірілген жүйесін құру нәтижесінде пайда болатын мұндай 
ерекшеліктер  төмендегідей  болып  келеді.  Қазақ  терминологиялық 
қоры  –  бұл  жекелеген  деректерді  қолдану  мүмкіндігі  бар 
бірыңғай  қызмет.  Ол  күрделі,  ауқымды,  ұдайы  өзгеріп  отыратын 
терминологиялық  ақпарат  универсумында  көпаспектілі  іздестіру 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Терминологиялық қор әртүрлі салаларда 
қолданылатын  терминдердің  өзара  салғастырылуын  жеңілдете 
отырып,  бүкіл  қазақ  терминологиясының  бірізді  сипатталуына 
қызмет етеді. Ол термин туралы көптеген деректерді жинақтайды да, 
сол арқылы қазақ терминологиясының біркелкі сипатталуын мақсат 
етеді.  Жалпы  алғанда  терминологиялық  қызмет  көрсету  деңгейін 
арттырады.  Терминологиялық  қор  өзіне  қазақ  терминологиясының 
жаңа құрылымын енгізеді. Әр түрлі принциптер бойынша құрылған 
жекелеген  деректердің  дербес  қолданылуы  кезеңінде  анықтала 
қоймайтын,  айтылымы  жағынан  да,  мазмұны  жағынан  да  сан  алуан 
салалық терминологияның кірігісуі нәтижесінде пайда болатын жаңа 
құрылымдық байланыстарды айқындайды. 
Мұнда  сонымен  қатар  шешілуіне  терминологиялық  қор  ықпал 
ететін бірқатар таза ғылыми міндеттерді атап өтуге болады: а) қазақ 
тілінің терминологиялық жүйесін ішкіжүйелер жүйесі ретінде үлгілеу; 
б) жалпығылыми және жалпытехникалық тезаурустарды қазақ тілінің 
когнитивтік үлгілері ретінде құру; в) өзге тілдер терминдерінің аясында 
қазақ терминологиясын салғастырмалы, типологиялық зерттеу, оның 
ішінде, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде зерттеу.


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау