Тәуекелді басқару



жүктеу 3,06 Mb.
бет1/21
Дата03.03.2018
өлшемі3,06 Mb.
#11031
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Ќазаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министірлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы және экономика факультеті
Есеп және қаржы кафедрасы

ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ

пәні бойынша

экономикалық мамандықтары оқитын студенттеріне

арналған оқу құралы

Павлодар

ӘӨЖ 658:330.131.7(075.8)

ББК 65.290 – 2 я 73

С 50



С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың қаржы-экономика факультетінің қаржы және есеп кафедрасының отырысында басуға ұсынылған

Пікір сарапшы:

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Шамрай И.Н.



Құрастырушы: Смагулова Р.И.

С 50 Тәуекелді басқару. - оқу құралы / құр. Смагулова Р.И. – Павлодар, 2008. – 105 б.

Оқу құралында қазіргі заманғы кәсіпорындарда тәуекелді басқару бойынша теориялық ережелері мен тәжірибелік мысалдары берілген. Осы оқу құралында берілген бақылау сұрақтары мен тәжірибе тапсырмалары ұсынылған курсты терең білуге мүмкіндік береді.

Және оқу құралы ЖОО–ның экономика мамандығы бойынша студентерге «Тәуекелді басқару» курсын оқытуға арналады.

.

ӘӨЖ 658:330.131.7(075.8)



ББК 65.290 – 2 я 73


© Смагулова Р.И. , 2008

© С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2008

Кіріспе
Қандайда болмасын шаруашылық қызмет басқару шешімдерін қабылдаумен іске асады. Мұндай шешімдер тәуекелмен байланысты, яғни бұл көптеген белгісіз, анықсыздық факторлардың бар болуы. Кәсіпкерлік ылғида экономикалық конъюнктурамен байланысты, яғни бұл жағдайға тауар мен қызметке деген тұрақсыз ұсыныс пен сұраныс әсер етеді.

Бұл курстың басты мақсаты тәуекелдің мазмұны мен түрлеріне, тәуекел шартын таңдаудағы талдау, тәуекелді талдау, тәуекелді басқару мен бағалау әдістеріне қатысты ұғымдарды түсініп оқу. Бұл мақсатқа жету үшін келесідейтапсырмаларды орындау керек:



  • тәуекел теориясы (қисын) сұрақтары бойынша теориялық білімді тереңнен қалыптастыру;

  • шаруашылық субъектілер қызметіндегі тәуекел түрлері мен формаларын оқу;

  • тәуекелді бағалау әдістемесін оқу;

  • қазіргі уақыттағы менеджмент-тәуекелінің дамуын және қалыптасудағы өзекті мәселелерді оқу.

Бұл дисциплинаны оқудағы негізгі міндет студенттің келесідей қорытындыға әкелетін тұрақты білімі:

  • тәуекел түсінігі мен мазмұнын, оларды басқарудағы мүмкіндіктерді, олардың түрлерін, сондай-ақ негізгі көрсеткіштерді есептеу мен басқарудағы әдістеменің негізін білу керек;

  • топтық белгісіне қарай тәуекелдерді бөлу, тәуекел есебіндегі негізгі көрсеткіштердің есептеу әдістемесін иемдену, берілген қаржылық есеппен жұмыс істеу, кәсіпорынның мүмкін болатын тәуекелдерін талдай алу керек.



1 Тәуекел теориясының жалпы ережесі


    1. Тәуекелдің мәні, тұжырымы және заңдылығы

«Тәуекел» - испан сөзінің шығу тегінен: riso-испанша «шың құз» дегенді білдіреді. Егер ұлы географияляқ ашылулар ірі теңіз державасы Испания дәуірінде болса, мұны тексеріп көруге болады, Екінші жақтан, өмір үшін қауіптілікке байланысты іс- әрекеттерді білдіру үшін тәуекел түсінігін көне грек және латын жазушылары (Татий, Петроний, Апулей) қолдаған. Қалайда болса « тәуекел»сөзі әлем халықтарының обиходына ертеде кірген және онымен қатар қандай болмасын жағдайда европа тілдерінің негізінде бірдей айтылады. Risiko- немісше, risk- ағылшынша, risgue- французша, rischio – италианша, riesgo - испанша.

Тәуекел дегеніміз не? Қазіргі уақытта тәуекел түсінігіне нақты анықтама жоқ. Міне, кейбір анықтамаладардан : тәуекел – нәтижені болжауда болатын екі ұшты деңгейлі; шығын ықтмалдығы; Ықтимал шығынның шамасы; кірістің бөлшегін жоғалту ықтималдылығы; бақыт бастауына үміттенуде сәттілік әрекеті; күтілген құбылысқа қолайсыз нәтиженің қауіптілігі.

Түсініксіз жағдайда бейненің әрекеті; екі ұшты талапта бейненің әрекеті қорытынды нәтижесінде сәтсіздікте табыстың басым болуына жетелейді; шығынға жетелейтін ықималдылық жағдайының құнды мәнері, белгісіз нәтиженің шешімін қабылдау, яғни, қауіпсіз емес; ықтимал нәтижесі және нәтиженің стохастикалық байланысы болған екі ұшты жағдай; нәтиженің белгісіздігін бейнелейтін және табыссыз жағдайда ықтимал қолайсыз салдарында өндірушінің әрекетінің сипаттамасы; қабалданатын шешім мақсатты кейінгіге қалдару мүмкіндігі; соңғы бекітілгенге қарама - қарсы, тәуекел бұл нәтижесі белгісіз және сондықтан қолайсыз шешімді қабылдау керек деп кім – пайымдайды, яғни, тәуекел залалы ал оң ауытқудың ықтималдылығы, қияли нәтиже күткеннен тым орайлы, ол «ықтималдылық» деп аталады, яғни, табыс ықтималдылығы кіріс, сәтсіздік тәуекелі, залал.

Тәуекел белгісіз түсінік болып табылады және тамаша сезім іспеттес тек бағаның жеке критериіне байланысты көзқарас бар. Тәуекел үнемі белгісіздікпен байланысты, бірақ айырмшылық бар, ол белгісіздік ықтималдылықтың болашақ жағдайы туралы ақпараттың жеткіліксіздігін білдіреді, ал тәуекел – жағдайды ықтималдылық нәтижелерінен әрқайсысының ықтималдылығын болады. Экономикалық әдебиеттерде берілгендей апостеорлы шешімнің салыстыруының бүкіл комбинациясымен бірге априорлы мәліметтерімен қабылданған шешім дәлелдеме болып табылады.

Егер қызметтің түрі қандай да бір ереже бойынша таңдалатын шешімге байланысты болмаса, мұндай қызметтегі тәуекел, қайшылық жағдайда «белгісіздік» деп аталады. Белгісіздік заңды фракция жанжалмен байланысты, шешім қабылдау кезінде ақпараттық процестің параметрі ретінде тәуекелмен кездейсоқтық. Белгісіздік жағдайынан тәуекел белгісіз жағдайы ретінде тұруы ықтимал және бағалануы мүмкін.

Тәуекел жағдайы статистикалық процестермен байланысты және үш шартта сәйкес келеді:


  • белгісіздік мәні;,

  • баламаны таңдау қажеттілігі (таңдаудан бас тарту бұл да – таңдаудың әртүрлігі);

  • таңдалатын баламаладың ықтималдылығын бағалау мүмкіндігін жүзеге асыру.

Тәуекел жағдай бұл – белгісіздіктің әртүлігі, жағдайлардың тұру мүмкіндігі мен ықтимал анықталуы.

Тәуекел жағдайының ықтималдылықты анықтаудың бірнеше модификациясы бар:



  • статистикалық зерттулерді жүргізуде мысалға негізделген болжалған нәтижені алу үшін обьективті мүмкіндігі бар;

  • субьективті баға негізінде ғана күтілген нәтиженің ықтималдылықта тұруы мүмкін;

  • таңдау процесіндегі және балама жеткізудегі субьекті обьективті сияқты субьективті ықтималдылықты орнатады.

Тәуекел шешімді таңдау және жеткізу кезінде басқа жағдайда тәуекел белгісізік субьктісін алып тастау үлгісінде нақты жағдайда қарама-қарсы беталыстың белгісіз дамуында қайшылықтың тәжірибешілік шешімінің амалы болады. Сондықтан тәуелді әрекет сияқты шарасыз таңдау жағдайында белгісіздікпен жеңуге байланысты анықтау процесінде болжалған нәтиже, сәтсіздік және мақсатты кейінгіге қалдыруда нәтижесінің ықтималдылығын сандық және сапалық бағалауының мәні.

Тәуекел жағдайында тәжірибешілік әрекетті іске асруды қолдануда үш басты элементті міндетті түрде ескеру: қалаған нәтижені алу ықтималдылығы; баламаны талдау жолында және оның жеткізілуінде (сәтсіздіктің) қаламаған ауытқудан тұру ықтималдылығы: (теріс сияқты, оң да қасиетінің ауытқуы ықтимал) таңдалған мақсаттың ауытқу ықтималдылығы. Тәуекелдің негізгі элементтерінің өзара байланыстылығы мен өзара әрекеті оның құрамын белгілейді.

Тәуекел астарынан қауіптілік ықтималдылығын немесе қорлар бөлшегін жоғалту қауіптілігінің ықтималдылығы түсіндіріледі., кірісті ала алмау немесе әрекет процесінде қосымша шығынды әкелу (анықтаманың бірі)

Тәуекел түсінігі белгісіз түсінігімен жиі байланысты. Фрэнк Найт алғаш рет экономикалық тәуекел мәселесіне көңіл бөлді және келесі ережені ұсынды: «бүкіл дұрыс кіріс белгісіздікпен байланысты; Саму Эльсон: «белгісіздікті адамдар күтеді және өтіп жатқан сол белгісіздікте сандық және кіріс ( немесе шығын) болып табылатын мәнерін тудырады».

Тәуекел әртүрлі трактатталады. Тәуекелге орныққан анықтаманы беру үшін бір қатар постулаттарды ескерген жөн:


  • тәуекел (күтілетін) бағалармен және субьекті шешімімен байланысты, онсыз болмайды;

  • тәуекел болашақта қолданылатын шешімді белгілейді немесе уақытша көрсеткішті байланыстырады, ал болашақта жеткілікті дәрежеде қолданылуы мүмкін емес;

  • тәуекелден бөлек тәртіп болмайды;

  • тәуекел ме оның шараларын айыра білу.

Жоғарыда тізілгендерді ескере отыра, « тәуекел»- бұл қандай да болмасын жағдайдың тұрмауы ықтималдығын, күтілген мәнділіктен қандай да болмасын шамасын кейінгіге қалдыру мүмкіндігін анықтайды, экономикалық тәуеклді шешуге болады, ол үшін келесіге негізделген бірнеше әдістер бар.

  • тәуекел бұл- шығын ықтималдылығы;

  • тәуекел бұл –ықтимал шығынның шамасы;

  • тәуекел бұл –бұл – шығын шамасының ықтималдылығының негізгі нәтижесі болып табылады;

  • тәуекел – вариация эквиваленті, іс нәтижесінің мүмкіндік салдарының ықтималдылығын таратады;

  • тәуекел – кейбір құрылған қоймалық шамаға қатысы бойынша және тек теңсіздік салдары үшін алынған бүкіл нәтиженің, таратудың жартылай вариациясы;

  • тәуекел – бүкіл ықтимал шығындардың таратылуындағы вариация комбинациясының сыртқы сызығы мен күткен шама ( математикалық қүру).

Егер тәуекелді бағалауға болса (өзгертуге) ендеше тәуекелдің дәрежесін төмендетуге шешім шығарудың шынайы мүмкіндігі бар, ал бұл тәуекелді басқаруға болады деген сөз.

Тәуекелді басқарудың бастығы тәуекелдің түсінігін зерттейді, ықтимал тәуекелдің анықталуын және олардың жіктелуін білген дұрыс.

Тәуекелдің негізгі белгілері бұл қайшылықтық, баламалық, белгісіздік.

Қарама- қарсылық әртүрлі тұрғыда байқалады және тәуекелдік әрекеттің әртүрлігінің ішінде екінші жақтан қоғамдық мәнді нәтижелерді алудың бірдей емес тәсілінде бағдарланған және амалсыз таңдау жағдайында екінші жақтан тәуекел арандатушылыққа жетелейді, тәуекел жағдайы обьективті заңдылықтың міндеті есепсіз шешіледі. Тәуекелдің қайшылық табиғаты обьективтік тәуекелді әрекетімен субьективтік бағаның қайшы келуінде байқалады.

