Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті., ф.ғ. к


-тапсырма. Мына пайымдаулармен келісесіз бе/ келіспейсіз бе?



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет18/37
Дата26.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18099
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37

 
52 
 
6-тапсырма. Мына пайымдаулармен келісесіз бе/ келіспейсіз бе? 
Дәлелдер келтіріңіз.
 
Қазақтың байлығы техниканың тілін білетін мамандардың аздығынан 
игерілмей жатыр. 
Әлемдегі дамыған елдердің даму тетігіне көз салсақ, олар техника мен 
инновацияға баса назар аударады. Біз ше? 
Отандық техниктен шетелдік маман артық. Неге? 
 
7-тапсырма.  Роботты  техника  мен  мехатрониканың  болашақтағы 
мүмкіндіктері  туралы  не  айта  аласыз?  Бұл  технологиялардың  әр  сала 
бойынша мүмкіндіктері мен жетістіктерін көрсетіңіз. 
 
 
 
Кестені толтырыңыз: 
 
А 
В 
Экология
 
 
Медицина
 
 
Экономика
 
 
Ауыл шаруашылығы
 
 
Білім беру  
 
Өнеркәсіп  
 
 
 
11-тақырып.
 
Қазақстандағы білім беру жүйесі. 
 
  Оқылым 
Өз бетінше оқу. 
Көз жүгіртіп шығу. 
 
Төменде білім беру жүйесі жайында мәтіндер берілген. Мәтіндерді оқымас 
бұрын: 


 
53 
*
Мәтінде талқылануы мүмкін үш мәселені жазыңыз. 
*
1-мәтінге көз жүгіртіп шығыңыз. Бұл жағдайда әр абзацтың бірінші және 
соңғы сөйлемдерін оқыңыз. (2 минут)  
*
Отандық  білім беру жүйесін талқылаңыз. Мысалы, ...... 
 
 Мәтін 1. 
1.Білім  беру  —  тиісті  оқу  орны  арқылы  ғылыми  мағлұмат  беріп, 
адамның  танымын,  білімін,  дағдысын,  дүниеге  көзқарасын  жетілдіру 
процесі.  Білім  беру  «Қазақстан  –  2030»  ұзақ  мерзімді  Стратегиясының 
маңызды  басымдықтарының  бірі  болып  танылды.  Қазақстандағы  білім 
беру  реформаларының  жалпы  мақсаты  білім  беру  жүйесін  жаңа 
әлеуметтік-экономикалық  ортаға  бейімдеу  болып  табылады.  Қазақстан 
Президенті  республиканы  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына 
енгізу  туралы  міндет  қойған  болатын.  Білім  беру  жүйесін  жетілдіру  осы 
мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. 
2.Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттері  —  ұлттық  және 
жалпыадамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 
негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіпке  үйретуге 
бағытталған  біліммен  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Білім  беру  оқыту 
мен  өз  бетінше  іздену  негізінде  жүзеге  асырылады.  Оқу-ағарту  жұмысы 
Қазақстанда ерте заманнан басталған. 
3.Жалпы 
және 
кәсіби 
орта 
мектептерді 
бітірген 
жастар 
университеттерде, 
институттарда, 
академияларда 
және 
соларға 
теңестірілген  оқу  орындарында  білім  алады.Жоғары  оқу  орнынан  кейін 
азаматтар 
аспирантураларда, 
докторантураларда 
оқып, 
ғылым 
кандидаттары  мен  докторлары  дәрежелерін,  доцент  пен  профессор 
атақтарын алуға мүмкіндіктері бар. 
4.Кез келген елдегі жоғары білім беру ісі елдің ішкі ерекшеліктерімен 
қатар,  дүниежүзілік  ортақ  стандарттарға  сай  келуі  тиіс.  Осыған 
байланысты  Қазақстан  Республикасында  да  білім  беру  жүйесін  әлемдік 
стандарттармен сәйкестендіру мақсатында оқу ісін реформалау жұмыстары 
жүргізіліп келеді. Шет елдердің көпшілігінде Қазақстанда берілген жоғары 
білім мойындалады.  
5.Елімізде  жоғары  білім  берудің  бес  жылдық,  жеті  жылдық 
(медицина) үлгілерімен қатар, төрт жылдық бакалавриат және екі жылдық 
магистратуралық  оқу  мерзімі  енгізілді.  Бакалавр  дәрежесіндегі  жоғары 
білімді маман кәсіби тұрғыдан даяр кадр есебінде әр түрлі салаларда еңбек 
ете  алатын  болса,  жекелеген  ғылым  салаларын  тереңдетіп  оқытатын 
магистратураны  бітірушілер  аспирантураның  екінші  жылына  қабылдану 
мүмкіндігіне  ие  болады.  Алайда,  бұрынғы  кеңестік  жүйе  кезеңінде 
қалыптасқан жоғары білім берудің кейбір ерекшеліктері ішінара сақталып 
қалды.  Мысалы,  магистратура  мен  докторантура  аралығындағы 


