233
надай термин сөздерді алуға болады: қолтаңба (автограф),
бедел (авторитет), үгітші (агитатор), тамұқ (ад), əкімшілік
(администрация), əкімгерлік (администрирование), талдау
(анализ), бекіту, мақұлдау (апробация), дəлел (аргумент),
дəлелдеме (аргументация), қамау (арест), тұтқын (арес-
тант), дауысқа салу, түсу (баллотировка), қойын дəптер
(блокнот), тəж (венец), көзқарас (взгляд), жарна (взнос),
сапар (визит), уақыт пен кеңістік (время и простран-
ство), төлем (выплата), езгі (гнет), ұран (девиз), он күндік
(декада), атқосшы (денщик), қайраткер (деятель), жыл-
нама (ежегодник), тұрғын үй (жилище), шапқыншы
(завоеватель), қарыз (заем), қор (запас), жалақы (зарабо-
ток), мəжіліс (заседание), тоқырау (застой), бастама (за-
чин), мұрат (идеал), баспа (издательство), өнер тапқыш
(изобретатель), мүгедек (инвалид), нұсқау (инструкция),
мүдде, қызығу (интерес), жанжал, қақтығыс (инцидент),
мысқыл (ирония), өнер (искусство), ақиқат (истина), та-
рихтану (историковедение), тарихнама (историография),
деректану (источниковедение), кеңсе (канцелярия), жаза
(кара), апат (катастрофа), мамандық (квалификация), тап-
тастыру (классификация), əріптес (коллега), алқа (кол-
легия), еңбекақы (оплата труда), түсінік (комментарий),
мазмұндама (коммюнике), бақылау (контроль), үйлестіру
(координация), кемеңгер (корифей), тілші (корреспондент),
дағдарыс (кризис), ой өрісі (кругозор), жылнама (лето-
пись), басшы (лидер), ұран (лозунг), сауықшы (массовик),
шеберхана (мастерская), əдіс (метод), ойшыл (мыслитель),
дабыл (набат), жаз, жазу, жазба (надпись), есірткі (нар-
котик), халық ағарту (народное образование), мұрагер (на-
следник), мұра (наследство), жаңашыл (новатор), жаңа за-
ман (новейшее время), жерүйек (обетованная земля), шолу
(обзор), келбет, бейне (облик), қорғаныс (оборона), айналым
(оборот), айлық (оклад), шешен (оратор), түпнұсқа (ори-
гинал), ресми (официальный), түйсік (ощушение), озат
(передовик), санақ (перепись), жоспар (план), жоспарлау
234
(планирование), бөгет (плотина), шекарашы (погранич-
ник), саясат (политика), кіші елші (посланник), ізбасар
(последователь), елші (посол), тұғыр (постамент), қаулы
(постановление), ұсыныс (предложение), ізашар (предще-
ственник), сабақтастық, мирасқорлық (преемственность),
сыйлық (премия), жарыссөз (прения), үкім (приговор),
ескертпе (примечание), ант (присяга), жоба (проект), жо-
балау (проектирование), ағарту (просвещение), кəсіподақ
(профсоюз), жариялау (публикация), қызметкер (работ-
ник), дамушы елдер (развивающиеся страны), кемелденген,
дамыған (развитой), жарнама (реклама), жазалау (репрес-
сия), жаңғырту, қайта орнату (реставрация), шежіре (ро-
дословная), қолжазба (рукопись), өзара сын (самокритика),
куəлік (свидетельство), мəлімет (сводка), жүйе (система),
ар, ұждан (совесть), кеңес (совещание), келісім (соглаше-
ние), мазмұн мен түр (содержание и форма), құрылыс (соо-
ружение), əдіс (способ), қарыз (ссуда), ақы (ставка), дəреже
(степень), серік (спутник), сенбілік (субботник), мердігерлік
(субподрядный), негіз (субстрат), құрылтай съезі (съезд
учредительный), төтенше съезд (съезд чрезвычайный),
дəстүр (традиция), мінбе (трибуна), тақ (трон), куəлік (удо-
стоверение), көрсеткіш (указатель), ретке салу (упорядоче-
ние), оқулық (учебник), оқу құралы (учебное пособие), білім
(знание), ілім (учение), есепші (учетчик), мекеме (учрежде-
ние), саты, кезең (фаза), оқырман (читатель), айып (штраф),
сарап (экспертиза), сарапшы (эксперт).
Сөзбе-сөз аударма не табылған балама болсын, калька
болсын, бұлардың көпшілігі əдеби тіліміздің ажарын кір-
гізіп, қазынасын молайтып, ішкі мүмкіндікті ашып отырған
амалдар. Бұлар қазақ тілінің негізгі сөздік құрамында
бұрыннан болмағаныменен, олардың көбіне дəл осындай
жаңа қызмет жүктелмеген болатын. Орыс тілімен қоян-
қолтық араласып, қарым-қатынасқа түсудің нəтижесінде
əлгі амалдар арқылы бұл сөздердің потенциалдық мүмкін-
дігі ашылып, қызмет аясы бұрынғыға қарағанда əлдеқайда
кеңейе түсті.
235
Аударма терминдердің сырына бойлай отырып, біз
мынадай ойға келдік. Термин сөздер жоғарыда аталып
өткеніндей, түрлі-түрлі тəсілдер арқылы қалыптасқан екен.
Ал шынына келсек, осы терминжасам процесіндегі барлық
əрекеттің бəрі орыс тілінің əсерінде, сол тілде қалыптасқан
неше алуан ұғым, түсінікті қазақша дəл де нақты жеткізуге
байланысты туған. Осыған орай көкейге түйілетін бір жайт
мынау. Əңгіме терминжасам мəселесіндегі аударманың рөлі
туралы. Біздің ойымызша, терминжасамның ең басты ама-
лы мен көзі ретінде аударманы алу керек сияқты. Өйткені
жоғарыда атап-атап көрсетілген терминжасам тəсілдерінің
ұғым мен сөздер мазмұнын қазақ тіліне барынша жатық
мағыналы, дəл беру əрекетіне орай өрбіген. Ендеше, ауда-
руды терминжасамның ең басты тəсілдерінің бірі ретінде
қарастырып, оның өзін іштей əлденеше тарам-тарауға бөліп
зерттеген жөн сияқты. Мұның өзін екінші бір күрделі зерт-
теуге объект боларлық мəселе деп танығандықтан, бұл
ретте аударма жайлы ойымызды келесі кезекке қалдырған
жөн деп білеміз.
Калькалау тəсілі. Бұл да аударма процесінің жанда-
нуына байланысты кеңес дəуірінде пайда болған өнімді
амалдардың біріне айналды. Мұның, əсіресе терминжасам
мəселесіндегі рөлі айрықша. Сонда, калька дегеніміз не, бұл
сөздің түп төркіні қайдан шыққан!
Бұл сөздің түпкі мағынасын тіл білімпаздары ағылшын-
ның calgue деген сөзінен тартады. Мəселен, О.С. Ахма-
нованың «Лингвистикалық сөздігінде»
100
бұл лексикалық
кірме есебінде қаралады. Яғни сөзбе-сөз аудару есебінде
пайда болған сөз не сөз орамы деп түсінік береді де оның
лексикалық калька, фразеологиялық калька, синтаксистік
калька дейтін бірнеше түрі болатыны айтылады.
100
Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.
Достарыңызбен бөлісу: |