Баламалық тәуекелдің куәгері ретінде біреуін екі немесе бірнеше шешімін таңдау ұсынылады.

Тәуекелдің жағдайдың бір ғана нақты құрамда байланысты баламалық қиындықтың түрлі дәрежесін иемденеді және түрлі тәсілдермен шешіледі. Былтырығы жылы негізде қарапайым жағдайлар таңдауы іске асады. Қиындықта арнайы әдістер мен әдстемелерді пайдалану қажет.

Тәуекел белгсіздікпен байланысты, ол тәуекелдің қайнары болып табылады. Тәуекелді басқаруға сәйкес осы факторға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені бақару процесі мен тәуекелдің ретттелуінде оңтайландыру қажет.

Тәуекелдің пайда болу себептерінің негізі (қайнары) болып табылады.



  • табиғи процестердің спонтандығы мен құбылыстар, аппаттар;

  • кездейсоқтық – бұл тәуекелдің қайнары басқа әлеуметтік – экономикалық ықтималдылық мәнділігінде және техникалық процестерінде көрінеді, ал сонымен қатар экономикалық субьектіге енетін матриялық қарым - қатнастың көп нұсқаулығында көрінеді.Сату көлеміне байланысты болашақ қаржы нәтижесін алдын ала анықтауда жиі болжамдық сиапатында болады, өйткені түрлі сатудың көлемі кездейсоқ болуы мүмкін,

  • қарама - қарсы күресуші беталыстың болуы;

  • белгісіздікті елестетуші процесіне және тәуекелге ғылыми- техникалық погрестің ықтималдылық сипаты әсер етеді. Белгісіздіктің болуымен қатар қабылданатын шешім бойынша обьекті, процесс, құбылыс туралы ақпараттың жеткіліксіздігі;

  • белгісіздіктің пайда болуына мүмкіндік тудырушы қайнарға сонымен қатар тәуекелге мыналар жатады: шектілік немесе стандарттық жағдаларды қабылдауға материалдық қорлардың жеткіліксіздігі; нақты талаптар қалыптасуында обьектінің танымының бір мәнділігінің мүмкін еместігі; саналық әрекеттің шектілігіне жататын, оның әлуеметтік – техникалық қасиеттеріндегі ерекшелігі .

Тәуекел тұжырымы біріншіден тәуекел бағасын, екіншіден оны басқаруды енгізеді.

Тәуекел бағасы – оның пайда болуындағы ғылыми сараптама және нақты жағдайдағы масштабтар. Тәуекелдің сараптамасын тағайындау – жобада мақсаттылықтың қатысуы туралы қабылдауы үшін қажетті мәліметтер беру және қаржылықты жоғалту ықтималдығынан қарау бойынша шараларды алдынан ала қарау.

Тәуекелді басқару – тәуекел жағдайдың сараптамасы мен (ереже ретінде, акт формасында заң қаулысы, нұсқа және т.б.), оны (азайтуға бағытталған шешімін жетілдіру.

Тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты- оны кішірейтудің жасын анықтау, сонымен уақыттың және қордың шектелгені. Мақсатты бағытталған әрекет шектілік пен тәуекелді азайту бойынша экономика жүйесінде тәуекелді басқару деп аталады ( менеджмент тәуекелі).

Тәуекел есебіндегі шешімді қабылдау аса маңызды бір критеримен байланысты; шешім қабылдауда тәуекелге баратын басқарушы қандай шекке шейін әрекет етеді. Үлкен капиталы бар және көп номенклатуралы өнімді шығарушы кәсіпорын тәуекелге аз деңгейде сезімтал және осындай кәсіпорынды басқарушы тәуекел жағдайында батыл әрекет ете алады.

Тәуекелдің экономикалық шегі келесідегідей анықталады. Егер бар қорлар кәсіпорынның даму тапсырмасының мөлшері бойынша сәйкес болса, резервтік сақтандыру қоры құрылған, кәсіпорынның теңгерімденген дамуына бұзылмайтын бүркену ықтимал; сарапшылар таңдау кезінде, шешім қабылдау кезінде, жинау кезінде және қажетті ақпаратты өңдеу кезінде, өлшем бағасы мәселесінде және т.б. басқарушы шешім қабылдау процесінде тәуекелге бара алады.

Бірақ бұдан басқа сандық бағаға көбейтетін басқарушы (интуитциясы) ішкі ойы, жағда, тәуекелденген шешімге оңтайлы, шешімді қабылдаушының жеке материалдық жағдайы т.б. факторлар керек.

Шығын қандайда бір шешіммен байланысты баламалы нұсқаны таңдау кезінде бағалана алмайды. Қабылданған кезінде сәйкес келетін мәліметтер болды ма, егер болуға тиісті түрде бағаланады және ескеріледі ме дегенді анықтауда талдау керек. Басқарушылық шешім нәтижесінде жиі шығынға ұшырайды, ал салдармен салыстыру бойынша басқаның нәтижесінде, қабылданған шешімде кірісті ала алмауда төмендейді.

Шығын немесе алынбаған кіріс бағасы тым жиі белгісіз қабылданған шешім нәтижесі болып табылады, өйткені шығын физикалық емес, бірақ дерексіз сиапты бар және жағдайлар қатарында нақты бағалана алмайды.

Тәуекелді реттеу құқықтылығынан мынаны түсінген жөн: кәсіпорын кіріс жеке шаруашылық шешімінің салдарынан шыққан есебінде резервтік қорды қалыптастырып және шығынды шабу қажет. Сондықтан басқарушы резервтік қордың жоғарғы салдарынан аспайтын шығын соммасымен байланысты тәуекелге бара алады.

Резервтік қор жоғарғы салдар деңгейіндегі тәуекел енді төтенше шама деп таныстырылады. Тәуекел шешімнің өткізілім нәтижесінде пайда болған тәуекелдің резервтік қоры экономиканың қиындық жағдайына құрылуы қерек. Кәсіпорындағы тәуекелді әрекеттің қарым- қатынасына алмастырылады. Тәуекел қорында тәуекелге бару қажет, тек біліктілікті шешу керек.

Тәуекелдің заңды екенін келесі жағдайда мойындаған:



    • тәуекел қабалданған мақсатқа сәйкес болу керек;

    • бұл мақсат тәуекелге бармаған әрекеттерге жете алмайды;

    • тәуекел меңгерілген шығынға келуге көшпеген жөн;

    • тәуекел обьектісі болып материалды және затты факторлары танылады, бірақ адамның өмірі мен денсаулығы емес.

Тәуекел әрекет олармен заңды түрде ұстанса, тек сол жағдайда қорғалады, ал теріс нәтиже, біріншіден шешімді қабылдаушыға және екіншіден ол алдынан ала көре алмауға байланысты емес келтірілген шығын салдарының себебі. Құқықтылық әрекеттер астарынан құжаттар қағидасына, ережеге, нұсқауға т.б. сәйкес болады. Заңды әрекеттердің тәуекелі үнемі заңгер көзқарасымен қорғалған.

Құқықты әрекетер деп белгілі шығындармен, залалдармен, зияндармен және т.б. байланысты олардың нәтижесі теріс болған жағдайда танылады.

Егер бұл көмек өзінің келесі экипажы мен жолаушылары үшін үлкен қауіптілігін көрсетсе, екі жыл бостандықтан немесе капитандық қызметтен немесе ондайда құқығынан айырып, түзету жұмысымен 1 жылдық мерзімге дейін жіберіледі .

Тәуекелмен байланысты шешімнің заңдылығын түсіндіру үшін ерекше мәні шынайы және мүмкін емес жағдайлардың есебін иемденеді. Егер тәуекелмен байланысты шығын әрекетінің ықтималдылығы 100 % -ке немесе 0 %- ке жақын және есептелген болса, онда шығынның кездейсоқ сипаттылығына қарамастан, оның жеткілікті белгісі деп есептуге болады. Мүмкін тар фактордағы қақтығысы шағын көрінісінде жоғары жылдамдықта кездейсоқтық жағдайларда, бірақ көрсеткіші осындай жағдайдың ықималдылық жақындығын көрсетсе, ал тәуекел қорғалмаса қақтығыстан құтыла алуы мүмкін емес деп есептеуіне болады.

Егер жоғары нәтижелі техникалық құралды қолдануда жағдай іс жүзінде мүмкін емес болады және тәуекел қорғалады. Бірақ шағын ықтималдылық жағдайлар болуы мүмкін. Сол кезде көптеген нәтижелі шешімдер аса үлкен тәуекелмен ұштастырылған және сондықтан зор мәнділік шешімнің таразылануына, есептер дәлдігіне және бағалауға иеленеді.


    1. Тәуекелдің жіктелуінің негізгі принциптері

Ереже ретінде, бүкіл тәуекелдер өзара байланысты және кәсіпкердің әрекетіне әсер етеді. Осы жағдайлар тәуекелді оңтайландыру бойынша шешімді қабалдауды қиындатады және нақты тәуекелдердің құрамына терең жасау, сонымен қатра олардың пайда болу себептері мен факторларды қажет етеді.

Кәсіпкерлік мәселелерге арналған экономикалық әдебиеттерінде тәуекелдер жіктелуінің құрылған жүйесі жоқ, ереже ретінде мақсаттар және жіктелу тапсырмасымен белгіленентін тәуекелдер жіктелуіне көптеген әдістер бар. Жіктелу негізіне қаланған көптеген маңызды элементтер төменде тізілген болып табылады:

Қайсар бойынша тәуекелдің пайда болуы келесі топтарға бөліне алады:



      • жеке меншік шаруашылық;

      • табиғи факторлармен шартталған.

Пайда болу себептері бойынша тәуекелдер бірқатар факторлардың салдары болып табылады:

      • болашақтың белгісіздігі, көп нұсқалық, қоғамдық құбылыстардың қайшылығы, қоғамадық дамудың ықтималдылық сипаты, апаттық элементтер, кездейсоқтық, ойда жоқтық;

      • жеткіліксіздік, ақпараттық, обьект, құбылыс, процесс туралы мәліметтің толық еместігі;

      • серіктестіктің ойда жоқ мінез - құлығы және (адам, топ, ұжым, ұйым) қоғамдық өмірге өзінің қажеттілігі, қызығушылығы. Мақсаттарының өткізілімі мақсатында субьектінің әсері;

      • қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси және рухани өміріне ғылыми - техникалық прогрестің әсері.

Тәуекелдің ортақ жіктелуіне өмірдің түрлі жақтарымен және адамдардың әрекетімен байланысты тәуекелдің келесі түрі бөлінеді:

      • мемлекеттік және өкіметтер органдардың әрекеттермен шартталған саяси тәуекелдер;

      • апаттармен, жер сілкіністерімен, жанартаулардың атқылауымен, су тасқындарымен т.б. байланысты экологиялық тәуекелдер;

      • әлеуметтік ширығудың өсуінің шарттануы, кластар мен топтарға қоғамның топтасуы, әлеуметтік- саяси жағдайдың, заңдардың орындалмауы мен заңдылықтың іске аспауы әлсізденген әлеуметтік тәуекелдер ;

      • ғылым мен техниканың дамуы мен оның табиғи орта жағдайына, адам денсаулығына, жол апаттарымен апаттардың қауіптілігінің артуына кері әсері, өндірістермен, еңбектің зиянды шарттарымен және белгіленген технологияларды қолдануда қоршаған ортаны ластаумен байланысты тәуекелдер;

      • адамдардың экономикалық әрекетімен байланысты экономикалық тәуекелдер ;

      • арнайы тәуекелдер (спорттық, педагогтық, мамандық және т.б.)

Экономикалық тәуекелдер ішінен банктік, аудитрлік, сақтандыру, кәсіпкерлік және ішкі экономикалық әрекеттің тәуекеледерін бөліп алуға болады. Олардың әрқайсысы экономикалық әрекеттің бір жағымен: банктік немесе сақтандыру ісімен, кәсіпкерлікпен немесе ішкі сауда- саттықтың саласымен байланысты. Аудитрлік тәуекелді дұрыс емес көзқарасты қалыптастыру ықтималдылығы ретінде және ( аудит) тексеріс нәтижесі бойынша дұрыс емес қорытындыны құруда салдар ретінде белгілейді.