 
54 
аспирантураның құрылымдық жағының шетелдік  жоғары білім жүйесінен 
айырмашылықтары бар.  
6.Қазіргі  уақытта  қазақстандық    жоғары  білім  беру  жүйесі  қарқынды 
дамып 
келеді. 
Болон 
процесі 
мен 
халықаралық 
Лиссабон 
ынтымақтастығына қосылуға қол жеткіздік. Бұл ел өміріндегі елеулі оқиға 
деуге тұрады. Соның нәтижесінде жоғары білім берудің еуропалық үлгісіне 
енетін боламыз. Қазақстандық жоғары мектептің әлемдік білім кеңістігімен 
бұлай үйлесуі ұлттық экономика үшін маман даярлауға кең жол ашып қана 
қоймайды, кадр сапасын арттыруға да ерекше септігін тигізеді. Сол секілді 
білім  беру  кеңістігіндегі  ұстанымымызды  нығайтуға  да  мүмкіндік  береді. 
Еуропалық білім беру кеңістігіне ену арқылы әлемдік білім беру үдерісіне 
жақындауға да қадам жасалады. 
 
1-тапсырма. 
1- абзацтағы ойды анықтаңыз. 
Мәтінде берілген анықтаманы тауып,  астын сызыңыз 
1-інші  және    6-абзацтар  мәтіннің  қандай  бөліктері  болады?  Себептерін 
түсіндіріңіз.  
Түсіндіру мақсатында қолданылған сөйлемдердің астын сызыңыз 
Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындаңыз.   
 
 Мәтін 2. 
 
Қазір  әлемдік  білім  беру  кеңістігі  жеке-дара  қалуды  қаламайды. 
Сондықтан  да  болар,  әлемдегі  46  мемлекет  Болон  процесіне  бірігіп  отыр. 
жоғары  білім  беру  жүйесі  әр  елдің  өз  ерекшелігіне  байланысты  жолға 
қойылған. Әлемдегі жоғары білім беру ісінде кредиттік технология бойын-
ша оқыту кең қанат жайған. 
Англияның  жоғары  білім  беру  жүйесіне,  негізінен,  университеттер 
енеді.  Инженер  кадрлары  университет  құрамына  енетін  колледждерде, 
техникалық  факультеттерде  және  дербес  институттар  мен  колледждерде 
даярланады.  Бразилия  университеттерінде  оқу  мерзімі  5  жыл,  дипломдық 
жоба қорғалмайды, сондықтан жоғары оқу орнын бітіргендер тәжірибелік 
сынақтан өткен соң ғана  маман болады. Жапонияда жоғары білім беру ісі 
университеттер  мен  салалық  институттар  негізінде  жүзеге  асырылады. 
Жоғары оқу орнын жақсы бітіргендерге бакалавр атағы беріледі, бұл атаққа 
ие болғандар 2 жыл қосымша оқудан соң, ғылым магистрі атағын алады
.  
 
       Австралияда  жоғары  сапалы  мемлекеттік  білім  бағдарламалары, 
сондай-ақ  белгілі  бір  кезең  мерзімінде  оқу  ақысының  деңгейінің 
тұрақтылығы заңмен қатаң белгіленген. Австралияда  38 мемлекеттік және 
2  жеке  меншік  университет  бар.  Австралияда  алған  білім  сапасы  бүкіл 
әлемде  танылады.  Жыл  сайын  бұл  елге  білім  алуға  340  мың  шетелдік 
студенттер  келеді.  Оқу  жылы  2  семестрден  тұрады  және  наурыздан 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау