ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
PКYa 3201 Кәсіби қазақ тілі
5В090200 – «Туризм» мамандығы
2 кредит (90 сағат)
Алматы
1 . 5В090200 - «Туризм» мамандығы бойынша Қазақтың спорт және
туризм академиясында ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН.
2. ПІКІР БЕРУШІЛЕР:
Абылай хан
атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің халықаралық коммуникация
кафедрасының ф.ғ.д., профессоры Шевякова Т.В., Арынова М.Т.,
п.ғ.к.,ҚазСТА доценті
3.Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен
КЕЛІСІЛДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ.
4. 5В090200 – «Туризм» мамандығы бойынша «27» маусым 2013 жылы
Республикалық Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды. №2 хаттама.
Авторлар: ҚазСТА доценті Худайбергенова Н.Т., п.ғ.к., ҚазСТА
доценті Имангулова Т.В., п.ғ.к., доцент Арынова М.Т., аға оқытушы
Есенбаева Г.Ж.
Мазмұны
1
Түсінік хат
2
Курстың мақсаты
3
Құзыреттілік
4
1 модуль. « Мен оқитын оқу орны »
5
2 модуль. «Туристiк нысандар»
6
3 модуль. «Қазақстанның табиғаты»
7
4 модуль. «Туризмнің даму тарихы және классификациясы»
8
5 модуль. «Қазақстандағы туризмнің дамуы»
9
6 модуль. «Туризмнің түрлері»
10 7 модуль. «Туризмнің жұмыс істеу формалары»
11 8 модуль. «Дүниежүзілік туризм дамыған аймақтар»
12 9 модуль: «Халықаралық туризмнің даму тенденциясы»
13
13
10 модуль. «Туған өлкенің туристік мүмкіндіктері»
Кәсіби бағдарлы деңгей
14 Мамандық тілі деңгейі
15 Тіл үйренушілердің деңгейін анықтау критерилері
16 Ағымды, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар
бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
17 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)
18 Өзіндік жұмыстың түрлері
19 Кәсіби бағытталған ағылшын тілі курсы бойынша меңгерілетін
грамматикалық құзыреттілік
20 Негізгі әдебиет
21 Қосымша әдебиет
ТҮСІНІК ХАТ
Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі – мемлекеттік
тілді дамыту және оның қолданылу аясын кеңейту болса, оның кешенді
тармағы – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін
мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби мамандар даярлау болып табылады.
Мамандандырылған жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді оқыту –
тыңдаушылардың тілді болашақ кәсіптік қызмет бабында және жеке қарым-
қатынасында қолдана алатындай іскерліктер мен дағдыларды игерту
мақсатын көздейді. Осы орайда мемлекеттік тілдің қолданылу аясының
кеңейіп, іс қағаздар, бұйрықтар, баянат, өзге де құжаттардың мемлекеттік
тілде жүргізілуіне байланысты атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардың оң
нәтижелерін бүгінде іс жүзінде көруге болады.
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы студенттерді кәсіби іс-әрекетке
даярлаудың концептуалдық негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыда
дамыту және осы даярлық үдерісін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз
ету; өзгетілді дәрісханада қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты
оқытудың ұтымды әдістемелік жүйесін жасау бүгінгі таңда басты мәселеге
айналып отыр.
Туризм мамандығы – Елбасы жолдауында көрініс тапқан еліміздегі
туризмнің дамуын, оның жеке индустрия болып қалыптасуын,
өңірлеріміздегі әлеуметтік-экономикалық дамудың ырғақтығын көрсететін,
туризм нарығындағы зерттеу жолдарының жаңа бағыттарын, ұстанымдарын
ашып көрсетеді. Қазақстандағы туризмді дамытуда қазақ тілді мамандар өте
қажет. Сондықтан да, кәсіби қазақ тілінің маңызы зор.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартының құрамды бөлігі, сондай-ақ «Туризм» мамандығының міндетті
компоненті ретінде «Кәсіби қазақ тілі» пәнінен дайындықты қамтамасыз ету
үшін осы типтік оқу бағдарламасы құрастырылды.
Ұсынылып отырған типтік оқыту бағдарламасы ЖОО-дағы қазақ тілінің
қолданыс аясын барынша кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретінде өмірлік
қажеттілікке айналдыру мақсатында білім беру жүйесінде жасалып жатқан
реформаларды басшылыққа алып, бүгінгі күннің талаптарына толық жауап
беруді көздейді.
Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Пәннің мақсаты мен міндеті.
2. Курстың құрылымы.
3. Курстың деңгейлік мазмұны.
4. Тіл үйренушілердің деңгейлігін анықтау критерийлері.
5. Студенттердің өзіндік ағымдық-аралық және қорытынды бақылау
жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
6. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер.
ЖОО-ның қазақ тіл кафедралары мамандықтарына сай тіл
үйренушілердің тілдік дайындығын ескере отырып, ұсынылып отырған
бағдарлама негізінде жұмыс-оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешені
мен оқу құралдарын шығаруларына болады.
Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты мен міндеттері
Заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл
үйренушінің
іскерлігін,
коммуникативтік
құзыреттілігін
дамыту
міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, кәсіби қазақ тілінің білім мазмұнын
құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін
қазіргі заман талабына сай мемлекеттік тілді меңгертуде озық
технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында
жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін
ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.
Курстың мақсаты – студенттерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне
еркін араласып, өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету.
Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді,
күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету.
Курстың міндеттері:
студенттерді өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер,
эссе жазуға үйрету, мамандық бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып,
түсінуге үйрету, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге
машықтандыру.
күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат
түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын
қалыптастыру;
әртүрлі стилде жазылған мәтін түрлерін, өз мамандығына сәйкес
еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу
дағдысын қалыптастыру;
өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын
жаза білуге дағдыландыру;
теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи
айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін
қалыптастыру;
монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша
негізгі ойды ақпаратты есту, тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын дамыту;
қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы жарнамаларды, іс-қағаздарды,
нұсқауларды оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру;
аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге
үйрету;
белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық
міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге
дағдыландыру;
өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми
мақала, баяндама жазуға машықтандыру.
Курстың құрылымы
Мемлекеттік білім беру стандартына сай жоғары оқу орындарында
«кәсіби қазақ тілі» пәнін кредиттік жүйе бойынша оқытуға 2 кредит
бөлінген. Кәсіби қазақ тілін оқыту осы көлем аясында қарастырылып, тілді
тереңірек үйрену СОӨЖ, СӨЖ сағаттарында меңгертіледі. Практикалық
сабақтары мен СОӨЖ, СӨЖ материалдары бір-бірімен сабақтастырылып
қарастырылады.
Пәннің мазмұны жаңа когнитивтік-лингвистикалық-мәдени кешендер
арқылы ұйымдастырылады. Оның құрылымды бөлімдеріне жататындар:
- оқытудың деңгейлік мазмұнын көрсететін коммуникативтік сала
(қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби
саласы);
- қатысымның әрбір саласын жүзеге асыратын сөйлеу тақырыптары мен
тақырыпшалар жиынтығы;
- қатысымның қарапайым жағдаяттары.
Курстың деңгейлік мазмұны
Бағдарламаның мазмұны тіл үйренушінің қарым-қатынасқа түсу
салаларын ескере отырып, сөйлеу әрекетінің 4 қағидатына (тыңдалым,
оқылым, айтылым, жазылым) негізделген тіл үйренушінің мақсаты, тілді
қолдану саласы, коммуникативтік жағдаяттар құрылымдарына, контекспен
байланыстылығы тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметіне сай анықталады.
Осы ретте жоғары оқу орындарына арналған типтік бағдарлама
халықаралық стандарттарға сай болуы – бүгінгі күннің басты
қажеттіліктерінің бірі. Білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларға
сай кәсіби қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда оқыту деңгейлік,
коммуникативті-бағдарлы оқыту әдістемесіне негізделеді. Қазақ тілін
оқытудың сапалық деңгейін арттыру мақсатында Тілдерді меңгертудің
халықаралық стандарттарында көрсетілген тілді меңгеру деңгейлері
басшылыққа алынады.
Бағдарламаның мазмұны студенттердің ғылыми-кәсіби аясында, қазақ
тілін ғылыми іс-әрекет тәсілі ретінде оқыту мақсаттары мен міндеттері
коммуникативті қажеттілікпен анықталады. Тілдік емес жоғары оқу
орындарында басқа тілді оқыту B2+LSP, LAP еуропалық деңгейде үйрету
болып табылады. Осы кезеңдегі дайындықтың ерекшелігі өндірістік іс-
әрекетте нақты мамандық саласы бойынша кәсіби бағдарлы қатынасты
пайдалану деңгейіндегі (LSP, LAP) арнайы мақсат үшін тілдерді үйрену
болып табылады.
А1 – А2 – негізгі деңгей; В1 – В2– кәсіби бағдарлы деңгей; С1 – С2 –
мамандық тілі деңгейі:
Кәсіби бағдарлы деңгей
Студент
берілген
деңгей
негізінде
мынадай
коммуникативті
тапсырмаларды орындай алуы керек.
Тыңдалым бойынша студенттер бейтаныс кәсіби бағдарлы мәтінді
таспадан тыңдап, ақпараттың мазмұнын, тақырыбын, негізгі идеясын, негізгі
және қосымша хабарды толық түсіне білуі тиіс.
Әдеби нормада қалыпты жылдамдықпен айтылған нақты және
абстрактылы тақырыптағы ақпараттарды тыңдап, түсіну. Тіл иесімен
дайындықсыз сұхбатқа түсуі. Өз қызметі шеңберіндегі тақырыптар бойынша
қалыпты нормада айтылған лингвистикалық құрылымы мен мағыналық
жағынан орта, нақты және абстрактылы тақырыптардағы негізгі ойды түсіну.
Әдеби нормада үнтаспаға жазылған хабарламаларды тыңдап, ондағы
айтушының көзқарасын анықтай алуы.
Радиодан әдеби нормада берілген деректі радио хабарлардың және басқа
да материалдардың көпшілігін түсіну. Ондағы сөйлеушінің сөйлеу мәнерін
көңіл күйін анықтай алуы тиіс.
Оқылым әрекеті бойынша студент мәтінді оқып, түсінгенін ауызша
айтып, сұрақтарға жауап беруі немесе мәтін бойынша түсінгенін өз сөзімен
әңгімелеп беруі қажет. Бұдан студент мәтін мазмұнын түсінген-түсінбегенін
және сөздік қорының ауқымын бірден аңғаруға болады. Мәтіндер кәсіби-
іскери, арнайы ресми бағытта оқиғаны хабарлау, мазмұндау, суреттеу
негізінде арнайы құрастырылуы қажет.
Кәсіби мәтінді оқу барысында студент келесі жайттарды орындай білуі
қажет:
– оқудың әр түрлі стратегияларын қолдана білуі;
– мәтіннің тақырыбын анықтап, оның негізгі идеясын түсіне білуі.
Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып
мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен
қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе
білгені жөн. Мұның өзі студенттің кәсіби қазақ тілін қалай меңгергенін,
оның қазақша сөз байлығының ауқымын көрсетеді. Студент сонымен қатар
кәсібі бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары
жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.
Айтылымда студенттер өздеріне ұсынылған кәсіби бағыттағы
тақырыптардың біріне сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай
сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі:
– берілген тақырып бойынша студент сөйлемдерді байланыстырып,
еркін сөйлей білуі қажет;
– мамандығы бойынша тыңдаған немесе оқыған мәтіннің, естіген
ақпараттың мазмұнын айта білуі, ондағы оқиғаға өз көзқарасын білдіре білуі,
оны өзінше толықтыра білуі тиіс.
Студенттің берілген тақырып бойынша мәлімдеме жасау, сұхбат құру,
әңгімені қоштау т.б. бағытта білім, білік дағдысы болуы қажет.
Мамандық тілі деңгейі
Тыңдалым бойынша кәсіби мәтінді таспадан тыңдап, студент:
● берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық
міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;
● түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы
жайындағы ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жеке мағыналық
бөлімдері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс.
Сонымен қатар:
● іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың
арасындағы сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі
керек. Мәтіндердің тақырыбы студенттердің таңдап алған мамандықтарына
сәйкес алынады.
Оқылым әрекеті бойынша мамандықтарына сай мәтінді мұқият оқып,
студент:
● оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері
арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек.
● студент мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз
көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп
бере білуі қажет. Мәтіннің түрі: жалпы ғылыми, жалпы кәсіби және арнайы
мамандық саласы бойынша құрастырылуы тиіс. Мамандық саласы бойынша
берілген мәтінді, ғылыми мақаланы, баяндаманы оқу барысында студент
төмендегі жайттарды орындай білуі қажет:
● оқудың басты стратегияларын қолдана білуі; мәтіннің негізгі идеясын
түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
● хабарға, апаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере
білуі тиіс.
Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып
мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен
қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымында жеткізе
білгені жөн.
Егер эссе-шығарма болса, мәтін мазмұнының ауқымы 800-1000 сөзден
тұруы тиіс. Реферат мәтінінің ауқымы 10-15 бет, аннотация және кәсіби
іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет, ал конспект мәтінінің ауқымы 3-5 бет болуы
тиіс.
Студент сонымен қатар:
● мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы
осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды
байыта жаңғыртып, толықтырып, өз бетінше өңдей білуі тиіс;
● ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық
жүйемен жазбаша құра білу тиіс;
● нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе
тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.
Әдеби шығармалар немесе мақалаларға сыни баға беріп, күрделі жоспар,
эссе, түйіндеме, пікір жаза алады.
Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың
біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай
сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі: Студенттің берілген тақырып
бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгемелеп айта білуі,
баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс. Диалогтық сөйлеуде студент:
● айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі
сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
● мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз
көзқарасын серіктесіне жеткізе білуі;
● естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.
Типтік бағдарламада ЖОО-да дайындалатын барлық мамандық
түрлері бойынша лексикалық тақырыптар тізімін беру мүмкін емес. Оны әр
оқу орны өз бағдары мен жоғарыда көрсетілген халықаралық стандартқа сай
анықтайды.
Туризм мамандықтарына арналған лексикалық тақырыптар:
1 модуль. «Мен оқитын оқу орны»
1 тақырып: Мен таңдаған мамандық.
2 тақырып: Саяхат жетекшісі.
2 модуль. «Туристiк нысандар»
1 тақырып: Мәдени-танымдық.
2 тақырып: Тарихи-археологиялық.
3 тақырып: Тәуеп ету.
3 модуль. «Қазақстанның табиғаты»
1 тақырып: Қазақстандағы экотуризмнің алатын орны.
2 тақырып: Туризмдегі медицина мен гигиена.
4 модуль. «Туризмнің даму тарихы және классификациясы»
1 тақырып: Туризмнің мақсаттық қызметтері.
2 тақырып: Туризмді ұйымдастыру құрылымдары.
5 модуль. «Қазақстандағы туризмнің дамуы»
1 тақырып: Туризмнің дамуындағы Елбасымыздың бағдарламасы.
2 тақырып: Қазақстандағы діни туризмнің дамуы.
6 модуль. «Туризмнің түрлері»
1 тақырып: Халықаралық туризм.
2 тақырып: Ішкі туризм.
3 тақырып: Спорттық туризм.
7 модуль. «Туризмнің жұмыс істеу формалары»
1 тақырып: Туристік жорықтар.
2 тақырып: Экскурсия.
8 модуль. «Дүниежүзілік туризм дамыған аймақтар»
1 тақырып: Туризмдегі жаңа ақпараттық технологиялар.
2 тақырып: Туризмнің дамыған елдері.
9 модуль. «Халықаралық туризмнің даму тенденциясы»
1 тақырып: Халықаралық туризмнің ерекшеліктері.
2 тақырып: Халықаралық туристік нарық.
10 модуль. «Туған өлкенің туристік мүмкіндіктері»
1 тақырып: Қазақстанның өңірлік туризмді дамытуға қолайлы
аймақтары.
2 тақырып: Түркістан – екінші Мекке.
Тіл үйренушілердің деңгейін анықтау критерилері
В
1
– негізгі жеткілікті деңгей
Студент мынандай коммуникативті тапсырмаларды орындай алуы
қажет:
кәсіби қатынас саласындағы қатысымды-тілдік құрылымдарды түсіне
және қолдана білуі керек;
кәсіби бағдарлы мәтіндердегі негізгі ойларды түсінуі, оған қатысты өз
ойын білдіруі, мәтін мазмұнын құптауы немесе келіспеуі, қосымша деректер
негізінде баяндай алуы қажет. Студент өз мамандығы бойынша ойын жаза
алуы, болашақ қызметі туралы баяндай алуы міндетті.
В
2
– негізгі стандартты деңгей
Студент берілген деңгей негізінде мынандай коммуникативті
тапсырмаларды орындай алуы қажет:
кәсіби қатынас саласындағы әр түрлі қатысымдық міндеттерді шешу
кезінде мамандығы бойынша түрлі қатысымдық-тілдік құрылымдарды
түсініп, қолдана білуі қажет;
қазақ тілі грамматикасының негізгі заңдылықтарын меңгеріп, оны
кәсіби жағдаяттарда қолдана алу қабілеттілігі;
оқыту үдерісі кезінде алған білімін, білігі мен дағдысын кәсіби
қызметте қолдана алу қабілеттілігі;
өз мамандығына қатысты кәсіби жағдаяттарда ойын қазақ тілінде
дәлелді, жүйелі жеткізе білу қабілеттілігі;
кәсіби бағдарлы мәтіндердегі негізгі ойды, БАҚ-тағы күнделікті
жаңалықтан кәсібіне қатысты ақпараттарды түсіну қабілеттілігі;
қазақ тілінде өз мамандығы, болашақ қызметі туралы баяндай алу
қабілеттілігі.
кәсіби терминдермен жұмыс істеу барысында оқығаны туралы өзінің
бағасын бере отырып, пікірін, ойын қазақ тілінде дұрыс айта білу қабілеті.
өзінің кәсібі туралы әңгіме құра білу, сипаттау қабілеті.
С
1
– С
2
– негізгі стандарттан жоғары деңгей
Студент берілген денгейі негізінде мынадай коммуникативтік
тапсырмаларды орындай алуы қажет.
Тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түciнy. Ғылыми еңбектерді оқып
баяндай бiлy. Мәжіліс, жиналыстарда өзіне қажетті ақпарат пен мәліметтерді
жаза алуы. Өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі. Өзінің ғылыми
зерттеу тақырыбы бойынша мақала, баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай
білуі қажет. Ғылыми еңбекке эссе, жоспар (жай және күрделі), пікір,
түйіндеме жаза алуы міндетті.
Тыңдалым бойынша бейтаныс түпнұсқадағы кәсіби мәтінді таспадан
тыңдап, студент:
берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық
міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;
түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы
жайындағы ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жеке мағыналық
бөліктері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс.
Сонымен қатар:
іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың
арасындағы сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі
керек.
Ағымды, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша
әдістемелік нұсқаулықтар
Кредиттік технология бойынша баллдық жүйе студенттің білім деңгейін
бағалауда маңызды рөл атқарады. Студент біліміне объективті түрде
қойылатын қорытынды баға бақылау түрлеріне қойылған, бөлінген балл
көрсеткіштері мен емтихан қорытындысы және оқу кезеңіндегі студенттің
жалпы жинаған балдың көрсеткішімен анықталады.
Бақылаудың 3 түрі бар:
1) ағымды (апта сайын немесе модульді аяқтаған соң);
2) аралық (кесте бойынша, 7 апта, 14 апта);
3) қорытынды (курсты аяқтағаннан кейін).
Әр аптада сұрақ-жауап, тест тапсырмалары, сөздік диктант және т.б.
түріндегі ағымды бақылау алынады.
Аралық бақылау кесте бойынша, 1 кезеңде 2 рет өткізіледі. Ол 7 аптада
өтілген материалдарды қайталау, пысықтау, бекіту түрінде алынады. Өткізу
түрі – ауызша, жазбаша, тест тапсырмалары және т.б.
Ал қорытынды бақылау (емтихан) жұмысы оқу кезеңі аяқталғанда
өткізіледі. Бақылау тапсырмалары мен сұрақтары алдын ала беріледі. Сұрақ
саны 75-100-ге дейін аралықта болуы керек.
Қорытынды бақылау-емтиханды ауызша, жазбаша, тест және аралас
(комбинированный) түрде өткізуге болады. Емтихан сұрақтары курс
бағдарламасының мазмұнын қамтуы керек. Билет саны студенттің санына
сай болуы қажет. Әрбір билет 3 сұрақтан тұрады. Егер тест тапсырмалары
түрінде болса, аудиториялық сағат саны және курс мазмұнының ерекшелігіне
қарай құрылуы керек. Тест тапсырмалары түрінде берілген 25 сұрақтың
әрқайсысына 5 нұсқадан жауаптары берілуі керек. Тест сұрақтары, билеттер
сессия алдында кафедра мәжілісінде бекітілуіқажет.
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)
Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін де
кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-
тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман
тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің
негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру
үдерісі жатады.
Жоғары оқу орындарында кәсіби қазақ тілін оқыту тәжірибесінде
ұйымдастырылатын студенттердің өзіндік жұмысы келесідей бөлінеді:
студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыс;
студенттердің жеке өздері орындайтын өзіндік жұмыс. Студенттердің өзіндік
жұмысы– олардың оқу танымдық әрекетінің ерекше түрі. Оның өзіне тән
сипаты мынада: бұл жұмысты орындау барысында оқытушы жағынан
тікелей басшылық болмайды. Оқытушы тек кеңес беруші, көмекші рөлін
атқарады.
Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ ұйымдастыру кезінде төмендегі
мәселелерге назар аудару қажет:
тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;
СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау түріне;
СӨЖ
тапсырмаларын
орындауға
ықпал
ететін
әдістемелік
құралдардың болуына;
СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.
СӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы төмендегідей
сатылардан тұрады: СӨЖ жоспарлау, әдістемелік жағын қамтамасыз ету,
СӨЖ бақылау мен бағалау, талдау және одан ары дамыту.
Жоспарланған СӨЖ тақырыптары мен қабылдау түрі, уақыты, көлемі
т.б. мәліметтер пәндердің жұмыс оқу бағдарламасында және кафедраның
оқу-әдістемелік құжаттарында көрсетілуі тиіс. Әр пән үшін СӨЖ өткізу
формасы мен түрін таңдауға оқылатын пәннің мақсаттары мен міндеттерін,
студенттердің даярлығын және СӨЖ-ге бөлінген сағат санын ескеру қажет.
Студенттердің өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық
жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.
Студенттердің өзіндік жұмысының нәтижелері конференция, іскерлік
ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.
Өзіндік жұмыстың түрлері
Тапсырмалар
Жазбаша бақылау нысандары
1
2
Ақпарат көздерімен (оқулықтар,
ғылыми әдебиет, зерттеулер,
Интернет т.б.) өздігімен немесе
студенттердің
шағын
тобы
құрамында жұмыс жасау
Конспект
Реферат
Бақылау жұмысы
Берілген сұрақтарға жауап
Эссе
Топ жұмысы туралы есеп (ақпарат)
Баяндама
Талдау
(аналитикалық)
шолуын
жазу
Глоссарий құрастыру
Бейне-, аудио-, СБ-құралдарда
(электрондық дәріс) берілген
дәріс материалдарын өздігінше
игеру
Конспект, реферат
Берілген тапсырма бойынша
дәрісханалық
сабақта
презентация дайындау
Сценарий
Семестрлік жоба дайындау
Апта сайын жоба дайындығы
туралы есеп
Жоба
Студенттердің
бір-бірімен
ұйымдастырған іскерлік ойын
(рөлдік
ойын)
форматында
өтізген кеңес
Жазбаша есеп (ақпарат)
Белгілі бір тақырып бойынша
ақпарат жинақтау
Ақпарат көздерінің тізімі Ақпарат
көздерінің тізімін презентациялау
Берілген тақырып бойынша өз
тобында өткізу мақсатында сабақ
жоспарын дайындау
Сабақ жоспары
Сабақ жоспарын презентациялау
Жарыс өткізу
Жарыс ережесін құрастыру
Берілген
тақырып
бойынша
статистикалық
мәліметтерді
талдау
Есеп беру
Case-study-да
берілген
жағдаяттарды талдап, оларға
берілуі мүмкін жауаптарды бір
топ студенттердің талқылауы
Case-study тапсырмаларын орындау
туралы жазбаша есеп
Берілген
тақырып
бойынша
сұқбат алу
Сұқбат мәтінін құрастыру және оны
талдау
Қандай да бір пікір алуандығын
туғызатын
мәселе
бойынша
мамандар
(студенттер,
тұрғындар,
тұтынушылар,
спортшылар
т.б.)
арасында
сауалнама құрастыру және оны
өткізу
Сауалнама
Сауалнама нәтижелерін талдау
Кәсіби қазақ тілі курсы бойынша меңгерілетін
грамматикалық құзыреттілік
Грамматикалық құзыреттілік дегеніміз – грамматикалық бірліктерді
білу және оны дұрыс пайдалана білу. Типтік бағдарлама тілдің
грамматикалық құрылысын меңгертуді, яғни саналы-коммуникативті
бағдарды басшылыққа алады. Онда грамматикалық құзыреттілікті
қалыптастыруда коммуникативті функционалды қағидатқа басымдылық
беріле отырып, тілдің жүйелілік-құрылымдық қағидасы сақталады.
B
l
– негізгі жеткілікті және В
2
– стандартты кәсіби бағдарлы деңгей
Күрделі сөйлемдер жүйесі. Лебіздегі сөйлем құрылымы мен олардың
өзіндік ерекшеліктері. Сөйлем құрылымындағы ой мен олардың айтушы мен
тыңдаушы арасындағы қатынаста түсініктілігі. Сөз тіркесі арқылы сөйлем
құраудың прагматикалық сипаты. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі орын тәртібі,
олардың семантикалық, функционалдық ерекшеліктері. Күрделі сөйлем
құраудағы жалғаулықтардың рөлі мен маңызы. Қазақ сөйлеміндегі интонация
бірлігі. Интонацияның, сөйлемнің жалпы коммуникативтік түрлерін анықтай
алу қызметі; сөйлемнің өзекті талдануы, сөйлемдерді, синтагмаларды мәтінде
бір-бірінен айырып, бөліп алудағы интонацияның қызметі; пауза және
синтагма.
С
1
– С
2
негізгі стандарттан жоғары мамандық тіл деңгейі
Салалық терминдер жүйесін қажетіне қарай меңгеру. Лебізде қазақ
тілінің төл байлығы саналатын мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді,
фразеологиялық бірліктерді пайдалана білу. Әдеби тіл мен жергілікті тіл
ерекшеліктерін анықтайтын тұлғаларды саралау, сөз әдебі, дұрыс сөйлеу
мәдениетін, орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтар мен заңдарды
меңгеруі қажет.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. 27.07.2007 ж. № 319-
111.
2. ҚР БжҒМ 23.12.2005 жылы бекітілген және қолданысқа енгізілген
3.08.368-2006 жылғы МЖМБС, 107 қосымшадағы жоғары және жоо кейінгі
мамандықтардың типтік оқу жоспарларының тізімдемесі.
3. Ақажанова А.А., Есенбаева Г.Ж. Кәсіби қазақ тілі («Дене шынықтыру
. спорт» мамандықтарына арналған), – Алматы, 2012ж., – 105 б.
4. Мұқашева Ж.Н. Жалпы жер тану,– Алматы, 2002ж.
5. Ердавлетов С.Р. Основы географии туризма.– Алма–Ата.1990г.
6. Ш.К Бектуров, А.Ш. Бектурова .Казахский язык для всех. , Алматы,
"Атамұра", 2004г.
Қосымша әдебиет
1. Казахская грамматика для русскоязычных. Справочник - самоучитель
для начинающих с упражнениями и ответами. Елена Романенко, Алматы,
2006г.
2. Т. Шаңбай, К. Байғабылова Самоучитель казахского языка. 1500 слов
и сочетаний., Алматы, "Аруна", 2005г
3. , Ш.К Бектуров, А.Ш. Бектурова .Казахский язык для всех. , Алматы,
"Атамұра", 2004г.
4. Л.С. Кажбулатова. Основы грамматики казахского языка. Пособие для
начинающих., Алматы, "Издательство ЛЕМ", 2010г.
5. Қазақ тiлi. Г.Ә. Амандықова, Алматы, "ИП Волкова А.В.", 2010г.
6. И. Кубаева .Казахский язык. Просто о невероятно сложном, Алматы,
2007г.
7. Бiрге сөйлейiк. Русско-казахско-английский разговорник.
8. Г.К. Досмамбетова .Менiң қазақ тiлiм. (Учебники для школьников с 1-
го по 4-ый класс) Г.К. Досмамбетова, Алматы, "Раритет", 2003г.
4. Мұқашева Ж.Н. Жалпы жер тану,– Алматы, 2002ж.
5. Ердавлетов С.Р. Основы географии туризма. – Алма –Ата.1990г.
6. Советова З.С. Казахский (русский) язык (деловой) — 2011, 11-МТз-2д
Достарыңызбен бөлісу: |