Бақылау тәуекелі (ішкі бақылау табылмаған қателердің қауіптілігі):

Комапанияның сипаты ретінде клиенттің шарталған ішкі тәуекелі ішкі бақылау көмегімен қоршаған ортаның шартын тексеруге болмайды. Табылмаған тәуекел (аудитрлік тексеріс өткізу процесінде ішкі бақылау жүйесімен жіберілген қателердің көрінбеу ықтималдылығы).

Валюталық тәуекел, шетелдік валюта бағамының ауытқуымен байланысты экспортер үшін бұл – алу кезінде шетелдік валютаның ауытқуы (немесе) төлемді алуға дейінгі тапсырысты және келісөзді бекіту, импортер үшін тәуекел бұл –кесілген уақыттың тапсырыс датасы аралығы мен төлеу күнін бекіту;

Төлемеу тәуекелі клиентті қаржы жағдайымен немесе оның елімен немесе төлегісі келмеуімен байланысты мысалға, нарық бағасының түсуінен (сатушы тәуекелі);

Жағымсыздық тәуекелі тауарды қабылдаудан бас тартумен байланысты (сатушы тәуекелі);

Бірденені орындамау тәуекелі - сатушы тауарды сату келісіміне сәйкес емес, басқа сапада, басқаша санда, кешіктірілгенді қойса қауіптілік (сатушы қауіптілігі).

Көліктік тәуекел – жолда тасымалдау және ұстап қалу кезінде бұзылу немесе тауар зауалын қауіптілігі келісілген орынға жеткізу бойынша сатып алу (сатып алу мен сатушы тәуекелі).

Нарықтық тәуекелі – оңтайлы емес нарықты іздеу қауіптілігі;

Елдік тәуекел – импортер фирмасы бар елдің саяси, экономикалық, әлуметтік жағдайына байланысты.

Сақтандыру тәуекелі – бұл тәуекел сақтандыру жағдайының келуімен байланысты. Олар сол немесе өзге сақтандыруда сақтандырушының жауапкершілігінің көлемін білдіреді және статистикалық, эмперикалық негізінде, ықтималдылық теориясы негізінде белгіленеді.

Белгілегендей, өндірістік, қаржылық және коммерциялық тәуекелді айыра алады. Бірақ ортақ қабалданған тәуекелінің жіктелуі жоқ. Солай, мысалға, қаржылық және несиелік тәуекелді айыра алады. Қаржылық тәуекелді заемды қаржы қарым – қатынасымен барлық кәсіпорынның қаржылық жағдайларына, яғни, заемды байланыстырады және меншіктік қаржының қарым – қатынасы жоғары болған сайын тәуекел де жоғары. Ал несиелік тәуекел заемшы ссуда бойынша төлей алмауын шарттандырады. Көрсетілген нұсқаулармен қатар инвестициялық тәуекелдің инвестициалық - қаржылық портфелдің құнсыздану ықтималдылығымен байланысын ажырата алады.

Нарықтық тәуекелді нарықтық экономикалық коньюктураның күтпеген өзгерісі немесе тұтастай экономикалық қауіптілігі ретінде белгілейді. Көптеген авторлар сыртқы және ішкі тәуекелді бөледі. Сыртқыларға нарықтық сақтандыру, апаттық тәуекел, валюталық тәуекелді жатқызады. Сыртқы тәуекелді саяси және экономикалыққа бөледі. Ескерген жөн, кейбір авторлар өндірістік тәуекелді контракт немесе келісім шартқа тапсырысшымен бірге фирманың өз міндеттерін орындамау мүмкіндіктерімен қаржылық (несиелік) тәуекел – фирманың қарызын қаржыландыру әрекеті үшін нәтижені пайдалануда инвесторлар алдында фирманың қаржылық міндеттерін орындамау мүмкіндіктерімен байланыстырады.

Осындай түрде кәсіпкерлік тәуекел келесі түрлерді өндірістік, коммерциялық, қаржы несиелік және инвестициялы тәуекелді енгізеді.

Соңғы қорытындыға таласпай, кәсіпкерлік салада маңызды инвестициялық тәуекелді жіктеп көрейік.

Жүйелік тәуекел (дифференциалды емес) тұтастай процеспен байланысты, жүйелік емес (дифферициалды) нақты экономикалық құбылыстармен байланыты және диверсикациямен кішірейтілуі мүмкін деп белгілесек, мысалы.

Қызмет еткізу кезеңімен қатар қаржылық – экономикалық және әлеуметтік тәуекелдің ықтималдылығы (білікті кадрларды алумен күрделі әлеуметтік инфрақұрылым әлсіздігі, ереуіл қаупі) техникалық тәуекел (жаңа технологиялар, шикізат пен материалдар сапасының тұрақсызлдығы, технологиялар беріктігі), экологиялық тәуекел (өндіріс зияндылық, дүркін шығарып тастаулар, қоныс тебуші орынның жақындығы).

Экономиакада тәуекел түсінігінің нұсқаларының бірі Дж. М. Кейс есімімен байланысты, ол өнім құндылығы және қызмет көрсету нарықтық бағаның ойламаған жерден өзгеріске ұшырайды, жабдықтардың шарасыздық тозығы мен апаттар нәтжесінде бұзылуларға әкелуде ықтимал шығынға кіруі керек. Осымен байланысты Кейнс» тәуекел» туралы күтілген түсім анықтығын кейінгіге қалдыру ықтималдылығын жабу үшін негізгі түрін ескеру керек деп есептеген.

Біріншіден, кәсіпкер немесе заемщик тәуекелі онымен ол есептеген перспективалық пайданы шын ала алама» деген күдік пайда болады.

Екіншіден, несие беруші тәуекелі шығынға ұшырау ойымен қауіптілігімен байланысты болуы мүмкін немесе міндетті орындаудағы борышкердің басқа әркеттерінің шетіне шығуы, сонымен қатар қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліксіздігі ықтималдылығымен байланысты, яғни, заемщиктің кірісті алу есебі ақталмағаны үшін еріксіз шығынға ұшыраудың қауіптілігі.

Үшіншіден, бұл тәуекел – ақша бірлігінің құндылығының азаю ықтималдылығымен байланысты.

Экономикалық ғылымда тәуекелдің классикалық және жаңа классикалық теориясы бар. Классикалық тәуекел теориясының өнімдері (Милль, Сепиор) пайызды кәсіпкерлік кіріс құрылымында салынған капитал еншісі ретінде ) және тәуекел үшін төлемді (ықтимал тәуекелдің өтемі ретінде кәсіпкерлік әрекетпен байланысын) айыра алды. Классикалық теориядағы экономикалық тәуекел таңдаған шешімді өткізу нәтижесінде математикалық күткен шығынмен теңдестіреді. Аталған шешімнің іске асуына алып келетін тәуекел - мұнда. Мұндай біржақты термелеу сезілгеннен кейін тәуекедің басқа түсінігіндей өнімін ертті.

ХХ жүзжылдығындағы 20 -30 жылдары А. Маршал және А. Пигу тәуекел Q-ді экономиканың жаңа классикалық теориясының негізін жасады. Кәсіпкер іс- әрекеті тәуекелдің жаңа классикалық теориясына сәйкес шектелген пайданың тұжырымымен шартталған. Бұл егер бірдей ұсынылған кірісті беретін күрделі қаржы нұсқаларының екеуінің бірін, таңдап алу керек болса, онда кіріс ауытқуы аз нұсқасы таңдалады.

Тәуекелдің жаңа классикалық теориясын соңынан осындай күткен мөлшердегі кіріске қарарғанда, бірақ та ықтимал толқындарымен байланысқан адал кіріс үлкен пайдаға иеленеді. Мұнан А. Маршал бәсекені ұстау, лоторей және құмар ойындарын ойнау пайдасыз деп қорытынды жасайды. «Құмарға әуес рөліне Дж.М. Кейнс көңіл бөлген. Үлкен кіріс үшін кәсіпкер үлкен тәуекелеге баратыны туралы классикалық теориясына қосымша қанағат факторы жаңа тәуекелден қорытындыға әкеледі.

Кәсіпкерлік әрекеттің күрделі мәселелерінің бірі капитал салудың оңтайлы нұсқаларын таңдау болып табылады. Кәсіпкер өзінің жиынағында тәуекел элементін құрайтын белгісіздіктің әртүрімен соқтығысады. Олардың алдында нарықтық коньюктураның есебімен және басқа да факторлардың әсерінен тәуекел дәрежесін белгілеу тапсырмасы пайда болады.

Тәуекелден құтылуды болжайды, ал жиі ойсыздық («Qui resque rien n´a rien» - «тәуекел етпеген ұтпайды»).Сондықтан кәсіпкерлер іс- әректінің ережесі «тәуекелден қашпау, ал оны алдынан ала көру, төмен деңгейдегі ықтималдылыққа дейін төмендету». Кәсіпкерлік тәуекел- бұл тәуекел, кез келген әрекет түрінде пайда болатын өнім өндірісімен, тауармен, қызмет көрсетумен, оларды жөнелтіммен, тауарлы- қаражатты және қаржылық операциямен , коммерциямен, әлеуметтік – экономика және ғылыми- техникалық жобалардың іске асуымен байланыстылығы.

Әрекеттің осы түрлерімен және материалдық, еңбектік, қаржылық, ақпараттық (интелектік) қорлары пайдаланылады және айналады, толық емес бөлшетеп осы қорлардағы жоғалту қаупімен тәуекел байланысты. Тәуекел – қаупі деп қарастылрылған жоспар үстінен жоба, оның әрекетінің бағдарламасымен, қосымша шығындар түрінде төмен кіріс кәсіпкердің немесе шығынға әкеледі немесе есептегенінен төмен кіріс алады.

Кәсіпкерлік әрекеттің нәтижесіне мемлекетпен жүргізілген сауда және валюталы реттелуі, кодталуы, лицензиялануы, кедендік баждың өзгеруі әсер етеді. Елдік тәуекелдің деңгейінің ұсынылған сараптама тәсілдерінң бірі болып гармондық фирмада жиі жарияланатын БЕРИ индексі табылады. Оның көмегімен елдік тәуекелдің деңгейі белгіленеді, оның белгіленуімен жылына 4 рет бағасының түрлі әдістерінің көмегімен жүзге жуық эксперттер талдау жасайумен айналысады. Экспорттардың жиі көрсеткіштер құрамына:



    • мемлекеттің ВНП жылдық өзгерісін жобалаудан шығатын экономиканың нәтижелігі;

    • саяси тәуелкелдің деңгейі;

    • әлемдік банктің мәліметі бойынша борышкерлік мөлшерінің есебімен оған қызмет көрсету сапасы, эксопорт көлемі, ішкі сауда- саттықтың айналымының теңгерімі деп есіптелетін борышкерлік деңгей;

    • банктік несиелердің қолайлығы;

    • қарыз капиталының ұзақ мерзімінің қолайлығы;

    • форс - мажорлы жағдайлардың пайда болу ықтималдылығы;

    • елдің несие қабілетінің деңгейі;

    • сытрқы қарыз бойынша орындалмаған міндеттердің сомасы

Осындай түрмен серіктес елдің жан - жақты саяси және экономикалық жағдайы сарапталады. Сараптама нәтижесі мәліметтер қорының түрінде тәуекелдің инвестициясымен бірге ранжірленген елдің тізімін ұсынылған бағасын сиапаттайтын және түрлі жақтың беріктігі ұсынылады.

Валюталық тәуекел валютаны сатып алу қабілетімен байланысында табылады. Экспорттың шығын келісім шарт жағдайында төлем валютасының бағамының жоғарлауында шығынға иелененді, себебі ол үшін алуда ұлттық валюталық қаржы көбірек жұмсалады.

Валюталық тәуекелге алып-сатарлыққа жатады, сондықтан екі жақтың бірінің шығынында валюталық бағамның өзгеруінің нәтижесінде екінші жақ қосымша кіріс мен айналымды алады.

Салықтық тәуекелді кәсіпкерлік және мемлекетік 2 ұстанымда қарастыруға болады:

Кәсіпкердің салықтық тәуекелі салықтық саясаттың өзгеруі ықтималдылығымен байланысты (жаңа салықтардың пайда болуы, тарату немесе салықтық жеңілдіктің қысқаруы), сонымен қатар салықтың жалақы мөлшерінің өзгеруі кәсіпкерлік тәуекел деңгейі салықтың өтемді емес, ереже бойынша жоғарлату жағынан салықтың өзгеруі мүмкін ықтималдылығы бар салықтың тұрақсыз заңдылығын ұлғайтады. Үнемі енгізілетін түзетулер мен толықтырулар тәуекел қайнары болып табылады, кәсіпкерлердің өз әрекетіндегі беріктіктің сенімділігінен айырады.

Мемлекеттің салықтың тәуекелі саясаттың немесе салықтың өтем шамасының өзгеру ықтималдылығының нәтижесінде бюджетке түсімнің қысқару мүмкіндігінен құралады. Тәжірибеде көрсеткендей мемлекет бірінші жақтан кәсіпкерлердің дамытуға кедергі болмайтын, екінші жақта бюджетке қаржының түсу максималдығын қамтамасыз ететін салық салу осындай өтемін құруда қызығушылық танытады.

Шындығында салық салу тәжірибесінің іске асуында және мемлекеттік органдардың оңтайлы салық өтемінің өнімін салықтың өтемін жасау кезінде ескертілетін түрлі жиі және қарапайым емес жағдайларда соқтығысуына тура келеді.

Ереже ретінде сақтандыру мәмілесі арқылы арнайы сақтандыру компанияларының форс –мажорлы жағдайларда шығын қайтарып алуы іске асады. кәсіпкерлерге байланысты емес сыртқы тәуекелмен қатар. Кәсіпкерлерге байланысты емес сыртқы тәуекелмен қатар құзыретті емес кәсіпкердің қабылдаған қате шешім мәнді дәрежесін белгілейтін ішкі тәуекел әсер етеді.

Ұйымдастырушылық тәуекел, жұмысты ұйымдастыру кезінде жеткіліксізділікпен шартталған (өткізілімнің төмен деңгейі, бейімділіктің тұрақсыз деңгейі).

Қордық тәуекел, бұл тәуекелдің себептерінің жетіспеуі;



    • жағдайдың өзгеруі кезінде қор бойыншаартықтықтың беріктілігінің болмауы;

    • жұмыскер күшінің жетіспеуі;

    • өнімнің жетіспеуі, жеткіліксіздіктің үзілуі;

    • қорлардың артықтығының болмауы сұранымның ұлғаюына, ал аса күрделі жағдайларда оның сәтсіздігіне алып келеді.

Портфельдік тәуекел кез келген фирманың қызмет ету процесінде мөлшерді белгілеуде инвеститцияның салу саласында немесе күрделі есепті шешуге тура келеді, фирмада және еркін қаражат жағдайындағы жеке кәсіпкерде осындай есеп пайда болады.

Портфельдік тәуекел құнды қағаздар жеке түрлерін бойынша шығындану ықтималды, сонымен қатар барлық қарыз категориясы бойынша қорытындыланады. Қандай бір қаржылық активтердің бір түрінде құнды қағаз портфелін жасау үшін қаржыны инвестірлеу жеткілікті. Бірақ та бір компанияның акциясына қаржыны салуы инвестордың оның бағамдық құндылығының ауытқуына байланысты. Егер ол өзінің капиталын біренше компанияның акциясына салса, онда нәтижелік, әрине солай бағамдық ауытқуға байланысты болады, бірақ та әрбір бағамнан емес орташаланғаннан ғана.

Мұндай әртүрлі құнды қағаздар диверсифициялды атауды алып жүреді. Диверсифициялды тәуекелдің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар болып альтернативті салаға салынған қаржылық қорлар, тауарлық және қорлар, коньюктуралар нарықта табылады.

Жүйелік тәуекелді акциядағы олардың кірістілігіне бағалардың өзгеруімен, облигация бойынша ағымды және күтілетін процесін девиденттің күтілген мөлшері.

Несиелік тәуекел немесе қарызды қайтармау тәукелі, бұл тәуекел- ол бойынша заемщиктің негізгі қарызы мен пайызын төлемеу. Несиелік тәуекел білдірілген сенімді түсіндіру есебіндегі күмәнмен байланысты, яғни, заемщиктің ықылассыздығымен, дәлірек оның міндетінен әрекет етуінен жалтару. Несиелік тәуекелдің төмендеуінің негізгі әдісі қаржылық жағдайының сараптамасы мен заемщиктің төлем қабілетсіздігі, сонымен қатар аманатпен басқа кепілдік беру.

Инновациялық тәуекел – қаржыландыру және ғылыми- техникалық жаңалықты қолданумен байланысты. Шығын мен ғылыми- техникалық прогрестің созылуы және уақыт бойынша жекеленген, олар кейбір кең шекте ғана көріне алынуы мүмкін. Инновациялық тәуекел обьективті шарасыз шынайылығы ретінде қабылданады. Әлемді тәжірибе куәландырады, іргетастық зерттеу кезеңінде кәсіпкер еншісіндегі алынған нәтиже 10 % асырылмайды. Бірақта көптеген дамыған елдерде теріс нәтижелерге келеңсіз қарым- қатынасы жоқ. Әдетте, инновациялық тәуекел шарасыз және осы тәуекелді қарызын қайтарып беруіне міндетін демеуші өзіне алады, зерттеу ұйымдарына құрбан етуі ретінде қабылданады. Және мемлекет тарапынан (жеңілдік ұсыну). Сонымен қатар, салық салу және инновациялық тәуекелде мемлекеттің қолдауымен ғылыми –техникалық зерттеу сақтандырылады.


1.3 Бақылау сұрақтары
1.1 Тәуекелдің өсу рөлінің беталысы көрінісінің обьектілік себебі неде?

1.2 Тәуекел деген не?

1.3 Тәуекел және белгісіздіктің арасындағы айырмашылық пен ортақтылық неде?

1.4 Тәуекел жағдайына қандай шаралар ілеседі?

1.5 Таңдалатын баламаның әрекектінінің іске асыру ықтималдылығында қалай бағаланады?

1.6 Тәуекел жағдайының тәжірибеде қандай ықтималдылықты мақсатты түрде скерген жөн?

1.7 Дж. М. Кейнс экономикалық өмірде тәуекелдің қандай түрлерін бөлді?

1.8 Тәуекелдің классикалық теориясы қалай экономикалық тәуекелді қарастырады?

1.9 Жаңа классикалық тәуекелдің ерекшелігі неде?

1.10 Кәсіпкерлік тәуекел деген не?

1.11 Кәсіпкерлік тәуекелдің негізгі түрлерін атаңыз және сипаттап беріңіз.

1.12 Қайнар бойынша және пайда болу себебінде тәуекелдер қалай жіктеледі?

1.13 Экономикаға қандай тәуекелдер жатады? Оларды атаңдар.

1.14 Өмірдің түрлі жақтарымен және адамдар әрекетімен байланысты тәуекелдің негізгі түрлерін атаңыз және сипаттаңыз.

1.15 Сыртқы экономикалық әрекеттердің негізгі тәуекелдері қандай ?

1.16 Сақтандыру әрекеті немен байланысты және олардың ерекшелігі қандай?

1.17 Инвеститциялық тәуекелге жуық жіктеме беріңіз.

1.18 Тәуекелдің сыртқы және ішкі болып бөлінуі немен байланысты?

1.19 Тәуекелдің тұжырымы деген не?

1.20 Тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты не?

1.21 Экономикалық тәуекелдің шегі немен белгіленеді?

1.22 Қандай түрде тәуекелдің резервтік қоры тәуекелділік әрекетке көзқарасын өзгертеді?

1.23 Қандай жағдайда тәуекел құқықты болып табылады?

1.24 Теріс нәтижеде тәуекел қорғала ма (шығынды) және егер қорғалса қандай жағдайда?

1.25 Құқықты әрекетті тәуекел деген не?

1.26 Тәуекелге құқықтыққа ғана емес тәуекелді әрекет ету міндеті қашан құрылады?

1.27 Ұсынылған әрекеттің шығынының құықтылығын түсіндіруі қандай мәнде?

1.28 Ереже ретінде бірқатар тәуекел бірқатар нәтижелермен ұштасқан. Қай тәуекел қорғалған және құқықты?




    1. Практикалық тапсырмалар

1.4.1 Қандайда бір тәуекел жағдайын сиапттаңыз.

1.4.2 Тәуекел жағдайына жатқызуға болатын ұсынылған жағдай бойынша белгісін (шартын) беріңіз.

1.4.3 Өзіңіз сипаттаған тәуекелдің жіктелісін беріңіз.

1.4.4 Қандай параметрлермен бұл тәуекелді құқықты және қорғалған немесе құқықты емес және қорғалғаның белгілеңіз және көрсетіңіз.


  1. Пайдалылықтың және тәуекелдің теориясы




    1. Пайдалылық қызметінің түсінігі

Көптеген обьектілері бар индивидум олардың қалауы бойынша өзі үшін салыстырады, яғни, өзі үшін қандай қаланатын обьект болып табылатынын нұсқай алатын жағдайы бар. Егер жүргізілген салыстыру нәтижесіне сүйенсе салыстырылатын обьектіге аса қаланатын обьектіге үлкен баға сәйкес келетін сол функцияны пайдалану функциясы деп аталатын сандық бағаны тіркеп қоюға болады.

Обьектіні сапалы салыстыруынан олардың сандық бағаға көшу мүмкіндігіннің пайдалану қызметін іске асырады, өйткені, оның пайдалылығы әрбір баламаға кейбір сандарды тіркеп қояды.

Әрбір баламаның кейбір сандардың (пайдалылық) сәйкестігі қоятын қабілетімен қамтамасыз етуде осындай түрде кез келген екі баламасы үшін біреуінен басқасы қаланатын, егер біріншісінің пайдалылығы, екіншісінің пайдалылығынан күшті болса, пайдалылықтың негізгі теорияларына қалаудың аксиомалары жатады. Күтілетін пайдалылық теориясында салыстыру, салдары және шарттары белгісіз балама көптеген баламаларда пайдалылықтың қалауы бойынша қызметімен қамтамысыз етіп қоймайды, бірақ және пайдалылықтың салдарын және олардың ықтималдылығын пайдаланып, матеметикалық күту түрінде баламаның пайдалылығын таныстыруға мүмкіндік береді.

Тәуекел бағалау териясы тәуекелмен байланысты таңдау ережесі мен жағдайды салыстыруға (қалауға) арналады. Тәуекелдің жалпы теориясы нақты экономикалық жағдайларға баланбаған ереженің жан- жақты салыстыруын қарастырады. «Экономикалық интуицияның» сол немесе өзге тұрғысын бейнелейтін, сонымен кейбір табиғи немесе нормативтік ережелер сияқтанатын аксиомаларға шағымданады.

Тәуекелдің формальді жалпы теориясы қалаушылық немесе кездейсоқ мөлшерді салыстыру ережесімен немесе ықтималдылықты таратумен айналысады (болашақ кіріспе).

Алғашқы стохастикалық доминирлеу ережесі ретінде қабылданады, оны былай: «үлкен- жақсы» деп айтуға болады. Кездейсоқ мөлшерді салыстыру кезінде бұл егер де кез келген табиғи жағдайда кездейсоқ мөлшер Х кездейсоқ Y аз емес, онда Х – Y-тен кем емес. Ықтималдылықты таратуды салыстыру кезінде бұл ереже былай қалыптасады: егер тарату функциясы үшін F(х) және G(х) дұрыс болса, F(х)≤ G(х) барлығы үшін х онда F(х) G(х) – тен кем емес .

Егер тек саналған қалауды, яғни салыстыру ережесін сол немесе болашақ кірістің өзге кездейсоқ мөлшерін санмен сипаттаса, кездейсоқ мөлшері х «артық» у кездейсоқ мөлшерден және сонда ғана U функциясының болуын білдіреді.



U(х) функционалын пайдалылықтың функционалы деп атайды. Пайдалылықтың функционалы түсінігін Д. Бернулли жүргізген, оны «адамгершілік күту» деп атаған. «Пайдалылық» детерминденген кірістен индивидуммен сыналғаны ұсынылады, пропорционалы өспейді, бірақ оны жалпы жағдайда сызықты емес u (х) функциясымен өлшуге болады. Егер пайдалылықтың өсуі болжалса пропорционалдық нақты емес, ал кіріске жататын өзгеріске, яғни du =k *dx/ x, мұндағы k – кейбір коэфицент, онда u (х) = k * /n (х)+ const. Д. Бернулли тура осы функцияны қарастырған Детерминді кірістің пайдалылығы кірістің өзімен өлшенеді:

жүктеу 3,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау